идеяларды қолдану;
• онлайн дереккөздерді стильдеу мақсатында
Интернеттен ақпараттарды көшірмелеп
алу;
• авторын көрсетпей, өз жұмысының бөлігі ретінде
басқа біреудің жұмысын ұсыну.
Мысалы, «эссе банкі» немесе «қағаз фабрикасы» сияқты кәсіби агенттіктер арқылы
жұмысты сатып алу немесе тапсырыс беру не бірлескен жобада зерттеуге қатысқан
басқа біреулерді көрсетпеу.
Бірлескен жобаны қоспағанда, басқа тұлғамен
келісімде
жасалған жұмыс плагиат болып
танылады (яғни, бірлесіп істеу жасырылған немесе оған тыйым салынған). Кандидат, мыса-
лы, тіл стилінде және жазбаша жұмыс бөлімінде көмекті қайдан алғандығы жөнінде жалпы
сілтемеде көрсетуге тиіс.
Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты туында-
уы мүмкін: мәтінде, суретте, музыкалық үзінділерде, математикалық туындыда, компьютер
ережелерінде және т.б.; веб-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және
басқа бұқаралық ақпарат құралдарында; дәріс және басқа оқушы жұмыстарының үлестіру ма-
териалдарын қоса алғанда, жарияланған және жарияланбаған материалдар.
Жоғарыда жазылғанның негізінде Сіздің зерттеулеріңізде қолданатын сілтемелерден,
құжаттардан, мәтіннен және журналдардан, сондай-ақ веб-сайттардан үзінді келтірудің барлық
нормаларын сақтау, сонымен қатар тапсырманы орындау кезінде сізге ауызша немесе жазбаша
түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды. Басқа біреудің жұмысынан алынған көлемді
тура үзінділерден аулақ болыңыз.
|