1.Оқудың ынталандырушы және аффективті теориялары
Өткен ғасырдың 70–80-жылдарындағы оқу туралы көптеген теориялық зерттеулерді гуманистік психологияға негіздеп және өсудің адами әлеуетін «мен» тұжырымдамасына баса назар аудара отырып қарастырған. Түсінуді дамытуда жеке еркіндік, таңдау, ынта және сезімдердің мәні де зор екендігі туралы пікір осыған түрткі болған факторлардың бірі болып танылды. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Төменгі деңгейге ол психологиялық қажеттіліктерді орналастырса, жоғары деңгейге – өзін-өзі көрсете, таныта білуді қойды 5-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |