Бағдарламасы негізге алынды. Контент «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»


Метатану- индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау , бақылау, қабылдау қабілеті ретінде сипаттайды



бет3/47
Дата13.01.2022
өлшемі159,42 Kb.
#111805
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
kontent koe 1 Турыспенбетова Светлана

Метатану- индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау , бақылау, қабылдау қабілеті ретінде сипаттайды.


5. Дәрістер жиынтығы
1 дәріс Кіріспе
1. Конструктивті оқыту әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттер

2.Конструктивті оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық негіздері


1.Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа неме-се сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдері-мен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Сындарлы тео-рияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсіл-дерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақ-таған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақтал-ған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жәй ғана жатталғындықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біт-кен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқыту-дың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз са-бақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұй-ымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімде-рін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пі-кір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұ-ғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшелік-терін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, содай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдер-мен меңгеретіндігін жете түсінуі.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында ой-ланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз тү-сінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін терең-детіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.

Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білм беруді түсіну «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады.Әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері «Диалог негізінде оқыту және оқу» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» ретінде қолданылады. Себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты.Диалог негізінде білм беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілі-гін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. 
«Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін айтамыз. 
Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі материалды терең игеруге ықпал етеді. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қолданылады.(білу,түсіну,реттеу). Әдетте мұғалімнен үнемі көмек сұрай-тын бірнеше оқушы болады. Ол жай оқушының мұғалімге тәуелділігін көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек сұрайды. Метатану әдістерін меңгерген оқушылар білм беру мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалімнің функциясын өздері атқарады. Егер оқушылар өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет болғанда ғана көмек сұраған жағдайда, мұғалімдерде оқу үдерісін өнімді қылу үшін оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге уақыт табады.
Сөз соңында айтатыным: Оқушылар алған білімдерін мәңгі жадында сақтап, оны кез келген жерде қолдана алса онда білім сапалы болады. Ал егер алған біліамдері механикалық түрде есте сақталып, мән-мағынасы терең меңгерілмесе онда оқушы оны өмірде пайдалана алмайды және ол білімдері керексіз болып қала береді.Сондықтан жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілік-пен орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге еркеше көңіл бөлуіміз қажет.“Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін».

Д ә с т ү р л і о қ ы т у

Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді

Тақырып туралы айтып береді мінездеме береді

Тақырыптың идеясын анықтайды Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен

байланыстырып айтады

Көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді Негізгі сөздерді тауып, айтып береді,

дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа байланысты жаттығу тапсырады Орындайды

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді

С ы н д а р л ы о қ ы т у

Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті

опқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады

Тақырыптағы ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Негізіг ерекшеліктерін тануға бағыттайды Жеке талдайды, қарайды, салыстырады

ерекшелігі туралы сұрақ қояды Ізденеді, жауап береді

Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды Өз тұжырымдамасын жасайды


1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен

қосымша ізденеді, өзбетімен дайындалады.

2. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі

3. Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

6. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.

7. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

8. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.

9. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

10. Жан дүниесін тәрбиелейді.


2дәріс Оқытуды басқару және көшбасшылық
1.Бірлескен және топтық жұмыс.

2. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.


1. «Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не?

Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы

нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы

болып табылады.

Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып

табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген

мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың

жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ

пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі

аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне

негізделген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет