БАҒдарламасы өскемен қ., 2016 жыл Мазмұны Паспорт 3 2



бет7/19
Дата09.04.2018
өлшемі5,9 Mb.
#40117
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
5 сурет – қала және аудан бөлінісіндегі инвестициялар көлемі, млрд. теңге
Инвестиция көлемі 164,5 млрд. теңге құрайтын Ақтоғай ГОК құрылысы арқылы негізгі капиталда инвестицияның жалпы көлеміндегі ішкі инвестиция үлесі 2015 жылы 49,3 % - ға дейін өсті.

2014 жылы 113 млрд. теңге құнында және 4 мың жұмыс орны құрылуымен «Азия Авто» АҚ «Өскемен қ. толық циклды автозауыттың және автобөлшектердің өндірісі бойынша технопарк құрылысы» жобасы алға шықты, жобаға 10,2 млрд. теңге17 жұмсалды. 1000 адамға жалпы ауданы 20 мың ш. м. құрылыс қалашығы, кеңселік және тұрмыстық үй-жайлары, жатақхана, қоймалар, әлеуметтік инфрақұрылымы салынды. Құрылыс материалдарын өндіру ұйымдастырылды, құрылыс техникасы сатып алынды (80 бірлік).

Толық циклды автозауыттың құрылысына ТЭН мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды18. Жаңа өндірістік кластер
Renault – Nissan – АВТОВАЗ - бен серіктестікте құрылады.

Өскемен қаласына шетелдік инвесторларды тарту мақсатында Халықаралық «Алтай Invest - 2016» инвестициалық форумы өткізілді.


Индустриялық аймақтар

Облыстың экономикасын дамытуын жеделдету және бизнесті жүргізуге жағдайларды қамтамасыз етуін қолдау мақсатында индустриялық аймақтарды құруға жұмыстар өткізілуде.

1. «Өркен - ЖМК» индустриялық аймақ (Өскемен қ., ауданы - 33,5 га). Индустриялық аймақ аумағында электро-, су-, жылумен қамту және көлік инфрақұрылымы нысандары құрылысы, сонымен бірге түсіру аландарымен теміржол тұйығының құрылысы жүзеге асырылуда.

Жоспарланған жоба - газоблоктар өндірісі бойынша цех құрылысы «Дуйсенбай» ЖК (алдын-ала құны 32,4 млн. теңге) алаңы 1 га, 17 жұмыс орындарын ашу жоспарланады.

2. Индустриялық аймақ (Өскемен қ., ауданы - 26,6 га).

Жоспарланған жоба - «Техстройинновация» ЖШС зауыты базальтты жылытқыш шығару бойынша (Чехия компаниясының қатысуымен тартылатын инвестиция көлемі 5 млрд. теңге құрайды. 250 жұмыс орны құрылуы жоспарланған. Геологиялық топография бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі, жобаны қаржыландыру мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілуде).

3. «Өндіріс» бизнесті дамыту индустриялық аймақ (Семей қ.,
ауданы - 92 га). Теміржол тұйығының құрылысы жоспарлануда.

Іске асырылатын жобалар:

1) «Биовторполимер» ЖШС - медициналық жабдықтар мен қалдықтарды кәдеге жарату. Жер телімінің ауданы 1 га. Жобаны іске асырылуға инвестиция көлемі - 20 млн. теңге;

2) «Игеру ШҚ» ЖШС - зауыт жылжымалы темір жол көлігіне тежегіш қалыптарды өндіреді. Жер телімінің ауданы - 0,682 га. Жобаның құны


300 млн. теңге құрайды. Өндірілетін өнімнің сәйкестік сертификациясы жүргізіледі;

3) ТОО «Farrachety & Company» – көбікбетон және ілеспе материалдар өндіру зауыты. Жер телімінің ауданы 1,224 га.

Жоспарланған жобалар:

1) «AGRO PORTAL» ЖШС - кейіннен терең қайта өндеу ет өндіру комбинаты. Жер телімінің ауданы - 68 га.

2) «Игеру ШҚ» - қолданылған автомобиль тетіктерін кәдеге жарату және бастапқы қайта өндеу бойынша зауыт. Жер телімінің ауданы - 1,407 га. Жобаның құны 120 млн. теңге.

3) «Нугманов С.К.» ЖК - құрылыс материалдарын өндіру бойынша шағын зауыт құрылысына (кірпіш, кеспе, метал беті, метал шиферы, ағаш бұйымдарын өндіру) 1 га бөлінген.

Экономиканың басым секторларының ірі инвесторларына сараланған тәсіл қарастырылған шетел және ішкі инвесторларға жаңа ынталандыру есебінен өңірге инвестицияларды тарту бойынша бұдан әрі әрекеті, сондай - ақ, орталық деңгейде инвестициялық омбудсмен ескере отырып, осындай институттар ретінде инвесторлар үшін «бір терезе» іске қосу.

Ұлттық жоспар «100 нақты қадам» шеңберінде жұмыс аймағына бағытталатын болады:



  1. «зәкірлік инвесторлармен» экономиканың басым секторларында бірлескен кәсіпорындар құру;

  2. энергия үнемдеу саласы арқылы танылған халықаралық энергия тетігінің сервистік келісім шарттары аясында стратегиялық инвесторларды тарту;

  3. стратегиялық инвесторларды тарту өндірісін дамыту үшін сүт және сүт өнімдерін өңдеу;

  4. ет өндіру және қайта өндеу өндірісін дамытуға стратегиялық инвесторларды тарту.

Мемлекеттік-жеке серіктестік

Облыстың инвестициялық саясаттын басымды бағыттарының бірі мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту болып табылады.

Облыста 2010 жылы МЖС жобаларын ілгерілету және сүйемелдеу мақсатында «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік жеке серіктестіктің өңірлік орталығы» АҚ құрылған, ол жергілікті МЖС жобаларын және концессияларды кеңестік сүйемелдеу және сараптама жүргізуге уәкілетті.

Облыста 138 млрд. теңге соммасында 22 инвестициялық жоба бойынша жұмыстар өткізілуде. Олардың 11 жобасы бойынша 2015 жылы Өскемен және Семей қалаларында 11 бала бақша салуға және қолдануға концессия бойынша 6,7 млрд. теңгеге шарт жасалды. Өскемен қаласында 3,3 млрд. теңгеге жуық соммаға 240 орынға 5 бала бақша құрылысы бойынша жобалар іске асырылу сатысында.

Екі аурухананың құрылысы мен пайдалануы бойынша ТЭН түзетілуі және конкурстық құжаттама аяқталуда, соның ішінде Өскемен қаласында 34,9 млрд. теңгеге 300 орынға көпсалалы аурухана және 16,2 млрд. теңгеге 200 орынды қалалық балалар ауруханасы. Инвесторлардың инвестициялық шығындарын 100 % шамасында қайтару концессия тетігі бойынша жобалардың іске асырылуы жоспарланған.

Көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы инвестициялық құны 80,1 млрд. теңге болатын 2 көпір өткелдерінің құрылысы бойынша екі ірі жобаның іске асырылуы қарастырылған, соның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында 23,6 млрд. теңге құнындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы мен пайдалануы. «Қазақстанның МЖС» АҚ 2016 жылдың 14 қаңтарда № 1 конкурстық құжаттамаға және жобаның ТЭН оң шешім алынды. Еуропалық Қайта жаңарту және Даму Банкінің қарызы есебінен қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылуда;

Өскемен қаласында Виноградова көшесінің тұсында Өскемен - Таврия автомобиль жолына шығатын Ертіс өзені арқылы 56,5 млрд. теңге құнында өтпелі көпір құрылысы. Жоба бойынша ТЭН жүргізілуде.

Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы саласында 1,2 млрд. теңге тұратын екі жобаның дайындығы өтеді: «Зырян ауданының Зырян қ. орталық жылу көзін қайта жаңарту» (1,1 млрд. теңге) және «Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде 10 мың м3/жыл қатты - тұрмыстық және басқа улы емес қалдықтар полигонының құрылысы».


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. халықтың жоғары білім деңгейі;

  2. инновациялық инфрақұрылым элементтері: жоғары оқу орындары, ҒЗИ, инжинирингтік компаниялардың болуы;

  3. технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің болуы;

  4. ірі кәсіпорындардың бөлімшелері дамыту бойынша техника және технологиялардың болуы;

  5. ғылыми-зерттеу және құрастыру жұмыстары бойынша ірі өндірістік кәсіпорындардың өңірлік институттарымен өзара іс-қимылы;

  6. тікелей шетелдік инвестицияларды қоса алғанда инвестицияның оң динамикасы;

  7. Өскемен және Семей қалаларында индустриялық аймақтардың болуы;

  8. инвесторларға қызмет көрсету орталығының болуы (ИҚО);

  9. мемлекеттік-жеке серіктестіктің өңірлік орталықтын болуы;

  10. жоғары дайындықтағы концессиялық жобалардың болуы.




Әлсіз жақтары (W):

  1. бизнестің төмен инновациялық белсенділігі;

  2. технологияны коммерцияландыру мәдениетінің болмауы;

  3. қолданыстағы заңнама шеңберінде инвесторларды қолдау орталықтарының шектелген мүмкіндіктері;

  4. инвестициялық жобаларда қатысудың «ҰК «ӘКК Ертiс» АҚ шектелген мүмкіндіктері;

  5. сыртқы экономикалық жағдайларға байланысты инновацияны дамытуға бюджеттік шығындардың қысқарылуы;

  6. жұмыс істейтін өңірлік инновациялық жүйесінің болмауы;

  7. өңір аумағында жұмыс істейтін трансұлттық компаниялардың инновацияларды таратудың әлсіз ықпалы;

  8. ескірген сауда түрлерінің төменгі бәсекенің консервациясы;

  9. «Бизнестін жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту біріңғай бағдарламасының мемлекеттік-жеке серіктестік жобалары аясында мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігі жоқ;

  10. өңірлік маңыздылығы бар концессиялық жобаны іске асыратын концессиялықтардың валюталық қаупін сақтандыру тетіктерінің болмауы.

Мүмкіндіктер (O):

    1. аймақтық кластерде инновацияны дамыту үшін ИИДМБ мүмкіндіктерін пайдалану;

    2. Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының 2020 жылға дейінгі концепция мүмкіндіктерін және оның іске асырылу Жол картасын пайдалану;

    3. орталық мемлекеттік органдар байланысының кеңейуі: Инвестиция және даму министрлігімен, инновацияларды дамыту мәселелерінің ТДҰА;

    4. «100 нақты қадам» Ұлттық іс шаралары аясында өндірістің, инвестиция және инновацияның дамуы»;

    5. 2014 жылы инвестициялар туралы заң аясында жаңа ынталандырулар мен институттарын енгізу;

    6. ЕАЭО-ға кіруге байланысты, сыртқы инвесторларды тарту;

    7. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» Заңы аясында мемлекеттік-жеке серіктестік түрінің ұлғайуы.

Қатерлер (T):

    1. әлемдік экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты сыртқы инвесторлардың талғамының өзгеруі.

Негізгі проблемалар:



  1. ғылыми - зерттеу және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға кәсіпорындар шығыны мен бюджеттік шығындарды азайту;

  2. бизнестің инновациялық белсенділігінің төменгі деңгейі;

  3. технологияларды коммерцияландыру мәдениетінің болмауы;

  4. инвестициялар саласындағы қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмегендігі;

  5. өңірлік инновациялық жүйесінің болмауы.

Агроөнеркәсіптік кешен

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының өңірлері арасында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі бойынша 4 - інші орында. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 27,5 % - ға өсті (11 кесте).
11 кесте – Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің динамикасы


Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

млрд. теңге

287,7

294,0

367

3 307/11,1 %

Ауыл шаруашылығы көлемінің индексі

%

108,3

101,9

99,4

103,4

Облыстың жалпы жер аумағы 28,3 млн. га, оның ішінде: ауылшаруашылыққа арналған жерлер - 22,7 млн. га, егістік - 1,4 млн. га (6,2 %).



Ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен 16,8 мың шаруашылық құрылымы (ЖШС және шаруа қожалықтары) және 146,9 мың жеке қосалқы шаруашылық айналысады. Ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі өндірушілері және мал ұстаушылар тұрғындарының шаруашылығы (12 кесте).
12 кесте - ауылшаруашылық құрылымдары мен тұрғындар шаруашылығының жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлеміндегі үлесі және облыс бойынша мал санының үлесі, %





2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

АШҚ

Тұрғындар шаруашылығы

АШҚ

Тұрғындар шаруашылығы

АШҚ

Тұрғындар шаруашылығы

Ет өндіру

45

55

47

53

49

51

Сүт өндіру

26

74

28

72

30

70

Мал басы:



















ІҚМ

38

62

42

58

44

56

Қой мен ешкі

49

51

49

51

51

49

Жылқы

55

45

57

43

59

41

«Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау көлемі 14 млрд. теңгені құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 103 % - ға өсті, бұл ауылшаруашылық құрылымдарының жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлеміндегі үлесін және мал басының үлесін арттыруға мүмкіндік берді. Алайда, тұрғындар шаруашылығының үлес салмағы жоғары деңгейде, бұл саланың ұсақ тауарлы сипатын танытады.



Облыстың ауыл шаруашылығы мал шаруашылығына бағытталған және оның ерекшелігі оның көпсалалығында (6 сурет, 13 кесте).

6 сурет – 2013 - 2015 жылдары мал шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру,

(мың тонна, млн. дана)
13 кесте – 2013 - 2015 жылдардағы мал мен құс саны


Көрсеткіштер атауы

Өлш. бірл.

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Республикадағы үлесі

ІҚМ

мың бас

769,3

802,1

839,4

13,6 %

Қой мен ешкі

мың бас

2 207,2

2 161,5

2 015,7

11,2 %

Жылқы

мың бас

233,7

259

285,6

13,8 %

Шошқа

мың бас

85,2

65,7

64,7

7,3 %

Құс

мың бас

3 242

3 373,8

3 768,9

11,7 %

Марал

мың бас

9,6

9,9

9,8

100 %

Бал ара ұясы

мың бал ара ұясы

65,5

77,8

77,8

68,4 %

Сүтті ірі қара мал шаруашылығы Бородулиха, Глубокое, Зырян, Ұлан және Шемонаиха аудандарында дамыған. Сүт өндірумен 57 тауарлы сүт фермасы айналысады (ТСФ), оларда 14,4 мың бас сиыр ұстайды.

2013 - 2015 жылдарда 5 ТСФ іске қосылды, олардағы сиырлар саны 1,4 мың басқа немесе 8,3 % өсті. 2015 жылдан бастап 37 ТСФ - ны салу және жаңалау жұмыстары басталды.

Етті ірі қара шаруашылығы Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан, Жарма, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарында және Семей қаласында шоғырланған.

Ірі қара малын бордақылау үшін 25,4 мың басқа арналған 78 мал бордақылау алаңы құрылды, онда жылына 4,8 мың тонна сиыр еті өндіріледі. «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру аясында 12 асыл тұқымды репродуктор құрылып, онда 9,2 мыңнан астам асыл тұқымды мал бар.

Қой шаруашылығы облыстың құрғақ дала және жартылай шөлейт аймақтарында дамыған. Қой мен ешкінің негізгі саны (80 % - дан астамы) Тарбағатай, Аягөз, Үржар, Абай, Жарма, Күршім, Зайсан аудандарында және Семей қаласында шоғырланған. Соңғы 3 жылда оның саны 9,5 % - ға көбейді.

Жылқы шаруашылығы. Жылқы саны біртіндеп өсіп келеді. Оларды өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтар құрылуда. Облыста өсірілген жылқыларға басқа аймақтардан сұраныс бар. Абай, Үржар, Катонқарағай, Ұлан, Күршім аудандарында және Семей қаласының шаруашылықтарында қымыз өндіру қолға алынып, қымызды ыдыстарға құйып сату үшін цехтар ашылуда. 2013 - 2015 жылдары асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 29 - дан 79 - ға жетті. Асыл тұқымды жылқылардың үлес салмағы 9,8 % құрады.

Шошқа шаруашылығы. 2013 - 2015 жылдары шошқа санының 20,5 мың басқа азайғаны байқалады. Негізгі себеп – саланың шығыны жоғары және тиімділігі төмен.

Құс шаруашылығы. Облыста етті бағыттағы 3 құс фабрикасы жұмыс істейді. Өнім өндіру бойынша оң серпіні бар.

Бал ара шаруашылығы Катонқарағай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Күршім, Үржар, Ұлан, Бородулиха аудандарында дамыған. Саланы дамыту үшін асыл тұқымды бал ара өсірушілерге облыстық бюджеттен 79,4 млн. теңге субсидия бөлінді, бұл бал өндіруді тұрақты арттыруға мүмкіндік берді (14 кесте).


14 кесте – Бал ара шаруашылығын дамыту серпіні





Өлш. бірл.

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Асыл тұқымды бал ара шаруашылықтарының саны

бірл.

55

64

64

Бал ара ұяларының саны

мың ұя

65,5

77,8

77,84

Бал өндіру

тонна

1304

1415

1480

Субсидиялау көлемі

млн. теңге

26,7

26

26,7

Марал өсіру шаруашылығы. 10 мыңға жуық марал мен теңбіл бұғы Катонқарағай (негізгі саны), Зырян, Көкпекті, Күршім, Ұлан және Зайсан аудандарының шаруашылықтарында өсіріледі. 2015 жылы марал шаруашылығын субсидиялауға областық бюджеттен 46,9 млн. теңге бөлінді.

Панты препараттарымен емдеу барлық ірі марал шаруашылықтарында және облыс орталықтарындағы санаторий-профилакторилерде енгізілген. Марал пантысы, еті, ішкі секреция бездерінің негізінде емдік өнімдердің
40 - тан астам түрін шығару игерілді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

Мал шаруашылығының асыл тұқымды қорын 236 шаруашылық субъектісі жасап отыр. Оның 2-нің асыл тұқымды зауыт мәртебесі және


234 - тің асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі бар, оның ішінде қой шаруашылығында - 83, жылқы шаруашылығында - 74, бал ара шаруашылығында - 64, марал шаруашылығында және бұғы
шаруашылығында - 10, құс шаруашылығында - 3. Үш дистрибьютерлік орталық жұмыс істейді.
Өсімдік шаруашылығы. Егістік құрылымында дәнді және дәнді бұршақ дақылдары - 45 %, күнбағыс - 30 % алады. Республикада өндірілетін күнбағыстың 57%-ы облыста өндіріледі (15 кесте). Негізгі дәнді дақыл өсіретін Бородулиха, Глубокое, Зырян және Шемонаиха аудандары болып саналады.
15 кесте – Өсімдік шаруашылығының даму серпіні

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру:
















Дәнді дақылдар

мың тонна

817

713

646,7

18 251/35 %

Күнбағыс

мың тонна

309

278

301,7

534/57 %

Картоп

мың тонна

442

459

453

3 521/13 %

Көкөніс

мың тонна

228

243

232

3 565/6,5 %

2015 жылы облыс бойынша егін шығымдылығының төмендеуі қолайсыз климаттық жағдайларға (құрғақшылық) байланысты болды. Соған қарамастан облыстың көптеген өңірлері салыстырмалы түрде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді: Риддер - 22,9 ц/га, Зайсан - 20,5 ц/га, Зырян - 17 ц/га,


Глубокое -16,4 ц/га, Катонқарағай - 14,6 ц/га, Шемонаиха - 12,5 ц/га (16 кесте).
16 кесте–ауыл шаруашылығы дақылдарының шығындылық серпіні


Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚР

а/ш дақылдарының орташа шығымдылығы:
















Дәнді дақылдар

цен/га

14,7

13,0

11,3

12,5

Майлы дақылдар

цен/га

8,1

7,8

8,7

8,1

Картоп

цен/га

184

191

188,3

185,5

Көкөніс

цен/га

253

261

256,6

245,8

2013 - 2015 жылдары егіс алқаптары 1 293,7 мың гектардан 1 287,2 мың гектарға немесе 0,5 % - ға кеміді, ылғал сақтау технологиясы бойынша өсірілетін алқап 24,7 % - ға артты, олардың жалпы дәнді дақылдар егістігіндегі үлес салмағы 40 % құрайды.

Облыста 200 мың гектардан астам суармалы жер бар, оның 79 мың га пайдаланылады. 121,7 мың га пайдаланылмайтын суармалы алқапты қалпына келтіру және айналымға енгізу шаралары белгіленіп отыр.

Суарудың жаңбырлатып және тамшылатып суару сияқты озық тәсілдері қолданыла бастады. Жаңбырлатып суарылатын аумақ 2015 жылы 8 000 га, тамшылатып суару аумағы 950 га құрады, соңғы 3 жылда өсім тиісінше 1,7 және 2,5 есе болды.

41 тұқым өсіру шаруашылығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 шаруашылық - бірегей тұқым өндiрушi (оригинатор),
7 шаруашылық - асыл тұқым өндiрушi (элиттұқымшар), 32 шаруашылық
1, 2 және 3 көбейтілген тұқым өндiрушi мәртебесін алған. 2015 жылы 1 және
2 сыныпты тұқым көлемі 87 % құрады.

Машина-трактор паркін жаңарту бағытында жұмыстар жүргізілді, себебі техниканың 80 % - дың пайдалану мерзімі өтіп, тозған. 2015 жылы ауылшаруашылық құрылымдары 5 243 млн. теңгеге 1 008 бірлік техника сатып алды, оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 4 386 млн. теңгеге 798 бірлік техника алынды. Жаңартудың орташа пайызы 5,4 %, норматив бойынша - 10 %.

Ауылшаруашылық техникасын жаңарту қарқынын арттыру үшін оны жаңарту бойынша 2014 - 2017 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді, 25,5 млрд. теңгеге 3 590 бірлік жаңа техника сатып алу жоспарланып отыр.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Мықты жақтары (S):

  1. өндірістік әлеуеттің болуы:

ауылшаруашылық жерлердің болуы,

ауылшаруашылық малдардың болуы:

(облыстареспубликадағы ірі қара малының 13,6 %,жылқының 13,8 % және қой мен ешкінің 11,2 % шоғырланған);

республикадағы жетекші позициялар: сүт, майлы күнбағыс, бал және панты (1 орын), ет және картоп өндіру бойынша 3 орын;



  1. ауылшаруашылық өндірісінің тұрақты өсуі;

  2. май, сүт және ет өнімдерін, оның ішінде құс етін қайта өңдейтін ірі кәсіпорындардың болуы;

  3. облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн сияқты негізгі тамақ өнімдерімен толық қамтамасыз етілуі.

Әлсіз жақтары (W):

  1. ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарының тозуы;

  2. суармалы егіншілік тиімділігінің төмендігі;

  3. асыл тұқымды мал үлесінің төмендігі;

  4. мал азығының жеткіліксіздігі;

  5. ауыл шаруашылығы өндірісінде заманауи инфрақұрылымның жеткілікті дамымағаны;

  6. дайындау ұйымдары торабының әлсіздігі;

  7. қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік жүктелімінің жеткіліксіздігі;

  8. өндірістің ұсақ тауарлығы;

  9. АӨК-де білікті кадрлардың тапшылығы;

  10. кепілдік мүліктің аздығынан инвестиция тарту деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. АӨК әлеуетін толық пайдалану:

заманауи тауарлы сүт фермаларын дамыту, халықтан сүт жинауды ұйымдастыру және сүт өнеркәсібіндегі өндіріс жүктелімін арттыру;

ГТҚ жаңалау есебінен суармалы жерлер аумағын кеңейту;

өндіріске жаңа озық технологияларды енгізу;


  1. өндірісті жетілдіру және жаңа инновациялық жобаларды іске асыру есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру;

  2. ауылшаруашылық техникасы паркін барынша жаңалау;

  3. етті және сүтті ірі қара мал өнімінің, бал ара шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін көтеру;

  4. аөк субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жолымен ауылшаруашылық өндірісін ірілендіру;

  5. дайындау ұйымдары торабын дамыту;

  6. суармалы егіншілікті дамыту үшін жер мен су ресурстарының болуы;

  7. сүт және сүт өнімдерін өндіруді, ет өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту.

Қатерлер (T):

  1. аграрлық саланың өзіне тән тәуекелдерінің артуы: қолайсыз климат жағдайы, апаттар, жануарлардың аса қауіпті ауруларының өршуі;

  2. жұмыс күшінің ауылдан қалаға жаппай көшуі;

  3. Қазақстан Республикасының БЭК және ІСҰ-ға кіруі аясында агроөнеркәсіп нарығында бәсекелестіктің күшеюі.

Негізгі проблемалар:



  1. өндірістің ұсақ тауарлығы, мал шаруашылығы өнімі өндірісінің жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы;

  2. асыл тұқымды мал үлесінің төмендігі;

  3. мал азығы қорының жеткіліксіздігі;

  4. жүн және тері шикізатын дайындау және өңдеу бойынша дамыған инфрақұрылымыныңболмауы, жүн өңдеуге сұраныстың жоқтығы;

  5. дамыған өндірістік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі;

  6. дайындау ұйымдары тораптарының дамымағаны және оның тиімділігінің төмендігі;

  7. ұсақ субъектілердің кредиттік ресурстарға қол жетімділігінің төмендігі, көптеген ауылшаруашылық тауарын өндірушілерде негізгі және айналым қаражатының жетіспеушілігі;

  8. қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік жүктелімінің жеткіліксіздігі және нарықтасол өнімге ұқсас импорттық өнімнің болуына байланысты өнімді өткізу мүмкіндігінің аздығы;

  9. машина-трактор паркінің тиісті деңгейде техникалық жарақталмауы;

  10. өндіріске жаңа озық технологияларды енгізудің әлсіздігі;

  11. ауыл халқының, оның ішінде білікті кадрлардың ауылдан қалаға көшуі салдарынан кадрлардың тапшылығы.

Ветеринария

Шығыс Қазақстан аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулар бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты. Аусыл ауруы шыққан ошақтарға сәйкесінше барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бірдейлендіру нөмірлерін алу және ветеринариялық төл құжаттарды берумен қатар арнайы дерекқор базасына енгізу жұмыстары жүргізілуде (17 кесте).


17 кесте – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректері бойынша,бас


Жануардың түрі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

Ірі қара мал

232 049

313 209

243 527

264 653

240 579

394 300

Мүйізді ұсақ мал

743 913

1 046 223

711 824

713 721

655 820

633 075

Каталог: assets
assets -> Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік органдарының сайттарын толық жетілдіру бойынша жалпы ұсыныстар «Сайтты Интернеттен іздеу»
assets -> Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме
assets -> «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Рабочая программа дисциплины дв3 История сервиса
assets -> 4. История фармации. Фармация в период Возрождения и Нового времени
assets -> 8 сынып оқушыларының Тәуелсіздік Күніне арналған кәсіби бағыт бағдар бойынша қалалық олимпиада туры №1 тапсырма
assets -> «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет