Дәріс Оқу Аудио-визуалды қабылдау Көрсетілім Талқылау Тәжірибеде жасау Өзгелерді оқыту 1 0 % 20 % 3 0 % 5 0 % 75% 90% 10-сурет. Оқу пирамидасы Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орында-
латын жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың
бойында бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді.
Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын
(11-сурет) және Рай-
ан мен Деки (2009) «
ішкі уәж » деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға
тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда
ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан
құламау түрткі болып табылатын
сыртқы уәжден ажырата білген жөн.
Дереккөз: Flow: The Psychology of Optimal Experience,
Михай Чиксентмихай (74 бет)