Заттық сурет салу.
Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өзбетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).
Сюжеттік сурет салу:
Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.
Сәндік сурет салу.
Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер
|
|
бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының
сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.
|
Мүсіндеу
|
Заттық мүсіндеу
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.
Сюжеттік мүсіндеу
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу.
Сәндік мүсіндеу:
Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру. Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
Жапсыру
|
Заттық жапсыру:
Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдер және т.б. пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |