Тақырып: Биологияны оқыту əдістері мен əдістемелік тəсілдері
1 Оқыту əдістер туралы түсінік жəне олардың жіктелуі
2. Əдістер мен əдістемелік тəсілдер
Дəрісмақсаты: Биологияны оқыту əдістері мен əдістемелік тəсілдеріне тоқталу.
Ұғымдар: оқыту əдісі , əдістерментəсілдер.репродуктивті
Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны
Оқыту əдісі дегеніміз оқытушының оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-əрекеттері, яғни мұғалімнің білімді беріп, сол бір мезгілде оқушының білімді қабылдауы.
Бұл анықтамада əдіс екі жақты ұғымды қамтып тұр. Білімді беруші мұғалім жəне білімді алушы, қабылдаушылар оқушылар. Бұл арадағы байланыс білім көзіне тікелей байланысты. Білімнің көзі оқу процесіндегі оқу материалының мазмұнымен анықталады. Практикада биологияны оқытуда əртүрлі əдістерді қолданамыз. Сонда оқыту ұстаздың білім беру əдістерінен тұрса, ал екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау қабілеттіктер жиытығынан тұрады. Оқыту əдісін барлығын көптеген белгілері бойынша біріктіріп жинақтауға болады. Білім көзі, мұғалімнің іс-əрекеті, оқу процесіндегі оқушылардың іс-əрекеті. Осы үш белгі бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан осы үш белгіні бөліп қарастырмай, əдістерді классификациялауда негіз ретінде аламыз.
Сабақ беру əдістері ертеден бері қалыптасқан əдістегі ең басты мақсат оқушыға білім берудің ең ұтымды үрдістерін табу, іздеу. Олар негізінен:
практика
көрнекілік
сөз, əңгіме
оқулықпен жұмыс техникалық жүйелерді пайдалану
Оқушылардың жас ерекшілігіне жəне тақырып мазмұнына байланысты оқушыға сабақ беру əдісін таңдау жоғары сапалы білім негізін салады. Бұндай əдістер ұғым жəне дағды дамуына, дұрыс білім алуға жəне тəрбиеге мүмкіндік береді. Мұғалім сабақ беру əдісін орындап, қолдана білуі тиіс. Онсыз алға қойған мақсатына жете алмайды. Ол үшін мұғалім оқу материалын пəннің мазмұнына сəйкестендіріп, əрі оқыту əдісін дұрыс таңдау тиіс.