Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Кафедра меңгерушісі_______________________ Н.Қ..Жүсіпов



бет3/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,63 Mb.
#894
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Кафедра меңгерушісі_______________________ Н.Қ..Жүсіпов


Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған.

«_____»______________2009 ж. №____хаттама.

ӘК төрайымы_______________ Е.Н.Жұманқұлова




КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2009 ж.


Жжәқб құпталды

ЖжӘҚБ бастығы ______________ А.А.Варакута «____»____________2009 ж




1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Қазіргі кезең қазақ әдебиетінің 1960-2000 жылдардағы кезеңінде Ә.Тәжібаев,Х.Ерғалиев Б.Соқпақбаев, С.Мәуленов, З.Қабдолов, Нұрпейісов,Ж.Молдағалиев,І.Есенберлин,Т.Ахтанов,М.Мақатаев, С.Жиенбаев,Ж.Нәжімеденов,О.Бөкей секілді ақын-жазушылардың шығармалары идеялық-көркемдік жағынан қарастырылады.



Пәнді оқыту мақсаты:

Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезеңі болып табылатын ХХ ғасырдың соңындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып,әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

Пәннің міндеттері:

ХХ ғасырда жазылып (1960-2000 жылдары) жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғандығына назар аудару.

Көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, ХХ ғасырдың 1960-2000 жылдарындағы басты-басты әдеби шығармаларды идеялық,жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдап, шеберлік мәселелеріне байланысты бағалай білу студенттердің өз пікірлерін қалыптастыруына жағдай жасайды.



Студенттер білуі тиіс:

- ақын-жазушылардың шығармаларының мәтіндерін;

- образдар жүйесін талдау тәсілдерін;

- көркем шығарма тілін талдау тәсілдерін;

- оқыған шығармалары туралы зерттеулерді

Студенттер істей білуі тиіс:


  • көркем шығармалардың тақырып-идеясын анықтай білу;

  • көркем шығармалардың образдар жүйесін талдай білу;

  • шығармалардың сюжет-композициясын саралау;

  • поэзиялық шығармаларды тілдік жағынан талдау;

  • прозалық шығармалардан



2. Пререквезиттер:

- Әдебиет теориясы.

- Орыс әдебиеті

- Түркі халықтары әдебиеті



- Қазақ әдебиеті сыны тарихы

Пәннің тақырыптық Нысан



жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10


3 Пәннің мазмұны



Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып


Сағат саны



Дәріс

Тәжірибешілік


Оөж


ОБДЖ


1

Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті (1960-2000)

1

1

3

3

2

Әбділда Тәжібаев

1

1

3

3

3

Ілияс Есенберлин

1

1

3

3

4

Хамит Ерғалиев

1

1

3

3

5

Жұбан Молдағалиев

1

1

3

3

6

Сырбай Мәуленов

2

1

3

3

7

Тахауи Ахтанов

2

1

3

3

8

Бердібек Соқпақбаев

2

1

3

3

9

Әбдіжәміл Нұрпейісов

6

2

6

6

10

Зейнолла Қабдолов

3

1

3

3

11

Мұқағали Мақатаев

3

1

3

3

12

Сағи Жиенбаев

2

1

3

3

13

Жұмекен Нәжімеденов

2

1

3

3

14

Оралхан Бөкей

3

1

3

3




Барлығы:

30

15

45

45


3.1 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті (1960-2000)

Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні.Жаңа бетбұрыс пен даму процесіндегі көлемдік, сапалық өзгерістер.С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы, олардың творчествосының зерттеле бастауы.



Проза. Қазіргі қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлығы. Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеуі. Адамның адамгершілік және іскерлік қабілетінің суреттелуі. Ауыл мен қала,өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері.Тоғышарлық пен тоқырау белгілері.Жұмысшы, шаруа және интеллигенция образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер. Тартыс сипаты мен характер ерекшелігі.Заман тынысы мен замандас тұрғысы.

Ұлы Отан соғысы тақырыбының көркемдік игерілуі. Соғыстағы адам бойындағы ерлік пен ездік,геройлық пен трагедиялық, достық пен дұшпандық. Соғыс туралы жазылған прозалық шығармалардың жанрлық, стильдік сипаттары: әңгіме, повесть, роман, мемуар, естелік, монолог,диалог. Тарихи дерек және творчестволық қиял ара қатысы. Жағдай мен характер. Тылдағы адам тағдыры. Бауыржан Момышұлы (1910-1983). Шығармашылық өмірбаяны. Әңгімелері: «Бір түннің оқиғасы», «Жол үстінде» «Олар менің есімде», «Ана әмірі», «Адам қайраты», «Жон арқа», «Көк төмпеш». «Ұшқан ұя», «Артымызда - Москва» шығармалары.Сюжет пен композиция. Тіл. Характер даралау.Прототип пен тип. Жазушының «Қанмен жазылған кітабы » (1991): Соғыс психологиясы, майданнан жазылған хаттар, әңгімелер, мақал-мәтелдер.Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Ә.Шәріпов, Т.Жангельдин, Қ.Қайсенов шығармалары.

Тарихи проза. Тарихи прозаның жанры туралы әдеби-теориялық пікірлер. Тарихи прозаның түрлері. Тарихи дерек пен творчестволық қиял арақатынасы. Әдеби шығармадағы тарихи, этнографиялық, фольклорлық, әдеби материалдар және олардың сюжет жасаудағы, адам характерін ашудағы қызметі.

Проза дамуының кейбір бағыттары: Әлеуметтік-философиялық проза. Психологиялық проза.Публицистикалық проза.Лирикалық проза.Хроникалық проза.Биографиялық проза. Документальды проза. Прозаны бұлайша топтастырудың шарттылығы.

Образ жасаудағы ізденістер. Сөз бен істің үндестігі мен қарама-қайшылығы және олардың характер шындығын танытудағы рөлі.Жазушының портрет жасаудағы шеберлігі.Монолог пен диалог. Образ жасаудың амал-тәсілдерінің өзара байланысы.Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Ә.Нұршайықов, З.Қабдолов, О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Қ.Ысқақов шығармаларындағы көркемдік-идеялық ізденістер.

Психологиялық талдау және олардың түрлері мен көркемдік қызметі. Қазіргі қазақ прозасында психологиялық талдаудың аналитикалық (кейіпкердің ой-сезім ағыны мен толғаныстары, ішкі монологы) және синтетикалық (іс пен түстегі, түр мен тұлғадағы құбылулар) формалары, олардың өзара байланысы, психологиялық параллелизм.

Поэзия.Қазіргі қазақ лирикасы. Тақырып аясы.Проблематикасы. Қазіргі қазақ лирикасының басты даму сатылары мен ерекшеліктері. Лирикадағы адам және қоршаған орта проблемасы. Лирикадағы автор мен кейіпкер арақатынасы.Конфликт және характер.Ой мен сезім. Суреттеу мен сипаттау. Мезгіл мен мекен. Лирикалық шығармалардың мағыналық- структуралық элементтерінің салаласа және сабақтаса байланысу жолдары. Қазіргі қазақ лирикасын жанрлық топтастырудың мәселелері. Тақырыптық тұрғыдан топтастыру. Суреттеу амалының ерекшеліктеріне қарай топтастыру.

Қазіргі қазақ лирикасының көркемдік-бейнелеуіш құралдары. Даму перспективалары.

Поэма. Тақырыптық-проблематикалық ізденістері.Патриоттық және интернационалдық пафос. Жанрлық-стильдік көпқырлылығы.Поэмадағы тарихи өткен дәуір шындығының суреттелу ерекшелігі. Бүгінгі өмір көріністерін суреттеудегі ақындық шеберлік үлгілері. Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Лирикалық поэма және оның ерекшелігі. Поэмадағы лиризм мен драматизм.Қазіргі қазақ поэмасының даму перспективалары мен оны зерттеудің маңызды мәселелері.

Драма. Қазіргі қазақ драматургиясы: жанрлық сипаты, тақырып тереңдігі мен проблематикасы. Көркемдік-идеялық ізденістері. Лирикалық драма үлгілері. Эпикалық драма үлгілері. Тарихи драма үлгілері. Комедия, оның жанрлық ерекшеліктері. Трагедия туралы қазіргі әдеби-теориялық ойлар. Драмадағы тартыс сипаты. Драмадағы сөз бен іс. Қ.Мұхаметханов, А.Сүлейменовтің шығармашылық ізденістері.

Әдебиеттану мен сынның даму ерекшеліктері. Қазақ әдебиеті тарихының алты томдығының, монографиялық зерттеу еңбектердің жарық көруі. Қазіргі заман қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдеби көркем сынының дамуы, салалары.Әдебиеттің теориясы мен тарихы, олардың қазіргі жайы мен міндеттері. Әдеби көркем сын мен қазіргі әдеби процесс.Әдеби көркем сынныңміндеттері туралы теориялық және қоғамдық-саяси ойлар. Әдеби шығарманы талдау мен әдеби процесті байыптаудағы жаңа ізденістер мен табыстар. Әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны саласындағы еңбектер. Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуындағы қоғамдық ой, парасат саралығының көрінісі. Адам мен қоғам, жалқы мен жалпы арақатынасы. Ұлттық және интернационалдық сипаттардың ерекшеліктері мен бірлігі. Дәстүр мен жаңашылдық. Әдебиеттің дамуындағы жалғастық сырлары, тоқырау мен ілгерілеу (прогресс). Тарих пен этнография және қазіргі әдеби процесс. Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуындағы фольклордың атқаратын қызметі, маңызы мен мәнісі. Қазіргі қазақ әдебиетінің әлем халықтары әдебиетімен байланысы (Ш.Айтматов, Т.Қасымбеков, Т.Қайыпбергенов) дамуының басты проблемалары.

2-тақырып. Әбділда Тәжібаев(1909-1998)

Жазушының творчестволық өмірбаяны. Ә.Тәжібаев лирикасының сырлы әлемі. «Олқылық», «Екі жиһан», «Құтқару», «Оркестр», «Толғау» поэмалары. Олардың тақырыбы, проблематикасы. «Ағалар туралы», «Ақын», «Майра» поэмаларының екінші бір тобы қазақ халқының аңыз әңгімелеріне негізделуі. «Абыл», «Аққу», «Мерген», «Толағай». Драмалық поэмалары : «Монологтар», «қыз Бен солдат». Сыршылдық шығармаларының көркем өрнектері: «Тараспен әңгіме», «Елден сәлем», «Күзет әні», «Келіншекпен кеңес», т.б. Драмалары: «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез». Комедиялары: «Дубай Шубаевич», «Той боларда». «Майра» пьесасы.

Ә.Тәжібаевтың әдебиеттану, сын саласындағы еңбектері («Өмір және поэзия», «Өмір және драматургия»), естеліктері, өмірбаяндық шығармалары.

3-тақырып. Ілияс Есенберлин(1915-1983)

Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Поэзиялық шығармалары: «Сұлтан», «Айша», «Біржан сал трагедиясы» поэмалары. Прозалық шығармалары. Повестері: «Өзен жағасында», «толқиды Есіл». Романдары: «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Маңғыстау майданы». Олардағы өмір шындықтары, ар-ұждан, адамгершілік мәселелері. Образ жасау, сюжет дамыту ерекшеліктері. Тарихи тақырыптағы туындылары: тарихи шындық пен көркемдік шешім, тип пен прототип арасындағы күрделі қатынастарды қаламгердің шебер меңгергенін көрсетеді.

Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиеті ғана емес, қазақ қоғамдық санасына қосқан өлшеусіз үлесі тарихи романдарында. «Алтын орда», «Көшпенділер» трилогиясын жазу, жариялау ерлікке пара-пар іс болатын.Қаламгер тарихи тақырыптың өресін қазақ әдебиетінде жаңа биікке көтерді, әрі ресми идеология ұната қоймайтын жаңа методологияда қозғады. Қазақ елі мен жерінің бес ғасырлық тарихын көркем бейнеге көшіру барысында қаламгер алдынан шыққан шығармашылық проблемаларды(идеологияны қоспағанда) батылдықпен шешіп отырған. Қаламгер парасаты мен дүниетанымының беріктігі тарихи әлеуметтік типтерді бейнелеудегі батылдық, жазу процесінде пайда болған мәселелерді қолма-қол шешу (бұл да батылдық), табандылық пен еңбекқорлық І.Есенберлиннің қоғамдық шығармашылық қызметінің іргетасы сынды тұтасқан құбылыстар.

І.Есенберлиннің әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.



4-тақырып. Хамит Ерғалиев(1916-1997)

Қазақ елінің халық жазушысы, белгілі ақын Х.Ерғалиевтің әдебиет әлеміне сапарының өзіндік ерекшелігі бар.Оған үңіле қарамайынша «Әке сыры» аталатын алғашқы поэмасы арқылы оқырман қауымды дүр сілкіндіріп, қилы-қилы ойларға, нұрлы сезімдерге шомылдырған ақын творчествосын түсіну қиын.Х.Ерғалиев әдебиетке соғыс, майдан өткелдерінен өтіп, өмір туралы көзқарасы қалыптасқан тұста ішкі дайындықпен, өзіндік мінезбен келген. Сондықтан да ақын поэзиясындағы ой,толғамдардың ақын мінезімен астаса көріну сырына, осы құбылыс поэтикасына назар аудару керек.

Х.Ерғалиев ұзақ ғұмырында ел тарихының ұрымтал тұстарындағы ірі мәселелерді өлеңге айналдырды, образға көшірді. «Әке сыры», «Жас ана», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Құрманғазы», т.б. дастандар тақырыптық, идеялық көркемдік түр бағытында кезінде әдеби процеске әсер еткен, соны туындылар ретінде жоғары бағаланды.

Х.Ерғалиев поэзиясындағы көркем тәсілдердің бірі - монологтар . Жеке өлеңдеріндегі медитация ғана емес, ірі эпикалық шығармаларында да бұл өзгеше тәсіл ретінде ғана көрінеді.өз өмірін ғана емес, халық, ел тірлігін жақсартуда аянбай еңбектеніп жатқан кәдімгі қарапайым адамдар әрекетіне ақындық көзқарас та Х.Ерғалиев поэзиясының бір саласы. Эпика мен лириканың түрі, көлем сипатын сәтті ұштастыруы – ақын поэзиясының үлкен табысы. «Құрманғазы», «Күй ата», «Оралдағы өткен түн», «Аңыз ата» т.б. шығармалары да ақынның ел тарихы мен тарихи тұлғалар өмірі туралы толғамдарына – тарихи тақырыптарға арналады.

Х.Ерғалиев поэтикасында типтер мен характерлер санының молдығы, көркемдік деңгейінің жоғарылығы, адам бейнесін жасау бағытындағы қаламгер бейнесін арнайы зерттеуді талап етеді.

5-тақырып. Жұбан Молдағалиев(1920-1998)

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Лирикалық өлеңдері. Поэмалары: «Мен қазақпын», «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел», «Жыр туралы жыр».Ақын поэмаларына арқау болған өмір шындықтары, ақынның өмір шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы еңбегі. Ақын шығармаларының поэтикасы. Көркемдік-бейнелеу құралдары. Образ жасау шеберлігі. Сюжет дамыту, композиция түзу шеберлігі. Стилі. Шығармашылық даралығы.Қаламгер шығармаларындағы ерлік пен елдік тақырыбы. «Мен - қазақпын» поэмасының қазақ елі тарихы мен ұлттық келбетін бейнелеудегі айрықша рөлі. Поэманың кезінде әдеби сында бағалануы, шығармадағы лирикалық-эпикалық элемент, әуендердің шарпысуы.Ақын «менінің» өзегіндегі азаматтық пафос. Бүкіл халық, ұлт атынан сөз алған кейіпкер сомдаудың қиындықтары, поэма композициясының ерекшелігі және оның шығарма поэтикасына әсері.

Жұбан Молдағалиев поэмаларының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері мен поэтикалық сипатты «Нұрлы жол», «Қиял қанатында», «Дала дастарханы», «Жесір тағдыры», «Туған жер», «Айттым сәлем», «Байқоңыр баспалдақтары» т.б. поэмаларының халқымыздың тарихы мен бүгіні туралы айтар ойлары ұшан-теңіз. Ақын поэзиясының салалары: азаматтық, саяси-әлеуметтік лирика, философиялық толғау, толғамдар, табиғат және көңіл күй лирикалары. Қаламгердің публицистикасы мен көркем аударма саласындағы еңбектері де аз емес.

Жұбан Молдағалиевтің әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы орны, маңызы мен мәні.


6-тақырып Сырбай Мәуленов(1922-1993)

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Сырбай Мәуленов – лирик ақын.Ақын шығармаларының жанрлық құрамы.Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы. Философия лирикасы. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік.Көркемдік бейнелеу құралдары.Сыр мен сыршылдық. Ақын шығармаларындағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы, өмір мен өлім тайталасының көріністері.

Сырбай Мәуленов отызыншы жылдардың соңында келсе де, ақын ретінде танылған тұсы – қырқыншы жылдардың соңы. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер ретінде С.Мәуленовтің шығармашылығында соғыс тақырыбы үлкен орын алады. Алайда оның нағыз өлең өрнегіне ұласар тұсы – соғыстан кейінгі жылдар.Өмір мен өлім белдескен тұстаажалдан таяқ тастам жерде жүрген солдат , солдат,ақын, жүрегі сезімтал жас адам өмір мәнін ерекше салмақтай алған, етене сезінген тәрізді.Ақын поэзиясында соғыс, майдан эпизодтарының ерекше символды семиотикалық мәнге, философиялық мәнге ие болатыны сондықтан. Ақын поэзиясының ерекше сыры,түрі оның халық поэзиясымен ерекше туыстық табиғи байланысында. 1948 жылы жарық көрген алғашқы өлеңдер жинағынан бастап, «Дала дабылы», «Жасыл орман», «Жаз ерке», «Жолдас», «Жол үстіндегі жалындар», «Тартыс таңбасы», «Шағым», «Шаңқай түс» өлеңдер мен топтамаларында халық эстетикасы мен табиғи байланысы айқын көрінеді. Ол Сырбай Мәуленов жырларына ерекше өң ғана емес, өзге әуен де береді.

Сырбай Мәуленовтің ақындық даралығы мен қазақ әдебиеті тарихындағы орны.



7-тақырып. Тахауи Ахтанов(1923-1994)

Жазушының шығармашылық өмірбаяны. Алғашқы өлеңдері, әдеби-көркем сын саласындағы еңбектері. Алғашқы әңгімесі («Күй аңызы»).

Проза саласындағы шығармалары.«Қаһарлы күндер» (1956) романы : тақырыбы, сюжеттік желісі, характер және жағдай, ерлік пен елдік мәселері, образдар жүйесі. «Дала сыры» (повесі), «Боран» (роман) шығармалары. Олардың тақырыбы, проблематикасы. Жазушының сюжет дамыту, композиция түзу шеберлігі. «Шырағың сөнбесін» романы(1973): тақырыбы, проблематикасы. Жазушының образ жасау шеберлігі.Повестері: «Махаббат мұңы», «Дала сыры».

Жазушының шеберлігі, шығармашылық даралығы. Тілі, лиризмі, психологиялық талдау өнері.

Қазақ әдебиетіндегі лирикалық прозаның жақсы үлгісі ретінде қабылданған «Махаббат мұңы» повесі өзіндік жаңалығымен көзге түсіп,көпшілік назарын аударды.

Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы – соғыс тақырыбын өзгеше философияға орай бейнелейтін талантты туынды.Қаламгердің прозасы туралы әңгімелерде жазушының әр тақырыпқа жаңа қырынан келіп, соған орай тың тосын қалыпта көрсетуге, бейнелеуге бағытталған ізденістері көрсетілуге тиіс. Қаламгер реализмі мен психологизмі түрі,реңкі өзге, таза. Т.Ахтанов реализмі, психологизмі.

Драмалық шығармалары: «Сәуле», «Боран», «Ант», «Махаббат мұңы». Олардың тартыс сипаты, мінез даралығы. Т.Ахтанов пьесалары қазақ театрларынан тұрақты орын алып, сыншылар тарапынан жоғары баға алған.олардың кейбірі шет елдер сахналарында да қойылған.

Т.Ахтановтың Публицистикалары мен сапарнамалары, ғылыми зерттеу, әдеби сын еңбектері аталуға,оқылуға, зерттелуге тиіс.



8-тақырып. Бердібек Соқпақбаев(1924-1992)

Қазақ әдебиетінде балаларға арналған шығармаларымен көзге түскен, балалар прозасының классигі атанған – қаламгер Бердібек Соқпақбаев. Бердібек Соқпақбаевтың алғашқы көлемді туындысы қазақт әдебиеті үшін тың тақырып – спортқа арналған «16 жасар чемпион» 1951 жылы жарық көріп, көпшілік назарын аударса, «Менің атым Қожа» повесі әлемнің алуан тілдеріне аударылып, театр сахналары мен экрандарға шықты.

Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар ?», «Бастан кешкен», «Өлгендер қайтып келмейді» повестері мен романдарында адамгершілік, адамдық проблемалары кейіпкерлер жан-дүниесіндегі , психологиясындағы өзгерістерді суреттеу арқылы ғана емес, тікелей әрекеті уақиғаны бейнелеу арқылы да, олардың ой-толғаныс, монологтары да арқылы көрсетіледі.

Қаламгердің балаларға арналған шығармаларында сол кездегі уақыт пен қоғамның көпшілік батып айта алмай жүрген талай проблемалары қозғалады. Сөз арасында кейіпкер атынан кейде автор баяндауында әзілге орай жеңіл айтылатын сөздер артында қоғам назарын аударып, белең ала бастаған талай ауыр мәселелер көтеріледі.

Б.Соқпақбаевтың оқырмандары балалар ғана емес, одан кәрі-жас, қарапайым еңбек адамы, зиялы қауым, ғалымдар да өз керегін тауып, эстетикалық әсерге бөленеді.

«Менің атым Қожа» повесінің көркемдігі, оның әлем тілдеріне аударылуы мен әдеби сында бағалануы Б.Соқпақбаев поэтикасына тереңдей үңілуге мүмкіндік береді.

Қаламгердің «Өлгендер қайтып келмейді» романының композициялық құрылымы мен сюжет желілеріндегі үндестік сыры – жазушының өмірбаяндық мәліметтерімен ұщ-штасып, сабақтасып жатуында.Бастан кешкен мәнді уақиғаларға қатысты қаламгер ой-сезім эмоциясы байқалып отырады.

9-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)

Көрнекті қазақ жазушысы, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов әдебиетке Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жазылған «Курляндия» романы арқылы келді.Роман бірден қоғамдық сана назарына ілікті. «Курляндия» романын жазғанда қаламгердің әдебиет тарихы мен теориясы туралы хабары аз, тәжірибесі шамалы болатын. Бірақ оның есесіне екінші дүниежүзілік соғыстың майдандарынан өтіп, өлім-өмір, жастық, заман философиясын кітаптан емес, тікелей майдан шайқастарынан оқып жетілді. Кейін романды қаламгер қайта өңдеп, «Күткен күн» деген атпен жариялады.

Қаламгердің ізденістері мен шығармашылық лабораториясын білу үшін осы романдардың поэтикасы мен идеялық мазмұнына көңіл бөлу қажет. Мемлекет, халықтар арасындағы соғыс сұмдығы, өмір-өлім туралы тынбай ойланған қаламгер өзі куә болған уақиғалармен бірге от кешкен адамдар туралы толғана, толқи жазады. Баяндаудан гөрі суреттеуге ден қояды.Есей, Денисов, Қожақ образдарын жазу барысында қаламгердің шынайы тірліктен толғамы бар көркем бейнеге ұмтылуы да байқалады.

Ә.Нұрпейісовтің алпысыншы, жетпісінші жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихында «Қан мен тер» трилогиясының алатын орны ерекше. Роман бірден қоғамдық санада елеулі серпіліс тудырып, әдеби сынның, зерттеу мен талқылаудың обьектісіне айналды. Шет тілдерге аударылды.Кино, драмалық сцнеариилерге көшірілді. Күні бүгінге дейін оқушысын тауып келе жатқан роман құпиясының бір сыры шығарма өзегіндегі көркем шындықтың өмірдің өзіндей қарапайымдылығында, схема, идеологияға сия бермейтіндігінде. Шығармадағы күрделі өмір қаламгер шеберлігінің арқасында көлемді сипатқа ие болып, өзінің жұмбақ заңдылығымен қозғалуда.Романдағы Тәңірберген, Ақбала, Еламан, Мөңке, Қасен, Сүйеу,Судырақмет, қара қатын әрекеттерінің жүйесіздеу жүретін бей-берекеит тұстарын айта тұра оны дәлелдеудің қиындығы да осында.

Ә.Нұрпейісовтің Аралдағы ел, адамдар туралы «Сең» романы да кезінде қоғамдық сана назарын аударды. Қаламгер трилогиясында байқалған көркемдік ізденістері соңғы романдарында жалғасып келеді.

Ә.Нұрпейісов шығармашылығының бір саласы аударма, әдеби-сын, публицистика.



10-тақырып. Зейнолла Қабдолов(1927-2006)

Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көрнекті әдеби теоретик Зейнолла Қабдоловтың әдеби жолы поэзиядан басталады. Қаламгердің өлең жырлары, әңгіме-очерктері 1943 жылдан бастап республикалық орталық басылымдарда жиі жарияланып,көпшілік назарын аударған. Көрнекті қаламгерлер мен сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болған.

З.Қабдоловтың қоғамдық санаға қозғау салған алғашқы ірі шығармасы- «Өмір ұшқыны» повесі (1956). Шығарма 1958 жылы Москвада «Искра жизни» деген атаумен орыс тілінде жарық көрген. Қазақ прозасындағы студент жастар өміріне арналған бірнеше туындылардың бірі. Автор кейін осы повесін өңдеп, толықтырып, «Ұшқын» романына айналдырып, «Біз жанбасақ..» (1974) дилогиясына бірінші кітап етіп енгізді. Дилогияның екінші кітабы «Жалын» (1970) сәтті туындылар қатарында Бүкілодақтық (бұрынғы СССР) бәйге алды. 1976 жылы орыс тілінде Москвада жарық көрді, шет тілдерге аударылды.

З.Қабдолов шығармашылығының ірі саласы – Мұхтар Әуезов. Оған арналған мақалалары мен ғылыми зерттеулері («Әуезовтің әсемдік әлемі» 1986) бар. «Менің Әуезовім» аталған роман-эссе ХХ ғасыр қазақ прозасындағы шоқтығы биік шығарма. Жаңа пішінде жазылған шығарманың даралық сипаты обьект ірілігінен ғана емес, суреткер шеберлігінен де байқалады.

Жазушы қазақ прозасына өзіндік стиль өрнегімен, сырлы сөз, әдепті әзілімен келді. Уақыт пен кеңістік орайына қарай нақты мазмұн ерекшелігін,мәнін бейнелеуші сөйлемдер автор қабылдауының сырғып тұрған ой иірімдері астарын да құбылта көлемді жеткізе алады.

З.Қабдолов қаламының ерекшелігі оның көркем шығармаларында ғана емес, публицистикасы мен эсселерінде, очерктері мен әңгімелерінде,портреттері мен суреттемелерінде,ғылыми еңбектерінде де айқын көрінеді. Қаламгердің тілі арнайы зерттелуі керек («Адам» 1958, «Сыр»1975).

Қаламгер шығармашылығын зерттеуде оның негізі болып табылатын үш саланы еске ұстауы керек.Ұстаз – жоғары мектеп ұстаздары арасында әдебиет теорисы мен тарихына арнап лекциялар оқыды. Оқу құралдары мен оқулықтар авторы. Ғалым замана талабына сай әдебиет теориясын жазып шықты(«Әдебиет теориясы негіздері» 1970, «Сөз өнері»1976,). Абайдың ақындығы мен Майлин әңгімелерінің поэтикасына арналған іргелі зерттеулері бар ( «Жанр сыры»1964, «Жебе» 1977, «Арна 1988»).Қазақ әдебиетінің келелі жайлары мен қоғамдық-гуманитарлық әдеби-сын, публицистикалық мақалалары да аз емес («Жебе» 1977,«Көзқарас» 1996 ).

З.Қабдоловтың драматургия және көркем аударма саласындағы еңбектері де әдеби ортада жоғары бағаланған шығармалар.



11-тақырып. Мұқағали Мақатаев(1931-1976)

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Ақынның лирикасы. Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы. Философия лирикасы. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік.Көркемдік бейнелеу құралдары. Сыр мен сыршылдық.Ақын шығармаларындағы өмір мен өлім,жарық пен қараңғы, бақи мен жалған туралы ойлардың көріністері. Ақын шығармаларындағы Ұлы Отан соғысы жылдары шындықтарының суреттері, жесір мен жетім бейнелері. Поэмалары: «Өмірдастан»,«Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы». Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел тірлігі мен адамдар рухының биік келбетінің ақын шығармашылығындағы бейнеленуі айрықша әсерлі. Соғыс салқынының майданнан шалғай қазақ ауылдарындағы ызғарын балалық бозбала шағы осы жылдарға тап келген ақын бала көңілінде сақталған өрнектері қайран қалдырады. Жастай еңбекке араласқан бала мен майдандағы баласын күткен кемпір-шал, жарын күткен әйелдер бейнесі. Олардың нұрлы мұраттары мен биік адамгершіліктерінің ақын жан дүниесіндегі сақталған үндерінің өрнектері ойға толы. Ақын шығармашылығында байқалатын әдеби дәстүр өрнектері мен көркемдік жаңа ізденістер жан-жақты ашылуға тиісті.

Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы табиғат көріністері, жыл мезгілдерінің бейнеленуі және олардың құрылымдық поэтикалық ерекшелігі әсерлі, бірден көзге түседі. Өлең,дастандар өзегіндегі психологиялық параллельдер көп кездеседі.Қарапайым ауыл, адамдар бейнесі арқылы ірі характерлерге,терең ойларға,философияға барады.

Ақын поэзиясындағы ірі объектінің бірі – оның поэмалары. Алғашқы нотадан бастапірі идеяға ұласатын ақын дастандарында оның замандастарынан бастап небір тарихи тұлғалардың сан-қилы стиль толғамда жазылған бейнелері бар.

Мұқағали Мақатаевтың «Армысыңдар, достарым», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға,жүрек», «Шуағым менің», «Өмір өзен», «Бәсіре», «Соғады жүрек», «Шолпан», т.б. өлең, поэма, кітаптары мен прозалық шығармалары топтастырылған. «Қош, махаббат» жинағы, шығармаларының таңдамалы толық жинақтары жарық көрді.

Мұқағали Мақатаевтың ақындық даралығы және қазақ әдебиеті тарихындағы орны.



12-тақырып Сағи Жиенбаев (1934-1994)

Көрнекті қазақ ақыны Сағи Жиенбаев - әдебиетке 60 жылдар қарсаңында келіп, дәстүрлі тақырыптарды жаңаша қабылдауда өзіндік өрнегін, ой-өрімдерін таныта алған ақын.

1956 жылдан бастап бірыңғай әдеби (баспасөз, баспа) шығармашылық жұмыстармен айналысқан.

Ақын алғашқы өлеңдерімен-ақ поэзияға құштар оқырман ықыласына бөленді. Сұлу жырлары, назды, қылықты өлеңдері, сүйкімді жұмсақ әуен, ырғақ С.Жиенбаев поэзиясының өзіне тән ажарын көрсетті.

С.Жиенбаевтың «Қарлығаш», «Сыйлық», «Дала гүлі», «Теңіз сыры», «Таң алдында», «Менің көршім», «Қайырлы таң», «Ақ толқын», «Ор киік», «Алтын қалам», «Әлия», «Ақ самал», «Құралай салқыны», «Боз торғай», «Оймауыт», «Жарық жұлдыздар», «Нан мен тұз» атты өлең жинақтары мен поэмалары, жыр-дастандары кезінде әдеби-сын мақалаларда өз бағасын алса, бүгінде де оқырман қолынан түспей келе жатқан шығармалар.

Қаламгердің «Жадымдасың алыс күнім», «Іңкәр дүние» таңдамалыларына кірген өлең, дастандардың поэтикалық көркемдік қуаты ерекше.Сағи Жиенбаев сыршылдығымен ғана емес, рухани әлемдегі өзгеріс, құбылыстарды суреттеу бағытындағы ізденістерімен, сәтті табыстарымен де көпшілік назарын аударып келеді. Ақын күнделікті тақырыптардың өзін тың ойларға бөлейтін тосын теңеулерге, эпитет, метафораларға бөлей жырлайды. Осы жолда кәдімгі тұрмыстық детальдардың өзін жайната қолданады.Қай тақырыпты қозғаса да толғана жырлайды, ақын жүрегінің дірілі бейнеге түседі.

Ақын шығармашылығындағы үлкен тақырып туған жер, туған дала, Отан. Мәңгілік жырланып келе жатқан ірі тақырыпты С.Жиенбаев өз туған жерін, ауыл адамдарын жырлау арқылы жаңа образға көшіреді. Ақынның бала кезінен бастап көрген, көңіліне түйген оқиға детальдарын шеберлікпен тосын жағдайларда қолдануы оқырман санасында тың ассоциацияны тудырып, ерекше сезімге бөлейді.

С.Жиенбаевтың ақындық қуаты мол, оның поэзиясының тақырыптық аясы шексіз, идеясы жаңа, өрнек-өрімдері сырлы, нәзік, сұлу,үндестік пен ырғаққа толы.Сондықтан да оның сөздеріне жазылған әндердің тыңдаушылары ғана емес, айтушылары да көп.

Ақын аударған Пушкин, Лермонтов, Брюсов, Гамзатов, Кугультинов шығармалары қазақ тәржімәсындағы сәтті туындылар ретінде саналады.

13-тақырып Жұмекен Нәжімеденов (1935-1983)

Шығармашылық өмірбаяны. Тұңғыш кітабы («Балауса» өлеңдер жинағы.-1961). Лирикалық шығармалары. Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы. Философия лирикасы. Көңіл күй лирикасы. Поэмалары: «Көзсіз батыр», «Қанды сүт», «Тамыр мен жапырақ», т.б. Олардың жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері. Прозалық шығармалары : «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай»(1975), «Даңқ пен дақпырт»(1977) романдары, олардың тақырыптық, проблематикалық сипаттары, көркемдік әлемдері. Ақын өлеңдерінің ырғақ, ұйқас, тармақ, шумақтарындағы өзіндік өрнектер ғана емес, өмір тану және оны бейнелеу принциптері – көркем мазмұнда да жаңалық пен тереңдік, толғаныс, философия көп кездеседі. Қаламгер ойшылдығы шығармалар тереңіндегі тебіреніс пен пішініндегі үндестіктен де туындайды. Сондықтан да оның поэзиялық туындылары өз көлемі, кеңдігі, биіктігімен де оқшау. Ақынның поэтика әлемінде қоғам мен өмір, уақыт пен заманаға тарихи диалектикалық көзқарас, ұлттық менталитет басым түсіп жатады. Оның табиғат пен өмір туралы толғамдарына қашанда туған жері мен замандастары тап болған. Суреткерлік пен шеберлік, тереңдік пен күрделі өрнектерден айқын көрінеді.

Ж.Нәжімеденов шығармашылығына шала сауатты, асыққан адамның жолды таба қоюы екіталай. Ал сауатты, байсалды жанның одан алары мол.«Сыбызғы сазы», «Өз көзіммен», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Жарық пен жылу», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Қызғалдақ туралы баллада», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Темірқазық», «Қыран қия», «Менің топырағым», «Ұрпағым, саған айтам» аталатын кітаптары мен таңдамалылары қашанда оқушысын табары хақ.

Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихындағы орны.



14-тақырып Оралхан Бөкей (1943-1993)

Қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкей әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен, стиль, мінезімен келген қаламгер. Ол негізінен проза және драматургия жанрларында еңбектенді.

О.Бөкей 1970 жылдары «Қамшыгер»(1971), «Үркер»(1973), «Қайдасың, қасқа құлыным» жинақтарымен оқырманды елең еткізіп, әдеби сын назарын аударды. О.Бөкей шығармашылығы көркемдік (тілдік), идеялық ерекшеліктерімен үнемі әдеби сын назарында болды. Қаламгердің дара дүниетанымы мен эстетикалық обьектіге жаңа бейнелеу құралдарын енгізуі, пішін таңдауы, тілдік , композициялық әдіс-тәсілдеріндегі батыл тосын қозғалыстары проза жанры үшін жаңалық болып табылады. Шығармалар өзегіндегі романтикалық дүниетаным, авторлық философия мен идеология кесек мінезді характерлердің тосын, тегеурінді батыл әрекеттері арқылы бейнеленеді. Жазушы кейіпкер психологиясына тереңдеп бойлайды. Талантты жазылған шығармалар қаламгер талабының биігінен хабар берсе, өнімді жазу (жыл сайын жаңа шығармалар жариялау) оның еңбекқорлығын көрсетеді. Алуан түрлі сыни пікірлерге, мақалаларға қарамай өз ізденістерін жалғастыру қайсарлығы мен табандылығын байқатса, шеберлігін ұштап жаңа биіктерге көтерілу таланттығын көрсетті.

О.Бөкей шығармашылығы туралы пікір айтушылар, арнайы еңбек жазушылар қатары шет елдегі сыншылармен толығуда.Қаламгер шығармашылығындағы негізгі тақырып – табиғат, адам мен табиғат арасындағы жанды байланысты сезінуші - адам. Адам жаратылысы мен табиғатты аяусыз, ойсыз бүлдіріп жатқан ойсыздар мен қаныпезерлер тіршілігінің сұрқиялығын, сорлылығын О.Бөкейдің әр шығармасынан көруге болады. Қаламгер көбіне астарлай жазады, кейде оқырманмен сыр айтысып, ағынан жарылатын кездері аз емес. «Мұз тау», «Ән салады шағылдар», «Өз отыңды өшірме», «Үркер ауып барады», «Кербұғы», «Өліара», «Атаукере» шығармаларында тұспалдай, жұмбақтай, астарлай жазудың, суреттеудің түрлі тәсілдері бар.

Қаламгердің ойға, философияға құрылған романдарында интеллектуалды прозаның белгілері мол. Оралханда суреткерлік пен ойшылдық қатар түсіп, кейде бір оза шауып, қаламгер жан дүниесіндегі арпалыстан хабар беріп жатады.

О.Бөкейдің қазақ прозасына қосқан үлесі өте зор.



3.2 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны


ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ



Тақырып

Мазмұны



1

2

3

1.

Әбділда Тәжібаев

Ә.Тәжібаевтың лирикалық шығармалары. Поэмалары. Естеліктері. Драмалық шығармалары.

Поэзиясындағы метафоралар.



2.

Ілияс Есенберлин

І.Есенберлин романдарындағы тарихи деректер.«Көшпенділер» трилогиясы. «Алтын Орда» трилогиясы. Жазушының образ сомдау, сюжет дамыту ерекшеліктері. Романдарындағы адагершілік мәселелері.

3.

Хамит Ерғалиев


Поэзиясындағы замана бейнесі. Монологтар. Поэмалары. Хамит поэтикасындағы күрделі теңеулер.

4.

Жұбан Молдағалиев

Өлеңдерінің ерекшелігі. Поэмалары. Поэзиясындағы сюжет. Поэзиясының көркемдігі. Ерлік тақырыбы.

5.

Сырбай Мәуленов

Лирикасы. Шығармаларының жанрлық құрамы, ерекшелігі. Поэмасындағы соғыс тақырыбы. Поэзиясындағы соғыстан қайтқан солдаттар бейнесі.

6.

Тахауи Ахтанов

Прозасының ерекшелігі. «Қаһарлы күндер» романындағы солдат бейнесі. Романдарындағы характер. «Боран» романындағы көркемдік ізденістер.

7.

Бердібек Соқпақбаев

Романдарындағы сюжет. Баяндау мен диалог. «Менің атым Қожа» және балалар әдебиеті. Оның прозасындағы соғыстан кейінгі өмір шындығы.

8.

Әбдіжәміл Нұрпейісов

Нұрпейісов және роман жанры. «Қан мен тер» трилогиясы. «Соңғы парыз» романындағы психологизм. Романдарындағы баяндау.

.9.

Зейнолла Қабдолов

Прозасының көркемдігі, стилі.

10.

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали поэзиясындағы психологизм.

11

Сағи Жиенбаев

Жиенбаев поэзиясындағы теңеулер.

12

Жұмекен Нәжімеденов

Жұмекен поэзиясындағы философия.

13

Оралхан Бөкей

О.Бөкей прозасының стилі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет