Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Қалай оқу керектігін үйрену



Pdf көрінісі
бет50/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Қалай оқу керектігін үйрену
«Білім алуды үйретудің» 
қозғаушы күші «
метатану
» болып табылады. Басқаша айтқанда, 
оқу бар, бірақ сонымен бірге 
оқуды үйрену де 
бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау ту-
ралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты 
танымдық қабілет 
бар да, сол сияқты 
таным-
ды тану 
да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, 
бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде 
сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
• оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
• жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;
• тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
• нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға 
көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, 
өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы 
тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты 
енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің 
негізгі идеясы 
ақпарат беріледі 
дегенге саяды, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, 
ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет