Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет1/64
Дата04.05.2023
өлшемі243,26 Kb.
#176055
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
DDD 3 4D>>D 3 4DDND 1 2N D 3 4ONNN ODNNNDD 1 4DNN

М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«БИОЛОГИЯ ЖƏНЕ ЭКОЛОГИЯ» кафедрасы




5В011300-БИОЛОГИЯ


мамандығына арналған




БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ пəнінен


(пəннің атауы)


SYLLABUS


Құрастырушылар: Г.А. Бимагамбетова биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Ж.М. Ихласова аға оқытушы
Орал, 2016 ж.

SYLLABUS 2012 жылғы. ҚР Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған 5В011300- БИОЛОГИЯ мамандығының типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.

Биология жəне экология кафедрасының “ 9 “ қыркүйек 2016 ж. мəжілісінің № 1 хаттамасымен қаралды.


Пікір беруші: Байдулова Л.А. б.ғ.к., доцент
  1. ПƏННІҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).


Семестр 15 оқу аптадан жəне 3 сессия аптасынан тұрады.


Бір аптада 3 кредит сағат, əр кредит-сағат екі байланыс сағаттан (дəріс) жəне бір байланыс сағат (практикалық) жəне үш сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің атпаға бөліну кестесі (3 кредит мысалында келтірілген):



Кредит саны



Аудиториялық сабақ

Аудиториялық
емес сабақ

Барлығы


Бақылау формасы



Дəріс

Практикалық
сабақ

Зертханалық
сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

3

30

15

-

45

45

135

Аралас



Аралық бақылау 8 жəне 15 аптада


  1. Пəн туралы мəлімет Курстың мақсаты:


Студенттерді болашақ мұғалімдер ретінде əдістемелік білім мен білік, мектепте биологиядан оқу тəжірибелік жұмыстарын жүргізуге дайындық, ұстаздық жұмысқа өз бетімен жəне шығармашылық жағынан дайындау.

Курстың міндеттері:


-студенттерді оқытудың теориялық негізімен, практикалық ережелерімен таныстыру, орта мектепте оқыту процесінде оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу, мұғалімдік шеберлікке үйрету;
-студент болашақ мұғалім ретінде мектеп бағдарламасын меңгеруі тиіс;
-мектеп оқулықтарын оқушыларға берілетін ғылыми ақпараттарды білуі тиіс;
-оқыту процесі кезінде күнделікті педагогикалық тəрбиелеу тапсырмаларын шешуге үйренуі керек;
-сабақ жоспарын құруы, практикалық жұмысты жүргізуі, өнеркəсіпте, табиғатта топсеруен өткізе алуы, мектеп жанындағы оқу-тəжірибелік аймақта оқушылармен жұмыс жасай білуі;
- мектептік оқушылардың өндірістік бригадаларын басқаруы, кластан тыс жұмыстар жүргізе алуы, сонымен қатар биологиядан факултативтік сабақтар, жас натуралистер үйірмесін жүргізе алуға үйренуі тиіс.

Курстың мазмұны:


Биологияны оқыту əдістемесі болашақ биология пəнінің мұғалімін дайындаудағы негізгі пəн. Биологияны оқыту əдістемесі- мектеп пəндерінің ерекшелігіне байланысты оқыту жəне тəрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені білу мұғалімге биологияны оқытуды меңгертеді. Биологияны оқыту əдістемесі түрлі əдістерді мұғалімге меңгертудің нəтижесінде оларды оқушыларға нақты биологиялық білім беруге жəне осы алған білімдерін өмірде қолдануға үйретеді. Əдістеме пəн оқулығының мазмұнын, əдістерін, тəрбиелеу мен оқытудың формаларын қарастырады. Əдістеме биологияны не үшін оқыту керек, қалай оқыту керек жəне неге тəрбиелеу керек деген сұраққа жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет