Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану



Pdf көрінісі
бет181/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

2. Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану.
Кәсіби дағдылар
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Оларға қол жеткізу үшін сыныптағы барлық оқушылар тартылатын тиісті мақсаттарды 
әзірлей алады;
• Жеке сабақ өткізу және дербес оқушыларды, сондай-ақ сын тұрғысынан ойлана-
тын оқушыларды ынталандыру үшін кәсіби әрекет ету қажет етілетін жағдайларды 
анықтауда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана біледі;
• Қалай оқу керектігін үйрету тәсілін пайдалана алады;
• Сыныптағы барлық оқушылардың оқу үдерісін бақылай алады;
• Ақ ниеттілік, құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық нормаларын белгілеу негізінде 
оқушылармен өзара сыйлы қарым-қатынас орната алады;
• Бағдарламаның барлық жеті модулін ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақтар топ-
тамасын жоспарлай алады;
• Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістемесін және оларды басқару 
тәсілдерін көрсете біледі;
• Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау жағдайында оқушылардың оқу қарқынын 
жоспарлай алады;
• Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін сабақтарды жоспарлай 
алады;
• Оқыту және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында жарамды материалдар мен дереккөздерді 
таңдай біледі;
• Оқыту және оқу үдерісін ұстап тұру үшін барабар тапсырмалар мен іс-шаралар жүйесін 
пайдалана алады;
• Объективті түрде өзгеріп жатқан жағдайларға қарай жоспарын түзетуде икемділік та-
ныта алады;
• Оқу, үй және сыныптан тыс тапсырмаларды жоспарлай алады;
• Оқушылардың білім алуын ойластырып, оқыту мен оқу жоспары мен тәжірибесіне 
тиісті өзгерістер енгізе біледі;
• Тиісті әдебиетті оқу, әріптестерімен әңгімелесуге, жеке тәжірибесіне және сыныпта 
оқыту тәжірибесі туралы заманауи зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, алқалық 
шешім қабылдай алады;
• Жекелеген адамдардың, шағын топтардың және бүкіл сыныптың қызметіне бастама 
жасай және басқара алады;
• Сабақ уақытын ұтымды бөле алады;
• Қауіпсіз және сындарлы бағытталған оқу ортасын құра алады;
• Қалыптастырушы және жиықтық бағалауды қоса алғанда, бірқатар бағалау стратегия-
ларын қолдана біледі;
• Оқушылардың жұмысын мұқият талдай және бақылай біледі;
• Оқушылармен тиімді түрде ауызша және жазбаша өзара іс-қимылды қамтамасыз ете 
алады;
• Жоспарлау үдерісін көрсететін оқушылардың алға жылжу қарқыны жөніндегі тиісті 
есептерді жүйелей алады;
• Оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылығын ынталандыру дағдыларын дамыта 
біледі;


92
• Оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету үшін бағалауды пайдалана алады;
• Жоспарлау, оқу және бағалау үдерістерін тиімді ықпалдастыра алады.
3. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға 
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Кәсіби қасиеттері мен міндеттемелері
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Әрбір оқушыға үлкен үміт артады және оқушылардың білімдік жетістіктеріне жағымды 
үлес қосады;
• Оқыту мен оқу барысында әріптестермен ізгі ниетті өзара қарым-қатынас болуының 
маңыздылығын түсінеді;
• Тиісті құрылымдық бөлімшенің, бүкіл мектептің оқыту және оқу тәжірибесін 
жетілдіруге үлес қосады;
• Педагогикалық шеберлік орталығының порталы арқылы виртуалды оқу ортасы 
жағдайында Бағдарламаның құрылымдалған қосымша материалдарын белсенді пай-
даланады;
• Мектептің кәсіби желілік қоғамдастығы жағдайында жұмыс істей алады;
• Өз тәжірибесі туралы ойлана және оны талдай алады;
• Ұсынымдарға қатысты лайықты әрекет етеді;
• Жеке кәсіби даму аспектілері туралы біледі, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады;
• Өз тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін жергілікті сипаттағы сыныптағы зерттеу 
жұмысын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет