Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет48/64
Дата15.10.2022
өлшемі376,78 Kb.
#153182
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
Биологияны оқыту әдістемесі

Процессуалды

Инструменталды

Тұлғалық

Жүйелік

Болжамдық нəтижеге жетуді қамтамасыз ететін белгілі ретпен орындалатын, операциялар мен процедурасымен педагогикалық процесті тұрғызудың жүйелік тəсілі

Оқыту мен
тəрбиелеудің əдіс,
тəсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқытушының педагогикалық шеберлік компоненті: педагогикалық іс- əрекет жүйесі ретінде оқу-тəрбие процесін жобалау мен жүргізу
дағдылары

Оқу орнындағы біртұтас білім беру процесі: оқыту мен тəрбиелеудің мақсаты, мазмұны, əдістерінің жиынтығы (педагогикалық жүйе)




  1. «Технология» сөзінің мағынасы: techne - өнер, шеберлік + logos – түсінік, ілім, білім, ғылым. Барлығы қосылып адамның нақты қызметіндегі ең жоғарға білім деңгейін ашады. Білім беру технологиялары дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін бірнеше анықтамаларды қарастырамыз.

Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру əдістері бойынша білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен əсер.
Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.
Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нəтижелерге жету процесінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз – тəжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
ЮНЕСКО-ның құжаттарында педагогикалық технологияларға келесідей анықтама берілген. Педагогикалық технологиялар дегеніміз бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі əдісі мен білімді адамдық жəне техникалық ресурстарды ескере отырып игеру жəне білім берудің ең тиімді əдістеріне жету мақсатында ғы олардың өзара ынтымақстатығы.
Педагогикалық технологиялар – қатаң ғылыми жобалау жəне педагогикалық іс-əрекетті қамтитын тура көрсеткіш. (Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.,1989)
В.П.Беспальконың айтуынша педагогикалық технологиялар алдын ала жобаланған оқу тəрбие процесін практикада жүйелі түрде жүзеге асыру.
Білім беру технологиялары – жоспарлы түрде оқыту нəтижесін, оқушылардың қазіргі жағдайын анықтайтын құралдар, нақты жағдайларға сəйкес тиімді модельді таңдау критерийінің кешені. Соңғы жылдары біз отандық білім беру кеңістігінің барғани сайын жаһандана түсу процесінің куəгері болып отырмыз. Ал бұл процес өте күрделі. Оқу орындарының білім стандарттарына көшу өкінішке орай қажетті əдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның ролі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды. Орын алған осы келеңсіз жағдайлар нəтижесінде əдістеме мен технология арасындағы айырмашылықты ажырату қиынға соқтырды. Егер əдістемені көп жағдайда оқу процесін ұйымдастырып жəне жүргізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болса, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиалды жағдайды байқауға болады: 1- технология – түпкілікті нəтиженің кепілдемесі; 2- технология – ол болашақ оқы процесінің жобасы. Демек, педагогикалық технология – бір реткеи келтірілген білім беру іс-əрекеттерінің жүйесі юолып табылады.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз ұстаздың кəсіби қызметін жан-жақты қасмтамасыз ететін жəне жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс-шаралар жиынтығы.
Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология», терминдерінің мағынасын түсініп, ттереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:

  • біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;

  • екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.

«Технология» термині сол тəсілдер жүйесі (ілім) деген мағынаны білдіреді.
«Технология» түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С.Смирнов оны төмендегідей анықтайды:

  • оқытуды ұйымдастыруда «форма» немесе «əдістеме» түсініктерінің синонимі ретінде (бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы);

  • нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (оқытудың «дəстүрлі» технологиясы, В.В.Давыдовтың, Д.Б.Эльконинаның мектепке арналған жүйесі жəне т.б.)

Бірақ бұл түсіндірулер «технология» түсінігін ашпайды, сондықтан «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» терминдерін қарастыру қажет. Берілген түсініктерді салыстырмалы талдау Л.А.Шкутина, М.К. Танасейчук еңбектерінде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет