Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет9/9
Дата10.04.2024
өлшемі65,96 Kb.
#200651
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-4 ЖАС ПЕРСПЕКТИВКА

іс-әрекеттің перспективалық жоспары


Білім беру ұйымы Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы “Балапан”шағын орталығы
Топ «Балапан» аралас топ
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2023 оқу жылы мамыр айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

мамыр

Дене шынықтыру

Спорттық жаттығулар:
Жүзу және гидроаэробика элементтері. Суға түсу, жүгіру, ойнау, суда билеу. Жүзуді үйрету (тиісті жағдайлар болған кезде).
Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмытылсын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өзбетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру. Ата-аналардың қалауларын ескеріп, мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің шешімі бойынша арнайы шынықтыру шараларын жүргізу. Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.
Күн тәртібіне сәйкес балалардың күнделікті таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ересектің көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Тыныс алу жаттығуларын жасау.
Өткенді қайталау.



Сөйлеуді дамыту

Байланыстырып сөйлеу:
Зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану.
Ересектердің сөзін тыңдауға үйрету.
Бір-бірімен, ересектермен сөйлесуге үйретіп, естігені, көргені, өзі қолдан жасаған заттары туралы айтуды үйрету.
Өткенді қайталау.



Көркем әдебиет

Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдау және түсіну.
Әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін оларға еліктеп, жеткізуді қалыптастыру.
Сюжетті эмоционалды қабылдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту.
Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауды дағдыландыру.
Өткенді қайталау.



Математика негіздері

Уақытты бағдарлау.
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.
«Көп», «Бір» ұғымдарын ажыратып, жаңаны тануға ұмтылу, заттарды қызығып, қуанып зерттеуге ындаландыру.
Біртекті заттарды топтастырады және олардың біреуін бөліп көрсетуді меңгерту.
қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табуға үйрету.
Өткенді қайталау.



Қоршаған ортамен таныстыру

Адамгершілікке баулу
Балаларда жақсы және жаман әрекеттер, қылықтар туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды интеллекті тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру.
Еңбекке баулу
Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау.
Өткенді қайталау.



Құрастыру

Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.
Өткенді қайталау.



Сурет салу

Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көкөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.
Өткенді қайталау.



Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарын білу, заттар мен бұйымдарды өзбетінше мүсіндей алуды үйрету.
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіріп,
мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтау.
Өткенді қайталау.



Жапсыру

Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін қолдану (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау).
Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.
Өткенді қайталау.



Музыка

Музыка тыңдау.
Музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталуын ажырату, оларды атау, қарапайым ырғақпен соғуды үйрету.
Әннің қарқынына сәйкес топпен қосылып ән айтады, әнді барлығымен бірге бастайды және аяқтайды.
Сөздерді дұрыс және анық айту, әннің сипатын береді (көңілді, мұңды, ойнақы, әуенді);
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, бубен, сылдырмақ және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.
Өткенді қайталау.




Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет