Бағдарламасы негізге алынды. Контент «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»



бет4/47
Дата13.01.2022
өлшемі159,42 Kb.
#111805
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
kontent koe 1 Турыспенбетова Светлана

Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды

шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының

бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет

ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы

әңгімелесу арқылы білім алады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен

оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін

меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес,

құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.



  1. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі.

Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін

ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық



тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын

айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе

мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін

құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-

құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі

ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған

белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге

асырылады:
1-сурет.Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары
Әлеуметтік:еу

Тәжірибемен жәнеидеялармен алмасу;

•Мәселені бірлесіпшешудің амалын табу;

•Барынша жоғарым ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу

Әуметтік еттік

Танымдық:

Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну жәнепікір алмасу;

•Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту

Эмоционалдық:

•Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену;

•Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлыортаны қамтамасыз ету.


Эақ



  1. Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар

барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында

жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету

өте маңызды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет