Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) «Әліппені» оқытудың үш ке­зеңі қамтылған. Олар «Әліп­пеге»


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер



бет2/4
Дата07.03.2022
өлшемі68 Kb.
#134474
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
әліппе

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


1. "Әліппе" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жалпыдидактикалық қағидаттар және А. Байтұрсынұлының әдістемелік қағидаттары негізінде айқындалды:
1) дыбыспен жаттығу;
2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
3. Әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
4. "Әліппе" пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру.
5. "Әліппе" пәнінің міндеттері:
1) оқу әрекетіне бейімдеу;
2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;
3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;
4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;
5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;
6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет