БАҒдарламасы өскемен қ., 2016 жыл Мазмұны Паспорт 3 2



бет10/19
Дата09.04.2018
өлшемі5,9 Mb.
#40117
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Жағымды жақтары (S):

  1. мектепке дейінгі мекемеге кезектің қысқаруы, балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуының ұлғайуы;

  2. Апатты жағдайдағы мектептер санының, 3-ауысымда оқытатын мектептердің қысқартылуы, оқушы орындары тапшылығының төмендетілуі;

  3. орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынамалы апробациялау қаржыландырудың жаңа форматына көшуді жеңілдетеді;

  4. өңірдің ТжҚББ жүйесі республиканың жаңа басқару механизмдерін енгізу бойынша тәжірибелік алаңы болып табылады;

  5. өңірдің табысты бастамасы - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау;

  6. өңірдің табысты бастамасы – мүмкіндігі шектелген балаларды қашықтықтан оқыту.

Әлсіз жақтары (W):

  1. мектепке дейінгі ұйымдарда, әсіресе балабақша тобы бойынша кезекке тұрудың сақталуы;

  2. оқу орындарының жаңа модификациялық кабинеттермен, арнайы техникамен және құрал жабдықтармен, заманауи компьютерлік техникалармен жеткілікті түрде жабдықталмауы;

  3. мектепке дейінгі, жалпы білім беру мектеп ұйымдарында педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі, пән әдіскерлерінің тапшылығы, инклюзивті білім беретін мектепке дейінгі педагог мамандардың және шағын жинақты мектептердегі кадрлардың жетіспеушілігі;

  4. шет тілі пәні мұғалімдерінің сапалық құрам көрсеткіштерінің төмендеуі (жасының ұлғайуы, жоғары санатты мұғалімдер қатарының сиреуі);

  5. білім беру ұйымдарының мультимедиялық лингафондық кабинеттермен толықтай жабдықталмауы.

  6. ТжКББ ұйымдарында жатахананың жетіспеушілігі;

  7. ТжКББ ұйымдарында инженер-педагог кадрларының жетіспеушілігі;

  8. білім беру ұйымының жеткіліксіз қаржыландырылуы материалдық және техникалық жабдықтардың тозуына әкеледі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. мемлекеттік-жекелей серіктестіктің аясында апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектеп құрылысын жүргізу;

  2. тәжірибе ретінде білім мекемелеріне билингвальдық және көптілділік бағдарламаларын іске асыру;

  3. e-learning аясында сандық электрондық білім ресурстарын (ЭБР) еңгізу мүмкіншілігі;

  4. мектеп педагогтарының үш деңгейлі оқыту жүйесі бойынша біліктіліктерін арттыру;

  5. облыста жаңадан құрылған кәсіпорындарға ТжКББ түлектерін жұмысқа орналастыру;

  6. ТжКББ жүйесін дамыту мақсатында халықаралық гранттар.

Қатерлер (T):

  1. қолданыс уақытының 45 жылдан астам уақыт болған мектептер санының көптігі;

  2. оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбек ақысының төмендігіне байланысты кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарынан кетуі.

Негізгі проблемалар:



  1. мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орындар тапшылығы;

  2. мектептер ғимараттарының физикалық және моральдік тозуы;

  3. мектептердің материалды-техникалық базасы пәндік кабинеттер және құрылғылармен толық көлемде қамтамасыз етілмеуі;

  4. арнайы білімі бар кадрлар жетіспеушілігі, сондай-ақ аутист балалар үшін мектепке дейінгі топтар ашу проблемасы;

  5. ТжКББ мекемелерінің материалды-техникалық базасы толық көлімде қамтамасыз етілмеуі.

Денсаулық сақтау



2013 - 2015 жылдарға облыстың демографиялық жағдайына төмендегі факторлар әсер етті (9 сурет).

9 сурет – ШҚО бойынша 2012, 2014 жж. орта республикалық деңгеймен салыстырғанда

туу және өлімнің негізгі көрсеткіштері.
Тұрғындар санының табиғи өсу деңгейі 1000 адамға санағанда 2013 жылғы +5,46 көрсеткішінен 2015 жылғы +5,9 дейін көтерілді. Облыс қалаларында өлім көрсеткіші (1000 адамға 10,6) ауылды мекендер көрсеткішінен (10,3) жоғары.

Ең жоғары өлім көрсеткіші Зырян (1000 тұрғынға 16,11), Шемонаиха (15,07), Глубокое аудандарында (14,67) және Риддер қаласында (14,89) тіркелген.

Орта республикалық деңгеймен салыстырғанда облыстағы бала туудың төменгі көрсеткіші халықтың жыныстық-жастық құрамы әсеріне, яғни бала туу жастағы (15 - 49) әйелдердің санына байланысты.

Облыс халқы демографиялық кәріліктің орта деңгейінде (60 және одан жоғары жастағы тұлғалар 15,4 % құрайды).

Өндірістік қалаларда ластанудың жоғары деңгейі, радиобелсенді шөкпелермен ластанған аумақта көп жыл бойы тұру факторы аумақтың экологиясына және халық денсаулығына кері әсер етті. 2015 жылы болжамды өмір ұзақтылығының деңгейі 70,79 құрады, 2013 ж. - 69,49, бұл көрсеткіштер орта республикалық көрсеткіштен біршама төмен - 71,95 (2015 ж.).

Облыста әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және бала туу жастағы әйелдердің денсаулығы мәселесі әлі де өзекті.



Ана өлімінің көрсеткіші 2013 жылғы деңгейде тұрақтанды - 100 000 аман туған нәресте санына 13,4 % құрады (ҚР - 12,8) – 10 сурет.

10 сурет – ҚР және ШҚО бойынша 2013 - 2015 жж. ана және нәресте өлімінің динамикасы

(мекенжайы бойынша, 2015 ж. деректер Медақпарат мәліметі бойынша анықталған).
Ана өлімінің негізгі себептері – жасанды түсіктердің жоғары деңгейі және аурулар (жыныстық жолмен жұқтырылатын аурулар, қаназдық) себебінен акушерлік қан ағу, гестоздар, экстрагенитальді патология. Бұл жағдай әсіресе ауылды мекендерде білікті мамандардың жетіспеушілігі себебінен медициналық қызметтердің жеткіліксіз сапасымен ұлғаяды. 2015 жылы облыс бойынша 3 ана өлімі тіркелді.

Кейінгі жылдары облыс бойынша 1000 аман туғандарға нәресте өлімі көрсеткішінің тұрақты төмендеуі байқалады: 2013 жылғы 13,21-ден 2015 жылы 9,75 дейін, яғни 26,2 % - ға.

Перинаталды кезеңдегі жағдайлар және туа біткен ақаулар нәресте өлімінің негізгі себептері болып табылады. Туа біткен патологиялар ерте кезеңде өткізілген диагностиканың жеткіліксіз деңгейін (туа біткен патологияларды анықтауға жүкті әйелдердің скринингі) және облыстың жалпы қолайсыз экологиялық жағдайын айқындайды.

Сонымен қатар 2013 - 2015 жылдары өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде босандыру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын 86,6 % - ға, бала ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын 74,7 %-ға жақсартуға жағдай туғызды, жүктілік пен босанудың жаңа технологияларын енгізуге, перинаталды көмектің тиімділігін арттыруға ықпал етті.



Облыста туберкулез аурулары 100 мың халық санына 32,2 % төмендеді, бірақ бұл көрсеткіш республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,4 %-ға жоғары (ҚР - 58,5), (11 сурет).



Каталог: assets
assets -> Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының сайттарын толық жетілдіру бойынша жалпы ұсыныстар «Сайтты Интернеттен іздеу»
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет