Қағаздан құрастыру
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке және т.б.
айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу,
|
|
бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.
|
Сурет салу
|
Заттық сурет салу.
Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын беру.
Сюжеттік сурет салу:
Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту.
Сәндік сурет салу.
Заттардың пішіні: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көлемі бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту. Заттардың
көлемі бойынша арақатынасын беруге үйрету: ағаш биік, бұта ағаштан аласа, гүл бұтадан аласа.
|
Мүсіндеу
|
Заттық мүсіндеу.
Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу, майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу. Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.
|
Достарыңызбен бөлісу: |