8. Бағдарламаның мазмұны Кіріспе Органикалық химия пәні. Органикалық химияның ғылым ретінде даму кезеңдері. Теориялық органикалық химияның негізгі сұрақтары. А. М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Органикалық қосылыстардың жіктелуі: қатарлар, кластар, функционалдық топтар. Молекулалардың құрылымдық изомерлері, органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстардың әсері. Органикалық қосылыстардың молекулаларындағы атомдардың өзара әсері. Органикалық реакциялардың химиялық өзгеру сипаты (орын басу, қосып алу), бастапқы молекуладағы байланыстың үзілу әдісі (бөлу, изомерлену) бойынша жіктелуі. Аралық бөлшектердің құрылысы, химиялық реакциялардың механизмі туралы түсінік. Органикалық реакциялардың механизмін зерттеу әдістері.