Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет4/9
Дата10.04.2024
өлшемі65,96 Kb.
#200651
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-4 ЖАС ПЕРСПЕКТИВКА

іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы “Балапан”шағын орталығы
Топ «Балапан» аралас топ
Балалардың жасы 3-4 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2022-2023 оқу жылы желтоқсан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

желтоқсан

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
Кеудеге арналған жаттығулар:
допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу;
солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);
аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан қалыпта);
аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жан-жаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта).
Қимылды ойындар
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға, қимылдарды үйлестіруге, кеңістікті бағдарлауға, «жүгір», «ұста», «тұр» белгілеріне сәйкес әрекет етуге үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қор.
Сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.
Байланыстырып сөйлеу:
Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.



Көркем әдебиет

Кітаптарға қызығушылықты ояту.
Кітаптардағы суреттерді өзбетінше, басқа балалармен бірге қарауды үйрету.
Көрген суреттері бойынша өз ойын айтуды қалыптастыру.
Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдау және түсіну.



Математика негіздері

Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.



Қоршаған ортамен таныстыру

Заттық әлем:
Қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Көлік, байланыс құралдары
Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.
Менің Отаным - Қазақстан
Балалар тұратын қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.



Құрастыру

Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.
Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.



Сурет салу

Сурет салу техникасының бастапқы дағдыларына игеру.
Сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана білу.
Негізгі түстерді дұрыс атауды үйрету.

Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар және т.б.) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.



Жапсыру

Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал және т.б. жасау.
Жапсыру барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.



Музыка

Музыка тыңдау.
Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді қалыптастыру.
Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу.
Ән айту.
Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру. Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау.

Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет