ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-35.1.13
/01-2014
|
ПОӘК
Мұғалімдерге арналған пәннің бағдарламасы
«Өсімдіктер систематикасы»
|
№ 2 басылым
16.06.2015 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Өсімдіктер систематикасы
«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей
2015 ж
1.ӘЗЕРЛЕГЕН
Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., б.ғ.к., доцент Карипбаева Н.Ш.
«Биология» кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Биология кафедрасында отырысында
«____»___________ 20___ж.№____хаттама
Кафедра менгерушісі_______Садыкова Р.А
2.2. Жаратылыс математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
Төрайымы____________ Абдишева З.В.
3. БЕКІТІЛДІ
Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған
«____»___________ 20___ж. №____ хаттама
ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4. 05.09.2015 ж. №1 БАСПАНЫҢ ОРНЫНА КІРГІЗІЛГЕН
МАЗМҰНЫ:
Қолдану саласы
Нормативті сілтемелер
Жалпы ережелер
Пән мазмұны, пәннің модульдік бөлінуі
ОӨЖ тақырыптары мен мазмұны
Оқу – әдістемелік әдебиеттер тізімінің қамту кестесі
Әдебиет және қорлар
1.ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
«Өсімдіктер систематикасы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені «5В011300» - «Биология» мамандығының студенттеріне арналған. ПОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті меңгерулері тиістігімен таныстырады.
2. НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы «Өсімдіктер систематикасы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) берілген пән бойынша ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:
«5В011300» - «Биология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС бекітілген.
Шәкәрім атындағы СМУ «Пәннің оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі».
- 5В011300 «Биология» мамандығыныңоқу жұмыс жоспары;
- СТУ 042-ГУ-4-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;
- ДП 042-1.01-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.
3. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
«Өсімдіктер систематикасы» биология мамандықтарында оқитын студенттердің негізгі пәндерінің бірі болып табылады. 3-курс студентеріне арналған оқу жоспарына сәйкес бұл пән «Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематика» және «Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы» пәндеріне сәйкестендіріп жүргізіледі. Бұл пәндер арқылы студентер өсімдіктердің түрлік ерекшеліктері, таралу ареалдары, түрлердің қарам- қатнасы таксономиясымен танысады.
3.2. Биолог мамандарды дайындаудағы пәннің негізі мақсаты:
-жер бетінде таралған өсімдіктердің көптүрлілігін және олардың жіктелуін білу.
3.3. Пәннің негізгі міндеті:
Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің түрлерімен танысу, оларды анықтау әдістерін меңгеру. Сол арқылы флора туралы ұғымды қалыптастыру.
3.4 Оқып-білудің нәтижелелері:
Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:
төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері және олардың түрлерін білуге тиісті;
жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің классификациясын, олардың негізі ерекшеліктерін білуге тиісті;
өсімдіктердің жер бетінде таралуын, көбею жолдарын, экологиясын, маңызын білуге тиісті;
практикалық сабақ барысында ботаникалық зерттеу әдістерін меңгеруге тиісті;
өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы пәндері бойынша алған білімдерін әрі қарай тереңдетіп, сол білімді пайдалана отырып, анықтағыштар арқылы өсімдік түрлерін анықтау қажет;
өсімдіктердің экологиялық топтары мен өсімдіктердің өмір сүру формаларының қазіргі теориясының жобаларын және негізгі түсініктерін қолдана алуы тиіс;
өсімдіктердің көбею және даму сатыларыжайында білімді тереңдетуі қажет
3.5 Курстың пререквизиттері:
3.5.1. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
3.5.3. Өсімдіктер физиологиясы
3.6 Курстың постреквизиттері:
3.6.1. Қазақстан Биоресурстары
3.6.2. Дүниежүзі флорасы мен фаунасы
3.6.3. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
3.6.4. Өсімдіктер систематикасының үлкен практикумы
3.7Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
1 кесте
Курс
|
Семестр
|
Кредиттер
|
Аудиториялық жұмыс
|
ООӨЖ
|
ОӨЖ
|
Барлығы
(сағ)
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Дәріс (сағ)
|
Лаб
(сағ)
|
3
|
5
|
3
|
15
|
30
|
22,5
|
67,5
|
135
|
емтихан
|
4. ПӘН МАЗМҰНЫ, ПӘННІҢ МОДУЛЬДІК БӨЛІНУІ
2 кесте
Тақырып атауы және мазмұны
Сағат саны
1
2
1 МОДУЛЬ «Төменгі сатыдағы өсімдіктер»
Балдырлар бөлімі
Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде фото-автотрофты өсімдіктердің қатарына жатады. Бұлардың тіршілік ортасы көбінесе су немесе ылғалды жерлер болып келеді. Әртүрлі экологиялық жағдайларға байланысты қоныстанған балдырлар түрлері бірігіп ценоз түзеді. Яғни, белгілі ортаға белгілі бір балдырлар түрлері тән көк жасыл балдырларды, нағыз ядросы, хромотофорасы, митохондриясы жоқ болған себептен, бактерияларға біріктіріп, прокариотты топтарға жатқызады. Ал қалған балдырлар топтары эукариоттарға, яғни ядролы өсімдіктер топтарына жатады.
Төменгі формадағы балдырлардың сыртқы қабығы жоқ, жалаңаш, тек сыртқы қабаты цитоплазма қабығымен ғана қапталған.
Ал жоғарғы формадағы балдырлардың клетка қабықшасы бар, олар пектиндік заттардан және гемицеллюлозадан тұрады. Клеткада вакуоль, эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, Гольджи аппараты, хромотофорлар орналасқан. Көк-жасыл балдырлардан басқаларында өзге органеллалармен қоса хромотофорлар жақсы көрінеді. Олар жасыл өсімдіктерде хлоропласт деп аталса, бұларда хромотофора деп аталады. Бұл жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластармен салыстырғанда әртүрлі пішінді, атап айтқанда дән, белдік, жіпше, жұлдызша спираль т.б. формада болады.
Барлық эукариотты балдырларда ерекше пиреноид бар, ол көбінесе хромотофораның ішінде, немесе одан тысқары орналасады. Клеткасы балдыр түріне байланысты бір немесе көп ядролы болады.
Балдырлардың көбеюі.
Вегетативтік көбеюі талломдары бөлінуі арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда протопласт ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.
Жыныссыз көбеюі. Бір клетка екіге, төртке, сегізге бөлініп, соған сәйкес зооспора түзіледі. Коньюгаттарда, хараларда, диотомдылардың кейбір түрлерінде, қоңыр балдырлардың фукус туысына жататын түрлерінде жыныссыз көбею процесі байқалмаған.
Жынысты көбею жолы. Бұлар барлық балдырларға тән. тек жынысты көбею жолы көк жасыл балдырларда ғана жоқ. Жынысты көбею дегеніміз екі жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Олар арнайы аналық клеткаларда-гаметангияларды түзеді. Олар қосылып зигота түзеді. Жыныс процессі бірнеше этаптан тұрады. Екі гаметаның цитоплазмасы қосылған кезең кариогамия деп аталады. Сонымен зиготаның ядросы дипоидты, яғни жұп хромосомды. Жыныс процесінің соңғы кезеңінде диплоидты ядро редукциялық жолмен (мейоз) бөлінеді. Яғни, хромосом саны екі есе азаяды.
Қосылатын гаметалардың морфологиялық айырмашылықтарына байланысты изогамия, гетерогамия, оогамия деп бөлінеді.
Тағы бір жынысты көбею жолдарына коньюгация жатады. Бұл процесс физиологиялық жағынан гаметалардың қызметін атқаратын, вегетативтік дифференцияцияланбаған, екі клетканың ішіндегі заттардың қосылуы арқылы жүреді. Балдырларда ұрпақ алмасу бар диплоидты жыныссыз спорофит және гаплоидты жынысты гаметофит. Екі ұрпақ та морфологиялық жағынан бірдей болса, оларды изоморфты ұрпақ алмасу дейміз. Ал егер сыртқы пішіні жағынан әртүрлі болса, оларды гетероморфты ұрпақ алмасу дейміз. Изоморфты ұрпақ алмасу теңіз балдырлары мен жасыл балдырлардың арасында ульваға, энтероморфтыларға, кладофораға, хетеморфаға тән. гетероморфты ұрпақ алмасу көбінесе қоңыр балдырларға тән, сол сияқты жасыл және қызыл балдырларда да кездеседі.
2
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар өте ұлкен организм топтарын құрайды. Жер бетінде 100 мыңдай түрді біріктіреді. Олардың құрамында хлорофилл пигменті жоқ, сол себептен де дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни гетеротрофты қоректену жолдары тән. Саңырауқұлақтың негізгі вегетативтік денесі мицеллий немесе гирбиницадан тұрады. Олар әріқарай жіңішке келген гифтарға тармақталады. Ол субстраттың үстінде немсе ішінде орналасады да, қоректік заттарды бүкіл денесімен сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтың мицелийлері клеткаларға бөлінбеген немесе клетка қабықшасы жоқ, тек протоплазмадан тұрса, оларды салыстырмалы түрде төменгі формадағы саңырауқұлақтарға жатқызамыз. Вегетативтік денесіндегі жіпшелері бір-бірімен матасып, жалған ткань плеткенхима түзеді. өзгерген гифтар бір-бірімен қосылып тәж түзеді. Оларды ризоморфтар деп атайды. Олар әртүрлі қалыңдықта болады. Тәждің сыртқы гифтері қоңыр, ішкі жағы ақ болады.
Кей жағдайларда оның іші өткізгіш түтікке ұқсайды. Мицелийдің ерекше өзгерген түрі склероций өте тығыздалған гифтан тұрады. Бұлардың негізгі тақаратын қызметі қоректік заттар жиналатын орын немесе көбею органдарының қызметін атқаратын органдар болып саналады.
Саңырауқұлақтар гетеротрофты өсімдіктер. Олар субстратты шірітеді, минералдайды. Аздаған бөліктері жануарлар өлекселерінде тіршілік етеді. Басым көпшіліктері паразитті өсімдіктер қатарына жатады. Көбінесе саңырауқұлақтардың өсімдік субстратында болуы, олардың клеткаларында арнаулы углеводтарды ыдырататын ферменттердің болуы арқылы сипатталады. Тіршілік ететін ортасы қышқылдық орта, олар қышқыл ортаға төтеп бере алады.
Ал белокқа бай жануарлар субстратында тіршілік ететін саңырауқұлақтар бактериялармен тең түсе алмайды, себебі сілтілік орта саңырауқұлақтарға қарағанда бактерияларға қолайлы.
2
Қыналар
Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады.
Жоғарыда айтылғандай қынаның денесі балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады.
Олардың құрамына кіретін балдырлар көк-жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ.
Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.
Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туымы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы. Олар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді.
Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.
2
2 МОДУЛЬ.
Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер
Жоғарғы споралы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.
Споралы өсмдіктер – негізінен жынысты немесе жыныссыз жолмен түзілетін споралар арқылы көбейіп, таралатын өсімдіктер. Төменгі сатыдағы споралы өсмдіктер (саңырауқұлақтар, қыналар, балдырлар) жыныссыз көбеюі өз еркімен қозғалатын зооспоралармен және ондай қозғалысқа қабілетсіз апланоспораларымен, спорангиоспораларымен; жынысты көбеюі – зигоспоралармен, ооспоралармен; вегетативті көбеюі де споралармен (оидиялар, гемма, хламидоспоралар) жүзеге асады. Кейде споралы өсмдіктердің көбеюі вегетативтік денесінің бөліктерімен де жүзеге асады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің (мүктер, қырықбуындар, плаундар, қырыққұлақтар) жыныссыз көбеюі арнайы органдардың – спорангиялардың ішінде пайда болатын спорангиоспоралар арқылы жүреді.
Мүктер төменгі сатыдағы талломдылар мен жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктерді байланыстыратын топтарға жатады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ішінде ең қарапайым өсімдіктер. Бұлардың даму циклінде гаметофиті басым болып келеді. Төменгі формадағы қарапайым өкілдерінің денелері дорзовентральді тканьдерден тұратын таллом немесе слоевища болып келсе, қалған өкілдерінің денелері екі вегетативтік органдар- жапырақ пен сабақтан тұрады. Мүктердің тамырлары жоқ, тамыр қызыметін бір немесе көп клеткалы резоидтары атқарады. Жыныс органдары гаметофиттің сыртқы бетінде, төбесінде, кейде бүйір жағында орналасады.
Мүк тәрізділердің спорофиті ешуақытта сабақ пен жапырақ түзбейді және өздігінен тіршілік ете алмайды, барлық тіршілігіне қажетті заттарды гаметофиттен алады.Бұлардың спорофиті гаметофитіне тәуелді. Спорофиті тұғырдан және оның жоғарғы жағында орналасқан пішіні әртүрлі болатын қорапшадан тұрады, олардың ішінде споралар жетіледі. Мүктердің түрі табиғатта кең таралған өсімдіктер қатарына жатады. Олар су жағалауларында, ормандарда, батпақты жерлерде , ағаш қабықтарында тағы басқада ылғалды жерлерде жиі кездеседі. Студенттер лабораториялық- практикалық сабақ барысында , гербарийде берілген бірнеше мүктердің түрлерін, анықтағыштардың көмегімен анықтаулары қажет. Жұмыс барысында мүктердің экологиясы, анатомиялық-морфологиялық құрлыстары, даму циклдері , қорапшасының құрлысы тағыда басқа ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.
2
3 МОДУЛЬ. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер
Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Ашық тұқымдылар барлық континенттерде таралған. Түрлерінің саны аз болмағанымен, олар климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді.
Құрылысы. Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бұтақтанады,сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалыңдайды.Көптеген түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден тұрады. Сүзгілі (електі) түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Бір түрлерінің жапырақтары үлкен, тілімделген, папоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас, ал екіншілерінде олар ұсақ, тұтас, қабыршақ тәрізді, немесе ине тәрізді (қылқан -хвоя) болып келеді. Ашық тұқымдылардың аздаған түрлерінен басқасының барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Кіндік тамырында да жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық тұқымдылардың негізгі белгілерінің бірі сол, олардың тұқымбүрі (семязачатки), немесе тұқымбүршігі (семяпочки) болады. Тұқымбүрі дегеніміздің өзі метаспорангий, ол ерекше қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументтен қапталған. Тұқымбүрлері метаспорофилдерінде ашық орналасады, олардан ұрықтанғаннан кейін, дән пайда болады.
Дәннің пайда болуы ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке (артықшылыққа) ие болуын және құрлықта басым болуын қамтамасыз етті.
Ашық тұқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда,мысал ретінде кәдімгі қарағайды (сосна обыкновенная ) аламыз. Ол спорофитінің биіктігі 50м –дей болатын, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік. Діңі жақсы жетілген,онда бүйірлік бұтақтары топтасып орналасады. Сабақтары моноподиальды бұтақтанып өседі. Ұзарған бұтақтарының сыртын қоңырлау – қызғыш түсті, қабыршақты жұқа (чешуевидный) жапырақтары жауып тұрады. Осы жапырақтардың қолтығында қатты қысқарған өркендер пайда болады, оларда екі – екіден ине тәрізді жапырақтар (қылқандар) орналасады. Ине тәрізді дапырақтың, немесе қылқанның (хвоя) көлденең кесіндісінің формасы жалпақтау дөңес болып келеді, оның ортасында өткізгіш шоғы орналасады.
Қарағай шамамен 30-40 жылдан кейін спора түзе бастайды. Спорофилдері жиналып бір – бірінен айқын – айырмасы бар, бір өсімдіктер болатын екі түрлі бүр (стробил, шишки) түзеді. Әдетте аталық бүрлері (стробилдері, шишки) топтасып, ал аналық бүрлері жалғыздан орналасады.
2.Ұрықтануы. Тозаң аталық бүршіктерден (стобилдерден) тұқымбүріне желмен келіп түседі. Оны нуцеллус пен интегументтің арасын толтырып тұратын қоймалжың, сұйықтың тамшысы оңай ұстайды. Бұл тамшы микропиле арқылы, сыртқа шығып тұрады. Кебе келе тамшы тозаңды тұқымбүрінің ішіндегі нуцелуске қарай тартады. Тозаңданған соң, микропиле жабылады. Осыдан кейін барып, аналық бүршіктің қабықшалары тығыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуын метаспорангидің ішінде жалғастырады. Тозаңның экзинасы жарылады да, интинмен қоршалған вегетативтік клетка тозаң түтігін түзеді, ол нуцеллустың ұлпасына еніп, архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді: тірсек клеткасын және сперма түзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі оларды өз кезегінде архегонияға жеткізеді.
Ашық тұқымдылардың папоротник тәрізділерге қарағанда бірқатар прогрессивтік белгілері бар : гаметофиттері дербестігін түгелдей жоғалтқан, олар спорофиттерінде пайда болады және соның есебінен өмір сүреді ұрықтануы сумен мүлдем байланыссыз, спорофиттің ұрығы гаметофиттің есебінен қоректенгенімен, дәннің ішінде тұрады және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан жақсы қорғалған. Ашық тұқымдылардың дәндерінің ерекшелігі, олардың табиғатының екі жақтылығында қоректік ұлпа эндосперм гаметофитке (п) жатады, ұрық жаңа спорофиттің (2п) бастамасы болып табылады, сыртқы қабықпен (спермордермамен) нуцеллус аналық спорофиттің (2п) ұлпасынан пайда болады.
3. Классификациясы. Ашық тұқымдылар 6 класқа бөлінеді. Ол кластар мыналар :
1 класс-тұқымды папоротниктер, немесе лигноптеридопсидтер (Liqnopteridopsida немесе Pteridospermae).
2 класс-саговниктер немесе цикадопсидтер (Cycadopsida)
3 класс-бенетиттер немесе бенеттитопсидтер (Вennettitopsida)
4 класс-гнеталар немесе гнетопсидтер (Gnetopsida)
5 класс-гинкголар немесе гинкгопсидтер (Ginkqoopsida)
6 класс-қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер (Pinopsida).
2
4 МОДУЛЬ. Жабық тұқымды өсімдіктер
Түрлерінің саны 250 мыңнан 350 мыңға дейін болады. Бұл жер бетіндегі қалыптасқан қазіргі жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жайында ерекше басым болып келетін өсімдіктер.
Құрылысы. Спорофиттердің өмірлік формасы – ағаштар, лианалар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. (бір,екі, көп жылдық)вегетативтік органдарының микроскопиялық құрылысы олардың гистологиялық элементтерінің алуан түрлілігі мен ерекшеленеді. Жабық тұқымдылардың өмірінің ұзақтығы әрқилы 2-3 аптадан бірнеше мыңдаған жылдарға дейін созылады. Көп жылдық шөптесін өсімдіктердің жылдың қолайсыз мезгілдерін басынан өткізуге мүмкіндік беретін түрі өзгерген жер асты вегетативтік органдары, түйнектері, баданалары, тамырсабақтылары болады.
Көбеюі. Спорофитте гүлдер пайда болады, оларда микро мегаспоралар жетіледі. Споралы спорофиттерінің ішінде өсіп гаметофиттерге айналады. Аталық гаметофит тозаң екі клеткадан, ал аналық гаметофит ұрық қабы, сегіз клеткадан тұрады. Жыныстық процесстің нәтижесінде тұқым бүрінен дән, гүл түйінінен (жатынан) жеміс пайда болады. Гүлдің құрылысы микро және мегаспорогенез, аталық және аналық гаметофиттердің түзілуі, тозаңдануы мен ұрықтануы.
2. Гүлдің шығу тегі. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүлдің пайда болуының үш түрлі теориясы белгілі. Олардың ішінде ең белгілілерінің бірі Р. Веттштейіннің псевдант (грекше Pseudos) жалған anthos – гүл теориясы. Р. Веттштейіннің тұжырымдауы бойынша ең қарапайым гүлге ие болғандар бір жағында өсімдіктер (Monochlamydeal). Оларға шамшат гүлділер, қайың гүлділер, тал гүлділер жатады. Бұл тұқымдастылардың гүлдері ашық тұқымдылардың стробилдері (бүршіктері шишка) секілді аталық және аналық болып бөлінеді. Әсіресе бір жабынды өсімдіктердің гүлдері ашық тұқымдылардың ішіндегі қылшаның (эфедра) шоғырланған стробилдеріне (соцветия) ұқсас.
Р. Ветштейіннің пікірі бойынша барлық ең қарапайым жабық тұқымдылардың құрылысы қарапайым және бір ғана гүлсерігінен тұрады, немесе гүлсерігі көп жағдайда дара жынысты болады.
3. Стробилярлық теория – (стробиляр – қарағай, шыршаның бүршіктері - шишкалары), немесе эванттық (грекшесі – толық anthons -гүл) басқаша айтқанда толық жетілген гүл деген мағына. Бұл гүлдің пайда болуы туралы гипотезаның авторлары Н. Арбер және Д. Паркине теориясының пайда болуын 1907 жылы мезозойлық қосжынысты. Гүлдер стробилдері бар ашық тұқымдылардың ерекше бір тобының бенетиттердің табылуы себеп болады.
Сырт кескіні мен, тік бұтақталмаған діндерімен, жапырақтарымен бенетиттер пальмаға, көбірек ашық тұқымды саговниктерге ұқсас болған. Бірақ саговниктердің стробилдері дара жынысты. Мөлшері әртүрлі болып келетін бенетиттердің стробилдерінің жақсы жетілгені конус тәрізді өсі болады, оған әртүрлі жапыраққа ұқсас органдары орналасады. Төменнен жоғары қарай жабындық жапырақшалары “гүлсерігі” микроспрофильдері және аналығы (гинецей) орналасады. Микроспорангилері бірігіп біршама күрделірек құрылым микроспаринги түзеді. Аналығы (гинецей) тек микроспорофильдері түсіп қалған (протерандрия) стробильдерінде ғана байқалады. Тұқымбүрі аяқшаның ұшында орналасады және интегументері болады. Екі тұқым жарнағы бар ұрығы жақсы сақталған болады. Эндоспермдерінің болмауы ашық тұқымдыларда мүлдем кездеспейтін құбылыс. Бинетиттердің кейбір ерекшеліктері стробилдерінің қосжынысты болуы, жекелеген бөліктерінің орнласу ерекшелігі өсінің формасы, олардың көп жемістері мен жынысының жақындығы болған деген жорамал айтуға мәжбүр етті. Стробилярлық теория бойынша жабық тұқымдылардың гүліне бенетиттердің стробилдеріне де бастама берген, бізге дейін жетпеген, мезозойдың алғашқы кезеңдерінде өмір сүрген архайлық қосжынысты стробилі бар ашық тұқымды өсімдіктер болған. Мұндай стробилді К. Арбер және Д. Пазкине проангостробил деп атаған. Ол өстен жабынды микроспрофилдерден және мегаспрофилдерден тұрған. Прантостробил жабық тұқымдылардың гүліне барлық бөліктерінің құрылысы мен әсіресе микро және мегаспрофилдермен біршама айырмашылығы болған.
4.Көп ғасырлар бойындағы жабық тұқымдылардың классификациясының тарихын төрт кезеңге бөлуге болады. Утилитарлық систематиканың кезеңі. Классификацияның ең ескі кезеңі бұл кезеңдерде белгілі өсімдіктерді олардың шаруашылығындағы маңызына қарай топтастырған: тамаққа пайдаланатын улы, дәрілік тоқымалық т.бұл ең ұзақ кезең болған.
Табиғи системаның кезеңі алғашқы табиғи системаны 1789 жылы А. Жюссье жариялаған. Ол өсімдіктерді 1-2 белгісі бойынша емес, көптеген жиынтығы белгілерін ескере отырып топтастырған. Ол өсімдіктердің бірнеше органдарының белгілерін топтастырған. Органикалық дүниенің эволюциялық системасын құру принципі. Ч. Дарвиннің “түрлердің шығу тегі” атты еңбегі жарық көргеннен соң қалыптасты. Бұл еңбегінде Ч. Дарвин әртүрлі материалдар негізінде эволюцияның өзін және оны қорғаушы күшін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Т. Дарвиннің эволюциялық бағытта дамуына ескі әдет –ғұрыптармен және метафизикалық кезеңнің қалдықтарымен күресуде маңызы зор.
Филогенетикалық системаның кезеңі Ч. Дарвиннің еңбегінен кейін ғылымда жаңа кезең басталады. Жүз жылға созылған бұл кезеңде жалпы биологиялық масштабтағы эволюциялық морфологияның және жекелеген ғылымның деңгейіндегі осы маңызды мәселелер зерттелді. Дүниежүзінің көптеген елдерінде ондаған филогенетикалық системалар құрылды. Филогенетикалық системаны құрастыруда Б.О.Р. ғылымдарының орны ерекше. Н. И. Кузнецов, Б. М. Козополянский, Н.А. Буш, А.А. Гроссгейм, А.Д. Тахтаджанның системалары жиі қолданылады. Қорыта айтқанда жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөледі.
Жабық тұқымдылардың классификациясы – жабық тұқымдылар қос жарнақты (Dicotyledoneae) және дара жарнақты (Monocotyledoneal) кластарына бөлінеді. бұл кластардың бір – бірінен ажырататын көрнекті белгілерін келтіреміз.
Қос жарнақтылар. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Тамырларының формасы көп жағдайда кіндік тамыр. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды. Сабақтың көлденең кесіндісінде өткізгіш шоқтары ашық көлденең кесіндісінде шеңбердің бойымен орналасады, немесе барлығында бірдей өткізгіш цилиндрі болады. Жапырақтары жәй және күрделі жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.
Дара жарнақтылар. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады. Ұрықтың тамырша біршама ертерек өледі, қосалқы тамырлар пайда болады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз. Тамыр системасы шашақ тамыр. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық. Сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыранқы орналасады. Жапырақтары жай, паралель немесе дара тәрізді жүйкеленген болып келеді. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.
5
Барлығы:
15
Зертханалық жұмыстардың тақырыбы оны орындау және қорғау
Зертханалық жұмыстардың тақырыптары
Сағат саны
1 МОДУЛЬ.
Балдырлар бөлімі
|
Сабақтың мақсаты: 1.Бір клеткалы жасыл балдырлар түрлері.
2. Көп клеткалы және колониялы балдырлар түрлері.
3.Диатомды балдырлар.
Тапсырмалар: 1. Жасыл балдырлар бөлімі.
Жасыл балдырлар және харалар класы Классификациясы. Көбею жолдары Негізгі өкілдері. Маңызы.
2. Диатомдылар бөлімі. Классификациясы. Көбею жолдары. Негізгі өкілдері.
3. Қызыл және қоңыр балдырлар бөлімі. Көбеюуі , негізгі өкілдері және маңызы.
|
4
|
Саңырауқұлақтар бөлімі.
|
Сабақтың мақсаты: Саңырауқұлақтар бөлімінің өкілдерін анықтау. Саңырауқұлақтар кластарының ерекшеліктерімен танысу.
Тапсырмалар:
1.Хитридиялықтар
класы. Классификациясымен, көбею жолдары. Өкілдері.
2.Оомицеттер классы. Классификациясы. Көбею жолдары. Өкілдері.
3. Зигомицеттер класы. Классификациясы. Көбею жолдары Өкілдері. . Табиғаттағы маңызы.
4. Аскомицеттер класы. Классификациясы. Өкілдері. Табиғаттағы маңызы.
5. Базидиомицеттер класы. Классификациясы. Өкілдері. Маңызы.
|
4
|
Қыналар бөлімі
|
Сабақтың мақсаты: Қыналар бөлімінің өкілдерін анықтау. кыналардың кластарының ерекшеліктерімен танысу.
Тапсырмалар: Қыналардың коллекцияларын пайдалана отырып түрлерін анықтау.
|
2
|
2 МОДУЛЬ.
Мүктер бөлімі және қырықбуындар класы.
|
Сабақтың мақсаты: 1.Мүктер бөліміің өкілдерімен танысу.
Тапсырмалар: Мүктер бөлімі.
Бауыр тәрізді мүктер класы және қатарларының
Жапырақсабақты мүктер класы және қатарлары.
Антоцератты мүктер класының өкілдері.
|
4
|
Плаундар және Папоротниктер класы
|
Сабақтың мақсаты: Папоротниктер бөлімінің негізгі өкілдерімен, тіршілік цицклімен танысу. Түрлерін анықтау.
Тапсырмалар: Еркек папоротник, усасыр. Жылантіл папоротник, сальвиния, т. б. түрлерін анықтау
Негізгі биологиялық ерекшеліктері.
Гербарийде берілген жиі кездесетін түрлерді анықтау.
|
3
|
3 МОДУЛЬ. Жалаңаш тұқымдастар бөлімі.
|
Сабақтың мақсаты: Қылқан жапырақтылар қатары және олардың тұқымдастары.
Тапсырмалар: Жалаңаш тұқымдылар бөлімі. 1.Саговниктер класы
2.Бүртүзушілер класы
3. Қабықты тұқымдылар класы Жалаңаш тұқымдылардың негізгі өкілдері олардың морфологиялық құрлыстарын
|
6
|
4 МОДУЛЬ. Жабық тұқымды өсімдіктер
Дара жарнақтылар класы
Қос жарнақтылар класы
|
Сабақтың мақсаты: Дара және қосжарнақтылар кластарына жататын тұқымдастар және олардың өкілдерін анықтағыштарды қолдана отырып анықтау.
Тапсырмалар:
Астық тұқымдасы
Лалагүлділер тұқымдасы
Жуалар тұқымдасы
Құртқашаштар тұқымдасы
1.Алабұталар тұқымдасы
2. Көкнәрлар
3. Крестгүлділер
4. Раушангүлділер
5. Бұршақ тұқымдасы
6. Ерінгүлділер
7. Құлқайырлар
8. Күрделігүлділер
|
7
| Барлығы 30 сағат
5. ОҚУШЫЛАРДЫҢ (СТУДЕНТТЕРДІҢ) ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ (ОӨЖ) ЖӘНЕ ТАҚЫРЫП СҰРАҚТАРЫ
№1 ОӨЖ.Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Балдырлардың клетка құрылысы, көбеюі
Балдырлардың негізгі топтары
Көк – жасыл балдырлар типінің сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Жылтырауық сары балдырлар ( хризомонадалылар ) типінің сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Пирофитті балдырлар типінің сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Эвгленалы балдырлар типінің сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Хлорококты балдырлардың құрылысы, көбеюі, негізгі өкілдері
Улотриксті балдырлардың құрылысы, көбеюі, негізгі өкілдері
Сифонды балдырлардың құрылысы, көбеюі, негізгі өкілдері
Коньюгациялы (тіркеспелі) балдырлар класының сипаттамасы, классификациясы
Хара балдырлар класының сипаттамасы,
Диатомды балдырлар типінің сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Кладофоралы балдырлардың құрылысы, көбеюі, негізгі өкілдері
Қоңыр балдырлар типінің сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Қызыл балдырлар типінің сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Балдырлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Әр түрлі талшықты балдырлар типінің сипаттамасы, классификациясы
Саңырақұлақтардың құрылысы, көбеюі, классификациясы
Архимицеттер класының сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Фикомицеттер класының сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтардың сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Саңырауқұлақтардың экологиясы, табиғаттағы және практикалық маңызы
Холобазидиомицеттер класс тармағының сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Фрагмобазидиомицеттер класс тармағының сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Омицеттер класс тармағының сипаттамасы, классификациясы, филогенезі.
Базидиомицеттер класының сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Қыналардың морфологиялық және анотомиялық құрылысы
Қыналардың систематикасы, филогенезі
Қыналардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Вошериялы балдырлардың құрылысы, көбеюі, негізгі өкілдері.
Жетілмеген саңырауқұлақтар
№2 ОӨЖ . Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер
Антоцераттар класының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Плаунтәрізділер бөлімінің сипаттамасы, классификациясы, экологиясы, филогенезі
Қырықбуынтәрізділер бөлімінің сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Папоротниктәрізділер бөлімінің сипаттамасы, классификациясы, экологиясы, филогенезі
Марсилия тұқымдасының сипаттамасы, өкілдері, экологиясы
Сольвиния тұқымдасының сипаттамасы, өкілдері, экологиясы
Мүктәрізділер бөлімінің сипаттамасы, классификациясы, филогенезі
Бауыртәрізді мүктер класының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Жапырақты мүктер класының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
№3 ОӨЖ . Жалаңаш және ашықтұқымды өсімдіктер
Жалаңаштұқымдылар бөлімінің сипаттамасы
Жалаңаштұқымдылардың көбеюі және дамуы
Саговниктер класының сипаттамасы, негізгі өкілдері, экологиясы, тіршілік формалары
Гнеталар класының сипаттамасы, классификациясы экологиясы, тіршілік формалары
Гинкготәрізділер класы
Қылқанжапырақтылар класс тармағының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы, маңызы
Тисстер тұқымдасының сипаттамасы, экологиясы, негізгі өкілдері
Қарағайлар тұқымдасының сипаттамасы, экологиясы, классификациясы
Балқарағай туысының негізгі өкілдерінің сипаттамасы, экологиясы маңызы
Кедр туысының негізгі өкілдері , сипаттамасы, таралуы және маңызы
Шырша туысының сипаттамасы, негізгі өкілдері, таралуы
СӨЖ №4. Жабықтұқымды өсімдіктер
Шайлар тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Асқабақтар тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Крестгүлділер тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Талдар тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Жабықтұқымды өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері және көбеюі
Примулалар тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Жабықтұқымдылардың шығу тегі
Құлқайырлар тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Жабықтұқымдылардың классификациясы
Сүттігендер тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Қосжарнақтылар класы, оның биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері
Раушантәрізділер класс тармағының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Раушангүлділер тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Бұршақ тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы, маңызы, таралуы
Астық тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Шырмауықтар тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Могнолиялар тұқымдасының сипаттамасы, негізгі өкілдері, экологиясы
Қазтамақтар тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Ерінгүлділер тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Лалагүл тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Могнолия тәрізділер класс тармағының сипаттамасы, классификациясы
Қияқөлеңдер тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Бақажапырақтылар тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Құртқашаш тұқымдасының сипаттамасы, классификациясы, экологиясы
Топ студенттері электронды журналдағы тізім бойынша жоғарыда берілген сұрақтардың ішінен оқытушынығ беруі бойынша 3 сұрақтан орындауы қажет.
6. ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНІҢ ҚАМТУ КЕСТЕСІ
4 кесте
№
|
Оқулық және оқу-әдістемелік Құралдың атауы
|
Саны
|
Студент саны
|
Қамтылу пайызы,%
|
1
|
Силыбаева Б. М., Байгана Ж. А., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Интелект баспасы. 2010.
|
23
|
23
|
100
|
2
|
Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В., Силыбаева Б.М Ботаниканы оқу практикумы; Интелект баспасы.
2012ж.
|
25
|
23
|
100
|
3
|
Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В., Силыбаева Б.М Школьный иллюстрированный определитель цветковых растений.Интелект баспасы. 2008 ж.
|
25
|
23
|
100
|
4
|
Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В.,Нагашбекова Л.А.,. Мукаева Г.Т. Макромицетті саңырауқұлақтарИнтелект баспасы. 2014 ж.
|
25
|
23
|
100
|
7. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҚОРЛАР
7.1.
Негізгі әдебиеттер:
1. Силыбаева Б. М., Байгана Ж. А., Карипбаева Н. Ш., Полевик В. В. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Интелект баспасы. 2010 ж.
2. Карипбаева Н.Ш Полевик В.В Силыбаева Б.М Ботаниканы оқу практикумы; 2012ж.
3. Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В., Силыбаева Б.М Школьный иллюстрированный определитель цветковых растений.Интелект баспасы. 2008 ж.
4. Карипбаева Н.Ш., Полевик В.В.,Нагашбекова Л.А.,. Мукаева Г.Т. Макромицетті саңырауқұлақтарИнтелект баспасы. 2014 ж.
7.2. Қосымша әдебиеттер
1.Комарницкий. Н. А. Кудряшов Л.В. Систематика растений. Просвещение 1975г.
2. Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов П. М. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1 том Қазақ университеті. 2000 жыл.
3. Хржановский. В.Г. Курс общей ботаники. М. Высшая школа. 1976 г.
4. Абдрахманов О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы 1972 жыл.
5. Курс низших растениий Горленко М. В. Высшая школа 1981 год.
6. Систематика высших растений. С. А. Шостаковский. Высшая школа. 1970 год.
7. Жизнь растений. 6 том.
8. Современнная ботаника Мир 1-2 том. 1990ж
9. Красная книга Казахский ССР 2 том.
Достарыңызбен бөлісу: |