Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет4/64
Дата04.05.2023
өлшемі243,26 Kb.
#176055
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
DDD 3 4D>>D 3 4DDND 1 2N D 3 4ONNN ODNNNDD 1 4DNN

Дəріс №2


Тақырып: Биологияны оқыту əдістемесінің пайда болуы мен даму тарихы 1 XVIII ғасырдағы жаратылыстануды оқыту əдістемесінің даму тарихы

  1. XIX ғасырдағы жаратылыстануды оқыту əдістемесінің даму тарихы

Дəріс мақсаты: XVIII -XIX ғасырлардағы биология ғылымының даму тарихын түсіндіру Ұғымдар: Қазбалар патшалығы, табиғат жүйесі, өсімдіктер мен жануарлар патшалығы Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны:
Жаратылыстану ғылымын оқытудың əдістемесінің даму тарихы ХVIII ғасырдан басталады. Ежелгі Русьтің мектептерінде табиғат туралы пəндер оқытылмады. Мектептерде жаратылыстануды оқыту ХVIII ғасырдың аяғында енгізілді. Табиғат байлықтарын жəне экономиканы дамыту үшін мемлекетке білімді адамдар керек болды.
ІІ Екатерина халық училищесін жəне мұғалімдер семинариясын (1783) ашты.
Халық училищесі мен мұғалімдер семинариясында алғаш рет жаратылыстану оқытыла бастады. Жаратылыстанудан оқулық құрастыруға, мұғалімдер семинариясында дəріс оқуға академик Василий Федорович Зуев (1754-1784) келді. 1786 жылы Зуев фамилиясын
көрсетпей «Ресей империясындағы халық училищелеріне арналған жаратылыстану тарихының сызбалары» атты оқулық шығарды. Осы жылдан бастап жаратылыстануды оқытудың авторы барлық негізгі əдістемелік міндеттерді шешуге тырысты. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылыстануды оқытудың бірізділігін қалыптастырды.

    1. Қазбалар патшалығы (өлі табиғат) 2.Өсімдіктер патшалығы (ботаника)

    2. Жануарлар патшалығы (зоология)

В.Ф.Зуев оқу пəні ретінде жаратылыстанудың негізін қалады.
Ол жеке жеке өсімдіктерге, жануарларға, олардың биологиясына сипаттама беріп, оларды адамның қолдануы туралы, өсімдіктің «жасушалық» құрылымы туралы айтылып кеткен.«Жаратылыстану тарихын » оқытудың практикалық мəселелерін шеше отырып, В.Ф.Зуев əдістеменің негізгі мəселелерін шешуге тырысты: ғылым жəне оқу пəні, ғылымилығы, мазмұнының жүйелігі жəне бірізділігі, оны берудің тиімділігі, табиғи жəне бейнелеу көрнекіліктердің орны, оқушылардың білімдерінің мəні, жаратылыстану тарихының білім берудегі практикалық рөлі.
Сонымен, ХVIII ғасырдың аяғында академик Василий Федорович Зуев орыстың жаратылыстануды оқытудың əдістемесінің бастамасын қалап, оның негізін салушы болып есептеледі. ХІХ ғасырдың басында халық ағарту министрлігі жəне негізгі (губерниялық) халық училищелері гимназия болып құрылды. Мұғалімдер семинариясы Педагогикалық институт болып қайта ұйымдастырылды. В.Ф.Зуевтің ізбасары ретінде А.М.Теряев көрнекі құралдарды қолдану жəне мектепте таратуды қамтамасыз ету идеясын ұстазынан алды.
Биология ғылымында систематика (жүйелеу) кең тарала бастады, сондықтан да К.Линнейдің «Табиғат жүйесі» үлкен назарға ілінді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ғылыми əдістемелік нұсқаулар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келмейтін сипатта болды. Оқушылар үйінде оқулық мəтінін механикалық түрде жаттап алып жүрді. Мектеп оқулықтарының университет оқулықтарынан айырмашылығы болған жоқ. Жаратылыстануды оқуда ойлау қабілетін жəне танымын тəрбиелеу туралы терең ойлар айтқан атақты ботаник профессор А.Н.Бекетов (1825-1902) болды.
Ол бірден догматикалық оқытуға қарсы шықты. Ол «Дедуктивті оқыту оқушыларды джайын білім мен қорытындылармен қамтамасыз етеді, бірақ ойлау əрекетін дамытпайды, тек есте сақтау қабілеті ғана жұмыс атқарады. Бұл жаратылыстанудың білім берушілік мəнін төмендетеді»-деді.
Өзінің «гимназияларда жаратылыстану тарихын оқытуда ойлаудың индуктивті əдісінің мазмұны» атты мақаласында (журнал МНП, 1863, №12) А.Н.Бекетов оқу материалының орналасуына, сабақ өткізу барысында өзіндік ойлаудың жəне танымның дамуына өз көзқарасын білдірді.А.Н.Бекетов құнды əдістемелік қағиданы ұсынып, яғни оқушыларды өз беттерімен оқып үйрету мақсатты түрде болу керек деді. Ең алдымен бақылап жəне салыстырып үйрену керек, яғни жаратылыс тарихы бақылау мен салыстыруға ең көп мəліметтерге толы екеніне ешкім қарсылық білдірмейді. Бақылау оңай ғылым емес, затты бақылап қарап, бірақ та оның негізгі қасиетін таба алмауымыз мүмкін. Сондықтан да терең де жан жақты бақылау жүргізу үшін тəжірибелі бақылаушының жетекшілігмен, ұзақ уақыт жаттығу керек, деді А.Н.Бекетов. Сонымен, А.Н.Бекетов əдістеменің ең негізгі мəселелерін алға қойды.Ағзаның физиологиясы мен анатомиясы, морфологиясы синтезделетін өз бетімен ойлауды тəрбиелеу, өз бетімен жұмыстарға жетекшілік етуді дамыта отырып бақылау – мектеп пəнінің өзіндік құрылымы.
А.Н.Бекетов индуктивті əдісінің маңызы əдістемелік ізденістің бастамасын берді, кейін зерттеушілік əдістің, қазіргі ақытта сабақтың проблемалық құрылымының негізін қалады.Бұл мəселелер білім беру мен тəрбиелеу əдістерінің маңызының жаңа мəселелерін көтерді. Жаңа ерекше педагогикалық ғылым – жаратылыстанудың əдістемесін құруды қажет етеді.
Ең алғашқы жаратылыстанудың əдістемесін 40-жылдары Германияда мұғалім Август Любен (1804-1873) жазып шығарды. Оның принциптері А.Н.Бекетовтың жəне басқа да алдыңғы қатарлы педагогтардың идеясына сəйкес болды.
Август Любен атақты чех педагогі Я.А.Коменский (1592-1670) сияқты жаратылыстануды оқыту қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге қарай жүру керек, яғни индуктивті жолмен болу керек деді.
Өзінің əдістемесінде келесілерег ерекше назар аударуды көрсетеді:

  • Өсімдік формаларының алуантүрлілігін тану

  • Осы алуантүрліліктің негізіндегі біртұтасты тану

  • Өсімдіктердің тіршілік əрекетін тану

  • Өсімдік формаларының алуантүрлілігі мен тіршілігін тудыратын күш пен заттарды тану

Август Любен «жаратылыс тарихы салыстыруға негізделген, басқаша біз белгілі бір жаратылыс туындысымен танысқанда алдымен оған ұқсас нəрсемен салыстыру арқылы танысамыз» деп жазды. Бірақ Любеннің осы айтқан күнде əдістемелік пікірі өзінің оқулығының мазмұнына сай келмейді.Оқулығында өте кең көлемде өсімдіктерді морфологиялық белгілері бойынша сипаттаған (990 өсімдік, 136 тұқымдас сипатталған).
Жаратылыстануды оқытудың ғылым əдістемесінің бастамасы Александр Яковльевич Гердтан (1841-1888) басталды. 1866 жылы «Мұғалім» журналында «Жаратылыстану ғылымдарын оқытудың əдістері» атты жас мұғалім А.Я.Гердтің мақаласы шықты. Оның пікірі бойынша, оқытудың мазмұны қазіргі ғылыми деңгейге сай болуы керек жəне ғылыми дүниетанымды тəрбиелеу керек деді.
А.Я.Герд Ч.Дарвиннің Ресейдегі алғашқы ізбасарларының бірі болды, мектеп курсындағы зоологияны дарвинизм негізінде қарастырды жəне мектептің оқу жоспарында курстардың келесідей бөлінуін ұсынды. Бейорганикалық əлем (өлі табиғат).
Өсімдіктер əлемі Жануарлар əлемі Адам Жер тарихы
Бұл осындай бірізділік əдістемелік жағынан, əрі мазмұны бойынша дұрыс болды жəне балалрдың жас ерекшеліктеріне сай келді.
А.Я.Герд жалпы əдістеменің курсын жазған жоқ, бірақ та ол қатаң əдістемелік жүйемен құрылған, дарвиндік, материалистік идеяға негізделген, оқушылардың дүниетанымын жəне тірі табиғаттың объектілерімен мектепте, үйде, экскурсияда өз беттерімен жұмыс жасау білігін дамытуға бағытталған бай шығармалар жазды.Профессор К.Ф.Рулье (1814-1858) ғылымда ағзалардың қоршаған ортаға күрделі қарым – қатынастары, түрлердің өзгеруі туралымəліметтеріне қойды. Ол бірден биология ғылымындағы жүйелеу мен морфологияға сыни қарады. Рулье жалпылайтын жəне түрлендіретін фактілер есебінде органикалық əлемнің эволюциясы идеясын Дарвиннің «Түрлердің шығуы» еңбегін жарыққа шығаруынан бірнеше жыл бұрын ұсынды. Рулье биолггия ғылымында оқығанға назар аударуды жəне организмнің қоршаған ортамен, мүшелердің құрылысының функциясымен байланысы негізінде зерттеуді дамыту керек деді.К.Р.Рульенің оқушысы – профессор А.П.Богданов 1862 жылы орта мектепке арнап «Зоология жəне зоологиялық хрестоматия» оқулығын шығарды.Мұнда жануарлар өрлеу реті бойынша сипаттаған, яғни олардың салыстырмалы анатомия, эмбриология, палеонтология, географиядан алған мəліметтері бойынша келтірілген.
Оқулықта Ламарк пен Дарвиннің ілімдері келтірілген.Биологияның мазмұнының бұлай ашылуы ХІХ ғасырдың аяғында жаратылыстануды оқытудың əдістемесінде материалистік бағыттың Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің туып келе жатқанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет