Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 3/30 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы



бет2/4
Дата18.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#11822
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4

Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Теориялық саясаттану пәнінен


5В050200 «Саясаттану» мамандығының студенттеріне арналғаң

Павлодар



Мемлекеттік жалпыға міндетті Нысан

мамандықтың білім стандарты ПМУ ҰС Н 7.18..3/31

мен типтік оқу жоспары

негізінде әзірленген

пәннің жұмыс бағдарламасына

бекіту парағы



Бекітемін

ОІ жөніндегі проректор

_________ Пфейфер Н.Э.

20___ж. «__»_________.


Құрастырушы: профессор Иренов Ғ.Н. _____________


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
ЖҰМЫС бағдарламаСЫ

«Теориялық саясаттану» пәні

5В050200 «Саясаттану» мамандығының студенттеріне арналғаң
Жұмыс бағдарламасы бакалавриат мамандығының Мемлекеттік жалпыбілім беру стандартына және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2005 жылы 11 мамырда №289 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарлама негізінде жасалған.
Кафедраның отырысында ұсынылған 20__ ж «__»_______

№__хаттама


ӘжС кафедрасының меңгерушісі ____________ Иренов Ғ.Н. 20__ ж «__»______ №__хаттама
Тарих және құқық факультеттің әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ ж. «___» _________ №__хаттама


ТжҚФ ӘК төрайымы ___________ Мошна Н.И
КЕЛІСІЛДІ

ТжҚФ деканы__________ Ақышев А.А. 20__ ж. «___» ________


ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛДЫ

ЖжӘҚБ бастысы ___________ Варакута А.А. 20__ ж. «___» _________


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ ж. «___» _________



1. Пәннің мақсаты:

- саяси шындық жайлы, оның негізгі принциптері, саяси тәртіптің нормалары туралы жүйеленген ғылыми түсінік қалыптастыру;

- студенттердің жалпы дүниетанымдық және теориялық-әдістемелік өрістерін дамыту;

- саяси жүйе және тәртіптің негізгі бағыттарымен студенттерді таныстыру;

- мемлекеттік қоғамдық басқарма және басқарудың заманға сай мәселелерін шеше алатын, шығармашылық потенциалды дамытуға жағдай жасай алатын елдің жоғары білікті мамандық потенциалын қалыптастыру, болашақ мамандардың пәндік білімінің іргетасын қалау.

Пәннің міндеттері:

- студенттердің жалпы және саяси мәдениетін жоғарлату, оларда саяси процестер және саяси ғылым жайлы жалпы түсінік қалыптастыру, бұл , өз кезегінде, қазіргі дүниежүзілік саяси шындықты өз еркімен ойлап, бағалай білуін дамытады;

- саяси теорияның негізін, саяси ғылым дамуының басты бағыттарын оқу;

- түсінік аппаратын білу және тәжірибелік саясаттанудың негізгі тәсілдерімен танысу;

- саясаттың институционалдық және әлеуметтік-мәдени аспектілерінің байланысу тәсілдерін, бұл ғылымның функционалдық-прагматикалық бағалы өлшемдерін ашу;

Бұл пәннің оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

- қоғамдық ой қалыптастырудағы қазіргі қоғам дамуында саясаттың рөлін және мәнін;

- саяси ғылымның негізгі түсініктерін, саяси зерттеудің басты әдістерін, қоғамдық ғылымдарда тәжірибелік саясаттанудың алатын орнын және рөлін;

- азматтық қоғам және мемлекеттің өзара қарым-қатынастың, саяси өмірдің әлеуметтік негізін, саясатта топтық мүддені жүзеге асыру тетіктерін;

- саяси өмірдің институционалдық және институционалдық емес формаларын, саяси биліктің функциялары және ерекшеліктерін, қазіргі саяси жүйе және тәртіптің негізгі әралуандығын, Қазақстан Республикасының ұйымдастырушылық-мемлекеттік құрылымдары спецификасын;

- саяси әдептің нормаларын, адамның және азаматтық құқықтары және бостандықтарын, замани өркениетке сай саяси мәдениеттің ерекшеліктерін, қазақстандық саяси мәдениеттің негізгі белгілерін;



Бұл пәннің оқу нәтижесінде студент істей білуі тиіс:

- саясаттың, саяси үрдістің тәжірибелік мәселелеріне талдау жасай білуі;

- саяси жүйенің, мемлекеттік институттар және қоғамдық-саяси ұйымдардың қалыптасуымен дамуының заңдылықтарын аша білуі;

- күрделі саяси жағдайды түсіне білуі және сол жағдайда обьективті дұрыс позиция қабылдай білуі.



2. Пререквизиттер:

  • философия;

  • әлеуметтану;

  • құқық негізі;

  • тарих.

3 Постреквизиттер

  • философия;

  • әлеуметтану;

  • құқық негізі;



Пәннің тақырыптық Нысан



жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
4. Пәннің мазмұны

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырыптардың №


Тақырыптардың атауы


Сағат саны

Дәріс

Тәж.

Лаб. жұмыс

Студиялық

Жеке

СӨЖ




1
Саясат теориясы ғылыми пән ретінде

1

-










6

2

Саясат әлемі теориялық зерттеудің объектісі ретінде

1

1










5

3

Саяси теорияның даму кезеңдері

2

-










4

4

Билік қатынасындағы билік теориясы

2

-










4

5

Саяси жүйелер теориясы

1

2










3

6

Саяси тәртіп

1

-










4

7

Демократиялану -жаһандық үрдіс ретінде

1

1










3

8

Мемлекет - саяси институт ретінде

1

-










3

9

Азаматтық қоғам және мемлекет

1

1










3

10

Саяси мәдениет

1

1










3

11

Саяси әлеуметтену

1

1










3

12

Саяси идеология

1

1










3

13

Саяси үрдіс

1

1










3

14

Саяси құлық-мінез және саяси әрекет

1

-










3

15

Саяси кезеңдер

2

-










4

16

Саяси көшбасшылық

1

1










4

17

Партиялар және партиялық жүйелер

1

1










4

18

Әсер ету топтар

1

-










4

19

Саяси мекемелер және саяси курсты таңдау

1

-










4

20

Қазақстандағы саяси үрдіс

1

1










-

21

Жаңару концепциялары – саяси дамудың теориялық моделі

1

-










4

22

Транзитология – демократияға көшу туралы ғылым

1

1










4

23

Шетел транзитологиясындағы көші үрдісінің моделі: негізгі тұжырымдары

1

-










4

24

Демократиялық транзиттің стратегиялары мен факторлары

1

-










4

25

Қазақстандағы демократиялық транзит: қарама-қайшылықтар мен қауіп-қатерлер

1

1










4

26

Әлемдік саясат

2

1










4




БАРЛЫҒЫ

30

15










90

4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны


Кіріспе

Саясаттану — әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі саясат туралы өте маңызды оқу пәні.

Саясат қазіргі қоғам тіршілік әрекеті аспекті ретінде оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың қызметтері және тарихи даму зандарың зерттейді. Билік проблемалары, мемлекет және мемлекетердің арасындағы қатынас саясаттанудің мазмұны болып табылады

Саясаттану қоғамдық білім саласы болып ХIX екінші жартысы – XX бірінші жартысында қалыптасты. Бірақ саясат теориясы қөне өркениеттер, антикалық дәуірлерден бастап дамып келеді..

Қазақстан және т.б. ТМД мемлекеттерде тоталитарлық жүйе құлдырауғаннаң және егемендік алғаннаң кейің саясаттану даму бастады.

Тақырып 1. Саясаттану ғылым ретінде.

Саясаттанудың объектісі және пәні. Саясаттанудың заңдары және санаттары (категориялары), әдістерімен қызметтері. Саясат: ұғымы, мазмұны, және оның термин ретінде тарихи қалыптасуі. Саясаттың элементері: билік, субъектер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет. Әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде саясаттанудың орны. Саяси ғылымның құрылымы және оның парадигмалары. Саяси ғылым және іс-тәжірибенің байланысы.



Тақырып 2. Саяси ғылымның дамуы және негізгі қалыптасу этаптары.

Ежегі Шығыс саяси ілімдер (буддизм, конфуциандық, даосизм, легизм). Ежелгі Грек және Ежелгі Римнің саяси ілімі (Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон). Ортағасырлық Шығыс саяси ілім (Әл-Фараби, Низами, Әлишер Навои). Ортағасыр және Ренессанс және Ағартушылық кезенінде саяси интерпретациялар. Қазақстан саяси ілімі қалыптасуы және дамуы. Жүсіп Баласағұн, Қорқыт-ата, Қожа Ахмет Яссауидің ойлары. Фольклор - қазақ елінің саяси ойдың көз қайнары. Тауке хан заңдары. «Жеты Жарғы» - маңызды саяси-құқық құжат. XIX XX ғасырлар әлеуметтік-саяси идеялар және ағымы: либерализм, консерватизм, марксизм. XX ғасыр шетелдік саяси ілім (В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс, М.Вебер, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже). XIX ғасыр қазақ ағартушылардың саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсары, А. Құнанбаев). XX ғасырдағы Қазақстан саяси ілімі. А.Бүкейханов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров и т.б. саяси идеялары.



Тақырып 3. Қоғамдық өмір жүйесінде және салыстырмалы саясаттану

Саясаттың әр түрлігі: экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық және т.б. Саясаттың қызметтері: басқару және реттеу, қоғамның тұрақтылық және құндылықтармен қамтамасыз ету. Саясаттың мақсаты мен құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде. Құқық, мораль (ақылақ) және саясаттың өзара қатынасы. Саясат әлуметтік күш және мүдделердің бақталастығы. Сыртқы және ішкі саясат.

Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні. Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері. ХХ ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі. Салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлр.

Қазіргі салыстырмалы саясаттанудың методологиясы. Салыстырмалы зерттеулердің типтері. Саяси институттар мен жүйелерге салыстырмалы талдау жасау. Әр түрлі қоғамда билікті бөлу саяси зерттеулердегі салыстыру объектісі.

Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың ролі.

Тақырып 4. Билік саяси феномен ретінде.

Саяси биліктің ұғымы және мәні және оның ерекшеліктері. Биліктің құрылымы: тұп негізі, дереккөздері, қызметтері, қорлары (ресурсы). Билікті ұйымдастыру және қызметтілік (ұстанымдары) принциптері. Заңды деп тану (легитимность) тұрпаттары (типтері): дәстүрлі, харизматикалық және рациональды-ресмилендіру, патриархалдық т.б. Билік тұжырымдамалар (концепциялары). Қоғамдағы саяси басекелестік және оппозицияның қажеттілігі. Қазақстан республикасында билікпен оппозиция және олардың өзара әрекеттері.

Тақырып 5. Ұлттық саясат және әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар.

Этнос және ұлт: ұғымы мен мәні. Ұлттық-мемлекеттік құрылғы нысандары (формалары): унитаризм, федерация, конфедерация. «Ұлт» категория түсінудің екі тұрғысы: этнолингвистикалық және мемлекеттік-құқықтық көзқарастар. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар. Ұлттық мәселер және оның құрылымы. Ұлттық мәселерді шешім принциптері. Халықаралық қатынас мәдениеті және оның азаматтық бейбітшілік және халықаралық келісімді нығайту ролі. Ұлттық саясат мемлекеттік сасясаттың ең маңызды құрылымды бөлшегі. Қазақстан елдерінінң Ассамлеблеясы қоғамдық-саяси жүйе институты. Қазақстан көпдінді (поликонфессионалды) қоғам ретінде. Конфессия диалогтары және конфессияаралық келісім ретінде қазақстаңдық тәжірибесі.



Тақырып 6. Қоғамның саяси жүйесі.

Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы, бөлшектері. Саяси жүйенің қызметтері: әлеуметтену, бейімделу (адаптация), реттеу (регуляция), сезіну (реагирование) және қатынас (коммуникации). Саяси жүйенің классификациялық өлшемдер (критерилер) және теориялар. Д.Истоннің, Г. Алмондтың және К.Дойчтың саяси жүйенің өлшем классификациясы мен теориялары. Дәстүрлік және казіргі саяси жүйелер (өкілдік, модернистік және постмодернистік). Саяси жүйенің институттары: мемлект, саяси партиялар, мемлекеттсіздік емес ұйымдар және топ мүдделері. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің реформалық мәселелері және даму үрдістері (тенденциялары). Қазақстан Республикасының саяси-партиялық және сайлаушылық жүйенінің даму проблемалары.

Тақырып 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.

Мемлекет: пайда болуы, мәні, нышаны, қызметі, мақсаты. Азаматтық қоғамның ұғымы. Азаматтық қоғамның генезисі және эволюция идеялары. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйесінің типологиясы. Мемлекет - қоғамның саяси жүйесінің ядросы. Құқықтық мемлекеттің ұғымы және және оның ерекше нышандары. Азаматтық қоғамның құрылымы. Әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы. Әлеуметтік мемлекеттің қызметі және демократиялық жана концепциялар. Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның қалыптасу проблемалары.

Тақырып 8. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

Саяси партиялар: ұғымы, негізгі мақсаттары, міндеттері және қызметтері. Партия типологиясы. Партиялардың типологизациялық өлшемдері. Партиялық жүйе: ұғымы, классификациясы. Қазақстан Республикасында саяси партиялар және олардың заңдылық реттеуі. Саяси партиялардың қалыптасуы және мәні. Партиялық жүйелер: негізгі классификациясы. Қазақстандық партиялық жүйелерің моделі: тарих және қазіргі заман. Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар: ұғымы және мәні. Қазақстан қоғамының саяси өмірініңдегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен ролі. Қоғамдық қозғалыстар және саяси партилардың арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалары.



Тақырып 9. Саяси режимдер.

Саяси режимнің ұғымы мен элементтері. Саяси режимнің типтері. Қазақстанның саяси режимі. Тоталитаризм және оның әр түрлігі. Авторитаризм: типологиялық формалары. Демократия және оның әр түрлігі. Демократияның қазіргі заман формалары (неодемократиялар). Демократияның ұғымы және мәні. Демократизация қазіргі этапта саяси ғылымның және тәжірибенің басты проблемалары болып табылады.



Тақырып 10. Қоғамды демократияландыру, саяси жаңғырту (модернизация) және Егемен Қазақстанның саяси проблемалары.

Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі заман. Демократияның жалпы принциптері және мен институттары. Саяси модернизация: ұғымы, жүзеге асыру себептері, негізгі даму жолдары. Саяси өзгерістер саяси теорияның объектісі ретінде. Модернизация модельдері: саяси тәжірибе. Саяси дамудың дағдарыстары (мысалы ретінде - Қазақстан). Саяси жүйенің модернизация процессінің мәні сияқты демократиялық саяси жүйенің қалыптасуы. Қазақстан қоғамының саяси модернизация проблемалары.

Егемен Қазақстанныың саяси нақтылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы Қазақстан Республикасы – зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық, мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.

Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері: проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңде даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

Ұлттық идеяны және мемлекеттік идеологияны жасаудың проблемалары.

Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптасырудың жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.



Тақырып 11. Саяси процесс және саяси қызмет.

Саяси процесс ұғымы, мәні және негізгі мінездемесі. Саяси процесстің құрылымы. Саяси процесстің міндетті іс режимдері. Саяси процесстің сатылары (фазалары). Саяси процесстің мазмұны және типологиясы. Сыртқы саяси және ішкі саяси процесстер. Ашық және елеусіз саяси процесстер. Саяси әрекеттердің мінездемесі. Саяси әрекеттердің түрлері. Саяси мінез-құлық және оның формалары. Саяси шешім: дайындау, әзірлеу және жүзеге асыру.



Тақырып 12. Саяси сана және саяси мәдениет.

Саяси сана: мәні және құрылымы. Саяси мәдениеттің қалыптасуың қоғамдық пікір және оның ролі. Саяси мәдениет: қызметтері, концепциялар, құрылым элементтері. Саяси мәдениеттің қалыптасу субъектілері және факторлары. Саяси мәдениеттің қалыптасуындағы дәстүр және оның ролі. Қазақстандық қоғамның саяси мәдениеті. Саяси мәдениеттің типологиясы. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық түрлері. Саяси әлеуметтенудің ұғымы. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуы.



Тақырып 13. Саяси элита және саяси көсемдік.

Саяси элита, оның қызметтері және саяси элитаның қызмет ету факторлары, элита классификациясы. Классикалық және қазіргі заманның элита арналған теориялар. Бюрократизм саяси феномен ретінде. Саясаттың субъетісі ретінде элита мен көсемдер. Саяси элитаға рекруттық әдістерді жасау. Көсемдіктің мәні және табиғаты. Қазіргі Қазақстандағы саяси көсемдік институты және саяси элита. Тарихи қажеттілік нысан ретіндегі мемлекеттік басқару ҚР президенттік институты.Қазіргі Қазақстандағы саяси қөсемдік. Саясат субъектісі редіндегі элита және көсемдер.



Тақырып 14. Саяси технологиялар және саяси болжамдау.

Саяси технологиялардың ұғымы. Саяси технологияның мәні және ерекше айырмашылықтары. Саяси технологияның құрылымы. Саяси процесстің анализі (талдауы): мәні, ерекшелігі, әдісі және саяси талдаудың негізгі этаптары. Саяси кеңес беру: ұғымы және мәні. Саяси кеңес берудің сатылары мен тәсілдері. Саяси шешімдерді қабыл алу. Мемлекеттік саясатың қалыптастыратың технологиялар. Дағдарыс технологиялар. Саяси жанжалды (конфликтер) реттеу технологиялар. Информациалық технологияларды қалыптастыратың факторлар. Сайлаушылық жүйелер: ұғымы және мәні. Мажоритарлық сайлаушылық жүйе. Аралас сайлаушылық жүйе. Сайлау кампаниясының стратегиясы.

Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Саяси болжам аясы және негізгі принциптері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамның әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерилері).

Саяси болжамның функционалдық міндеттері. Негізгі функциялары: нормативтік, шамамен алу, алдын ала істеу (сақтық). Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жәйі және проблемалары.



Тақырып 15. Дүниежүзілік саясат, халықаралық қатынастар және қазіргі заманның жаһандық проблемалары.

Дүниежүзілік саясаттың ұғымы. Халықаралық қатынастардың типтері және түрлері. Геосаясат: ұғымы және мәні. Халықаралық қатынастардың субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар). Халықаралық саяси институттар, түрлері, мақсаттары және олардың ерекше қызмет етулері. Халықаралық дағдарыстардың себептері, түрлері, зардаптары, ескерту және шешу тәсілдері. ҚР сыртқы саясаты, оның көп бағытты мінездемесі.

Қазіргі заманның жаһандық проблемалары ұғымы және типтері: ядролық соғысты болдырмау және жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолданбау мен қысқарту, экологиялық, демографиялық және азық-түлік проблемалары. Лаңкестік және экстремизм проблемалары, есірткіні өндіру және тарату, дамушы елдердің артта қалуы мәселелері. Жаһандық проблемаларды шешудегі халықаралық ынтымақтастық Адамзаттың ХХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси дамуына болжам жасау. Жаһандық проблемалар, халықаралық ұйымдар. Қазіргі заманның жаһандық проблемалары жүйесіндегі Қазақстан.
4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тәжірибелік сабақ №1.


  1. Саясат – адамдардың өмір сүру тәсілі ретінде (Аристотель).

  2. Саясат – «дос – дұшпан» атты әлеуметтік қатынастар типі (К. Шмид).

  3. Cаясат – ресурстарды бақылайтын механизм ретінде (Д. Хелд).

  4. Саясат – байланыстың ерекше түрі: герменевтикалық түсінік.

  5. Саясат – мемлекеттік билікке қатынасы ретінде.

  6. Саясаттың психологиялық тұжырымдамасы (М. Вебер).

  7. Саясаттың институционалды тұжырымдамасы (М. Дюверже).

  8. Саясаттың бихевиористік тұжырымдамасы.

  9. Саясат – өз сенімсіздігіңнің тәсілі ретінде (Лассуэл).

  10. Саясат – ақпаратты қолдану қызметі ретінде (Э. Тоффлер).

Тәжірибелік сабақ №2.

  1. Саясат Т. Парсонстың кешенді жүйелік талдауында.

  2. Д. Истонның саяси жүйесінің институционалды моделі.

  3. Г. Алмонд пен Д. Лоуэллдің саяси жүйесінің ролдік тұжырымдамасы.

  4. К. Дойчтің саяси жүйесінің байланыстық моделі.

  5. Саяси жүйе «саясаттың құраушысы» тәсілі ретінде (Ч. Эндрейн).

Тәжірибелік сабақ №3.

  1. Демократиялану – циклистік үрдіс ретінде.

  2. Демократияның бірінші толқыны.

  3. Демократияның екінші толқыны.

  4. Демократияның үшінші толқыны.

  5. Ф. Шмиттердің бостандық тұжырымдамасы.

  6. Үшінші толқынды демократияның мазмұны.

  7. Демократияның индикаторлық ережесі.

Тәжірибелік сабақ №4.

  1. Либералды доктрина.

  2. Марксистік тұжырым.

  3. Марксистік тұжырымдамадағы азаматтық қоғамның гегемониялық идеясы.

Тәжірибелік сабақ №5.

1. «Идеалды типтер» тұжырымдамасы (Г. Алмонд және С. .Верба).

2. В. Розенбрумның субмәдениеті.

3. Марксистік тұжырымдама.



Тәжірибелік сабақ №6.

  1. Саяси әлеуметтенудің қазіргі тұжырымдамасының екі нұсқасы.

  2. Саяси қолдау тұжырымдамасы (Д. Истон, Дж. Денис).

  3. А. Першеронның әлеуметтену тұжрымдамасы.

  4. Ұжымдық саясаттанудағы әлеуметтену теориясы.

Тәжірибелік сабақ №7.

  1. Либерализм идеологиясы.

  2. Консерватизм идеологиясы.

  3. Коммунизм идеологиясы.

  4. Фашизм идеологиясы.

  5. Социал-демократизм идеологиясы. Э. Бернштейннің теориялық жаңалықтары.

  6. Халықаралық социал-демократияның саяси доктринасы.

Тәжірибелік сабақ №8.

  1. Саяси стильдердің типологиясы. Матрица Дж. Ричардсонның және т.б.

  2. К. Дайсонның саяси стильдер типологиясы.

  3. Консенсустық саяси стиль.

  4. Саяси мифология.

Тәжірибелік сабақ №9.

  1. Көшбасшылықтың этико-мифологиялық түсініктемесі.

  2. Н. Макиавеллидің тиімді көшбасшы доктринасы.

  3. Көшбасшылықтың қазіргі тұжырымдамалары.

  4. Мінез-құлық теориясы (К. Бирд, Э. Богардус және т.б.).

  5. Оқиғалық талдау теориясы мен оқиғалық-тұлғалық теория.

  6. Адхократия – ақпараттық қоғамдағы көшбасшылықтың стилі ретінде.

Тәжірибелік сабақ №10.

  1. Партияның либералдық және марксистік түсініктемесі.

  2. М. Дюверженің әлеуметтік көзқарасы.

Тәжірибелік сабақ №11.

  1. Қазақстанның саяси жүйесі.

  2. Қазақстанның партиялық жүйесі.

  3. Азаматтық қоғамды құрудағы мәселелер.

Тәжірибелік сабақ №12.

  1. Консолидология теориясындағы элитистік бағыт (Д. Хигли, Р. Гантер, М. Бартон).

  2. Институциялық бағыт.

  3. Өтпелі үрдістердің нақты нәтижелерін талдау.

Тәжірибелік сабақ №13.

  1. Қазақстанның сайлау жүйесі.

  2. Саяси реформа.

Тәжірибелік сабақ №14.

  1. Әлемдік саясаттың бастапқы тұжырымдары.

  2. Әлемдік саясаттың мазмұны мен принципі: ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік.


4.4.1 СӨЖ мазмұны

(оқу формасы – күндізгі)

1654

СӨЖ түрлері

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәрістік сабақтарға дайындық




Сабаққа қатысу

15 (1*15)

2

Тәжірибелік сабаққа дайындалу, үйге берілген тапсырмаларды орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Курстық жұмыстарды орындау

Курстық жұмыстың мәтіні

Курстық жұмысты қорғау

15

4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалдарды оқып-үйрену

Конспект

Ауызша жауап

26

5

Бақылау шараларына дайындық




МБ-1, МБ-2

6




Барлығы







90


4.4.2 Өзіндік зерделеуге арналған тақырыптар
1. Саясатқа арналған ғылым ретінде саясаттану.

  1. Әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесінде саясаттанудың орны.

  2. Саяси ғылымның құрылымы және оның парадигмалары.

  3. Саяси ғылым және іс-тәжірибенің байланысы.

Ұсынылған әдебиет [1] стр. 10-14.

2. Саяси ғылымның дамуы және негізгі қалыптасу этаптары.

1. XIX XX ғасырлардағы әлеуметтік-саяси идеялар және ағымдары: либерализм, консерватизм, марксизм.

2. XX ғасыр шетелдік саяси ілім (В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс, М.Вебер, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже).

3. XIX ғасыр қазақ ағартушылардың саяси көзқарастары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсары, А. Құнанбаев).

4. XX ғасырдағы Қазақстан саяси ілімі. А.Бүкейханов, А. Байтұрсынов, С. Торайғыров и т.б. саяси идеялары.

Ұсынылған әдебиет [17] стр. 30-38, [23] стр. 14-22.

3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.


  1. Саясаттың мақсаты және құралдары. Саясат мүмкіндік өнері ретінде.

  2. Құқық, мораль (ақылақ) және саясаттың өзара қатынасы.

  3. Саясат әлуметтік күш және мүдделердің бақталастығы.

  4. Сыртқы және ішкі саясат.

Ұсынылған әдебиет [7] стр. 40-45, [10] стр. 24-28.

4. Билік саяси феномен ретінде.



  1. Қоғамдағы саяси басекелестік және оппозицияның қажеттілігі.

  2. Қазақстан республикасында билік және оппозиция және олардың өзара әрекеттері.

Ұсынылған әдебиет [10] стр. 26-28, [23] стр. 44-52.

5. Ұлттық саясат және әлеуметтік-этникалық қаумдастықтар.

  1. Ұлттық саясат мемлекеттік сасясаттың ең маңызды құрылымды бөлшегі.

  2. Қазақстан елдерінінң Ассамлеблеясы қоғамдық-саяси жүйе институты.

  3. Қазақстан көпдінді (поликонфессионалды) қоғам ретінде. Конфессия диалогтары және конфессияаралық келісім ретінде қазақстаңдық тәжірибесі.

Ұсынылған әдебиет [23] стр. 60-68, [26] стр. 24-26.

6. Қоғамның саяси жүйесі.

  1. Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің реформалық мәселелері және даму үрдістері (тенденциялары).

  2. Қазақстан Республикасының саяси-партиялық және сайлаушылық жүйенінің даму проблемалары.

Ұсынылған әдебиет [24] стр. 10-18.

7. Мемлекет және азаматтық қоғам.



  1. Әлеуметтік мемлекет және оның эволюциясы.

  2. Әлеуметтік мемлекеттің қызметі және демократиялық жана концепциялар.

  3. Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің және азаматтық қоғамның қалыптасу проблемалары.

Ұсынылған әдебиет [10] стр. 50-58, [11] стр. 40-46.

8.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.



  1. Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар: ұғымы және мәні.

  2. Қазақстан қоғамының саяси өмірініңдегі қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі.

  3. Қоғамдық қозғалыстар және саяси партилардың арасындағы өзара қарым-қатынас проблемалары.

Ұсынылған әдебиет [16] стр. 62-68.

9. Саяси режимдер..

1. Демократияның ұғымы және мәні.

2. Демократизация қазіргі этапта саяси ғылымның және тәжірибенің басты проблемалары болып табылады.

Ұсынылған әдебиет [10] стр. 30-38, [14] стр. 54-58.

10. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғырту (модернизация).


  1. Саяси жүйенің модернизация процессінің мәні сияқты демократиялық саяси жүйенің қалыптасуы.

  2. Қазақстан қоғамының саяси модернизация проблемалары.

Ұсынылған әдебиет [23] стр. 60-65, [30] стр. 24-26.

11. Саяси процесс.

  1. Саяси әрекеттердің мінездемесі.

  2. Саяси әрекеттердің түрлері.

  3. Саяси мінез-құлық және оның формалары.

  4. Саяси шешім: дайындау, әзірлеу және жүзеге асыру.

Ұсынылған әдебиет [1] стр. 10-12, [8] стр. 14-22.

12. Саяси сана және саяси мәдениет.

  1. Саяси мәдениеттің типологиясы.

  2. Саяси мәдениеттің авторитарлық және демократиялық түрлері.

  3. Саяси әлеуметтенудің ұғымы.

  4. Демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуы.

Ұсынылған әдебиет [2] стр. 12-18, [14] стр. 25-28.

13. Саяси элита және саяси көсемдік.

  1. Қазіргі Қазақстандағы саяси көсемдік институты және саяси элита.

  2. Тарихи қажеттілік нысан ретіндегі мемлекеттік басқару ҚР президенттік институты

  3. Қазіргі Қазақстандағы саяси қөсемдік.

Ұсынылған әдебиет [23] стр. 70-74, [29] стр. 26-28.

14. Саяси технологиялар.

  1. Информациалық технологияларды қалыптастыратың факторлар.

  2. Сайлаушылық жүйелер: ұғымы және мәні.

  3. Мажоритарлық сайлаушылық жүйе. Аралас сайлаушылық жүйе.

  4. Стратегия избирательной кампании. Сайлау кампаниясының стратегиясы.

Ұсынылған әдебиет [2] стр. 70-78, [6] стр. 84-86.

15. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.

1. Халықаралық дағдарыстардың себептері, түрлері, зардаптары, ескерту және шешу тәсілдері.

2. ҚР сыртқы саясаты, оның көп бағытты мінездемесі.

Ұсынылған әдебиет [6] стр. 90-98, [8] стр. 84-86.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет