Бағдарламасы Нысан ф со пгу 18. 4/12 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата28.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#34328
түріБағдарламасы










Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика кафедрасы

6D050600 – Экономика мамандығы бойынша докторантураға


ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Қабылдау емтихан

бағдарламасы






Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/12





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Бекiтемiн


С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

______________ А.А. Орсариев

20 __ ж. «____» __________
6D050600 – Экономика мамандығы бойынша докторантураға

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт және ҚР Үкіметінің 2012 ж 19-қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген жоғары білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері негізінде әзірленді.
Құрастырған: _________т.ғ.к., доцент кафедра профессоры С.С. Донцов

____________ э.ғ.к., ПМУ доценті А.А Нургалиева

____________ аға оқытушы Шеримова Н.М.

Экономика кафедрасының отырысында ұсынылған

«___» ________20__ ж № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ С.К. Кунязова «___» ________ 20 __ ж.

Мемлекетті басқару, бизнес және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен келісілген «___» __________ 20 __ ж. №__хаттама


ОӘК төрағасы ______________ А.Е. Жакишева «___» __________ 20 __ ж.
КЕЛІСІЛДІ

МББжәнеҚФ деканы ____________ Т.Я. Эрназаров «___» _______ 20__ ж.



1 Емтихан өткізу мақсаттары мен міндеттері
Түсу емтиханының мақсаты анағұрлым дайындалған докторантты анықтау үшін докторантураға түсушілердің оқуға деген уәждемесі мен білім деңгейін анықтау болып табылады.

Түсу емтиханының міндеттеріеннее:



  • мамандық мәселелерінде үміткерлердің біліктіліктерін анықтау;

  • оқуға деген уәждемені және ары қарайғы кәсіптік қызметті анықтау;

  • болашақ докторанттың докторантурада оқу үрдісіндегі өзіндік ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметке дайындығын анықтау.


2 Емтиханды өткізу нысаны мен ұйымдастыру
Түсу емтиханы белгіленген кестеге сәйкес ҚР БҒМ бекітілген мерзімде өткізіледі. Мамандық бойынша түсу емтиханы кешендік емтихан (КЕ) болып табылады және біріктірілген түрде (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу + питч) көптілділік білім концепциясын іске асыру шеңберінде үш тілдің (қазақша,орысша, ағылшын) бірінде өткізіледі.

Емтиханды өткізудің барлық үрдістері бейнекамерада тіркеледі.

Емтиханды өткізуге бағытталған уақыт:

- компьютерлік тестілеу - 45 минут (30 сұрақ 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

Компьютерлік тестілеуден докторантураға түсетін барлық үміткерлер өтеді, емтиханның екінші бөлігі модульдік білім беру бағдарламасында жоспарланған әр білім беру траекториясы бойынша өткізіледі.



Емтихан қабылдаудың біріктірілген (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрі кезінде емтихан өткізудің әр кезеңі мыналардан тұрады:

- компьютерлік тестілеу — мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіптік қызметпен байланысты мәселелерде үміткерлердің біліктілігін анықтау үшін;

- жазбаша бөлім - Эссе, оқу мен ғылыми-зерттеу қызметіне деген уәждемені анықтау үшін.

Қабылдау комиссиясы қызметінің құрамы мен саласы.

Мамандық бойынша түсу емтиханы университет ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясымен (ҚК) өткізіледі, оның құрамына төраға және кем дегенде үш мүшесі кіреді, олардың екеуі ғылым докторлары болуы тиіс, сонымен қатар комиссия хатшысы.

Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедраларының, бизнес-қауымдастықтардың, бөгде ұйымдардың өкілдері тартылады.

Комиссия қызметінің саласына жататындар:

- мамандық мәселелерінде ұміткерлердің біліктілігін анықтау;

- оқуға және ары қарайғы кәсіптік қызметке деген уәждемені анықтау;

- докторантурада оқу үрдісінде дербес ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметке деген болашақ магистранттың дайындығын анықтау.

Түсу емтиханын тапсыру алдын ала бөлінген компьютер залында және аудиторияда бейне жазбасы мүмкіндігі бар бекітілген аудиторияда ҚК мүшелерінің кем дегенде жартысының болуы кезінде өткізіледі.

Емтихан өткізу тәртібі:

үміткер емтиханға кесте бойынша тағайындалған уақытта тағайындалған аудиторияға келеді;

- ҚК мүшелерінің рұқсатымен үміткер компьютер алдынан жұмыс орнын алады/жауаптар парағын алады;

- жауаптар парағында үміткер өзінің тегін, атын, әкесінің атын немесе ТАӘ, оқу үшін таңдаған мамандығын және оқыту траекториясын көрсетеді.

- 30 минут бойы үміткер эссе жазады (жауаптар ықшамды, қажет болған жағдайда кестелер, формулалар, сұлбалар т.б. болуы тиіс);

- барлық сұрақтарға жауаптардың бағытталған көлемі 3-4 беттен артық болмауы тиіс;

- барлық сұрақтарға жауап берген соң үміткер барлық жауап парақшаларына өзінің қолын қояды және оларды қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады;
3 Білімді бағалау тәртібі
ҚК мүшелері балдық-рейтингтік жүйе бойынша үміткерлердің білімі мен әлуетін бағалайды.

КЕ тапсыру кезінде анықталған білім бағалары туралы шешімдер комиссиямен жабық отырыста осы отырысқа қатысатын комиссия мүшелерінің қарапайым дауыс беруімен қабылданады.

Дауыстар саны тең болған жағдайда ҚК төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық отырыстары хаттамалармен ресімделеді.

Хаттаманы шығарушы кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына тағайындалған ҚК хатшысымен толтырылады. Хаттамаларға білім бағалары,

ҚК мүшелерінің ерекше пікірлері т.б. енгізіледі. КЕ нәтижелері емтихан күні университеттіңақпараттық стендтарына оларды ілу арқылы жарияланады.

Бағамен келіспеген үміткер қолданыстағы ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады. Түсу емтиханының қорытынды бағасы (И) жазбаша бөліктердің — эссе немесе питчинг стартап-жоба (П) бағасынан және (ВДП) және (ВДТ) салмақтық үлестерін ескере отыра, тест тапсырмалары нұсқалары бойынша жауаптардың бағасынан құралады.



Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітіледі және жазбаша бөліктер (әңгіме) кем дегенде 0,6, ал тестілеу үшін 0,4 артық емес болуы тиіс. Осылайша:
И = П х 0,6 + Т х 0,4.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Түсу емтиханы бойынша балдық қорытынды баға кестеге сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға айналады және емтихандық тізімдемеге енгізіледі.


Балдық қорытынды баға (Қ)

Балдық сандық эквивалентке (Ц)

Әріптік баам жүйесі (Б)

Дәстүрлі бағаға жүйесі (Т)

Емтихан, диф. сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Есептеледі

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлық емес

Есептелмейді


5 Эссе және оны жазу әдістемесі

Тапсырма: Сіз докторантурада оқу кезінде өзіңіздің ғылыми-зерттеу қызметіңіздің болашақ бағытын қалай көресіз? (эсседегі сөздердің ең көп саны – 300).

Эссенің құрылымы А-қосымшасында келтірілген.

Эссені жазу әдістемесі.

Эссе — шағын көлемдегі және еркін композициядағы прозалық шығарма.

Эссе автордың нақты зат бойынша жеке ойын білдіреді және тақырыптың толық немесе анықтаушы түсіндірмесіне таласпайды. Көлемі мен функцияларына қатысты, бір жағынан, ғылыми мақаламен және әдеби очеркпен, екінші жағынан — философиялық трактатпен шектеседі.

Эссе стиліне образдылық, ассоциациялардың құбылмалылығы, нақылдық және ойлардың қарама-қайшылығы, ашықтық пен сөйлеу екпініне қою тән.

Жалпы түрде эссе бірнеше бөліктен тұрады:

- кіріспе, онда мәселе белгіленеді (мәтін көлемінің 10 %);

- негізгі бөлім, мұнда автор мәселе бойынша өзінің көзқарасын білдіреді (мәтін көлемінің 80 %);

- қорытынды, онда автор өзінің эссесінің қысқаша қорытындысын шығарады (мәтіннің 10 % дейін).

Эссе бірінші жақта жекеше түрде жазылады. Мәтінді қабылдау ыңғайлылығы үшін мәтіннің мағыналық бөлігін абзацтармен бөледі, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.

Эссені жазуға дайындау үшін арнайы әдебиетпен және тиісті әдістемелік ұсыныстармен танысқан дұрыс.


7 Емтиғанға шығарылатын пәндердің үлгілік тізімі

6D050600 – Экономика мамандығы бойынша докторантураға түсу емтиханына келесі оқу пәндері бойынша сұрақтар енгізіледі: «Фирманың экономикалық қауіпсіздігі», «Инновациялық жобаларды бизнес‑жоспарлау». Эссені дайындау үшін ұсынылған зерттеу тақырыптары Б-қосымшасында келтірілді.



8 Пәндер бойынша түсу емтиханына дайындау үшін сұрақтар тізімі:


Фирманың экономикалық қауіпсіздігі

Экономикалық қауіпсіздігінің категориялары. Экономикалық қауіпсіздігінің мазмұны. Экономикалық қауіпсіздігінің деңгейлері. Экономикалық қауіпсіздігінің түрлері. Фирманың экономикалық қауіпсіздігінің концепциялары және негізгі жағдайлары.

Әлемнің дәстүрлі қауіпсііздігі жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздіктің рөлі және орны. Экономикалық қауіпсіздікті мемлекеттік қамтамасыздандыру. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыздандырудың шетелдік тәжірибесі. Экономикалық қауіпсіздіктің түсінігіне жаңа көзқарастардың спектрі.

Ұлттық қауісіздіктің түсінігі. Ұлттық қауісіздіктің ерекшеліктері. Экономикалық қауіпсіздіктің объектісі және субъектісі, пәні. Экономикалық қауіпсіздіктің негізгі элементтерінің сипаттамлары – «тұрақтылық» және «дамыту». Экономикалық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері, қауіп-қатердің түрлері. Экономикалық қауіпсіздіктің негізгі критерилері. Экономикалық қауіпсіздіктің стратегиясы. Қазақстан экономикасы қауіпсіздігінің қауіпсіздігі, проблемалары. Әлемнің экономикалық қауіпсіздігін қалыптастырушылар.

Әлемнің экономикалық қауіпсіздігін анықтау және негізгі түсініктері. Әлемнің экономикалық қауіпсіздігінің критериалды бағасы. Әлемнің экономикалық қауіпсіздігі көрсеткіштерінің классификациясы. Көрсеткіш топтарының сипаттамасы және олардың құрамы. ҚР экономикалық қауіпсіздігінің заңнамалық базасы. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру бойынша мемлекеттік органдар: Қауіпсіздік Кеңесі, Ұлттық қауіпсіздік Комитеті, стратегиялық жоспарлау бойынша агенттік.

Фирманың экономикалық қауіпсіздігінің сандық және сапалық көрсеткіштері, индикаторлары, критерилері. Фирманың экономикалық қауіпсіздігінің деңгейін талдау. Экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыздандырудың негізгі бағыттары.

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыздандырудың проблемалары. Фирманың азық-түлік қауіпсіздігіне ішкі қауіп-қатерлер.. Фирманың азық-түлік қауіпсіздігіне сыртқы қауіп-қатерлер. Фирманың экономикалық қауіпсіздігі қауіп төндірулерінің қайнар көздері және факторлары. Фирманың азық-түлік қауіпсіздігінің әлеуметтік-экономикалық аспектілері. Фирманың азық-түлік қауіпсіздігінің қауіп төндіру проблемалары.

Фирманың экономикалық қауіпсіздігі: анықтамалар, мақсаттар және мазмұны. Фирма қауіпсіздігінің қауіп қатер көздері және факторлары. Фирманың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыздандыру қағидалары және негізгі бағыттары.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрылымы. Фирма қызметі қауіпсіздігінің құрылымы қалыптасуының шетелдік тәжірибесі. Қазіргі жағдайдағы қауіпсіздік қызметінің құрылымы.

Қауіп төндіру болу мүмкіндіктерін талдау. Жоғалу мүмкіншіліктерін болжамдау. Фирманың экономикалық қызығушылықтарын қорғау бойынша шараларды әзірлеу. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру бойынша тапсырмаларды шешетін (меншікті немесе сыртқы) құрылымдарды анықтау. Экономикалық қауіпсіздікті қорғау бойынша шараларды тұрақты талдау. Экономикалық қызығушылықтарды қорғау жүйесін таңдау. Қауіпсіздіктің таңдалған жүйесін (келісім шарт немесе бұйрық) құқықтық бекіту. Бар болған инструкцияларды қайта әзәрлеу, қосымшалау, жағдайлары және міндеттері.Ұйымдастырушылық-экономикалық құрылымның негізгі түрлері. Ұйымдастырушылық-экономикалық құрылымның иерархиясының әртүрлі деңгейіндегі экономикалық қауіпсіздігінің қауіп төндіруінің пайда болудың негізгі. Өндірістік үрдістің әртүрлі кезеңдегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру бойынша шаралар.

Фирманың азық-түлік, экономикалық қауіпсіздігінің стратегиясы. Фирманың экономикалық қауіпсіздігінің стратегиялық проблемалары.

Базалық макроэкономикалық көрсеткіштер. Жалпы макроэкономикалық көрсеткіштер. Меншікті экономикалық көрсеткіштер. Фирманың экономикалық қауіпсіздігінің мониторингі.


Инновациялық жобаларды бизнес‑жоспарлау

Бизнес‑жоспарлау пәнінің міндеттері, мәні. Берілген пәннің басқа экономикалық пәндермен байланысы. Кәсіпкерлік идеяны іздеу және таңдау. Бизнес‑жоспарлаудың заманауи концепциясы.

Стратегиялық және бизнес‑жоспарлаудың: жалпы ұқсастықтары және айырмашылықтары. Бизнес‑жоспарлаудың түсінік аппараты.

Ашық жүйелер түсінігі. Бизнес‑жоспарлау жүйе ретінде: оның элементтері, олардың өзара әрекеті. Бизнес‑жоспарлаудың мақсаты және міндеттері. Қаржылық тұрақтылық және фирманың ішкі мақсаттарын анықтау кезінде қаржылық өсім. Жоспарлаудағы мақсатты‑бағдарламалық әдіс. Кәсіпорын деңгейінде қойылған мақсаттарды жетудегі бақылау және ішкі координация.

Фирмаішілік жоспарлау жүйесіндегі бизнес‑жоспар орны. Оны құру мақсаттары және типтік құрылым. Негізгі бөлімдердің қисыны, олардың арабайланысы. Бизнес‑жоспарды жасауға қойылатын негізгі талаптар. Бизнес‑жоспарлаудың корректировка мүмкіндіктері және уақыттық горизонттары.

Бизнес‑жоспарды қабылдау және жүзеге асыру үрдісі. Фирманың инвестициялық қызметін негіздеудің негізгі қаржылық критерилері: инвестициялық жобаларды бағалаудың статистикалық және динамикалық модельдері.

Фирманың жалпы мақсаттарын жасау және бизнес‑жоспарлаудың көрсеткіштер жүйесі. Фирманың нарықта болудың жалпы стратегиясын жасау және әртараптандыруды талдау жолдары. Бизнес‑жоспарлауды ұйымдастыру: жоспарлы персонал, жоспарлау тетігі, жоспарлы шешімдерді қабылдау және негіздеу үрдісі, жоспарлау үрдісін қамтамасыз ету құралдары. Жоспарлаудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістері. Кәсіпорынды қайта ұйымдастырған кезде іскерлік жоспарлаудың кезеңдері.

Кез келген бизнесте тәуекелді жағдайларды анықтау қажеттілігі. Жасалған есептеулерде ықтималды теориясының элементтері.

Нақты (рұқсат берілген), критикалық және апатты тәуекелдіктер аймағының сипаттамасы және мәні.

Мүмкін болатын шығындарды анықтаудың практикалық маңызы

Шығындар түрлері. Ақпаратты өндеудің әдістері. Мүмкін болатын шығындарды азайту әдістері: өздігінен сақтандыру, лимиттендіру, неғұрлым толық ақпаратты алу, әртараптандыру, сақтандыру. Тәуекелділікті айқындау және бизнес‑жоспарда азайту.

Бизнес‑жоспар құрылымында қаржы бөлімінің орны мен рөлі. Алдыңғы бөлімдермен арабайланысы: операциондық және қаржы бюджетінің құрылымдық‑қисынды байланысы.

Қаржы жоспарының негізгі құжаттамасы. Оны құрудың горизонттары, шығу ақпараттары. Қаржы‑шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы болжамдық есеп: тағайындау, құру әдістемесі.

Капитал салымдарының бюджеті: тағайындау, құру әдістемесі. Ақша қаражаттарының бюджеті: тағайындау, құру әдістемесі. Жою құнының рөлі.

Болжамды баланс: құру амалы, уақыттағы анықталғандық. Фирманың қаржы жағдайының негізгі көрсеткіштерінің есептеу әдістемесі және сипаттамасы. Олардың талдауы және мұмкін болатын қорытындылар.

Кәсіпорынға дағдарыс жағдайынан шығуға, нарықта тұрақтылық пен рентабельділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін мақсатты таңдауда дұрыстықты негіздеу және өндірістегі өзгерістер. Кәсіпорынның өзгерістер үрдісінің талдауы. Кәсіпорында орнаған дағдарыстық жағдайды төтеп беру жолдары. Бизнес‑жоспардың негізгі бөлімдері. Бизнес‑жоспарды негізгі бөлімдері. Бизнес‑жоспарды жүзеге асыру үрдісі.


Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Фирманың экономикалық қауіпсіздігі

1 Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы:оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 367 б.

2 Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 791 б.

3 Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2009. – 464 б.

4 Грунин О.А. Экономическая безопасность: учебник для вузов. – М.: Дрофа, 2010.- 415б.

5 Сабден О. Конкурентоспособная экономика и инновации. – Алматы: Эксклюзив, 2009.- 516б.


Инновациялық жобаларды бизнес‑жоспарлау

1 Бизнес жоспар: оқу құралы / К. Е. Ертаев [және т. б.]. - Алматы : Эверо, 2011. - 79 б.

2 Әлжанова Н. Ш. Инвестициялық жобалау [Электрондық ресурс]: оқу құралы Алматы: Нұр-Пресс, 2009. – 1CD

3 Буров В. П., Ломакин А. Л, Морошкин В. А. Бизнес-план фирмы: теория и практика. – М.: Ассоциация авторов и издателей «ЭКМОС», 2009. – 176б.

4 Виленский О.П., Лившиц В.Н., Орлова Е.Р., Смоляк С.А. Оценка эффективности инвестиционных проектов: учебно-практическое пособие. Серия «Оценочная деятельность».-М.: Дело, 2009. - 198 б.

А-қосымшасы

(міндетті)


Эссенің ұсынылған құрылымы
Тапсырма: Сіз докторантурада оқу кезінде өзіңіздің ғылыми-зерттеу қызметіңіздің болашақ бағытын қалай көресіз? (эсседегі сөздердің ең көп саны – 300).
1) ТАӘ / ТАӘ кодтау.

2) Негізгі білім (мамандық).

3) Қызмет бағыты бойынша зерттеудің болжанған тақырыбы.

4) Таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі.

5) Мақсаттары мен міндеттері.

6) Әзірлеу деңгейі.

7) Жұмыстың топшыланған жаңалығы.

8) Теориялық және практикалық маңыздылығы.



Б-қосымшасы

(міндетті)


Эссені дайындау үшін ұсынылған зерттеу тақырыптары


  1. Жаһандану жағдайында экономиканы дамыту салалық құрылымы.

  2. ҚР экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында, сыртқы еңбек көші-қоны жүйесін жетілдіру,

  3. Тәуекелдерді басқару жүйесінде экологиялық қауіпсіздікті өндірістік объектілерде экономикалық бағалау

  4. Еңбек ресурстарының депрессивті аумақтардың ұйымдық-экономикалық қатынастар мен процестерді мемлекеттік реттеу өсімін молайту.

  5. Экономикалық дағдарыс жағдайында аумақтарды дамытудың стратегиялық жоспарлау.

  6. Экономикалық өсудің инновациялық құрамдас бөлігі.

  7. Қазақстан Республикасында медиабизнесті дамыту.

  8. Инновациялар және импортты алмастыру аясында экономикалық интеграция.

  9. Қазақстан экономикасының іске асыру негізінде жобалық инвестициялау тұрақты даму қарқынын қалыптастыру.

  10. , Кәсіпорындардың инновациялық қызметі, аймақ ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін дамыту қалыптастыру.

  11. Өнеркәсіпте бизнес-жобаларды және тиімді жүйесін дамытуды қалыптастыру.

  12. Әлеуметтік инвестициялау стратегиясын іске асыру негізінде аймақтық экономика тұрақты даму қарқынын қалыптастыру

  13. Стратегиялық жоспарлау әдістерін негізінде кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

  14. ҚР әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын басым ұлттық жобаларды іске асыру.

  15. Экономиканы әртараптандыру жағдайында Қазақстанның жаңа индустриялық саясаты: мәселелері мен келешегі.

  16. Экономикалық болжау әдістерін пайдалану математикалық модельдеу.

  17. Қазақстан үдерісінде интеграция әлемдік экономикалық кеңістік: мәселелері және болашағы.

  18. Қазақстанның экономиканы жаңғырту жағдайында кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру.

  19. ҚР венчурлік инвестициялау тәжірибесі.

  20. Индустриалды-инновациялық даму басымдықтары Қазақстанның АӨК қазіргі заманғы жағдайында.

  21. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің дамуы контекстіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  22. Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістерді және ғылымды қажетсінетін дамыту.

  23. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін өңірлік аспектілері.

  24. Еркін экономикалық аймақтар: шетелдік және отандық тәжірибе жұмыс істеу және даму перспективалары.

  25. Ауыл шаруашылығы инновациялық процестерді дамытуда,.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет