І Білімділігі: Бақ, Дәулет, Аманның түп мағынасын түсіне отырып, әр оқушы өз алдына қойған мақсатқа жету жолында осы үш таңдаудың қайсысын өзіне жолсерік ететінін анықтауына мүмкіндік жасау. Әңгімені оқып таныса отырып, мазмұнын ашуға үйрету.
ІІ Дамытушылығы: Әңгімедегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы әрқайсысының ісіне талдау жасай отырып, дұрыс баға беру, бағалау, түйін сөз айту, қорытындылау әрекеттері арқылы өзін – өзі іштей дамытуға, қызығушылығын арттыруға тырысу.
ІІІ Тәрбиелігі: Өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету жолы тек еңбек қана екенін ұғынуға жол салу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд, А.Сейдембек туралы қысқаша мәлімет, суреттер, нақыл сөздер.
Сонымен, бақытқа қол жеткізудегі басты қажеттіліктер не екен?
І бөлім: Жолаушыны кездестіру.
Сұрақ – жауап:
- Мәтін не туралы?
- Басты кейіпкерлер кім?
- Ары қарай не болар екен?
ІІ бөлім. Екінші жолаушының келуі.
- Әңгіме қалай жалғасын тапты ?
- Атасы неліктен жолаушыны да қабылдамады?
- Оқиға қалай шиеленісер екен?
ІІІ бөлім.
- Оқиға немен аяқталды?
- Көңіліне не түйдің?
- Әр кейіпкерге баға бер.
Сергіту сәті
Сергіту сәті «Көңілді қалпақ» ойыны
Көбелек те ,гүл де бір
Қызыл-жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт,
Бау-бақшада барша жұрт.
Саңқылдаған саз әні,
Көлде құстың базары.