Ұжымдық диалогтік оқыту – ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы
қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту.
Шынайы сынып – (грек.
authentikys – түпнұсқалық) іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып.
Іс-әрекеттегі зерттеу оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру мақсатында бірізді, тізбектелген,
жоспарланған іс-әрекеттерді орындауды, сондай-ақ зерттеу барысында алынған
нәтижелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді көздейтін үдеріс.
Іс-әрекеттегі рефлексия – алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау мақсатында іс-әрекет жасау
(мысалы, оқыту және оқу), іс-әрекет нәтижелерін сыни талдау және бағалау
барысындағы мұқият ойлану үдерісі.
99 БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ Осы Нұсқаулықпен танысу барысында сұрақтар туындаған жағдайда
Педагогикалық шеберлік орталығына жүгіне аласыз.