3.Алкадиендер (екі қос байланысты көмірсутектер) Гомологтық қатары. Изомериясы. Оқшауланған, жинақталған және қабысқан қос байланысты алкадиендердің номенклатурасы. Қабысқан қос байланысты көмірсутектер: дивинил (1,3-бутадиен), изопрен, 2,3-диметил-1,3-бутадиен. Дивинилдың алыну әдістері. Изопрен мен дивинилдың өнеркәсіптік көлемде алынуы. Химиялық қасиеттері. Қабысқан алкадиендердің электрофилдық және радикалдық қосып алу реакцияларының (1,2- және 1,4-қосып алу) ерекшеліктері. Электрофилдық қосылу реакцияларының ктнетикалық және термодинамикалық бақылануы. Қабысқан алкадиендердің әрекеттесу қабылеті. Тотығу, гидрлену реакциялары. Полимерлену және қоса полимерлену реакциялары. Табиғи және синтетикалық каучуктер туралы түсінік.