Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу



бет2/5
Дата05.02.2022
өлшемі4,69 Mb.
#14966
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
1 кесте


т/б

Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

ПС

ЗЖ

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Кіріспе. Өндірістік органикалық және мұнайхимиялық синтез.

1

2

2

3

11

7.1.1 - 7.1.6

2.

Қанықпаған көмірсутектер өндірісі.

3

1

3

4

11

7.1.1 - 7.1.6

3.

Құрамында оттегісі бар органикалық қосылыстардың өндірісі.

3

7

8

4

11

7.1.1 - 7.1.6

4.

Пластмассалар өндірісі.

3

2

6

4,5

11

7.1.1 - 7.1.6

5.

Каучуктер өндірісі.

2

2

-

3

11

7.1.1 - 7.1.6

6.

Мұнай және мұнайөнімдерін өндеу.

3

1

-

4

12,5

7.1.1 - 7.1.6




БАРЛЫҒЫ:

15

15

15

22,5

67,5






3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы курсын оқыту өзара байланысты бес форманы қажет етеді: дәріс, практикалық (семинар) жұмыс, зертханалық жұмыс, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ - студенттің өздік жұмысы.
Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынан алынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Зертханалық және практикалық (семинар) сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдар, реактивтер, ыдыспен таңысу; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады.


4 КУРС ФОРМАТЫ
«Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы» – 3 кредит.
Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ, 100 минуттық зертханалық сабақ және 50 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, практикалық сабаққа, зертханалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физико-химиялық параметрлердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, химиялық реакциялар тендеуін жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент зертханалық және практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет