Бағдарламасы негізге алынды. Контент «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»



бет12/47
Дата13.01.2022
өлшемі159,42 Kb.
#111805
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
kontent koe 1 Турыспенбетова Светлана

Оқуға және өзін-өзі іске

асыруға түрткі болатын

академиялық орта

Салмақ академизмге түседі, бірақ та

зият пен оқытудың кез келген түріне

қолдау көрсетіледі. Баланы оқытуға

ықпал ететін кез келген әдіс

қолданылады.


Қолданылатын әдістер әртүрлі емес.

Академиялық маңыздылығы төмендетіледі және марапатталмайды.



Барлық оқушылардан жоғары нәтиже

күтіледі. Мұғалімдер табысқа жету

үшін әрқайсысын ынталандырады.


Күтілетін нәтижелер төмен.

Өрлеу үнемі қадағаланады.

Бағалау төмен немесе жүйелі емес.

Бағалау нәижелері бірден оқушылар

мен ата-аналарға хабарланады.



Бағалау нәтижелері өте аз талқыланады.

Оқушылар алынған нәтижелерді қалай пайдалануды білмейді. Ата-аналар балаларының түпкілікті бағаларын көргенде ғана олардың оқуда қиындық көріп жүргенін біледі.



Бағалау нәтижелері оқыту үдерісі мен оқу мазмұнына баға беру және қайта құру үшін қолданылады.

Нәтижелер жақсарту мен дамыту үшін пайдаланылмайды. Оқушылар мен мұғалімдер бұрынғы қателіктерін үнемі қайталайды. Марапаттау мен мақтау сирек.

Мұғалімдер білімді әрі сенімді.

Мұғалімдер сенімсіз әрі дайындықсыз.

4дәріс Қалай оқу керектігін үйрету.


1.Қалай оқу керектігін үйрену дегеніміз не?

2. Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.

1.«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:


  1. білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

  2. жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

  3. міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

  4. нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.

2.Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторлар мыналар: (1) балалардың оқу үдерісін түсінуі; (2) нені оқу керектігін түсінуі; (3) оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы; (4) оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі

2.Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасының басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате пайымдаулар бар және бұны қалай түзету дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Бұның алдындағы бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың талқыланатын тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады.

Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады .

Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісі барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын (11-сурет) және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құламау түрткі болып табылатын сыртқы ынтадан ажырата білген жөн.

Осы мақсатта мұғалімдер жұмыс үдерісіне мақсатқа жету жүйесін енгізеді, нәтижесінде оқушылардың жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету жетістігіне көңілдері толады. Сабақтар жүйесі оқушылардың нақты жайға назар аудару қабілеті дамитындай және сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып ұзақ уақыт назарда ұстайтындай құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.


5дәріс Оқушыларды ынталандыру.
1.Оқудағы кедергілерді анықтау.

2. Оқудың аффекттік теориясы.

3. Оқушыларды ынталандыру.

4. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет