Метатану
стратегиялары
– білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару
түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат
қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті).
Модельдеу
– 1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу. 2.
Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін
құру және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды түсіну, сондай-
ақ зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау. Модельдеу адамның
объектілер туралы білімі мен сол объектілер арасындағы қарым-қатынасты
көрсету үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |