Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет39/64
Дата15.10.2022
өлшемі376,78 Kb.
#153182
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
Биологияны оқыту әдістемесі

№ 11 практикалық сабақ


Сабақтың тақырыбы Жануартану курсынан зертханалық жұмыстарды жүргізу əдістемесі
Мақсаты: Жануартану курсынан зертханалық жұмыстарды жүргізу əдістемесін студенттерге меңгерту
Құрал-жабдықтар: ылғалды препараттар, «Балықтардың ішкі құрлылысы», шыны цилиндр (1л), су толтырылған пробирка, резина тығыны бар шыны түтікше, шыны таяқша, су соратын іші ауаға толы резина груша.

Жұмыс барысы:


  1. Балықтардың денесінің айналасында қандай мүшелер орналасқандығын түсіндіріңдер.

  2. «Балықтардың ішкі құрлылысы» деп аталатын ылғалды препаратты қарап шығыңыздар. Одан торсылдақты, желбезек қақпақтарын, жүрегін, ішекті, бүйректі, бауырды табыңыздар. Аталған мүшелер қай жүйелерге тəн?

  3. Көпшілік балықтарда денесінің айналасында омыртқасының газ қоспаларына толы торсылдағы орналасады. Торсылдақтың көлемі ұлғайған сайын балықтардың дене тығыздығы азаяды жəне денесі су бетіне шығады. Ал торсылдақтың көлемі азайған сайын, дене тығыздығы жоғарылайды жəне балық су бетіне сүңгиді.

  4. Торсылдақтың қалай жұмыс істейтінін көрсететін үлгі жасаңдар. (суретпен). Ол үшін көлемі 1 л болатын шыны цилиндр алып, оны ¾ мөлшерде суға толтырыңыздар.

  5. Пробирканы алып (бұл балықтың үлгісі ретінде) жəне азғандай ауа қалдырып су құйыңдар. Қолыныңыздың бас бармағымен пробирканың ауызын су төгілмейтііндей етіп, жауып тұрыңыз жəне оған керсінше шыны цилиндраны төнкеріңіз. Пробирка су бетінде қалқып тұру керек.

  6. Цилиндрдің аузын алдын ала дайындалған шыны түтікшесі бар тығынмен жақсылап жабыңыз.

  7. Шыны түтікшеге ауаны айдайтын резина грушаның шлангасын жалғаймыз.

  8. Цилиндрге ауаны айдап пробиркадағы өзгерістерді байқаңыздар. Цилиндрдағы су қысымының жоғарлауына байланысты пробиркадағы су көпіршіктері төмендейді жəне пробирка су түбіне бата бастайды.

  9. Бұл тəжірибені қатты денелердің суда жүзу туралы физикалық заңдар тұрғысынан дəлелдеңіздер.

  10. Балықтардың жыныс жүйесіне қандай органдар жатады? «Балықтардың ішкі құрлылысы» ылғалды препаратынан жыныс жүйесін табыңыздар.

  11. Сүйекті балықтар көпшілігі уылдырық шашады. «Сүйекті балықтардың дамуы» ылғалды препаратын қарап шығыңыздар жəне одан балықтардың ең негізгі сатыларын табыңыздар. Оқулықтан суретті пайдалана отырып, балықтардың дамуының негізгі сатыларын сипаттап жазыңдар.

  12. Жұмыс нəтижелерін дəптерге кесте түрінде толтырыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет