Сюжеттік жапсыру:
2) дөңгелектерді және сопақша пішіндерді қию дағдыларын жетілдіру. Тар жолақтарды көлденеңінен қию, шаршыдағы бұрыштарды қиюды бекіту.
Сәндік жапсыру.
Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді және жолақтағы өсімдік өрнектерін халықтық өнер түрлері бойынша бірізділігін ескере отырып құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-
қолданбалы өнерімен таныстыру.
Музыка
|
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 2022 - 2023 оқу жылына арналған
ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Тобыересек тобы
Балалардың жасы: 4 жастағы балалар Жоспардың құрылу кезеңі: қараша 2022 жыл
Айы
|
Ұйымдастырылған
іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің
міндеттері
|
Қараша
|
Дене шынықтыру
|
Еңбектеу, өрмелеу. 10 м-ге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу; етпетімен жатып, гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, алға қарай еңбектеу. Табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу, 50 сантиметр биіктікте ілінген арқанның астынан еңбектеу. Құрсаудан еңбектеп өту. Гимнастикалық қабырғаға жоғары- төмен ауыспалы қадаммен өрмелеу, бөрене және гимнастикалық скамейкадан аттап өту;
Секіру. Бір орында тұрып, қос аяқпен секіру, 2–3 метр қашықтыққа алға ұмтылып қос аяқпен секіру, бір орында тұрып, оңға, солға бұрылып секіру. Аяқты бірге, алшақ қойып, бір аяқпен (оң және сол аяқты алмастыру) секіру, 4–5 сызықтан аттап (сызықтардың арақашықтығы 40–50 см) секіру, 20–25 см биіктіктен секіру, орнынан
ұзындыққа (шамамен 70 см), қысқа секіргішпен секіру;
|
Сөйлеуді дамыту
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |