Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.
№ 2 Дәріс. (2сағ)
Тақырып: Клетка.
Дәрістің мақсаты: Клетка құрылысымен танысу.
Дәріс мазмұны: 1. Өсімдік клеткасының құрылысы турлері.
2. Цитоплазма және оның қасиеті. 3. Цитоплазманың негізгі органоидтары, митохондрия пластид, эндоплазмалык тор, рибосомалар т.б.
4. Ядро, оның физикалық химикалык, касиеттері, клетканың бөліну түрлері, митоз, амитоз, эндомитоз.
5. Вакуоль және клетка шырыны. 6. Өсімдік клеткасының қабығы.
Бұл бөлімде бір клеткалы, колониялы өсімдіктер туралы берілді. Өсімдік клеткасының құрылысы, яғни, цитоплазманың химиялық физикалык, қасиеттері, цитоплазмада кездесетін органоидтардың субмикроскопияльқ құрылысы, олардың атқаратын кызметі көрсетіледі. Клетканың негізгі бөліктерінің бірі ядроның құрылысы және қызметі. Клетканың бөліну жолдары (әдістсрі) оқытылады. Бұл тарауда клеткаға тән биологиялык, процестермен студенттерді таныстыру керек (заталмасу, энергия алмасу, өсу, көбею, т.б.).
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж. 20
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.
№ 3 дәріс. (2сағ)
Тақырып: Өсімдік ұлпалары.
Дәрістің мақсаты: Өсімдік ұлпаларымен танысу.
Дәріс мазмұны: 1. Түзүші ұлпалар.
2. Түпкілікті ұлпалар.
3. Қоректік ұлпалар.
4. Өткізгіштік ұлпалар.
5. Механикалық ұлпалар.
Бұл тарауда өсімдік ұлпалары туралы ұғым және олардың классификациясы беріледі.
Сонымен қатар, түзуші ұлпаларының, жабындық ұлпаларының ассимиляциялаушы қоректік ұлпаларының құрылысы, түрлері, өсімдік денесінде орналасуы және олардың атқаратын кызметі көрсетіледі
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.
№ 4 -5 дәріс. ( 5 сағ)
Тақырып: Өсімдіктердің вегетативті органдары:
Дәрістің мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті органдарының морфологичлық және анатомиялық құрылысымен танысу.
Дәріс мазмұны: 1. Сабақтың морфологиясы. Бірінші анатомиялык, құрылысы.
2. Сабақтың екінші анатомиялык құрылысы.
Бұл тарауда өсімдіктердің вегетативті органдардъң құрылысы оқытылады. Сабактың морфологиклык және анатомиялық құрылысы, өркен, бұршақ, туралы ұғым, сабактың бұтақтануы.
Жапырақтың морфологиясы (жапырақ пішіні, жапырактың жүйкеленуі, жапырақтың шеті, жапырақтың сабақта орналасуы, күрделі жапырактың түрлері). Жапырақтың анатомиялык қызметі туралы мағлұматтар беріледі.
Бұл тарауда тамырдың өсуі мен бұтақтануы, тамырдың метоморфозалық түр өзгерістері көрсетіледі. Сонымен қатар, өсімдіктерде кездесетін гомология, аналогия, атавизм сияқты сұрақтар көрсетіледі.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.
№ 6-7 дәріс. (5 сағ)
Тақырып: Көбею және даму.
Дәрістің мақсаты: Өсімдіктердің көбею және даму сатыларымен таныстыру.
Дәріс мазмұны: 1. Өсімдіктердің әртүрлі көбею жолдары қамтылады:
Бұл такырыпта жынысты және жыныссыз көбею жолдары көрсетіледі. Өсімдіктерді вегетативті жолымен көбейту әдістері оқытылады.
Бұл дәрісте мүктердің, папоротниктердің даму циклы мен студенттерді таныстыру керек, сонымен қатар, даму циклінде кездесетін ядро фазаларының алмасуы, ұрпақтардың алмасуы деген ұғымдарды беру қажет.
Карағайдың даму циклі туралы мағлұматтар беріледі. Бұл тақырыпта тозаңның пайда болуы, оның қүрылысы, тұқым бүршігінің құрылысы. Микроспорогенез, макроспорогенез, тозаңдану және ұрьқтану туралы ұғымдарды көрсету қажет.
Сонымен қатар, бұл дәрісте гүл, гүлдің құрылысы, андроцей және гинецейдің құрылысы, спорогенез және гаметогенез туралы сұрақтарды қарау керек. Гүлде жүретін тозаңдану және ұрықтану (қосарынан) процестерімен таныстыру керек.
Гүл шоғырының түрлері оның биологиялық маңызымен таныстыру.
Тұқымның құрылысы, пайда болуы, түрлері, таралуы және маңызы туралы мағлұматтар беріледі.
Бұл тақырыпта жемістің пайда болуы, оның түрлері, құрылысы, классификациясы және таралу жолдары көрсетіледі.
Бақылау сұрақтар: тест сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы,1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
Мұсакулов Г. Ботаника. М., 1975ж.
Васильев А.Е. Ботаника. М., 1988г.
Мухитдинов Ю.М. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы, Алматы, 1997г.
Хржановский В.Г. Основы ботаники с практикумом. М., 1998.
3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
№1 зертханалық жұмыс. ( 3 сағ)
Тақырып: Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу ережелері. Цитоплазма, оның қозғалуы. Плазмолиз, деплазмолиз. Пластидтер.
Сабақтың мақсаты: Микроскоп құрылысы, жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.Цитоплазма, оның қозғалуы. Плазмолиз, деплазмолиз құбылыстарымен таныстыру. Пластидтердің түрлерін көрсету.
Тапсырмалар: Әртүрлі объектілерді пайдаланып уақытша препараттар жасау.
Методикалық жоба: Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Пияз қабығынан және эллодея жапырағынан уақытша препарат даярлап, өсімдік клеткасының құрылысымен танысу. Цитоплазма қозғалыстарын анықтау. Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарымен танысу. Пияз, эллодея және томат, арбуз т.б. обьектілерді пайдалана отырып, олардан уақытша препарат жасап, пластид түрлерімен танысу.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 30, 31, 32, 33, 34.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
№2 зертханалық жұмыс. (2 сағ)
Тақырып: Пияз тамырының ұшындағы митоз. Клетка қабығы.
Сабақтың мақсаты: Пияз тамырының ұшындағы митоз құбылысымен танысу. Клетка қабығының құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: Уақытша және тұрақты препараттарды қарау арқылы тапсырманы орындау.
Методикалық жоба: Даяр препаратты қолдана отырып, клетканың бөлінуінің бір түрі болып саналатын митоздық процеспен танысу. Оның негізгі бөліну фазаларын анықтау.
Аспидистра жапырағының эпидермасын пайдалана отырып, клетканың бірінші және екінші қабығымен және қабық саңылауларымен танысу.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 37, 38. 39. 42, 43, 44, 47, 48, 51.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
№3 - 4 зертханалық жұмыс. (4 сағ)
Тақырып: Өсімдік ұлпалары.
Сабақтың мақсаты: Өсімдік ұлпаларының түрлерімен, құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: Даяр препараттарды пайдалана отырып, өсімдік ұлпаларының құрылысын зерттеу.
Методикалық жоба: Әртүрлі өсімдік жапырақтарының эпидермасынан препараттар даярлап, эпидерманы құрайтын негізгі гистологиялық элементтермен танысу.
Сүректі өсімдіктердің өркенінің көлденең және үзынынан жасалған кесінділерінен (даяр препараттардан перидерма немесе қабықты анықтап, оны құрайтын феллема, феллоген, феллодерма элементтерімен танысу.
Уақытша және даяр препараттарды пайдалана отырып, механикалық (арқаулық) ұлпалардың колленхима, склеренхима, склерейд сияқты құрылысымен таныстыру.
Ксилема, флоэма элементтерімен таныстыру. Олардың өсімдік денесінде орналасу ерекшеліктерімен анықтау.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 47, 48, 51, 52.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
№ 5 - 6 зертханалық жұмыс. (4сағ)
Тақырып: Өсімдіктердің вегетативті дене мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті дене мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: Даяр микропрепараттарды пайдалана отырып, тамырдың, жапырақтын, сабақтығ анатомиялық құрылысымен танысу.
Методикалық жоба: Тамырдың морфологиялық құрылысымен таныстыру.
Тамыр және тамыр жемістің анатомиялық құрылысымен таныстыру. Тамырдың анатомиялық құрылысымен екінші түзуші ұлпаның, яғни камбийдің пайда болуын көрсету қажет.
Өркен құрылысы мен оның пайда болу ерекшелігімен таныстыру. Бұтақтану түрлерін көрсету.
Әртүрлі өсімдіктерді пайдалана отырып, бүршіктің орналасуын, түрлерін және құрылысын анықтау.
Сабақтың анатомиялық құрылысы жүгері және қара бидай сабағының кесінділерінде салыстырмалы түрде көрсетіледі. Дара жарнақты өсімдіктерде камбийдің болмайтындығына ерекше көңіл бөлінеді.
Қос жарнақты өсімдік сабақтарының кесінділерінен алғашқы және соңгы анатомиялық құрылыстан салыстырмалы түрде көрсете отырып, олардың құрылыс ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.
Жөке, қайың, үйеңкі т.б. сүректі өсімдіктердің сабақтарының кесінділерін пайдалана отырып, сүректі өсімдік сабағының анатомиялық құрылыс ерекшеліктерімен таныстыру. Перидерма, өзек, сүректін құрылыстарымен таныстырып, оларды құрайтын гистологиялық элементтерге көңіл бөлу қажет.
Гербарий материалдарын және бөлме өсімдіктерін пайдалана отырып, жапырак, морфологиясымен таныстыру. Жапырақ құрылысы мен таныстыру қажет. Жүгері, камелия, ирис т.б. өсімдіктердің жапырақтарының көлденең кесіндісін пайдалана отырып, жапырақгың құрылыс ерекшеліктерін аньқгау. Хлоренхималык, негізгі паренхима клеткаларын көрсету,эпидерма ерекшеліктерінен көңіл бөлу.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 63, 64, 73, 75, 76, 90, 91.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
№ 7 зертханалық жұмыс. (2 сағ)
Тақырып: Гүлдің, тұқымның, жемістің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Гүлдің, тұқымның, жемістің құрылысымен танысу.
Тапсырмалар: Ылғалды препараттарды және коллекцияларды пайдалана отырып гүлдің, тұқымның, жемістің құрылысымен танысу.
Методикалық жоба: Формалинге салынған әр түрлі өсімдік гүлдерінің құрылыс ерекшеліктерін салыстырмалы түрде анықгау. Гүл құрылысы өсімдік түрлерін классификациялаудың негізгі таксонды белгі екендігі туралы үғымды беру. Гүл типтерімен таныстыру.
Тозаңның құрылысымен таныстыру. Гүлдерден андроцей түрлерін көрсету. Тұқым бүршігінің анатомиялық күрылысымен таныстыру.Әр түрлі өсімдік гүлдерін пайдалана отырып гинецей типтерімен таныстыру.
Гүлге морфологиялық сипаттама беру және оның формуласын құрау. Гүлдің көлденең кесіндісінің (орналасу ерекшелігін көрсету), диаграммасын сызу. Гербарий материалдарын пайдалана отырып гүл шоғырының түрлерін анықтау.
Дара және қос жарнақгы өсімдікгердің тұқымының құрылысын салыстырмалы түрде зерттеу. Жеміс түрлерімен танысу.
Сабақта пайдаланытын суреттер: Әметов А. Сурет№ 101, 102, 103, 108, 109, 113, 114.
Бақылау сұрақтары: тест сұрақтары берілген.
Қоданылатын әдебиеттер:
Агелеуов Е. Өсімдік анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1988ж.
Аметов А. Ботаника. Алматы, 2005.
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.
5.1. Өсімдік клеткасының құрылысы
5.2. Цитоплазма, оның физикалық қасиеті және субмикроскопиялык, құрылысы, химиялык, құрамы.
5.3. Вакуоль, оның түрлері, пайда болуы. Клетка шырыны.
5.4. Клетка қабығы, оның құрылысы, түрлері.
5.5. Клетка онтогенезі.
5.6 Жабыңдық, арқаульқ, өткізгіш ұлпалар, олардың цитологияльқ сипаттамасы, денеде орналасу ерекшеліктері.
5.7. Негізгі паренхималық ұлпалар, олардың цитологиялық сипаты,денеде орналасуы.
5.8 Өсімдіктің вегетативті дене мүшелерінің
морфологиялық және анатомиялық құрылыстары
5.9 Тамырдың анатомиялық, морфологиялық құрылысы. Тамырдың түр өзгерістері.
5.10 Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы, түр өзгерістері.
5.11 Бүршік және өркен, олардың құрылысы, пайда болуы.
5.12 Жапырақтың морфологиялык, және анатомиялық метоморфозасы.
5.13 Жыныссыз көбею,оның түрлері.
5.14 Жынысты кобею.
5.15 Жоғарғы споралы өсімдікгердің дамуы, ондағы ұрпақтың алмасуы. (ядро фазаларының алмасуы)
5.16 Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің даму циклі. (спорогенез,гаметогенез) Ұрпақтың алмасуы.
5.17 Жабық тұқымды өсімдіктердің дамуы.Гүлдің құрылысы. Спорогенез, Гаметогенез, тозндану,урықтану құбылыстары.
5.18 Тұқым және жемістің пайда болуы, олардың құрылыс ерекшеліктері.
1 – ші өздік жұмыстың тест сұрақтары (топ тізімінде 1, 3, 5, 7 нөмірлерде тұрған студенттер өсімдік клеткасы бойынша берілген 75 сұрақтың алғашқы 1 - 37 сұрағына, қалған 2, 4, 6, 8 нөмірлердегі студенттер 38 – 75 сұрақтарға жауап беруге тиісті. Әрбір сұрақтың нөмірі мен жауабы ғана көрсетіледі.)
Өсімдік клеткасы
$$$ 1
Жасыл өсімдіктердің анорганикалық заттардан күн сәулесін тікелей әсері арқылы органикалық заттар түзу процесі қалай аталады?
A. Тыныс алу
B. Транспирация
C. Гликолиз
D. Фотосинтез
E. Минералды қоректену
$$$ 2
16-18 ғасырлардағы өсімдіктер дүниесінің бинарлы жаңа жүйесін жасаған ғалымды ата:
A. Теофраст
B. Т.Жозеф
C. К.Линней
D. Ч.Дарвин
E. Ж.Кювье
$$$ 3
Өсімдіктер бірлестігін қандай ботаниканың саласы зерттейді?
A. Экология
B. Фитоценология
C. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы
D. Өсімдіктер физиологиясы
E. Өсімдіктер систематикасы
$$$ 4
Өсімдіктерге тән тіршілік процестерін (зат алмасу, өсу, даму, т.б.) қандай ботаниканың ғылым саласы зерттейді?
A. Экология
B. Фитоценология
C. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы
D. Өсімдіктер физиологиясы
E. Өсімдіктер систематикасы
$$$ 5
Өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыс ерекшеліктерін қандай ботаникалық ғылым саласы зерттейді?
A. Экология
B. Фитоценология
C. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы
D. Өсімдіктер физиологиясы
E. Өсімдіктер систематикасы
$$$ 6
Өсімдіктердің сыртқы өсу ортасымен байланысын қандай ботаниканың ғылым саласы зерттейді?
A. Экология
B. Фитоценология
C. Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы
D. Өсімдіктер физиологиясы
E. Өсімдіктер систематикасы
$$$ 7
Өсімдіктердің географиялық таралуын қай ғылым саласы зерттейді?
A. Ботаника
B. Биология
C. Фенология
D. География
E. Экология
$$$ 8
Жасушадағы вакуоль –
A. Жасуша шырынына толы
B. Ауаға толы
C. Жасушаға пішін береді
D. Жасуша бөлінуіне қатысады
E. Қозғалысын жүзеге асырады
$$$ 9
Жасушаның хромосомасы қайда орналасқан?
A. Цитоплазмада
B. Ядрода
C. Жасуша шырынында
D. Жасуша аралығы
E. Пластидтерде
$$$ 10
Өсімдік клеткасының конституционды заттары болып табылады:
A. Белоктар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары
B. Белоктар, көмірсулар, органикалық қышқылдар, минералды тұздар
C. Белоктар, көмірсулар, органикалық қышқылдар, нуклеин қышқылдары
D. Белоктар, көмірсулар, липидтер, минералды тұздар
E. Белоктар, липидтер, минералды тұздар, нуклеин қышқылдары
$$$ 11
Қандай өсімдіктерде устьицалар жапырақ тақтасының үстіңгі
жағында орналасқан?
A. Асбұршақта
B. Шыршада
C. Тұңғиықта
D. Кактуста
E. Жоңышқада
$$$ 12
Өсімдік клеткасында қордағы заттар:
A. Көмірсулар, белоктар, минералды тұздар
B. Белоктар, липидтер, нуклеин қышқылдары
C. Белоктар, липидтер, көмірсулар
D. Көмірсулар, минералды тұздар, нуклеин қышқылдары
E. Белоктар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары
$$$ 13
Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеті болып келеді:
A. Серпімділік
B. Талғаулы өткізгіштік
C. Иілгіштік
D. Мөлдірлік
E. Тұйықтық
$$$ 14
Цитоплазманың негізгі заты:
A. Строма
B. Гиалоплазма
C. Нуклеоплазма
D. Матрикс
E. Кариолимфа
$$$ 15
Гиалоплазма физико-химиялық түсінікте, өз алдына нені көрсетеді:
A. Эмульцияны
B. Коллоидты
C. Таза ерітінді
D. Күл
E. Гел
$$$ 16
Клетка терминін ең алғаш еңгізген ғалымды ата?
A. Т. Шван
B. Р. Гук
C. Я. Пуркинье
D. М. Шлейден
E. П. Горянинов
$$$ 17
Тіршіліктің клеткалық құрлымы жайлы теория қашан қалыптасты?
A. 1965.
B. 1839.
C. 1855.
D. 1956.
E. 1863.
$$$ 18
Биомембраналар қалыңдығы неше нм болады?
A. 10,5-1,0 нм
B. 1,5-3, 0 нм
C. 6,0-10,0нм
D. 15,-20,0нм
E. 100,0-200,0нм
$$$ 19
Плазмодесма дегеніміз не?
A. Клетка бөліне бастағанда түзілетін орталық пластина
B. Клетка аралық кеңістік
C. Клеткаларды өзара байланыстыратын цитаплазмалық құрылым
D. Клетка қабығы
E. Клетка органоиды
$$$ 20
Мына пластидтердің қайсысы түске боялған?
A. Пропластидтер
B. Лейкопластар
C. Этиопластар
D. Хромопластар
E. Амилопластар
$$$ 21
Гольджи аппаратының бөліктері қалай аталады?
A. Матрикс
B. Диктиосома
C. Строма
D. Грана
E. Тилакоид
$$$ 22
Келтірілген құрылымдардың органоидтардың қайсысы тек өсімдік клеткасына тән?
A. Рибосомалар
B. Пластидтер
C. Лизосомалар
D. Митохондриялар
E. Ядро
$$$ 33
Келтірілген құрлымдардың қайсысы тек өсімдікке тән?
A. Гольджи аппараты
B. Митохондрия
C. Целлозалық клетка қабығы
D. Рибосомалар
E. Ядро
$$$ 24
Қай органоидтың меншікті генетикалық материалы бар?
A. Митохондрия
B. Эндоплазмалық ретикулум
C. Лизосома
D. Вакуоль
E. Гольджи аппараты
$$$ 25
Лизосомалар қандай қызмет атқарады?
A. Клеткалық тыныс алуға қатысады
B. Әртүрлі заттардың ыдырауына қажетті ферменттерді ұстап тұрады
C. Фотосинтезді іске асырады
D. Тұқым қуалау, нәсілдік мағұлыматты ұрпақтан ұрпаққа таратады
E. Белок түзуге қатысады
$$$ 26
Қай бөлім тек өсімдік клеткасына тән?
A. Плазмалемма
B. Ядро
C. Эндоплазмалық тор
D. Вакуоль
E. Рибосома
$$$ 27
Клеткадағы қай органоид барлық құрлымдары өзара
байланыстырып тұрады және заттардың тасмалдануын жүзеге асырады?
A. Рибосома
B. Гольджи аппараты
C. Митохондрия
D. Эндоплазмалық тор
E. Вакуоль
$$$ 28
Рибосома қанша бөліктен тұрады.
A. 1
B. 2
C. 3
D. 5
E. 6
$$$ 29
Митохондрияның ішкі мембраналы құрлымы қалай аталады?
A. Гран
B. Крист
C. Тилакоид
D. Строма
E. Жіпше
$$$ 30
Хлоропластың ішкі мемраналы құрлымы қалай аталады?
A. Гран
B. Матрикс
C. Крист
D. Микрофибрилла
E. Жіпше
$$$ 31
Клетка мембраналарының табиғаты қандай?
A. Белокты
B. Көмірсулы
C. Липопротеидтті
D. Целлюлозды-пектинді
E. Гликолипидтті
$$$ 32
Аталған органоидтардың қайсысының табиғаты мембраналық емес?
A. Гольджи аппараты
B. Рибосома
C. Митохондрия
D. Хлоропласт
E. Эндоплазмалық тор
$$$ 33
Рибосомалық РНҚ қайда түзіледі?
A. Митохондрияда
B. Ядрошықта
C. Эндоплазмалық торда
D. Гольджи аппаратында
E. Рибосомада
$$$ 34
Рибосома неден тұрады?
A. Белоктан
B. Нуклеин қышқылынан
C. Гликопротеидтен
D. Липопротеидтен
E. Рибонуклеопротеидтен
$$$ 35
Алғашқы крахмалдың түзілуі қандай оргоноидта жүреді
A. Гольджи аппаратында
B. Хлоропласта
C. Митохондрияда
D. Бүрсіз эндоплазмалық торда
E. Пероксисомада жүреді
$$$ 36
Қандай қасиеттеріне байланысты митохондриялар мен хлоропластар жартылай тәуелсіз органоидтар қатарына жатады?
A. Қосқабатты мембрананың болуына байланысты
B. Меншікті ДНК мен белок синтездегіш құрлымның болуына байланысты
C. АТФ түзуге байланысты
D. Тыныс алу қызметін атқаруға байланысты
E. Фотосинтез қызметін атқаруға байланысты
$$$ 37
Диктосома қандай органоидқа тән?
A. Ядроға
B. Хромосомаға
C. Эндоплазмалық торға
D. Гольджи аппаратына
E. Лейкопластқа
$$$ 38
Өсімдік клеткаларының қабығын құрайтын негізгі органикалық зат:
A. Крахмал
B. Целлюлоза
C. Белок
D. Лигнин
E. Суберин
$$$ 39
Эпидермалық клеткалар немен көмкерілген?
A. Лигнинмен
B. Суберинмен
C. Кутинмен
D. Хитинмен
E. Гемицеллюлозамен
$$$ 40
Целлюлоза деген не?
A. Пектинді заттардың полимері
B. Органикалық қышқылдарының қалдығы
C. Глюкоза полимері
D. Фруктоза полимері
E. Амин қышқылдарының полимері
$$$ 41
Клеткада рибосомалар қандай қызмет атқарады:
A. Белоктарды синтездейді
B. Нуклеин қышқылдырын синтездейді
C. Полисахаридтерді синтездейді
D. Локалды автолизді жұзеге асырады
E. Липофилді заттарды синтездейді
$$$ 42
Гольджи аппаратының қызметі:
A. Белоктарды синтездейді
B. Нуклеин қышқылдырын синтездейді
C. Полисахаридтерді синтездейді
D. Локалды автолизді жүзеге асырады
E. Липофилді заттарды синтездейді
$$$ 43
Митохондрияның ішкі өсінділері қалай аталады:
A. Тилокоид
B. Крист
C. Диктиосома
D. Гран
E. Плазмодесма
$$$ 44
Митохондрияның негізгі заты болып табылады:
A. Строма
B. Матрикс
C. Гиалоплазма
D. Нуклеоплазма
E. Кариолимфа
$$$ 45
Қос мембраналы қабықша қайсысына тән:
A. Лизосомаларға
B. Агранулярлы эндоплазмалық ретикулумға
C. Хлоропласттарға
D. Сферосомаларға
E. Гранулярлы ЭПР
$$$ 46
Қос мембраналы қабықша қайсысына тән:
A. Митохондрияларға
B. Рибосомаларға
C. Диктиосомаларға
D. Лизосомаларға
E. Вакуольдерге
$$$ 47
АТФ синтезін төменгілердің қайсысы жүзеге асыра алады:
A. Лейкопласттар
B. Хлоропласттар
C. Хромопласттар
D. Пропластидтер
E. Амилопласттар
$$$ 48
Фотосинтез келесі қандай пластидтерде жүреді:
A. Лейкопласттарда
B. Хлоропласттарда
C. Хромопласттарда
D. Пропластидтерде
E. Амилопласттарда
$$$ 49
Митохондриялар қандай қызмет атқарады:
A. АТФ синтезі
B. Белоктардың синтезі
C. Көмірсулардың синтезі
D. Локалды автолиз
E. Нуклеин қышқылдарының синтезі
$$$ 50
Липофильді затттардың синтезін жүргізетін:
A. Агранулярлы ЭПР
B. Гранулярлы ЭПР
C. Гольджи аппараты
D. Рибосомалар
E. Лизосомалар
$$$ 51
Ядроның негізгі заты:
A. Гиалоплазма
B. Нуклеоплазма
C. Строма
D. Матрикс
E. Нуклеин қышқылдары
$$$ 52
Ядрошықта қандай заттың синтезі жүреді:
A. РНК
B. ДНК
C. АТФ
D. Белоктардың
E. Көмірсулардың
$$$ 53
Ядро бөлінгендегі үшінші фазаны ата:
A. Телофаза
B. Анафаза
C. Метафаза
D. Профаза.
E. Интерфаза
$$$ 54
Клетка онтогенезінің алғашқы кезеңін ата:
A. Созылу
B. Жетілу
C. Қартаю
D. Эмбрионалды (бөліну)
E. Мамандану
$$$ 55
Өсімдіктердің ішкі құрылысын зерттейтін ғылым қалай аталады?
A. Өсімдіктер морфологиясы
B. Өсімдіктер физиологиясы
C. Өсімдіктер анатомиясы
D. Өсімдіктер систематикасы
E. Өсімдіктер географиясы
$$$ 56
Өсімдіктер клеткасының жануарлар клеткасынан айырмашылығы неде:
A. Митохондриялар
B. Цитоплазма
C. Вакуоль
D. Ядро
E. Рибосомдар
$$$ 57
Цитоплазмада белоктың проценттік мөлшері қанша:
A. 1 процент
B. 5 процент
C. 10 процент
D. 30 процент
E. 70 процент
$$$ 58
Цитоплазманың сыртқы мембранасы қалай аталады?
A. Плазмодесма
B. Тонопласт
C. Плазмолемма
D. Мезоплазма
E. Гиалоплазма
$$$ 59
Екі мембраналы органоидты ата:
A. Рибосом
B. Эндоплазмалық тор
C. Диктиосом
D. Пластид
E. Лизосом
$$$ 60
Хромопластың құрамында қандай пигмент бар:
A. Хлорофилл
B. Пигмент жоқ
C. Ксантофилл
D. Антоциан
E. Фикобилин
$$$ 61
Хлоропластың ультраструктуралық құрылымында пигменттер қай бөлімінде орналасқан:
A. Сыртқы мембранада
B. Стромада
C. Ішкі мембранада
D. Тилакоидтарда
E. Екінші мен төртінші жауап
$$$ 62
Диплоидты хромосом санды бір дене клеткасының екіге бөлінуі қандай жолмен жүреді:
A. Мейоз
B. Амитоз
C. Эндомитоз
D. Митоз
E. Политения
$$$ 63
Клетка қабығының сүректенуі қандай химиялық заттың пайда болуына байланысты:
A. Пектин
B. Лигнин
C. Суберин
D. Клетчатка
E. Бірінші мен төртінші жауап
$$$ 64
Өсімдік майлары синтезделетін және жиналатын клетка құрылымы:
A. Лизосома
B. Полисома
C. Гольджи аппараты
D. Сферосома
E. Пластид
$$$ 65
Митоздың соңғы кезеңін көрсет:
A. Профаза
B. Метафаза
C. Телофаза
D. Анафаза
E. Интеркинез
$$$ 66
Сыртқы ортадан заттарды сіңіру барысында, жай құрамды қосылыстардан организмде күрделі заттардың синтезделуі қалай аталады?
A. Диссимиляция
B. Транспирация
C. Деплазмолиз
D. Ассимиляция
E. Плазмолиз
$$$ 67
Клетка теориясының негізін қалаушы ғалым:
A. А.Левенгук
B. Т.Шванн
C. Р.Гук
D. Р.Браун
E. Г.Галилей
$$$ 68
Клетка бөлімін ата:
A. Клетка қабығы
B. Рибосома
C. Гольджи аппараты
D. Лизосома
E. Пластид
$$$ 69
Екі мембраналық цитоплазмалық органоидты ата:
A. Эндоплазмалық тор
B. Лизосома
C. Рибосома
D. Митохондрия
E. Микротүтікшелер
$$$ 70
Цитоплазма клетка шырынынан қандай мембрана арқылы бөлінеді:
A. Плазмодесма
B. Тонопласт
C. Плазмолемма
D. Қабық
E. Мезоплазма
$$$ 71
Фотосинтез процесі қай органоидта жүреді:
A. Рибосомада
B. Пластидте
C. Лизосомада
D. Митохондрияда
E. Ядрода
$$$ 72
Ядроны алғашқы рет қай ғалым анықтады:
A. Р.Гук
B. А.Левенгук
C. Р. Браун
D. Т.Шванн
E. М.Мальпиги
$$$ 73
Клеткадан клеткаға тұқым қуалаушылық мәліметін беретін, барлық органеллалардың қызметін басқаратын клетканың бөлшегін ата:
A. Клетка қабығы
B. Цитоплазма
C. Вакуоль
D. Ядро
E. Митохондрия
$$$ 74
Митоздың қай фазасында хромосомдар клетканың экваториальды тақтасына қарай жылжып орналасады:
A. Профаза
B. Анафаза
C. Телофаза
D. Метафаза
E. Интерфаза
$$$ 75
Хромосомдардың редукцияға ұшырап, санының екі есе азаюы қай бөлінудің қандай түріне тән:
A. Митозға
B. Мейозға
C. Амитозға
D. Эндомитозға
E. Полиплоидияға
Достарыңызбен бөлісу: |