Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде
2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы №40 «Құлпынай» балабақшасы
Топ «Ақбота» ортаңғы тобы
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 2023 оқу жылы сәуір айы
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
Сәуір
|
Дене шынықтыру
|
Маман жоспары бойынша
|
Сөйлеуді дамыту
|
1.Байланыстырып сөйлеу:
Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану.
Ересектердің сөзін тыңдауға үйрету.
Бір-бірімен, ересектермен сөйлесуге үйретіп, естігені, көргені, өзі қолдан жасаған заттары туралы айтуды үйрету.
2.Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауысты (ұ) және кейбір дауыссыз (с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту
Сөздік қор. Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу
3.Тілдің грамматикалық құрылымы. Зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.
4.Байланыстырып сөйлеу.Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.
|
Көркем әдебиет
|
1.Көктем мезгілі жайлы өлен шұмақтарын жатқа айтуға үйрету.
2.Наурыз мерекесі туралы өз ойларын айта білуге, табиғаттын әсемдігін сезіне білуге баулу
3.4Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.
|
Қазақ тілі
|
1.Тілдік дамытушы орта. Өзбетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге баулу
2.Сөйлеудіңдыбыстықмәдениеті. Артикуляциялық және дыбыстық аппаратты, сөйлеу кезінде тыныс алуды,местуді дамытуды жалғастыру.
3.Сөздік қор. Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.
4.Тілдің грамматикалық құрылымы. Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім) үйретуді жалғастыру
|
Математика негіздері
|
1.Сан. «Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру және олардың біреуін бөліп көрсету, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беру.
2.Шама. Заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіруді үйрету.
3.Геометриялық фигуралар.Ойын түрінде үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен фигураларды ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.
4.Уақытты бағдарлау. Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
1.Отбасы. Дербестікті қалыптастыру: киіну, жуыну, тісін тазалау.
2.Көлік, байланыс құралдары. Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру
3.Өсімдіктер әлемі. Ағаштардың, дала гүлдерінің, кейбір көгөністер мен жемістердің, бөлме өсімдіктерінің 2-3 түрін тану және атау
4.Жануарлар әлемі. Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту
|
Құрастыру
|
1,2 Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.
3,4.Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану. Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
|
Сурет салу
|
1.Заттық сурет салу; құстар, санырауқұлақтар, машиналар
2.Сюжеттік сурет салу; жол бойымен арба келеді, күн жарқырап шөп өсті, бақбақ
3.Өз бетінше сурет салу; сүйікті ойыншықтар
4. Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.
|
Мүсіндеу
|
1,2.Қазақ халқының әшекей бұйымдарын білу, заттар мен бұйымдарды өзбетінше мүсіндей алуды үйрету.
3.мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтау.
4.Бір неше бөліктерден заттарды мүсіндеу олрды орналастыру пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру
|
Жапсыру
|
1.Дайын пішндерден жануарлар, гүлдер , құстар және т.б. пішіндерді қағаз бетіне орналачстыру дағдыларын қалыптастыру
2.Шығармашылық қиялды дамыту; үлкендердін көмегімен қыйылған пішіндерден заттарды өз бетінше ойдан жапсыруға мүмкіндік беру
3.жапсыруда қауыпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптыдлықпен орындау
4.Тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту
|
Музыка
|
Маман жоспары бойынша
|
Достарыңызбен бөлісу: |