34-35 СӨЖ мазмұны: Н.М.Верзилин ұсынған мектептік биология курсы ұғымдарының жүйесі.
36 СӨЖ мазмұны: Тірі ағзалардың жеке дамуы.
Негізгі əдебиеттер:
Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии
–М.: Просвещение 1987.
Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение 1985.
И.Н.Пономарева «Общая методика преподавания биологии» М, 2008 ж 4.А.Қ.Қисымова, С.Н.Обаев Биологияны оқыту əдістемесі Оқу құралы. Алматы 2010 ж
Б.В.Всесвятский Общая методика биологи. Учебное пособие для педагогических институтов. Москва, 1969
Б.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991.
Қосымша əдебиеттер:
Биология. Жануар бөлімі,7-8 кл., 1990
Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984
К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981
Г.С.Нога «Мектеп тірі бұрышында қолда өсірілетін жануарлар», 1988.
А.М. Розенштейн. Самостоятельные работы уч-ся по ботанике. М. Просвещ.1977г.
13 апта
Дəріс № 25
Тақырып: Халықтық педагогика – оқу процесінде.
Биологияны оқытудағы халықтық педагогиканың орны.
Жеке курстарды оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану.
Дəріс мақсаты:Халқымыздың бар өмір тіршілігі тікелей табиғат аясында өткендігін,қазақ салттары мен дəстүрлерінің бала тəрбиесіндегі орны мен маңызына тоқталу.
Ұғымдар: дəстүр,жора-жоралғы,тұрмыс-тіршілік,халықтық педагогика.
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны
Биологияны оқытудағы халықтық педагогиканың орны.
Халқымыздың бар өмір тіршілігі тікелей табиғат аясында өткендіктен табиғаттың сан алуан құпия құбылыстарын бақылай жүріп табиғатта болатын үйлесімділік үндестігі туралы орынды ой-тұжырымдар жасап отырған.Мұндай тұжырым қорытындылар көбі жабайы жануарлар мен табиғат құбылыстарының арасында болатын өзара табиғи заңдылықтардың ақиқатын аңғартады жəне сол ағзалардың тыныс тіршілігіне тəн құнды деректерді аламыз. Халықтың өмір тəжірбиесінен күнделікті табиғатқа зер сала отырып бақылауынан қалыптасқан қағидалардың көптігін білеміз.Халық медицинасы халықтың өзімен бірге жасалып келеді Балалардың білім дəрежесін кеңейтуге мұғалім өзге пəндермен өз пəнін байланыстыра білу керек,яғни халықтық педагогиканы енгізу керек.
Жеке курстарды оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану.
Өсімдіктану пəнінен қосжарнақтыларды оқығанда жергілікті жердің өсімдіктерін салт- дəстүрмен тығыз байланыстырып қызықты тартымды өткізуге болады. Мысалы:сексеуіл мықты жанама тамырлы,жұлынуы қиын бұталы өсімдік.Көшіп қонып өмір сүрген қазақ халқы оны отынға пайдаланған себебі шоғы өте қызулы,сондықтан жылуды көп береді.
«Қазақстандағы дəрілік өсімдіктер»тақырыбын оқыған кезде өңірдегі емдік мақсатта пайдаланатын өсімдіктер туралы айтылу керек. Жануартану пəнінен сүтқоректілер класын оқығанда төрт түлік мал өнімдеріне ерекше назар аударып ет,сүт,май,ағаш,төсеніш,киім- кешек мал өнімі екенін айту керек.Қазақ төрт түлік малды «мінсең көлік,жесең ет,ішсең ақ,сусын»деп тұжырымдаған.Қазақ халқының əдет-ғұрыптарын,салт-дəстүрлерін биология сабақтарында көптеп пайдалану болашақ қоғам иелерін білімді,көргенді өнегелі,еңбекқор етіп тəрбиелеуге қосар үлесі үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: |