Өз-өзін таныта білу Тұлғалық өсуі және өзін-өзі іске асыру
Өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік Жетістік, мәртебе, жауапкершілік, бедел
Сүйіспеншілікке және қарым-қатынасқа деген қажеттілік Отбасы, сезім, байланыс, ұжым және т.б.
Қауіпсіздікке деген қажеттілік Қорғау, тәртіп, заң, шек қою, тұрлаулылық және т.б.
Биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер Негізгі өмірлік қажеттіліктер: ауа, тамақ, су, баспана, жылу, жыныстық қатынас, ұйқы және т.б.
Маслоу төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта жоғарғы деңгейден анағұрлым күшті болады. Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады. Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды:
1-деңгей: Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек.
2-деңгей: Болашағы болжанған және бірізділікке негізделген әлем қажеттілігіне орай қауіпсіздікке деген талап туындайды. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өзінің әлемін қорғап, қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін қамсыздандыру үшін бар күштерін жұмсайды. Егер қанағаттандырылса, адамдар 3-деңгейге ауыса алады.
3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.
4-деңгей: Өзін-өзі құрметтеуге деген қажеттілік жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлікке, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады.
5-деңгей: Өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілет және әлеуеттік шамасын толық көрсете білу.
Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің бір жолы ретінде қарастыруға болады деген және бұл басты мақсат та бола алады. Басқа сатыларға қатысты мақсаттардың да басымдыққа ие болуы мүмкін, бұған жұмысты аяқтау және импульстарды бақылау сезімдерін жатқызуға болады.
Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның тәжірибесімен қарым-қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ білім берудің қисын мен интуиция, зияткерлік пен сезімді қамтитыны туралы идеяны да өрбітті. Оның ойынша, елеулі немесе эмпиристік оқудың сиапаттамасы төмендегідей:
«Білім беру үдерісіне үлес қосатын сезіну және тану аспектілеріне қатысты жеке тұлғамен тұтастай алғанда өзара қарым-қатынас жасау қасиетіне ие.
• Өз бастамасы бойынша жүзеге асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан пайда болған күннің өзінде де, жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.
• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы, тіпті жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.
• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме, өзі білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра отырып оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік пайымдарына негізделеді.
• Оның мәнділігi – мағынасында. Мұндай білім беру орын алған жағдайда оқушы үшін мағына элементі жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).
Достарыңызбен бөлісу: |