Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы №40 «Құлпынай» балабақшасы
Топ «Ақбота» ортаңғы тобы
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023 оқу жылы наурыз айы
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
|
Дене шынықтыру
|
Маман жоспары бойынша
|
|
Сөйлеуді дамыту
|
1.Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауысты (о, ұ) және кейбір дауыссыз (ж-ш) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту
2.Сөздік қор. Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы қадамы ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру, дәстүрге байланысты балалармен ән айту, би билету, жұмбақ шешкізу, жаңылтпаш, санамақ айтқызу, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту.Дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды байыту;
3.Тілдің грамматикалық құрылымы. Етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
4.Байланыстырып сөйлеу.таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.
|
Көркем әдебиет
|
1.Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдау және түсіну.
2.Әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізуді қалыптастыру.
3.Сюжетті эмоционалды қабылдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту.
4.Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауды дағдыландыру.
|
Қазақ тілі
|
1.Тілдік дамытушы орта. Бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге баулу
2.Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Қазақ тіліне тән ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.
3.Сөздік қор. Тұрмыстық заттардың, (киіз үй жиһазы) атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
4.Тілдің грамматикалық құрылымы. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу жалғастыру (бар, кел, айт).
Байланыстырып сөйлеу. Алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.
|
Математика негіздері
|
1.Сан. «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру.
2.Шама. Салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа сөздерімен белгілеу
3.Геометриялық фигуралар.Көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.
4.Кеңістікті бағдарлау. Заттарға қатысты кеңістік бағыттарын анықтауды үйрету: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.
Жануарлар әлемі
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.
Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу.
|
Құрастыру
|
1,2.Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын-ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату.
3,4.Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.
|
Сурет салу
|
1.Анама арналған сыйлықтар
2.Қазақ ұлттық оюларымен заттарды әшекейлеуді балаларға үйрету (тәрелке, табақ, кілемше )
3.Сюжеттік сурет салу; көктем мезгілінің ерекшеліктерін бейнелеу
4.Құстардын бейнесін, қимыл-қозғалысын, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру
|
Мүсіндеу
|
1.Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар және т.б.) таныстыру.
2.Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.
3,4. Бөлшектерді құрастыру арқылы әуе, су, жеңіл көліктерді мүсіндеуге, қиялдау сезімін дамыту
|
Жапсыру
|
1.Алғашқы көктем мезгілінде шығатын гүлдердін атауларын атап (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы балардын ұсақ қол маторикасын дамыту
2.3Ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастырып жапсыру арқылы аналар мерекесіне арналған әр түрлі әшекей бұйымдарды атай білуге баулу
4.Наурыз мерекесіне арналған сәндік және заттық апликация дағдыларын қалыптастыру
|
Музыка
|
Маман жоспары бойынша
|
Достарыңызбен бөлісу: |