Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет42/64
Дата15.10.2022
өлшемі376,78 Kb.
#153182
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64
Байланысты:
Биологияны оқыту әдістемесі

Дəріс № 24


Тақырып: Ойын технологиялары 1.Ойын технологиясының даму тарихы
2.Ойын бағдарламасының негізін құрайтын тапсырмалар
Дəріс мақсаты: Ойын технологияларының маңызын тиімділігі туралы түсінік енгізу
Ұғымдар Дидактикалық ойындар , дидактика

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны:


Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тəрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мəнге ие болады.
Тақырыптық-сынақ сабақтары бағдарламаның тірек тақырыбы бойынша (опорные темы) жүргізіледі. Оны жүргізу мақсаты алынған білім, іскерлік пен дағдыны бекіту, оқушыларға көмек көрсету жəне олардың білім, іскерлік пен дағдыларын бақылау.
Оқытушы келесідей дайындық жұмыстарын орындайды:

  • оқушылардың білім, іскерлік пен дағдыларына қойылатын талаптарды анықтайды;

  • тапсырманы орындау кезінде бағаланатын практикалық іскерлікті анықтау;

  • сабақтың əрбір этаптарына уақытты рационалды бөлу;

  • əрқайсысынан жеке сұрау үшін кемшіліктерді есепке ала отырып, тапсырмаларды құру. Тақырыптық-сынақ жөнінде оқытушы ерте хабарлайды, сынақтың сұрақтарымен таныстырады.

Оң бағаға ие болған оқушылар сынақты тапсыруға қатыспайды. Сынақтың қорытындысы бойынша жалпы баға қойылады, ол оқушылардың нақты білімі мен іскерлігіне сəйкес келу керек.
Дидактикалық ойындар – имитациялық модельдеу бойынша оқытылатын жүйелер, құбылыстар, процестерде белсенді оқу əрекеті. Дидактикалық ойын – бұл ұжымды мақсатты бағытталған оқу əрекеті, мұндағы қатысушы мен команда негізгі мəселені шешумен бірігіп, өздерінің тəртіптерін ұтысқа бағдарлайды.
Ойынның құрылымдық элементтері мыналар болып саналады:

  • оқу əрекетінде өңделетін объект;

  • ойын процесі барысында оқушылар əрекетінің бірлігі;

  • ойын тəртібі;

  • өзгермелі жағдайда шешім қабылдау;

  • қабылданған шешімнің тиімділігі.

Дидактикалық ойын технологиясы – бұл проблемалық оқытудың нақты технологиясы. Дидактикалық ойындар оқу процесін жандандырады.
Ойындарды балаларды оқыту мен тəрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке түлғасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский жəне т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мəселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт жəне ағылшын əлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.
Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану əдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.).
Ұлттық ойындарды оқу-тəрбие процесінде пайдалану қажеттілігі мен олардың педагогикалық мүмкіндіктері мəселесі қазақстандық ғальмдардың зерттеу еңбектерінде ашып көрсетілді (Е.Сағындықов, А.Айтпаева, т.б.).
Аталған ғылыми зерттеулер педагогика ғылымының құнды дүниелері болып есептеледі. Алайда, бұл еңбектерде бастауыш сынып окушыларының жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін ойын технологиялары арқылы қалыптастыру мəселесі зерттеу арқауы болмаған.
Ойын мəнділігі нəтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-əрекеттің бір түрі, өмірдің керемет құбылыстарының бірі, баланың барлық маңызды ақыл-ой қалыптастыруға бағытталған əсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, кұрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дəлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына əсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады. Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларының бірі болып табылады.
2. Ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері құрайды:

  1. Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған танымдық міндеттерге сєйкес біліп көрсетілген танымдық жағынан мəнді мəліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру.

  2. Хабарламаны тыңдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша əдебиеттердегі мєліметтерді бөлу; танымдық жағынан мəнді мəліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру;

  3. Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдыќ жағынан мəнді мəліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының дұрыстығын тексеру;

  4. Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мəнді мəліметтерді жинақтау - оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру;

  5. Мəтінді оқу жəне ондағы басты, оқу-танымдық жағынан мəнді мəліметтерді жинақтау; жасалынған жинақтаудың дұрыстығын тексеру (Н.Я.Чутко).

Біз осы дидактикалық тапсырмалардың түрлеріне байланысты зерттеу барысында ойындарды мынадай түрлерге бөліп, оларды оқу-тəрбие процесінде пайдалануға болады.

  1. Оқушылардың топтастыру біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;

  2. Оқушылардың талдау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;

  3. Окушылардың жіктеу жəне өзіндік бақылау біліктерін дамытуға бағытталған ойындар;

  4. Оқушыларда көру арқылы берілген ақпаратты талдау жəне жекеден жалпыны табу негізінде оны жинақтау туыстық-түр қатынастарын орнату біліктерінің кешенін қалыптастыруға бағытталған ойындар;

  5. Оқушыларда заттардың, құбылыстардың белгілерін жинақтау біліктерін қалыптастыруға бағытталған ойындар;

  6. Окушыларда оқылған материалды жинақтау оны жинақтаудың дұрыстығын тексеру біліктерінің кешенін қалыптастыруға бағытталған ойындар.

Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде қазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс-əрекет жəне өмірі деп дəлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды əдептілік, тəрбиелік мақсатқа пайдалану - болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу жəне өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет