БАҒдарламасы өскемен қ., 2017 жыл Мазмұны Паспорт 4 2



бет3/6
Дата27.05.2018
өлшемі4,85 Mb.
#41000
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Саланың проблемалары:



  1. заманауи сауда форматтарының төмен үлесі;

  2. жеке айналым қаражаттардың, ШОБ субъектілерінде кепілдік мүліктің жеткіліксіздігі;

  3. ауылдық жерлерде ШОБ дамуының жеткіліксіз деңгейі;

  4. кәсіпкерлердің нашар теориялық дайындығы;

  5. аймақтың ШОБ өкілдерінің мамандығы мен қоғамдастығының жеткіліксіздігі.

Өңіраралық ынтымақтастық

Облыс экономикасы дамуының маңызды бағыттарының бірі инвестицияларды үйлестіре және тарта отырып, Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастықты кеңейту және бірігу, бизнес аясын кеңейту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Облыстың өңіраралық ынтымақтастығының негізгі бағыттары болып табылады:

1) машина жасау:

 автомобиль құрылысы – Қазақстанның барлық өңірлеріне жеңіл және жүк автомобильдерінің әртүрлі маркаларын жеткізу;

 ауыл шаруашылық машина жасау – Қазақстанның барлық өңірлеріне ауыл шаруашылық техникасын жеткізу;

2) Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарының машина жасау қажеттілігі үшін металлургия өнімдерін жеткізу;

3) курорттық-рекреациялық қызметтерді ұсыну, соның ішінде облыстың ең маңызды алты рекреациялық аймақтарының әлеуетін пайдалану: солтүстік-шығыс (Белуха), шығыс (Марқакөл), солтүстік (Риддер), батыс (Семей), орталық (Бұқтырма су қоймасы, Сібе, Дұбығалы көлдері), оңтүстік (Алакөл) – негізінде Алматы қаласы, Алматы және Павлодар облыстарының тұрғындары үшін.

Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары арасындағы ынтымақтастық және өңіраралық байланыстарды кеңейту туралы келісім негізінде энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау, медицина, көлік тасымалдау, білім беру салаларында өзара ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының өңіраралық ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру жүзеге асырылуда.

2016 жылы облыста әртүрлі көздерден сатып алынған тауарлардың көлемі 107,3 млрд. теңгені құрады, соның ішінде сатып алынды:



  1. облыстың заңды тұлғаларынан-резиденттерінен – 21,3 млрд. теңге немесе жалпы көлемінен 19,9 %;

  2. басқа облыстардың заңды тұлғаларынан-резиденттерінен – 55,5 млрд. теңге немесе 51,7 %;

  3. импорт бойынша – 30,4 млрд. теңге немесе 28,4 %.

Экономикалық өсу нүктесін дамыту

Аумақтық-кеңістік қатынаста халықтың өмір сүру сапасының тұрақты дамуын және көтерілуін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасының негізгі ережелерін, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, сондай-ақ жергілікті деңгейде әзірленген құжаттарды ескерумен дамуда.

2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында экономикалық өсу нүктелерінде тұрғындар мен капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасалынады.

Негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сүйене отырып осындай аумақтар («өсу нүктесі») Өскемен қаласы – облыс орталығы және Орталық-Шығыс макроөңірдің тірек қалаларының бірі, облыстық маңызы бар Семей қаласы, моноқалалар (Риддер, Курчатов, Зырян, Серебрянск), шағын қалалар (Аягөз, Зайсан, Шемонаиха, Шар), аудандардың әкімшілік орталықтары және тірек ауылдық елді мекендері болып табылады (23 кесте).

23 кесте – Экономикалық өсу нүктелерін дамытудың қысқаша сипаты және келешегі







Халық саны (мың адам) 2017 жылдың 1 қыркүйегі

не


Ағымдағы жағдай

Бәсекелестік артықшылықтар

Даму келешегі

«Екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталығы және облыстық манызы бар қалалар)

Өскемен қаласы

340,0

Облыстың өнеркәсіп өндірісінің 60 % шоғырланған: түсті металлургияның, машина жасау, тамақ өндірісінің ірі кәсіпорындары

Қытай мен Ресейге аумақтық жақындығы, нақты сектор үшін жоғары санаттағы мамандардың болуы, инновациялық инфрақұрылымның болуы, дамыған көлік инфрақұрылымы

Хаб-қаласы ретінде дамыту – Орталық-Шығыс макроөңірдің тірек қаңқасы («Өскемен – Семей – Павлодар» атожолдардағы өңіраралық желісінің жобаларын іске асыру). «Астана – Павлодар – Қалбатау-Өскемен» бағыты бойынша «Орталық-Шығыс» жобасы өңір мен орталықты байланыстырады. РФ – ҚХР және РФ –оңтүстік ҚР бағыттары бойынша автомобиль жолдарын дамыту арқылы транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту

Семей қаласы

346,4

Қалаға 14 ауылдық және кенттік округтер жатады, олар 34 ауылдық және кенттік елді мекендерді біріктіреді.

  1. аумақ бойынша Омск – Майқапшағай магистральды автокөлік дәлізі өтеді;

  2. алтынды кенді өндіру және қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың болуы;

  3. ірі нарықтарға – өнімдерді импорттаушыларға жақындығы (Ресей, Қытай);

  4. АӨК-де әлеуеттің болуы;

  5. Шүлбі су қоймасының болуы.

Қаланы дамыту келешегі тау-кен металлургия кешені, машина жасау және құрылыс индустриясы, АӨК және туризммен байланысты

«Үшінші деңгейдегі» қалалар (моно, шағын қалалар)

Риддер қаласы

57,6

Мамандандыру: металлургия және тау-кен өндіру индустриясы (облыстағы өнеркәсіп көлемі бойынша 3-ші орын). «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, «Защита-Лениногор» темір жол торабы» автомагистралінде орналасқан

Өскемен қаласының әсер ететін аймағында орналасқаны, тау-кен өндіру кешені үшін ілеспелі өндірісі, туристік әлеуетінің болуы

Қаланы дамыту келешегі:

1) «Қазмырыш» ЖШС кен базасын дамытумен («Риддер-Сокольский», «Тишинский», «Шубинский» үш жұмыс істеп тұрған кен орындарын әзірлеу);

2) еңбекке жарамды тұрғындарды ҚР өңірлеріндегі жұмыс күші мол аймақтан көшірумен;

3) қысқы туризм мен спорт түрлерін дамытумен байланысты.



Курчатов қаласы

12,4

Қазақстанның атом ғылымын дамыту орталығы. «ҚР ұлттық ядролық орталығы» РМК қала құрушы кәсіпорны және олардың филиалдары жұмыс істейді, онда 1,7 мың адам немесе экономикалық белсенді тұрғыннан 23,3 % адам жұмысқа тартылған.

Инновациялық инфрақұрылымның және жоғары білікті кадрлардың бар болуы.

Қаланың даму келешегі ғылыми кластерін, кешенді дозиметрия және радиоактивті қалдықтар мен иондаушы сәулелену көздерін өңдеу орталығын құрумен, сондай-ақ құрылыс материалдар өндірісін ұйымдастырумен байланысты.

Зырян қаласы

36,4

Защита-Зырян темір жол торабы, Өскемен - Зырян - Рахман қайнары республикалық маңызы бар автомагистралі өтеді

Дамыған тау-кен металлургия кешені мен ауыл шаруашылығы әлеуетінің бар болуы

Қаланың даму келешегі «Қазмырыш» ЖШС шикізат базасын толықтырумен; су энерготехникасын дамытумен, қысқы спорт және туризм түрлерін және кәдесый өнімдер өндірісін дамытумен байланысты

Серебрянск қаласы

8,7

Защита-Зырян теміржол торабы өтеді

Қаланың Бұқтырма су қоймасының маңында орналасуы және дамыған суэнергетикалық кешенінің бар болуы

Қаланың даму келешектері химия өнеркәсібін, құрылыс индустриясы мен туризмды дамытумен байланысты

Зайсан қаласы

15,9

Аумақ бойынша «Омск-Майқапшағай» автомагистралінде орналасқан. Қытай жағында Зимунай елді мекені – шекаралас сауданың орталығы орналасқан.

Табиғи қорлардың болуы (газ, мұнай, көмір, минералды су) және ауыл шаруашылық жер-сулары болуы, шекараны асып өтетін қытай шекарасының жақындығы.

Қаланың даму келешегі мұнай және газ кен орындарын әрі қарай игерумен, агроөнеркәсіптік кешен мен сауда логистикалық қызметін дамытумен байланысты

Аягөз қаласы

38,3

Қала Өскемен - Алматы автомобиль және теміржол торабында орналасқан. Өңірдің орталығында стратегиялық ұтымды географиялық орналасуы, іргелес аудандардың ауылдары үшін сауда, қызмет және көлік орталығы.

Дамыған көліктік инфрақұрылым, ауыл шаруашылық және азық-түлік салаларын дамыту үшін әлеует, сондай-ақ құрылыс материалдарын дайындау, тұрғындар құрылымында жоғары жастар үлесі болып табылады

Қаланың даму келешегі сауда-логистикалық қызметін, құрылыс саласын (мәрмәр ұнтағын өндіру) және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді (ет комбинаты, сүт өндіру) дамытумен байланысты.

Шар қаласы

6,9

Қала республикалық маңызы бар автомобиль және темір жолдардың бойында орналасқан.

Дамыған көлік инфрақұрылымы, Семей және Өскемен қалаларына жақындығы, құрылыс индустриясының бар болуы.

Қаланың даму келешегі теміржол тасымалдауларына жөндеу қызмет көрсету бойынша секторды кеңейтумен, жел энергетика әлеуетін пайдаланумен, минералды-шикізат қорларын игерумен байланысты

Шемонаиха қаласы

18,1

Қалада ірі теміржол стансасы бар, сол арқылы Семей және Ресей Федерациясы бағыты бойынша республикалық маңызы бар автожолдар өтеді.

Географиялық орналасуы экономикалық ұтымды; өнімдерді өткізетін ірі нарықтардың жақындығы (Өскемен, Семей қалалары және Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің шекаралас аудандары), шикізат базасын кеңейту мүмкіндігімен ТКМК бар болуы

Қаланың даму келешегі көліктік-логистика қызметін, тау-кен өндіру саласын, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік тағамдарын дамытумен байланысты.

Ауылдық аумақтар

Ауылдар мен кенттер

541,1

Ауыл халқының саны 541,1 мың адамды құрайды. Барлық АЕМ (741) санынан жоғары даму әлеуетімен – 84 АЕМ, орташа – 588, төмен – 80.

11 ауылдық аудан орталықтары, 31 тірек ауылдар, 239 ауылдық округтер орталығы. АЕМ адам саны 1000 аз – 583 бірлік, онда облыстың 31,8 % ауыл тұрғындары тұрады.



Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін шешу әртүрлі бағдарламалық құжаттардың шеңберінде қарастырылған. Тірек ауылдарын, аудан орталықтарын және ауылдық округтерді дамыту тәжірибесі бар.

Ауылдық аумақтарды дамыту келесі бағыттары бойынша іске асады:

1) аудан орталықтары мен тірек АЕМ дамыту;

2) ауылдық округтер орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту;

3) жоғары және орташа даму әлеуеті бар басқа АЕМ дамыту;

4) ауылдық жерлерде кадр әлеуетін арттыру;

5) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту.


Экономикалық өсу нүктелерін дамытудың негізгі мақсаты қалалар мен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау, жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендердің санын арттыру болып табылады.

Мақсатқа қол жеткізу үшін өндірісті, ауыл шаруашылығын, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, көлікке қолжетімділікті дамыту және мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын құру қарастырылған.

Резервтерді талдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, нақты секторды дамытуға инвестиция көлемін ұлғайту бойынша мүмкіндіктер іздестірілуде.


Моноқалаларды дамыту

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында Зырян және Серебрянск, Риддер және Курчатов қалаларына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.

Моноқалаларда экономиканы әртараптандыру мақсатында жалпы 15,6 млрд. теңге инвестиция көлемімен 5 «зәкірлі» инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылған, оның ішінде 1 Риддер қ. құны 200 млн. теңге болатын «Тау-кен кәсіпорынның өндірісін әртараптандыру» жоба іске асырылды.

Іске асу сатысында Зырян қ. құны 11,6 млрд. теңге болатын «Су энергетика кешенін салу» 1 жобасы тұр.

Құжаттарды ресімдеу және әртүрлі рәсімдерден өту сатысында 3 жоба тұр:


  1. Курчатов қаласында «Кальций гидроксидін шығару бойынша өндірісті жаңарту», құны 1,1 млрд. теңге.

  2. Зырян қаласында «Алтын және күміс өндеу бойынша фабрика құрылысы», құны 3,5 млрд. теңге;

  3. «Риддер қаласында ағаштан бұйымдар шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру», құны 750,0 млн. теңге.

2016 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі Риддер қаласында 112,1 млрд. теңгені (НКИ – 125,8 %), Курчатов – 2,7 млрд. теңгені (НКИ – 111,3 %), Зырян – 6,8 млрд. теңгені (НКИ – 100,1 %), Серебрянск – 3,9 млрд. теңгені
(НКИ – 100,1 %) құрады.

Аягөз, Зайсан, Шар, Шемонаиха шағын қалаларының экономикасын дамыту және әртараптандыру мақсатында 8 зәкірлі инвестициялық жобаларды іске асыру қарастырылған:

- Аягөз қаласында құны 9,1 млрд. теңгеге «Мал сою цехын және бордақылау аланының құрылысы» және құны 1,3 млрд. теңгеге «Аягөз құрылыс материалдар комбинатының құрылысы»;

- Зайсан қаласында құны 3,6 млрд. теңгеге «Шыны өндірісі бойынша зауыт құрылысы» және құны 749,0 млн. теңгеге «15 гектар жерге жылыжай кешенінің құрылысы»;

- Шар қаласында құны 23 млрд. теңгеге «Қазақцемент» ЖШС цемент зауытының маңында электр энергия қуаты жылына 35 мВт жел электр қондырғылардың жел паркін салу» және құны 5 млрд. теңгеге «Жылына 90 мың тонна өнім қуатымен әк ұнтағын өндіру бойынша зауыттың құрылысы»;

- Шемонаиха қаласында құны 5,6 млрд. теңгеге «Артемьев кеніші шахтасының екінші оқпанының құрылысы» және құны 587,0 млн. теңгеге «Шекара маңындағы ынтымақтастық үшін көлік-логистикалық орталығының, агроөнеркәсіптік нысандарының құрылысы».

Моноқалалар мен шағын қалалардың экономикасын дамыту және әртараптандыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары «Нұрлы Жол», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» және «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылады.

2013-2015 жылдары ішінде тірек ауылдарды, аудан орталықтарды және ауылдық округтер орталықтарын дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған Кешенді жоспарларын іске асыру шеңберінде халықтың экономикалық белсенділігі, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жүзеге асырылған. «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты Кешенді дамыту жоспарлары облыстың, қалалар мен аудандардың


2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламаларының іс-шаралар жоспарына біріктірілген.
Шекара маңындағы аумақтар

Шекара маңындағы аумақтарға Риддер қаласы, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар және Шемонаиха аудандары жатады, онда 365,4 мың адам немесе жалпы облыс тұрғындар санынан 26,3 % тұрады. 2016 жылы шекара маңындағы аудандарда халықтың саны 2014 жылға қарағанда 11228 адамға немесе 3 %-ға азайды.

Барлық шекара маңындағы өңірлерде халық саны орташа алғанда Риддер қ. 0,4 %-дан Катонқарағай ауданында 6,1 %-ға дейін төмендеу байқалады.

2016 жылы бала туу көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда орташа алғанда 2-3 %-ға төмендеген, Тарбағатай ауданынан басқа барлық шекара маңындағы аудандарда төмендеу байқалады. Шекара маңындағы аудандарда халық санының азаю себебі табиғи кему және тұрғындардың қалаларға және облыстың басқа өңірлеріне көшіп-қонуы болып табылады.

Шекара маңындағы аудандарда халық санын көбейту мақсатында шекара маңындағы мемлекеттермен сауда бойынша ынтымақтастық шаралары қолданылуда, бұл өз кезегінде өңірлерде экономиканың қосымша дамуына серпін береді. Осыған байланысты, ұзақ мерзімді дамудың негізгі басымды бағыты өсіп келе жатқан тауар айналымын қанағаттандыру үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымның кеңеюі болып табылады.

«ШҚО Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы мен пайдалануы» жобасы паромды өткелдерін алмастырады, аталған өңірдің көлік проблемаларын шешуге ықпал етеді, пайдалы қазбалардың резервті кен орындарын игеруге қолжетімділікті қамтамасыз етеді және келешекте Бұқтырма су қоймасына іргелес аудандардың экономикасы дамуына серпін береді.

Сондай-ақ, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Ресей Федерациясының Алтай Республикасы арасындағы келісім бойынша Қазақстан Республикасы жағынан «Өскемен қ. – Риддер қ. – Ресей Федерациясының шекарасы» және Ресей Федерациясы жағынан
«Черга – Беш-Озек – Усть-Кан – Талда – Карагай – Қазақстан Республикасы шекарасы» бағыты бойынша автомобиль жолының жобасы іске асырылуда.

Темір жол көлігі мен тауар тасымалдау саласын дамытуға


«Аягөз – Бахты» бағыты бойынша темір жол құрылысы қарастырылуда. Қазіргі таңда жасалған меморандумның шеңберінде Синьцзян темір жолдары жобалау-іздестіру институты (ҚХР, Үрімші қ.) «Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен (Қазақстан, Алматы қ.) бірлесіп құрылыс бойынша учаскені зерттеп жатыр.

Шекара маңындағы аудандардың туристтік саланы дамыту мүмкіндіктерін пайдалану бойынша жоғары әлеуетін атап кеткен жөн.

Сондай-ақ, Риддер қаласында Кенді Алтайдың негізгі табиғи көрікті жерлері шоғырланған, бұл тек Қазақстан, ТМД елдерін ғана емес, сонымен бірге алыс шетелдегі көптеген туристерді де тартады. Қатонқарағай ауданында мемлекеттік ұлттық табиғи парк, «Рахман қайнары» шипажайы, мүйізбен емдеу емханасы және тарихи көрікті жерлері, сонымен бірге Берель жер қорымы бар. Күршім ауданында Maрқакөл ұлттық қорығы мен Марқакөл көлі бар.

Шекара маңындағы аудандарды ілгерілеу мақсатында облыстың шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген, онда шекара маңындағы аудандардың экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды қолдау бойынша іс-шаралар мен жобалар, табиғатты қорғау іс-шаралары және трансшекаралық өзендерді пайдалану, туристік инфрақұрылымды салу, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, жұмыспен қамту қарастырылады.


SWOT – саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. қалаларда:

 білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және демалыс саласында қызмет көрсетудің жоғары деңгейі;

 халықтың табиғи және көші-қон өсімінің оң көрсеткіші;

 шағын және орта бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдайлар;

 кадрлық базаның болуы.



  1. ауылдық елді мекендерде:

 ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақ-климаттық жағдайлар, бұл ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі болып табылады;

 көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасқан жері.



Әлсіз жақтары (W):

  1. қалаларда:

 автомобиль жолдарының, тұрғын үй қоры, инженерлік желілердің жоғары тозуы;

 қалалардың ішінде тиімсіз көлік инфрақұрылымы (көліктің көбеюі);

 жағымсыз экологиялық жағдай;

 қалаларда жасыл және рекреациялық аймақтардың жеткіліксіз деңгейде дамуы.

2) ауылдық елді мекендерде:

 әлеуметтік инфрақұрылым нысандар желісінің жеткіліксіз даму деңгейі, алыстағы ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым нысандары жоқ немесе қолжетімділік қиындаған;

 халықтың жан басына шаққанда табыстарды әркелкі бөлу;

 ауылдық аудандарда адам әлеуетінің деңгейін төмендететін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне ауыл тұрғындарының әркелкі қолжетімділігі.



Мүмкіндіктер (O):

1) қалаларда:

 көптеген және әртараптандырылған еңбек нарығын қалыптастыру;

 «инфрақұрылымдық әсерін» (көлік кешені, ақпараттық коммуникациялар) құру.

2) ауылдық елді мекендерде:

 жұмыс істеп жүрген білім саласындағы мамандарды және медициналық кадрларды жұмыс орындарына ұзақ мерзімге орнықтыру және жас мамандарды тарту үшін жүйелі шараларды әзірлеу, соның ішінде ауылдық елді мекендерде;

 тірек және басқа ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту;

 туристік саланы және шекарааралық сауданы дамыту, жаңадан келген халыққа жер телімдерін беру.



Қатерлер (T):

1) қалаларда:

 біліктілігі төмен еңбек ресурстарының бақыланбайтын жаппай келуі «жалған урбанизация»;

 тұрғын-үй жетіспеушілігі;

 жоғары жұмыссыздық;

 қалалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға жүктеме;

 қала шеттерінде бақылаусыз құрылыс.

2) ауылдық елді мекендерде:

 халық санының төмендеуі;

 еңбек ресурстарының жетіспеуі.


Облыс қалаларының негізгі проблемалары:

1) моно және шағын қалаларда халық санының қысқару беталысы
(көші-қон кемуі, теріс табиғи өсімі, жастардың кетуі);

2) қала құраушы кәсіпорындарынан қала экономикасының байланыстылығы;

3) жергілікті экономика әртараптандыруының төмен деңгейі және агроиндустрияда, тамақ өнеркәсібінде заманауи технологиялар жоқтығы;

4) өнім өндірісінің жоғары ресурстық энергия сыйымдылығы, өндірілетін өнімдердің төмен бәсекеге қабілеттілігі;

5) қалалардың төмен инвестициялық тартымдылығы;

6) қолайсыз экология және әлеуметтік-маңызды аурулармен аурудың жоғары деңгейі;

7) ТҮКШ инфрақұрылымның жоғары тозушылығы;

8) көптеген қалаларда тұрғын қорының айтарлықтай бөлігінде қанағаттанбаған жағдайы.

Облыстың ауылдық және шекарааралық аудандардың негізгі проблемалары:

1) халық санының қысқару беталысы (көші-қон кемуі, теріс табиғи өсімі, халықтың қартаюы, жастардың қалаларға кетуі);



2) ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы;

3) әлеуметтік, көліктік, және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықтағы объектілерінің жоғары тозушылығы, базалық әлеуметтік қызметтеріне қолжетімділік мәселелері, кең жолақты Интернетке қолжетімдіктің шектеулігі;

4) су тасқыны және қар көшкіндер түсу себебінен табиғат апатының жоғары қаупі;

5) қоршаған ортаның қазіргі сәттегі және тарихи ластаушылардың бар болуы;

6) демографиялық және көші-қон үдерісінен мектеп оқушылары контингентінің қысқаруы;

7) алыстағы елді мекендерді жүйелі қатынасымен қамтамасыздығы;

8) білікті кадрлар жетіспеушілігі;

9) сауда және тұрмыстық қызмет көрсету жүйесі дамымаған.
Қалалық және ауылдық мекендерді жоспарлау

Қалалардың бас жоспарлары және 5 мың адамнан артық халқы бар 27 елді мекендердің бас жоспарлары, немесе даму және құрылыс жоспарлары (бас жоспардың қарапайым түрі) әзірленіп бекітілді.

Халық саны 5 мың адамнан аз болатын 265 ауылдық елді мекенде бас жоспарлары бар.

Базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі 6 қалада әзірленген: Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов, Аягөз, Зырян және 6 аудан орталықтарында: Ұлан ауданында Қасым Қайсенов к., Тарбағатай ауданында Ақсуат а., Глубокое ауданында Глубокое к., Бесқарағай ауданында Бесқарағай а., Бородулиха ауданында Бородулиха а., Абай ауданында Қараул а.

Қазіргі кезде мекенжайлардың эталондық базасы ретінде және ақпараттық қатынас бойынша мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттік базалармен оның интеграциялану және «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін бекіту бойынша жұмыстар өткізіледі.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. елді мекендер дамуының бас жоспарының болуы;

  2. қалаларда және аудан орталықтарында базалық деңгейде мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінің болуы;

  3. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қалақұрылысы кадастрының болуы.

Әлсіз жақтары (W):

1) бас жоспарсыз аумақты бейберекет құрылыстары әсерінен меншік иесі құқықтарының шектелуі, аумақты ұтымсыз игеру, әлеуметтік нысандар, тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды бірінші ретте құрылыс құнының қымбаттауына әкеледі.



Мүмкіндіктері (O):

  1. елді мекендердің аумағын жоспарлауға кешенді тәсілін қамтамасыз ету;

  2. халықтың тіршілігіне қолайлы орта құруға аумақтың кешенді құрылысы;

  3. табиғи-климаттық, қалыптасқан және жоспарланған демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар есебінен әлеуметтік, рекреациялық, өндіріс, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын қоса елді мекеннің аумағын дамытудың негізгі бағыттарын шешу;

  4. аумақты қолдануға шектеу және функционалдық аймақтарға бөлу, экологиялық жағдайын жақсарту бойынша шаралар.

Қатерлер (T):

  1. елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлар жобалары және құрылыс жобаларысыз жер телімдерін беру және нысандар құрылысы;

  2. әлеуметтік және өндіріске арналған нысандарды орналастыру бақылауын жоғалту, болашақ мүмкіндіктерін есептемей сондай нысандарды тәртіпсіз орналастыру әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарына әкеледі.

Негізгі проблемалар:



  1. бас жоспарларсыз және егжей-тегжейлі жоспарларсыз аумақтың бейберекет құрылысы.

2.1.2. Әлеуметтік орта


Білім

Білім және ғылымды 2016-2020 жылдарға дамыту Мемлекеттік бағдарламасы аясында білім саласының дамуы жүзеге асырылады, сондай-ақ өңірдегі білім беру сапасы мен қол жетімділігі бойынша іс-шаралар айқындалған.

Мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен балаларды қамту, инфрақұрылымдық даму, жаңартылған мазмұнға көшу, үштілділікті оқытуды енгізу және білім берудің ресурстық потенциалды өсіру басымды бағыттары болып қалады.

Облыстың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 799 мекеме жұмыс істейді, соның ішінде: балабақшалар – 298, олардың 94 – жеке меншік, 501 шағын орталық, соның ішінде 2 жеке меншік.

Облыста мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтылудың өсуінің тұрақты оң беталысы байқалады. Өңірде мақсаттылық бағытта мектеп құрылысы өткізіледі, сондай-ақ балабақшалар, соның ішінде мемлекеттік жеке меншік серіктестік тетігі бойынша.

Мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің23 кеңеюінің арқасында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 98,8 %-ға дейін өсті (60 465 бала) (24 кесте).


24 кесте – Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму динамикасы


Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2016 ж./

2014 ж.(+,-)



Балабақшалар саны, дана

235

268

298

+63

Балабақшадағы балалар саны, адам

37 108

39 578

39274

+2166

Шағын орталықтардың саны, дана

590

522

501

-89

Шағын орталықтардағы балалар саны, адам

32 252

28 562

21191

-11061

3 пен 6 жастағы балалардың жалпы қамтылуы %

98,2

99,1

98,8

+0,6

Абай, Глубокое аудандарын және Семей қаласын қоспағанда, барлық өңірлер 3 пен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен толық қамтыды. Глубокое ауданында қамтылудың төмен көрсеткіші (94 %).

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрған балалар саны – 21,4 мың бала, олардың 71,5 %-ы 1 мен 3 жасқа дейінгілер – 15,3 мың бала. Орынға барынша мұқтаждық Семей (53,7 %), Өскемен (23,4 %), Риддер (3,1 %) қалаларында және Глубокое (3,4 %) ауданында байқалады.

5-6 жастағы балаларға мектепалды қолжетімділік қамтамасыз етілген.

1-3 жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі орындарға сұранысты қанағаттандыру қажеттілігінен бөлек, педагогикалық кадрлардың сапасын арттыру мәселесі өзекті болып тұр (жоғары және бірінші санатты педагогтардың үлесі қалалық жерлерде 22,8 %, ал ауылдық жерлерде 12,8 % құрайды).

Жалпы орта білім беру

Орта біліммен қамтудың жоғары деңгейі қолданыстағы білім саясатының негізгі жетістігі болып табылады.

Жаңартылған мазмұн, білім беру сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс өткізіледі, бастапқы тәртіпте жан басына қаржыландыруға өту пысықталуда.

Апатты мектептердің орнына жаңасын салу және бейімделмеген ғимараттардағы жартылай бос мектептерді босату арқылы мектептер жүйелерін оңтайландыру жүргізілді, сонымен қатар мектептер саны 18 бірлікке қысқартылды.

658 мемлекеттік мектеп (олардың 358 немесе 54,4 % шағынжинақты), 12 түзету оқу орыны, 7 кешкі және 6 мемлекеттік емес мектептер жұмыс істейді. 3 тілде білім беретін мектептер саны – 6, соның ішінде 2 Назарбаев Зияткерлік мектебі (25 кесте).


25 кесте – Мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жүйесінің динамикасы





2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2016 ж./
2014 ж. (+,-)

Мектептер саны

676

667

658

-18

оқушылар саны

169 629

174 265

179 308

+9 679

Мектеп ғимараттарының ескіруі негізгі мәселе болып табылады.

2017 жылдың басында 6 мектеп (0,9 %) апаттық24 деп танылды, 4 мектепте 3 ауысымды оқыту (Семей қ. – 2, Аягөз қ. – 2), 33 мектепте оқушылар орындары25 бойынша едәуір тапшылық бар.

147 мектеп бейімделген үй-жайларда орналасқан, 410 – пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан. 358 мектептер немесе 54,4 % шағын жинақты болып табылады.

100 % мектептері компьютерлендірілген. 2016 жылы жалпы білім беретін мектептердің компьютермен жабдықталуы 8 оқушыға шаққанда 1-ден келеді26.

Алайда, мектептердің материалдық-техникалық базаларының пәндік кабинеттермен және құрал-жабдықтармен жабдықталуы жеткіліксіз болып қалуда (26 кесте).


26 кесте – Мектептердің пән кабинеттерімен жабдықталуы


Көрсеткіштер

Саны

Қамтамасыз етілуі, %

Мультимедиялық кабинеттер

472

72,0

Физика кабинеттері

421

69,4

Химия кабинеттері

384

63,4

Биология кабинеттері

326

53,7

Білім берудің 126 ұйымдарында E-Learning электронды оқыту жүйесі, соның ішінде 117 мектептерде және 9 колледждерде енгізілген. 391 мектепте «Күнделік» электронды күнделік немесе 59,5 % енгізілді.

Кеңжолақты Интернетке 54 % мектеп қосылды (алыстағы ауылдардағы мектептерді қосуға шығындар білім беру ұйымдарына бөлінген бюджеттік қаражат көлемінен бірнеше есе артық).

Облыс мектептерінің жаңартылған мазмұнға көшу іске асырылады, 2016 жылдың қыркүйегінен 1-ші сыныптар оқиды, 2017-2018 оқу жылында


2, 5, 7 сыныптар көшеді (толық көшу 2019 жылы аяқталады). Облыс мектептерінде 23 531 педагогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, олардың жоғарғы санаттағылар – 4 912, 1-ші санатта – 6 365, 2-ші санатта – 5 890, санаты жоқ – 6 364 адам.

2014 жылмен салыстырғанда 2016 жылы жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 5,1 %-ға27 артты.

Ағымдағы жылы «Ауылға дипломмен!» бағдарламасы бойынша мектептерге 522 маман келді.

Білім сапасы артуда.

Білім берудің жаңартылған мазмұнға енгізу аясында облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша педагогикалық мамандарды оқыту өткізіледі. 2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде жалпы білім беру мектептерінде жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілікті жоғарылату курстарынан жалпы облыстағы педагогтар санынан 22 001 педагог (85 %) өтті, олардың 2016 жылы – 6 429 педагог.

Жан басына шаққанда қаржыландыру 12 пилотты мемлекеттік мектептерде (Глубокое, Жарма және Күршім аудандарында, сондай-ақ Өскемен, Риддер және Семей қалаларында) сынақтан өтуі жалғасуда.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша білім беру сапасының жоғарылау динамикасы байқалады, 2016 жылы орташа балл 82 балды28 құрап, былтырғы жылға қарағанда 2 балға жоғары (2014 ж. – 78,0).

2016 жылы халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары саны 61 қатысушыға 35 оқушыны құрады (2014 жылы – 130-ден 67 қатысушы).

Балалардың жаз мезгілінде демалысы, сауығу және қолы бос болмауы 2014-2016 жылдар кезеңінде оң динамиканы көрсетеді. 2016 жылы жалпы қамтуы 155 361 (96 %) оқушыны29 құрайтын 889 түрлі30 тұрпаттағы лагерлер мен алаңдар жұмыс істейді, сондай-ақ 105,1 оқушыны (60,3 %) қамтумен 142 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.
Үш тілділікті дамыту

Шығыс Қазақстанда үш тілділікті енгізу бойынша мақсатты жұмыс өткізіледі, үш тілді бірден: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін игеруге бағытталған.

Берілген міндетті іске асыру мақсатында облыста Үш тілділік білімді 2015-2019 жылдарға дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданды. Кешенді жоспарды іске асыруға жергілікті бюджет қаражатынан 1,8 млрд теңге бөлінді, соның ішінде 2016 жылы – 1,3 млрд. теңге, 2017 жылы – 0,5 млрд. теңге.

Облыста барлық ағылшын тілі мұғалімдері алғашқы рет TeachersKnowledgeTest (ағылшын тілінің оқытушылары үшін Кембридж емтиханы (ТКТ) тілін оқыту әдістемесінің біліктілігіне халықаралық емтиханнан өтті. Тілдің тікелей иелерін шақыртумен тіл пәндерінің 3,4 мың мұғаліміне арналған біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

ТКТ тапсырғандардың, ағылшын тілі мұғалімдерінің 75 % базалық деңгейде. Осыған байланысты, тілдік пәндердің оқытушыларын оқыту бойынша жұмыс 3 жыл барысында жалғасады.

2017-2018 жылдарға ТКТ халықаралық емтиханы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен ағылшын тілінің 21 мұғалімінен тілдің тікелей иелерін жұмылдырумен тренерлік құрамының дайындығы жүргізілуде.

10 мұғалім-тренер Celta сертификатына халықаралық емтихан тапсырады. Жоспардың бірінші кезең қорытындысы бойынша ең жақсы нәтижелер көрсеткен мұғалімдер үшін 2017 жылы сараланған материалдық ынталандыру жүйесі ескерілген.

2018-2019 жылдары үштілдік бойынша авторлық әдістемелер және оқу құралдары дайын болады, мұғалімдердің тәжірибелері жинақталады.


Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

Облысымызда жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға барынша назар аударылуда. 2011 жылдан бері жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету жөніндегі бесжылдық Кешенді жоспар және осы санаттағы балаларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету бойынша «Мейірім» акциясы жүзеге асырылып келеді. Акция 2000 баланы қамтыған (2016 жылы балалардың «Тұрғын үй құрылыс-жинақтау банкі» АҚ жеке есеп шоттарына 271 млн. теңгеден астам қаражат аударылған.

Жетім балар үйі түлектерін отбасыларға беру негізгі міндеті болып табылатын 2014 жылдың ақпан айынан «Шығыс Қазақстан – жетімдерсіз аумақ» жобасы жұмыс істейді.

Облыс мекемелерінде 3009 жетім бала және ата-ана қамқорынсыз қалған бала өмір сүруде. Олардың ішінде: интернаттық ұйымдарда – 947 бала (31 %), қалған 2062 бала немесе 69 % қамқорлыққа және патронаттық тәрбиеге берілген31.

Облысымызда мүмкіндігі шектеулі балалар саны 15 208 32 (соның ішінде 26 % мектепке дейінгі және 74 % мектеп жасындағы).

Осы санаттағы балалардың 32,5 % арнайы білім берумен қамтылған (2014 жылы 29 %).

17 арнайы ұйымдармен қатар, 174 жалпы білім беретін мектебінде (26,4 %) мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті оқыту жағдайлары жасалған. Инклюзивті білім берумен 2 718 бала қамтылған, олар мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының 17,8 % құрайды, үйден оқитындар саны – 1 197 адам, оларға ғылым негіздерін оқыту бойынша қашықтықтан көмек көрсету үшін «Әлем айнасы» жобасы жүзеге асырып келеді. Жалпы білім беретін мектептерді және мектепке дейінгі мекемелерді дефектологтар, логопедтармен қамту мәселелері шешілген жоқ.

Ағымдағы жылы қоғамдағы ерекше білім беру сұранысына ие балаларды ойдағыдай әлеуметтендіру және бейімдеуді қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларын қамтуға берілген санатты балаларға көмек көрсету және дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз етуге жүйелік әдістеме құру үшін


2018-2019 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамыту Өңірлк бағдарламаны әзірлеу жоспарлануда. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2019 жылы жоспарланады:

- инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептер үлесін 75 %-ға дейін ұлғайту (бір қатар мектептердің құрамында ерекше білім беру сұранысына ие балалардың жоқтығынан бұл көрсеткіш объективті болып табылады);

- инклюзивті білім берумен қамтылған оқушылар үлесін 50 %-ға дейін ұлғайту (қалыпты мектепте оқуға мүмкіндігі бар балалардан берілген көрсеткіш тәуелді);

- ерекше білім беру сұранысына ие балалармен жұмысқа педагогикалық кадрларды даярлау.


Техникалық және кәсіптік білім беру, жастарды қолдау

«Тегін техникалық және кәсіптік білім беру барлығы үшін» жобасын 2017 жылдан енгізу техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі болуда.

Жоба екі бағыттта жүзеге асырылады:

1) техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлау жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады;

2) тегін техникалық және кәсіптік білімді 2017-2021 жылдарға арналған өнімдік жұмыспен қамтылу және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында алуға болады. Осы бағдарлама мүмкіншілігі жоқ болған, біліктіліксіз жұмыс істеп жүрген жастарға, сонымен қатар жұмыссыз және өз бетімен жұмыс тауып жүрген азаматтарға арналған.

Жұмыс кадрларының дайындығын арттыру мақсаттарында екі деңгейлік модульдік бағдарламалар енгізілетін болады. Осы бағдарлама бірінші деңгейде екі-үш жұмыс біліктілігін, екінші деңгейді – орта буындағы маманды ұсынуын қарастырды.

«Холдинг» Кәсіпқор» ҰАҚ әзірленген барлық мамандықтарға екі деңгейлік модульдік бағдарламалар бекітілген.

Облысымыз техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдар (бұдан әрі – ТжКББ) жүйесіне 82 колледж кіреді, оның ішінде 70 % немесе 58 колледж қалалық жерлерде орналасқан, 24 – ауылдық жерде топталған (әрбір ауданда кемінде бір колледж бар, Зырян ауданында 6 колледж).

ТжКББ оқу мекемелерінде 35 мың адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша 17,6 мың адам (50,5 %). Кадрларды дайындау 115 мамандық (207 біліктілік) бойынша іске асырылуда. Жатақханаға мұқтаж – 2 645 адам33.

Демографиялық үрдістерге байланысты ТжКББ ұйымдары жүйесінің оқушылар контингентінде жыл сайын төмендеу тенденциясы бар (10 %-дан астам төмендеген).

Аймақта электрондық оқыту жүйесін қолданатын ТжКББ ұйымдар үлесі артып келеді, 2016 жылы – 11,4 %.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы және Германияның халықаралық қызметтестік бойынша қоғам қолдауымен 2014 жылдан бастап колледждерде оқу жоспарларының өзгертілуін және тәжірибелік сағат сандарының ұлғайуын қарастыратын, қосарлы оқыту жүйесі технологиялары енгізіліп келеді.

2016-2017 оқу жылының басынан қосарлы оқыту жүйесі бойынша 41 оқу орындары (53 %) оқып келеді, 2 308 студенттерді (6,5 %) қамтиды және 210 кәсіпорын тартылған. Өңір колледждерінде инженерлік-педагогикалық кадрлар (бұдан әрі – ИПК) арасынан аға буынның жұмыстан кету беталысы және ТжКББ жүйесінің оқу орындарында жоғары және бірінші санатты инженерлік - педагогикалық қызметкерлердің санының азаюы байқалады. Соңғы 3 жылда 2 %-ға төмендеді34. Жоғары және бірінші санатты ИПҚ санының төмендеу себептері:


  • инженер-педагогикалық қызметкерлердің құрамы санаты төмендеу жас кадрлармен жаңартылғандықтан;

  • өндірістік оқыту шеберлері ретінде санаттары жоқ кәсіпорын жұмысшыларын тартқандықтан;

  • біліктілікті жоғарылатуға ынталандырмайтын қазіргі қосымша төлеу жүйесі.

ТжКББ білім беру сапасын жоғарылату үшін материалды-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешуден басқа, мемлекеттік колледждерді тәуелсіз кредиттеу мәселесі басымды болып қалады.

Өңірде колледж студенттердің өндірістік тәжірибе базасымен толық қамтылуына жағдайлар жасалған. Қосарлы оқытуда тиімді бірге қызмет етіп жатқандар: «Риддер аграрлы-техникалық колледжі» мен «Казцинк» ЖШС РТБК (Шүлбі кеніші, Тишин кеніші, Риддер-Сокольный кеніші); «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» мен «ҮМЗ» АҚ; «Өскемен құрылыс колледжі» мен «Восток Промтехмонтаж» ЖШС; «Серебрянск технологиялық колледжі» мен «Хайдельберг Цемент» ЖШС; «Көлік колледжі» мен


«Азия Авто» АҚ; «Өскемен политехникалық колледжі» мен «КЭМОНТ» АҚ.

ШҚО ТжКББ жүйесі түлектерін жұмысқа орналастыру динамикасы оң нәтиже көрсетті (2014 жылы – 57 %, 2015 жылы – 64,9 %, 2016 жылы – 66 %).


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Жағымды жақтары (S):

  1. мектепке дейінгі мекемеге кезектің қысқаруы, балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуының ұлғайуы;

  2. апатты жағдайдағы мектептер санының, 3-ауысымда оқытатын мектептердің қысқартылуы, оқушы орындары тапшылығының төмендетілуі;

  3. қаржыландырудың жаңа форматына көшу үшін орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынамалы апробациялау;

  4. өңірдің ТжҚББ жүйесі республиканың жаңа басқару механизмдерін енгізу бойынша тәжірибелік алаңшасы болып табылады;

  5. өңірдің табысты бастамасы – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау;

  6. өңірдің табысты бастамасы – мүмкіндігі шектелген балаларды қашықтықтан оқыту.

Әлсіз жақтары (W):

  1. педагог мәртебесі беделінің жоқтығы;

  2. мектепке дейінгі ұйымдарда, әсіресе бөбекжай топтары бойынша кезекке тұрудың сақталуы;

  3. оқу орындарының жаңа модификациялық кабинеттермен, арнайы техникамен және құрал-жабдықтармен, заманауи компьютерлік техникалармен жеткілікті түрде жабдықталмауы;

  4. мектепке дейінгі, жалпы білім беру мектеп ұйымдарында педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігі, пән әдіскерлерінің тапшылығы, инклюзивті білім беретін мектепке дейінгі педагог мамандардың және шағын жинақты мектептердегі кадрлардың жетіспеушілігі;

  5. шет тілі пәні мұғалімдерінің сапалық құрам көрсеткіштерінің төмендеуі (жасының ұлғаюы, жоғары санатты мұғалімдер үлесінің төмендеуі);

  6. білім беру ұйымдарының мультимедиялық-лингафондық кабинеттермен толықтай жабдықталмауы.

  7. ТжКББ ұйымдарында жатахананың жетіспеушілігі;

  8. ТжКББ ұйымдарында инженерлік-педагогикалық кадрларының жетіспеушілігі;

  9. білім беру ұйымының материалдық және техникалық жабдықтарының едәуір тозуы.

Мүмкіндіктер (O):

  1. мемлекеттік-жекелей серіктестіктің аясында апатты жағдайдағы мектептердің орнына жаңа мектеп құрылысын жүргізу;

  2. тәжірибе ретінде білім мекемелеріне билингвальдық және көптілді бағдарламаларын іске асыру;

  3. e-learning аясында цифрлық электрондық білім ресурстарын (ЭБР) еңгізу мүмкіншілігі;

  4. мектеп педагогтарының үш деңгейлі оқыту жүйесі бойынша біліктіліктерін арттыру;

  5. облыста жаңадан құрылған кәсіпорындарға ТжКББ түлектерін жұмысқа орналастыру;

  6. дуальды білім беру жүйесі;

  7. ТжКББ жүйесін дамыту мақсатында халықаралық гранттар.

Қатерлер (T):

  1. қолданыс уақытының 45 жылдан астам уақыт болған мектептер санының көптігі;

  2. оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбек ақысының төмендігіне байланысты кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарынан кетуі.

Негізгі проблемалар:



  1. мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орындар тапшылығы;

  2. мектептер ғимараттарының физикалық және моральдық тозуы;

  3. мектептердің материалды-техникалық базасы пәндік кабинеттер және құрылғылармен толық көлемде қамтамасыз етілмеуі;

  4. білім берудің жалпы білім беру ұйымдарында дефектологтардың жетіспеушілігі (инклюзивті оқуды енгізгендер), сондай-ақ аутист-балалар үшін мектепке дейінгі топтар ашу проблемасы;

  5. ТжКББ мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз жабдықталуы.

Денсаулық сақтау

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында денсаулық сақтау жүйесін дамыту іске асырылады.

Денсаулық сақтау саласында бірыңғай ұлттық жүйе құрылды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде облыстың денсаулық сақтау саласында жұмыстың сапасы мен деңгейі жақсаруда.

Өндірістік қалаларда ластанудың жоғары деңгейі, радиобелсенді шөкпелермен ластанған аумақта көп жыл бойы өмір сүру факторы аумақтың экологиясына және халық денсаулығына кері әсер етті. 2016 жылы болжамды өмір ұзақтылығының деңгейі 71,335 құрады (ҚР – 72,3 жас).

Облыс халқы демографиялық кәріліктің орта деңгейінде (60 және одан жоғары жастағы адамдар 16 % құрайды).

Тұрғындар санының табиғи өсу деңгейі 1000 адамға санағанда 2014 жылы +6,56-дан 2016 жылы +6,14 дейін төмендеді.



Бала туу мен өлімнің көрсеткіштердің жалпы төмендеуіне қарамастан бала туу және өлім-жітім көрсеткіштері орта республикалық деңгейден төмен (1-ші сурет).

1-ші сурет – Бала туу мен өлімнің негізгі көрсеткіштері


Қалаларда бала туу көрсеткіші (1000 тұрғынға 17,51) ауылды мекендер көрсеткішінен (14,87) жоғары.

Республика бойынша орта деңгеймен салыстырғанда бала туудың төмен көрсеткіштері халықтың жыныстық-жастық құрамына, яғни бала тууға қабілетті жастағы (15-49 жас) әйелдер санына байланысты.

2014 жылмен салыстырғанда (10,45) өлім-жітім деңгейінің біраз төмендеуі байқалады – 1 мың адамға 10,32.

Ең жоғары өлім көрсеткіші Риддер қаласында (1000 тұрғынға – 15,3), Зырян (17,1), Глубокий (14,1), Бесқарағай (12,9), Шемонаиха (15,1) аудандарында.

Жалпы өлім-жітім құрамында қанайналым жүйесі аурулары (ҚЖА) ең көп үлесті құрайды (19,4 %)

ҚЖА көрсеткіші әлі де төмендемейді, 2016 жылы 100 мың тұрғынға 2 999,3 құрады және ҚР бойынша көрсеткіштен (2 592,5) 15,7 %-ға жоғары


(2-ші сурет).


2-ші сурет – ҚР және ШҚО бойынша ҚЖА-мен сырқаттану және өлім көрсеткіштері
Кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамыту, тексеру және емдеудің жаңа әдістерін енгізу нәтижесінде жүректің сазып ауыруынан өлім саны 2014 жылмен салыстырғанда 1,4 есе төмендеді.

Жалпы өлім құрамында тыныс органдары ауруларынан өлімнің үлес салмағы 17,3 % немесе 100 мың тұрғынға 178,56, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есе жоғарлады (ҚР – 102,12).



Қатерлі ісіктермен сырқаттану деңгейі 0,4 %-ға, қатерлі ісіктерден өлім деңгейі 11,1 %36-ға төмендеді, бірақ ҚР бойынша көрсеткіштен 1,5 есе және
1,46 есе жоғары (3-ші сурет).

3-ші сурет – ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттану және өлім

(100 мың адамға)
Қатерлі ісіктердің жоғары көрсеткіштері өндірісі дамыған аудандарда және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына жақын аумақтарда тіркелген: Өскемен, Зырян, Риддер қалаларында, Глубокий, Шемонаиха аудандарында. Қатерлі ісіктер деңгейінің өсуін скрининг бағдарламалары нәтижесінде қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтаудың жоғары деңгейімен түсіндіруге болады.

Жарақаттардан, жазатайымдардан және уланудан өлім саны (үлес салмағы – 11,5 %) облыс тұрғындарының өлім себептері ішінде төртінші орында – 2016 жылы 100 мың адамға 118,68, 2014 жылмен салыстырғанда 8,6 %-ға төмендеді (ҚР – 75,05).

Туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 100 мың халық санына алғанда 1,4 есе төмендеді, бұл республикалық көрсеткіштен 5,9 %-ға төмен
(ҚР – 52,7), туберкулезден өлім саны 100 мың халық санына алғанда 2 есе төмендеді, бірақ республикалық көрсеткіштен 24,1 %-ға жоғары (ҚР – 3,24)

(4-ші сурет).


4-ші сурет – ҚР және ШҚО бойынша туберкулезбен сырқаттану және өлім

(100 мың тұрғынға)
Эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақтылыққа беталғанына қарамастан туберкулездің әрі қарай жасаруы әлі де өзекті мәселеге айналып тұр (жалпы науқастанғандардың санынан 78,3 % 18-ден 55 жасқа дейін), жұмыс істемейтіндердің және әлеуметтік бейімнен шет шыққан адамдар санының ұлғаюы, дәріге көнбейтін аурулардың өсуі айқындалады.

Балалар арасында туберкулезбен ауыру деңгейі 3 есе төмендеді:


2014 жылы 100 мыңға 13,6-дан 2016 жылы 4,6-ға дейін.

Облыста түзету мекемелері көп және онда отырғандардың ішінде туберкулезбен сырқаттанатын адам саны біршама. Облыстың азаматтық тұрғындарымен салыстырғанда бұл контингент арасында туберкулезбен белсенді ауыратындар саны 5,7 есе жоғары.

Облыс бойынша туберкулезбен орта деңгейден жоғары ауыру көрсеткіші Курчатов (65,7), Зырян (63,7), Семей (59,5), Өскемен (51,1) қалаларында, Глубокий (70,2), Көкпекті (54,7), Бородулиха (51,4) аудандарында сақталады.

Туберкулезбен ауырғандарға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі әлі де маңызды болып табылады (баспана беру, жол ақысын төлеу, тамақтануға қаражат бөлу, олардың ішінде балаларға да).

Әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және бала тууға қабілетті жастағы әйелдердің денсаулығы мәселесі әлі де өзекті.

Ана өлімінің көрсеткіші 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе жоғарлады, 100 мың аман туған нәресте санына – 13,3 көрсеткіші (ҚР – 12,7) (5-ші сурет).


5-ші сурет – ҚР және ШҚО бойынша ана және нәресте өлімінің динамикасы

(мекенжайы бойынша)
Ана өлімінің негізгі себептері – жасанды түсіктердің жоғары деңгейі және әртүрлі аурулар (жыныстық жолмен жұқтырылатын аурулар, қаназдық) себебінен акушерлік қан ағу, гестоздар, экстрагенитальді патология. Бұл жағдай әсіресе ауылдарда білікті мамандардың жетіспеушілігі себебінен медициналық қызметтердің жеткіліксіз сапасымен ұлғаяды. 2016 жылы облыста 3 ана өлімі тіркелді.

1000 аман туғандарға нәресте өлімі көрсеткішінің тұрақты төмендеуі байқалады: 2014 жылғы 11,18-ден 2016 жылы 9,51 дейін немесе 14,9 %-ға.

Перинаталды кезеңдегі жағдайлар және туа біткен ақаулар нәресте өлімінің негізгі себептері болып табылады. Туа біткен патологиялар ерте кезеңде өткізілген диагностиканың жеткіліксіз деңгейін (туа біткен патологияларды анықтауға жүкті әйелдерге скрининг өткізу) және облыстың жалпы қолайсыз экологиялық жағдайын айқындайды.

Кейінгі жылдарда өткізілген іс-шаралар нәтижесінде босандыру мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайы 87,3 %-ға, балаларды емдеу мекемелерінде 75,1 %-ға дейін жақсарды, жүктілік пен босануды қадағалаудың жаңа технологиялары енгізілді, перинаталдық қызмет көрсету деңгейі жоғарлады.

Облыс балалары арасында ауыру деңгейі. 2016 жылы 0-5 жас аралығындағы балаларда 148 265 ауру оқиғасы тіркелді, 2014 жылы – 130 563. 0-5 жас аралығындағы 1 000 балаға 2016 жылдың көрсеткіші 1 294,1 (2014 ж. – 1 148,7), республика бойынша орта көрсеткіш 1 000 балаға 1 249.

2016 жылы 0-5 жас аралығындағы балаларда нозологиялар кесіндісінде республикалық орта деңгейден жоғарлауы төмендегі аурулар бойынша анықталды:

тыныс жолдары аурулары – 914,2 (ҚР бойынша – 781,0);

перинаталдық кезеңде пайда болған күйлер – 45,8 (ҚР бойынша – 42,9);

жұқпалы және паразитарлық аурулар – 36,2 (ҚР бойынша – 28,8);

несептік-жыныстық жүйе аурулары – 18,1 (ҚР бойынша – 14,7);

эндокриндік жүйе аурулары – 13,9 (ҚР бойынша – 11,4), оның ішінде гипотрофия – 3,6, (ҚР бойынша – 2,9);

жарақаттар, уланулар және сыртқы себептер әсерінен болған зардаптар – 14,3 (ҚР бойынша 1 000 балаға – 14,0);

ас қорыту органдарының аурулары – 59,0, ҚР – 57,5.

Облыста АҚТБ жұқпасы шоғырлану деңгейінде. 01.01.2017 ж. жағдайына АҚТБ-мен жұқтырылғандар саны – 3 288 адам. 793 адам қайтыс болды, оның ішінде ЖҚТБ деңгейіндегі – 128. Диспансерлік есепке АҚТБ-мен нақты 2 240 адам алынды (қайтыс болғандар мен көшіп кеткендерді санақтан алып тастағанда), олардың таралуы 100 мың тұрғынға – 160,2. Анықталған аурудың көрсеткіші бойынша Алматы қ., Павлодар, Қарағанды облыстарынан кейін ШҚО – 4-ші орында (6-шы сурет).


6-шы сурет – Облыс бойынша АҚТБ жұқпасының таралу көрсеткіштері


АҚТБ жұқпасының ең көп таралуы Шемонаиха, Зырян, Глубокий аудандарында және Өскемен қаласында тіркелген.

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне бөлінген шығындар 2014 жылғы 48,8 млрд. теңгеден 2016 жылы 60 млрд.теңге сомасына дейін ұлғайды.

Жалпы облыс бойынша 2017 жылдың басына халыққа медициналық көмек көрсететін ұйымдар:

77 ауруханалық ұйым (12-сі – жекеменшік, 65 – мемлекеттік меншікте);

266 амбулаторлық-емханалық ұйым, олардың 192-сі – мемлекеттік меншікте, 74-і – жекеменшік;

58 фельдшерлік-акушерлік, 336 медициналық пункт және 68 медицина қызметкері үй-жайсыз жағдайда қызмет көрсетеді.

Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында дәріханалары жоқ ауылды аймақтарда БМСК ұйымдары арқылы дәрі-дәрмектерді жеткізу жолдары ұйымдастырылған.

Облыстың денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де күрделі болып сақталуда.

3 жылда мемлекеттік ұйымдарда дәрігерлер саны қысқарып, 4 148 құрады (2014 жылы – 4 206). Облыс бойынша мемлекеттік секторды дәрігерлермен қамту деңгейі – 29,9 (2014 жылы – 30,1), бұл ҚР бойынша көрсеткіштен жоғары (2016 жылы – 29,8).

Мемлекеттік секторда орта медицина қызметкерлерімен қамтылу көрсеткіші 10 мың тұрғынға – 77,8 (2014 жылы – 78,0), бұл ҚР бойынша көрсеткіштен төмен – 79,1.

Осы күні дәрігерлік кадрлардың тапшылығы – 74 дәрігер, оның ішінде ауылда – 21 дәрігер, ең жоғары қажеттілік – Өскемен, Риддер қалаларында.

Дәрігерлік кадрлардың «қартаюы» байқалады: 50 жастан жоғары мамандар 33,6 %, 30 жасқа дейінгі мамандар – 25,2 % (мемлекеттік секторда).

Ауылдарға және алыс аймақтарға жолданған медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне материалдық көтермелеу жағдайлары жасалғанымен әлі де мамандар жетіспейді.

2016 жылы 192 жас маман жұмысқа келді (2015 жылы – 211), 9 маман баспана алды, 40 маманға көтермелеу қаражат берілді, 8 маманға баспана алу үшін қосымша пайызсыз несие берілді.

Жоғарымамандандырылған медициналық көмекті дамыту үшін медициналық мамандардың білімдерін арттыру қажет. Ағымдағы жылда Өскемен, Семей перинаталдық орталықтарының 12 дәрігері Англияның клиникаларында сынақ ісінен өтуде. Білім арттыру және мамандарды қайта даярлау мақсатында шеберлік сабақтар мен көшпелі оқу айналымдары ұйымдастырылды, сондай-ақ, шетелдік мамандардың қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді (Израиль, Корея, Алтай өлкесі).
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, өлім-жітімділіктің төмендеуі, табиғи өсімнің ұлғайуы;

  2. нәрестелер өлімінің азаюы;

  3. медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмектің жоғары технологиялық түрлеріне халықтың қолжетімділігін жақсарту;

  4. кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті дамыту.

Әлсіз жақтары (W):

  1. әлеуметтік мағыналы аурулармен науқастанудың жоғары деңгейі;

  2. облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы;

  3. көрсетілетін медициналық қызметтердің жеткіліксіз сапасы;

  4. медициналық ұйымдардың медициналық құрал-жабдықтармен және үлгілік ғимараттармен қамтылудың төмен деңгейі;

  5. саланың жеткіліксіз қаржыландырылуы, оның себебінен: медициналық құрал-жабдықтардың және медициналық ұйымдар ғимараттарының біршама тозуы ауруларды уақтылы анықтау және халыққа медициналық қызметтерді көрсету сапасын төмендетеді.

Мүмкіндіктер (O):

  1. заманауи медициналық объектілерді салуға қаржыландыруды ұлғайту;

  2. медициналық кадрларды жұмыс орнына бекіту және жас мамандарды әсіресе ауыл елді мекендерге тарту үшін қажетті шаралар жүйесін құру, соның ішінде АЕМ.

Қатерлер (T):

  1. аумақтың экологиялық жағдайының төмендеуі.

Негізгі проблемалары:



  1. әйелдер мен балалар денсаулығының төмен көрсеткіші;

  2. тұрғындардың әлеуметтік мағыналы аурулардың жоғары деңгейі (ЗНО, туберкулез);

  3. жарақаттану мен уланудың, АҚТБ/ЖҚТБ жұқпаларының жоғары деңгейі;

  4. саладағы кадрлар тапшылығы;

  5. денсаулық сақтау сұрақтарындағы сектораралық қарым-қатынастардың төмен тиімділігі;

  6. тұрғындар тарапынан өз денсаулығы үшін жауапкершіліктің төмендігі;

  7. емдік-алдын алу ұйымдары, әсіресе ауылды мекендердегі мекемелердің, материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Еңбек нарығындағы саясат нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған, жұмыссыздық деңгейін 4,9 % шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында тұрғындардың нәтижелі жұмыспен қамтылуы және кәсіпкерлікке азаматтарды тарту іске асырылады.

Бұған халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, жұмыссыздарды оқыту және қайта оқыту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары ықпал етеді. (27 кесте).
27 кесте – Еңбек нарығының негізгі индикаторлары


Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

РК/ШҚО үшін

Жұмыссыздық деңгейі (%)

4,8

5,0

4,9

5,0

Жұмыссыз халық (мың адам)

35,5

35,9

34,9

445,5/ 7,8%

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық (мың. адам)

740,9

715,5

719,2

8998,8/ 8%

Жұмыспен қамтылған халық (мың. адам)

705,5

679,7

684,3

8553,4/ 8%

Аумақтық бөліністе орташа облыстық деңгейден жоғары жұмыссыздық деңгейі Семей қаласы (5,1 %) және Аягоз (5,1 %), Көкпекті (5,4 %), Қатонқарағай (5,4 %) аудандарында байқалады.

Жұмыссыздар құрылымының ең көп үлесін орта жастағы адамдар (72,5 %) құрайды, яғни 29-дан 54 жас аралығы, жұмыссыздар арасында жартысынан астамы – әйелдер (56,1 %).

Негізінде Семей қаласы, Үржар, Тарбағатай және Жарма аудандарындағы еңбекке жарамды жастағы халықтың кетуіне байланысты экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны жыл сайынғы құлдырау күйінде.

Жұмыспен қамтылған халық құрылымында үлестің үлкен салмағы бюджеттік салаға келеді (мемлекеттік басқару, білім, деңсаулық сақтау) – 24,2 %, ауыл, тоғай және балық шаруашылығы – 15,6 %, көтерме және бөлшек сауда, мотоциклдермен автокөліктерді жөндеуге – 18,3 %, өнеркәсіп – 16,5 %, үлестің ең аз салмағы өнер, ойын-сауық және демалыс – 0,7 %, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға – 0,5 % келеді.

Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімсіздігі мәселесі сақталуда, әсіресе жастар, мүгедектер, ұзақ мерзім жұмыс істемегендер және зейнеткер жасы алдындағылар арасында.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында облыста халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспар әзірленген, ол өз кезегінде осал топтағы тұрғындармен жұмыс істеуді көздейді.

2016-2018 жылдарға арналған еңбек ресурстарына қажеттілік анықталған жалпы – 46,7 мың жұмыс орны. Ауылшаруашылықта (ветеринар техниктер, механизаторлар, трактористтер және т.б.), өнеркәсіпте (әр түрлі инженер мамандар, автоматты желілерді реттеу, өндіріс операторлары, машинисттер, слесарьлар), құрылыс саласы және басқа мамандар сұраныста болады.

Үш жылда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» іске асыру аясында жұмыспен қамту орталықтары арқылы аз қамтылған, өзін-өзі қамтыған, жұмыссыздар қатарынан 42,5 мың адам жұмыспен, 2,5 мыңнан астам адам сұраныстағы мамандықтарға оқытумен қамтылған. Оқытылғандардың қатарынан тұрақты жұмыс орындарға 1,8 мың адам немесе 92,1 % орналастырылған.

2016 жылы жұмысқа орналастыруға өтініш білдіргендер саны 40,3 мың адамды құрады, бұл 2014 жылмен37 слыстырғанда 1,6 есе көп, олардың 78 %38 жұмыспен қамтылған. 16,9 мың жаңа жұмыс орындары құрылған39.

Тартылған шетел жұмысшыларының саны 3023, олардың 78,9 % жоғары білікті мамандар құрайды40.

3 жыл арасында әлеуметтік-әлсіз халық санының төмендеуі байқалады (28 кесте).


28 кесте – Жәрдемақы алушылардың негізгі көрсеткіштері


Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны

7466

4962

3785

18 жасқа дейінгі балалар үшін жәрдемақы алушылар саны

28965

27010

26380

Тұрғын үй көмегін алушылардың саны

10166

9160

8473

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар (бұдан әрі – АӘК) құрылымында үлестің басым бөлігі балалар құрап келеді – 71,1 %-ы (2 688 бала). АӘК алушылар қатарынан 58,6 % ауылдық жер тұрғындары.

Тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетуге арналған ұйымдар желісіне 17 медициналық-әлеуметтік мекемелер кіреді. Олар: қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған 8 медициналық-әлеуметтік мекеме, 4 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме, тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған 2 медициналық-әлеуметтік мекеме, балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме, мүгедектермен ардагерлерге «Уба» шипажайы және Грехово кентіндегі реабилитациялық орталық.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың саны өсіп (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) 13 456 адамды құрады.


SWOT- саланың даму жағдайына талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. жұмыссыздық деңгейін 4,9 %
    (ҚР – 5,0 %) деңгейінде сақтау әлеуетінің болуы;

  2. 2 жыл ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (МАӘК) алушылар санын 23,7 %-ға төмендету;

  3. МАӘК құрамындағы еңбекке қабілетті халық үлесін 30,6 %-дан 27,1 %-ға дейін төмендету;

  4. шартты ақшалай көмек төлеу «Өрлеу» пилот жобасын жүзеге асыру;

  5. мүгедек жандарды қоғамға бейімдендіру шараларын жүргізу;

  6. мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде оқуға, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, қоғамдық жұмыстарды кеңейтуге арналған облыстық жұмыспен қамту Кешенді жоспары;

  7. 2017-2019 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол Картасы, облыстағы еңбек ресурстарының көздері мен қажеттілікті жоспарлау.

Әлсіз жақтары (W):

  1. еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы дисбаланс;

  2. жұмыс күшінің азаюы;

  3. тұрақты жұмыс орындарының жетіспеушілігі, әсіресе ауылдарда;

  4. арнайы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға жартылай стационарлы көмек көрсетуге көшуге қажеттілік;

  5. МАӘК тағайындалған тұлғаның (отбасы) жиынтық табысының есептеу әдістемесінің орындалмауы;

  6. арнайы әлеуметтік көмек көрсету кезіндегі жинақталған әдіс қолдану, көмек алушымен жұмыс жасасу кезінде әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау ведомствоаралық мекемелермен өзара әлсіз әрекеттесу;

  7. әкімшілік-аймақтық бірліктер бөлімінде құрамы бойынша еңбек ресурстарын аңықтаудағы статистикалық мәліметтердің жетіспеушілігі.

Мүмкіндігі (O):

  1. жұмыспен қамту формаларын қолдану, халықты кедейлік шегінен шығару;

  2. өз бетінше жұмысқа қабілетті және жұмыссыз әйелдердің базалық ақпаратты жасау;

  3. мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күштерін тарту, аймақта дайындалмайтын мамандықтар бойынша;

  4. жұмыспен қамтуға арналған белсенді мемлекеттік бағдарламалар спектрын кеңейту;

  5. жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлікке ынталарын дамыту, әсіресе ауылды жердің азаматтардың;

  6. жұмыс күші мол аймақтардан қоныс аудару арқылы білікті мамандықтармен қамтамасыз ету.

Қатерлер (T):

  1. өндіріс көлемінің азаюы мен жұмыс орындарының қысқартылуы салдары жұмыссыздық деңгейінің өсуі;

  2. жұмысқа қабілетті жастағы халықтың қоныс аудару легінің күшеюі;

  3. кедейлік шегін ең төмен күнкөріс деңгейінен 60 %-ға көтеру, АӘК алушылар санын арттырады;

  4. коммуналдық қызметтерге тарифтерді көбейту, тұрғын-үй көмегін алушылар санын арттырады;

  5. қиын өмірлік жағдайда қалған азаматтардың есебінен арнайы әлеуметтік көмек алушылар санын арттыру.

Жұмыспен қамту облысындағы проблемалық сұрақтар:



  1. жұмысқа қабілетті халықтың қартаюы және қоныс аударудың азаюы;

  2. ауылды жерлердегі тұрақты жұмыс орындарының жоқтығы;

  3. жастар және әйелдердің жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы;

  4. жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың ішіндегі күнкөрісі төмен азаматтардың үлесінің жоғарылығы;

  5. көлеңкелі жұмыспен қамтудың болуы;

  6. ұзақ мерзімде жұмыс істемейтін азаматтардың жұмыссыздық проблемасы;

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалары:



  1. облыс халқының жоғары қартаю деңгейі;

  2. мүгедектер мен қарт адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендігі;

  3. жәрдемақы алушылардың жұмыспен қамту іс-шараларына қатысуға қаламауы;

  4. мүгедектерді және басқа категориядағы азаматтардың сауықтыру қажеттілігінің өсуі (психоневрологиялық МӘМ-дегі кезектілік);

  5. мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаның жетіспеушілігі;

  6. әлеуметтік сала жұмысшыларының еңбекақы мөлшерінің төмендігі;

  7. МӘМ-ді медициналық білімі бар кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз ету.

Өндірісте жарақаттану

Өндірістегі жарақаттанудың жалпы деңгейі былтырғы жылдағы деңгейде қалып, өліммен аяқталған жағдайлар 13,6 %-ға төмендеді.

2016 жылы аймақтық экономика салаларында 199 жазатайым оқиға нәтижесінде (2014 жылы – 202 жағдай) өндірісте 216 адам жарақаттанды (2014 жылы – 217), соның ішінде 19 – адам өлімімен (2014 жылы – 22) және


95 – ауыр зардаппен аяқталған (2014 жылы – 91). 12 топтық жазатайым оқиға орын алды (11), оларда 29 адам зардап шекті (28).

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері зардап шегушінің өрескел абайсыздығы – 74, жұмыс жүргізудің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы – 66, еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер 15 болып табылады.

Облыс кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: еңбекті қорғауды басқару жүйесін (ЕҚБЖ), сонымен қатар, жалпыға танылған еңбекті қорғаудағы стандарттарды енгізу, кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тікелей бағындыру болып табылады.
Еңбек қатынастарының саласындағы бұзушылықтар

Шығыс Қазақстанда зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерімен 40 мыңнан астам қызметкер немесе аймақтық экономика салаларындағы барлық адамдардың әр бір он екінші адамы жұмыс істейді.

Өндірістік жарақаттану және өндірісте жазатайым оқиғалардың алдын алу және ескерту бойынша шаралар мәселелерін қарастыру үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша Сараптамалық кеңес құрылған. Кеңестің 21 отырысы өткізіліп, оларда 23 кәсіпорын басшыларының есептері тындалған.

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыстың кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеру барысында қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша 1600 бұзушылық анықталған (2014 жыл – 4957).

Бұзушылықтарды жою мақсатында қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша 156 нұсқама берілді (2014 жыл – 821) және әкімшілік жауапқа тартылды.

Еңбек жағдайы бойынша 883 өндірістік нысан аттестацияланды, 163 халықаралық және қазақстандық МОТ-СУОТ 2001, ГОСТ 12.0.230-2007 және еңбекті қорғау бойынша OHSAS стандарттары енгізілген.

Жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарымен және облыстық кәсіподақ Кеңеспен, облыстық, қалалық және аудандық деңгейде әлеуметтік серіктестік бойынша үш жақтық келісім жағдайын орындау бойынша белсенді өзара әрекет іске асырылады.

SWOT - саланы дамыту жағдайын талдауы:




Күшті жақтары (S):

  1. облыс кәсіпорындарында қазіргі заманға сай еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу;

  2. өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды уақтылы және сапалы түрде жүргізу;

  3. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін кәсіпорынның бірінші басшысына бағындыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. облыс кәсіпорындарында жұмыс берушілер үшін еңбекті қорғау жүйесін міндетті түрде құру бойынша заңнама қорының жеткіліксіздігі және халықаралық қағидалармен сәйкес келмеуі;

  2. кәсіби сырқаттарды, өндірісте жарақаттануды ескерту бойынша алдын алу жұмыстардың жеткіліксіздігі;

  3. еңбек міндеттерін орындаған кезде қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік бойынша білім деңгейінің төмендігі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. заңнамалардың сақталуына мемлекеттік, ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру.

Қатерлер (T):

  1. облыста кәсіпорындардың қауіпті (аса қауіпті), зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайлары;

  2. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзуға байланысты жазатайым оқиғалардың жоғарғы деңгейі.

Негізгі проблемалары:



  1. еңбекті қорғау саласында заңдылықтың жетілмегендігі;

  2. өндірісте жарақаттануды алдын алу бойынша кәсіпорындарда жұмыстың әлсіз ұйымдастырылуы.

Мәдениет

Мәдениетті ұғынуға заманауи көзқарас жаңа әлеуметтік мәдени орта қалыптастыру қажеттілігін туындатады. Адамның табысқа жетудегі негізгі факторы болатын шығармашылық белсенділікке қоғамның көзқарасы өзгеруде.

Алға қойылған міндеттерді облыс бойынша 5 мыңнан аса қызметкер еңбек ететін 647 мекеме41, жүзеге асырады, оның ішінде: шығармашылық кадрлар – 2,4 мыңнан аса адам, 149 көркемөнер шығармашылық ұжым, соның ішінде 133 ұжым – «Халықтық», 16 ұжым – «Үлгілі» атағына ие болған.

Облыс кітапханаларының кітап қоры 5 150,5 мың дана, соның ішінде мемлекеттік тілде – 1 569,7 мың дана құрады. Кітапхана оқырмандарының саны – 430,4 мың адам. Кітапханаға келім саны жыл сайын шамамен 6,8 мың адам құрайды.

Жыл сайын облыстың клуб мекемелері 25 мыңнан аса мәдени-көпшілік іс-шара өткізеді.

2016 жылы облыс театрлары 689 спектакль көрсетті, соның ішінде 31 жаңа қойылым.

Облыс мұражайлары 31 мыңнан астам іс-шара, соның ішінде экскурсия, көрме, дәрістер ұйымдастырды. Мұражай қоры – 438,1 мың экспонатты құрайды, соның ішінде – 17,6 мың экспонат сандық нұсқаға көшірілген. Мұражайларға келім саны – 835,3 мың адам.

2014-2016 жж. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс бойынша 65 мәдени нысан жөндеуден өткізілді.

Облыс аумағында республикалық маңызы бар 17 тарих және мәдениет ескерткіші мен жергілікті маңызы бар 703 ескерткіш42 тіркелген.

Археологиялық зерттеулер нәтижесінде 3 жылда 89 тарихи-мәдени нысан анықталып, 195 ескерткіш тіркеуге алынды.

Облыс аумағында әлемнің белгілі ғалымдарының қатысуымен археология саласы бойынша ірі ауқымды жоба іске асуда.

2016 жылы археология саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту Жоспарының үш жылдық кезеңінің бірінші кезеңі әзірленеді.

2016-2017 жылдары археология саласында туристтік потенциалы43 бар 5 көрнекті нысандар зерттелген. 2016 жылы өткізілген жұмыстар барысында 3000 артефактқа жуық анықталып, облыстың тарихи-өлке тану мұражайы қорын толықтырды. Археологиялық зерттеулерде 8 шетел мемлекеттерінен44 беделді археологтары қатысты.

Айтуға тұратын нәтиженің бірі – Катонқарағай ауданының Берел кешенінде ашық аспан астында мұражайдың ашылуы.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтар (S):

  1. мәдениет объектілеріне келушілер деңгейін арттыру;

  2. кітап қорын ұлғайту;

  3. мүгедектердің мәдениет мекемелеріне қолжетімділігін көтеру;

  4. облыста археология саласын дамыту және туристік қызығушылықты көтеретін мәдени нысандар санын арттыру;

  5. мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәдени мекемелерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, пандустар және т.б. құралдармен жабдықтау.

Әлсіз жақтар (W):

  1. кәсіби мамандар тапшылығы және кадр тұрақсыздығы;

  2. күзету міндеттері келісілмеген тарихи және мәдени ескерткіштердің болуы;

  3. ведомствалық тұрғын-үйдің жоқтығы;

  4. мәдени қызметпен қамтылмаған елді мекендерде көп функционалды мобильді жүйенің болмауы, соның ішінде көшпелі кітапханалар;

  5. материалдық-техникалық жабдықталуының әлсіздігі.




Мүмкіндіктер (O):

  1. жаңа мәдениет нысандарының құрылысы, мәдениет мекемесінің материалды-техникалық жабдықталуын жақсарту;

  2. жаңа мәдениет нысандарының құрылысы, мүгедектерге мәдениет қызметіне қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қосымша қаржыландыру;

  3. өңірдің жас әртістерінің жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін байқаулар өткізу;

  4. ауылдық елді-мекендерді көшпелі кітапханалармен (библиобустар) қамтамасыз ету.

Қатерлер (T):

  1. қазіргі кездегі дағдарыс жағдайында жеткіліксіз қаржыландыру мәдениет саласында Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани құндылықтарын тарату, пайдалану, дамыту, сақтау, жаңарту, қайта құруға бағытталған мемлекеттік саясаттын, сондай-ақ азаматтардың патриоттық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайлар жасауының орындалмауына әкеледі.



Негізгі проблемалар:



  1. ауыл кітапханаларында компьютерлендіру және Интернетке қолжетімділіктің болмауы (облыстағы 259 ауылдық кітапхананың тек 48 ғана Интернетке қосылған);

  2. мәдениет қызметкерлерін даярлау орталықтарының болмауы;

  3. жеке салалардың нақты мамандары, шығармашылық көшбасшылар және маркетинг пен арт-менеджментті меңгерген жаңа типті басқарушы кадрлар тапшылығы өз шешімін күтуде;

  4. ведомстволық тұрғын үйлердің болмауы (білікті мамандарды тартудағы негізгі кедергі);

  5. материалдық техникалық жарақтандырудың (музыкалық аспаптар, заманауи құрал-жабдықтар, сахна костюмдердің) жетіспеушілігі, ол қызмет көрсетудің сапасын төмендетеді.

Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану әр адамның салауатты өмір сүру салтының ажырамас бөлігі.

Жыл сайын халықтың салауатты өмір сүруге және спортпен шұғылдануға көңіл бөлуі артып келеді. 2014 жылмен салыстырғанда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 4,5 мыңнан астам адамға көбейді (29-кесте).


29-кесте Дене шынықтыру мен спорттың негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Бірлік өлшемі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Спорттық ғимараттар – барлығы

Бірлік

3 132

3 149

3 171

35 783/

8,9%


Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар
- барлығы

- олардың ішінде дене


шынықтыру білімінің болуы

адам

3 843

3 616


3 800

3 700


3 820

3 718


44 954/

8,5%
36 401/

10,2%


Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушы халықты қамтудың өсуі

%

30,1

30,3

30,3


28

Дене шынықтыру

және спортпен шұғылданушылардың саны



адам

419 276

423 400

423 811

4 863747/ 8,7%

Дене шынықтыру-спорттық бірлестіктер (ведомстволық дене шынықтыру-спорттық қоғамдықтар, барлық спорттық клубтар, спорттық ұжым кәсіпорындары және мекемелері)

бірлік

1900

1900

1900

19 057/

10%


Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдердің қамтылуы

%

14,2

15

15,6

13,2

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдердің саны

адам

26 864

27 000

27 247

1512597/

1,8%

45 спорттық мекемелер жұмыс істейді, олардың ішінде 10 мамандандырылған және 25 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері,
3 жоғары спорт шеберлігі мектептері (қысқы, жазғы және бұқаралық спорт түрлері бойынша), спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық клуб, олимпиадалық резерв дайындау орталығы, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, «Алтай» ойын түрлері бойынша спорт клубы (гандбол, футбол, хоккей), дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

12 мыңнан астам балалар 101 көше және балалар-жасөспірімдер клубтарына барады. Жалпы білім беру мекемелерінде спорттық құрал-жабдықтармен орташа есеппен 70 % қамтамасыз етілген.

2014 жылмен салыстырғанда 22 спорттық нысандарға ұлғайған және 2016 жылы 3 171 нысанды құрады.

Спорттық инфрақұрылымдар санының ұлғаюына қарамастан облыста спорттық нысандардың жетіспейтіндігі байқалуда, әсіресе ауылдық аймақтарда. Дене шынықтыру және сауықтыру жаттығуларын өткізу үшін жалпы қажеттілік 359 спорттық және көпфункционалды спорттық залдарды құрайды.

Спорттық-бұқаралық шараларды өткізу саны ұлғаюда. 2016 жылы 5 халықаралық, 15 республикалық, 215 облыстық және 3 516 қалалық және аудандық спорттық шаралар өткізілді.

Оның ішінде бұқаралық болып табылатыны: «Біз Президенттің командасы» мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада, оқушылар арасында спартакиада, «Жұлдызша» шайбалы хоккейден және «Былғары доп» футболдан жарыстар. 20 спорт түрінен қалалар мен аудандардың екі мыңнан астам спортшыларының қатысуымен облыс әкімінің жүлдесі үшін Халық ойындары өткізілді. Облыстың 220 мыңнан астам тұрғынының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілеуін тапсыру айлығы өкізілді.

Испаниядан кәсіби мамандардың тартылуымен Футбол академиясы жұмыс істейді. «Алтай» Футбол клубы құрылған. 7 жас аралығындағы
(12-18 жас аралығы) 170 бала оқитын Семей қаласында Футбол академиясының филиалы ашылған.

2015-2016 жылдары жаңадан құрылған «Алтай» Волейбол клубы Шығыс Қазақстанның тарихында алғаш рет ерлер және әйелдер арасында ҚР Ұлттық лигасыда алтын медальдарға ие болды. Сондай-ақ командалар Азия клубтық Чемпионатына қатысып, келесі орындарға ие болды: әйелдер командасы –


4 орын, ерлер командасы – 5 орын.

Қазіргі уақытта «Торпедо» хокей командасы Жоғарғы хоккей Лигасының турнирлық кестесінің бірінші қатарынан орын алған. Хоккей жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін Борис Александров атындағы Спорт сарайының кіре берісін қайта құру жұмыстары аяқталды.

2016 жылғы спорттағы ең маңызды жетістіктердің бірі ол мемлекетіміздің «олимпиадалық жинағына» Рио-де-Жанейро Олимпиадалық ойындарында жеңген қола медальдар: үш рет секіруден – Ольга Рыпакова, ауыр атлетикадан – Денис Уланов.

Күрес түрлерінен спортшыларды халықаралық деңгейде дайындау үшін Семей қаласында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі негізінде күрес залы және 200 адамға арналған асханасы бар жатын орындар салынған.

Сондай-ақ «Street workout» көшелік спорттық алаңдар аса қызығушылықпен қолданылады. 2016 жылы өңірлерде қолданысқа 13 алаң берілді.

Қазақстан Республикасының құрама командаларына күрестің әр түрінен Шығыс Қазақстан облысының 534 спортшысы кірді. Оның ішінде жасөспірімдер құрама командасына – 148, жеткіншектер – 194, ересектер – 192 спортшы.

Есеп беру кезеңінде 14 халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 135 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 606 спорт шеберіне үміткерлер, 274 бірінші дәрежедегі спортшылар және 5 Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген жаттықтырушылары дайындалды.

Облысымыздың спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 655 медальға қол жеткізді, оның ішінде 232 алтын, 214 – күміс, 209 қола медальдары.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттың дамуына назар аударылуда.

Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 388 контингенті бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған клубы жұмыс істейді.

2016 жылы дене шынықтыру және спортпен 2 150 мүмкіндігі шектеулі адамдар шұғылданған.

Жыл сайын облыс бюджетінен әр түрлі жарыстар мен спартакиадаларды ұйымдастыру және оларға қатысу үшін қаражат бөлінеді. Әр түрлі деңгейде 40 іс-шаралар өткізіліп, 12 241 адам қатысты.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтар (S):

  1. спорт объектілері мен нысандардың тұрақты өсуі;

  2. жұртшылыққа ұсынылатын спорттық нысандардың, мәдени-сауықтыру мекемелерінің болуы.

Әлсіз жақтар (W):

  1. материалдық-техникалық базасының сапасы төмен деңгейі;

  2. саланың кадрлармен қамтамасыздандырылуының төмендігі;

  3. ауылдық жерлерде бұқаралық спорттың әлсіз дамуы;

  4. қолданыстағы спорт ғимараттарының көпшілігі техникалық пайдалану, халықаралық ережелер мен жарыстар мен оқу үрдісін өткізу ережелері талаптарына сәйкес келмеуі;

  5. балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі мектеп жасындағы балалардың тек 14 %-ын оқуға мүмкіндік береді.

Мүмкіндіктер (O):

  1. Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру және спорт дамуының Концепциясының іске асырылуын жеделдету;

  2. тұрғындар арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын күшейту;

  3. ауылдық округтердегі спорт саласындағы мамандарға әдістемелік көмек көрсету;

  4. спорттық кадрларды дайындау бағдарламасын жетілдіру.

Қатерлер (T):

  1. жекелеген спорт түрлерінің нашар дамуы (жабық спорт ғимараттарының жоқтығына байланысты);

  2. мамандардың басқа салаларға кетуі.

Негізгі проблемалар:



  1. материалдық-техникалық базаның және спорттық инфрақұрылымның төмен деңгейі;

  2. ауылдық жерлерде дене шынықтыру мен спорттың жеткіліксіз дамуы;

  3. білікті мамандардың болмауы;

  4. халықтың тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-спорттық жұмысының жеткіліксіз деңгейі, спорттық секциялар мен клубтар желісінің дамымауы.

Тілдерді дамыту

Патриотизмнің басты факторларының бірі – ана тіліңді білу.

Қазақстан Республикасында 2011-2019 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өңірде тұратын басқа этостардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық ұқсастылық пен бірлігін нығайтудың басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің толық көлемде қолданылуын қамтамасыз етуге облыста тіл саясаты өткізіледі.



Тілді оқытудың инфрақұрылымын облыстық, 11 аудандық және қалалық тілдерді оқыту орталығы, мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы 564 үйірмеден45, репатриантарға қазақ әліпбиі мен орыс тілін үйретуге арналған 15 үйірме құрайды.

Тілдерді оқыту орталықтары мен 22 жекеменшік орталықта ағылшын тілін оқыту жүргізіледі. Этнос тілдерін оқыту бойынша 40 топ ұйымдастырылған.

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2016 жылы 78,2 % құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,9 % өсті.

2016 жылы тіл оқыту орталықтарының базасында мемлекеттік тілді 3992 адам оқыды, оның 1400-і мемлекеттік қызметші, 2 592-ы азаматтардың басқа санаты.

Мемлекеттік тілді қашықтан оқытуды жүзеге асыру мақсатында KAZCENTER.KZ іске қосылды. Аталған сайттың қызметін 1 млн. астам адам пайдаланып отыр, оның 3 мыңы қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді үйренуде.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде анықтау жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы 8287 мемлекеттік қызметші диагностикалық тестілеуден өтті. 31 мемлекеттік қызметші В1 деңгейі бойынша сертификат алды.

Мелекеттік органдардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 94,9 % құрады. Мемлекеттік қызметшілердің 80 % өз қызметтерінде мемлекеттік тілді қолданады. Тұрғындардың 94 % орыс тілін, 3,9 % ағылшын тілін меңгерген.

Тілдерді оқыту орталықтарының базасында ағылшын тілін оқыту ұйымдастырылған. Онда 1002 адам ағылшын тілін үйренуде. Бұдан басқа мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы 75 үйірме мен топта 2 мың адам ағылшын тілін оқуға тартылған. 22 жекеменшіке орталықта 3 мыңнан астам адам ағылшын тілін оқиды.

Шығыс Қазақстан халқының мәдениеті мен тілдерін түлету мектебі жұмысын жалғастыруда, онда 11 этностың тілі оқытылады. Аудандар мен қалаларда этнос тілдерін оқыту бойынша 40 топ ұйымдастырылған. Облыс бойынша 530 өзге ұлт өкілі өз ана тілін оқуға тартылған.

Облыстағы қазақ тілінде оқытатын колледж, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде 1627 өзге ұлттың баласы қазақша білім алып жатыр.

Мемлекеттік тіл саясатын ақпараттық қамтамасыз ету бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ай сайын облыстық телеарна эфиріне «Тілтаным», «Тіл-татулық тірегі» бағдарламалары және бейнематериалдар шығады. Облыстық «Дидар» и «Рудный Алтай» газеттерінде 6 арнайы бет ұйымдастырылды. 2016 жылы мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері бойынша облыстық, аудан, қалалық газеттерде 350 мақала, электронды БАҚ эфиріне 50 астам сюжет және 30-ға жуық тақырыптық хабар шықты.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы жасалды;

  2. мемлекеттік тілді деңгей бойынша (А1, А2, В1, В2, С1, С2) оқытудың типтік бағдарламасы жасалды;

  3. тілді қашықтан оқытуды еңгізу тілді онлайн режімінде үйренуге мүмкіндік берді;

  4. этнос тілдерін оқыту жұмысы жолға қойылды;

  5. мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді түрде іске асты.

Әлсіз жақтары (W):

  1. қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттіліктің болмауы;

  2. аудандардағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру;

  2. ұлттық бірліктің дұрыс саясатын жүргізу арқылы толерантты ортаны сақтау.

Қатерлер (T):

  1. ономастика бойынша нормативтік-құқықтық акті қабылдау қажеттілігі;

  2. тіл оқыту орталықтарының жекешелендірілуі.

Негізгі проблемалар:



  1. тілдерді дамыту және ономастика саласының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі.

Жастар саясаты

Жастардың өзін-өзі тануы үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінуде.

Барлық жерлерде жастар орталықтары ашылуда, олар жастар мен жастар ұйымдарына құқықтық, консультативтік, әдістемелік көмек көрсетіп, жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал етіп, оларға кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс жүргізіп, еріктілер қозғалысын жандандырып, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша белсенді қызмет атқаруда.

Облыс халқының санынан жастар саны 21,6 % құрайды46. Ең көп жастар Өскемен, Семей қалалары мен Үржар, Аягөз, Зырян аудандарында тұрады. Жастар санының төмен деңгейі Курчатов қаласында, Абай, Бесқарағай, Күршім және Катонқарағай аудандарында байқалады.

20 жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді, жалпы қызметкерлердің саны – 142 адам, жастар ісі комитеттерінің саны (99) өсті, оның ішінде жоғары оқу орындарында – 8, колледждерде (студенттік өзін-өзі басқару) – 74, ірі кәсіпорындарда – 6.

Жас депутаттар саны – 28 адам.

Жастар мәселелерін талқылайтын сұрақтарды қарастыратын алаңдар, оларды сүйемелдеу және қолдау бойынша жұмыстар атқарылып, жастардың бос уақытында жәрдемдесу жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілуде.

«Молодежный клуб», «Жаңа әлем жастары», «Жастар форматы» атты жастар газеттері шығарылады.

8 ЖОО-да, 74-і арнайы орта оқу орындарында жалпы саны 56 849 студент білім алып жатыр, оның ішінде жоғары оқу орындарында – 21 844 студент, арнайы орта оқу орындарында – 35 005 оқушы санын құрайды.

199 шығысқазақстандық азамат «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқудан өтті және облыс аумағында жұмыс істейді. Сондай-ақ өңірден шыққан 35 студент жетекші 7 елдердің жоғары оқу орындарында (Ұлыбритания – 15 адам, АҚШ-нан – 12 адам, Германия – 2 адам, Канада – 2 адам, Франция, Чехия – 1 адам) оқиды.

«Серпін-2050. Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» атты жоба аясында (Қызылорда облысы, ОҚО, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы) – 3 160 студент 4 жоғары және 9 орта арнаулы оқу орындарында оқиды.

Алайда, көші-қон жастар сальдосы теріс болып қалуда, 2016 жылы 1419 көшіп, 1324 жас адам келді.

Қазіргі уақытта Томск, Новосибирск және Барнаулдың жоғары оқу орындарында шамамен шығысқазақстандық 2 мың студент нанотехнология, ядролық физика, геология, металлургия, тау-кен ісі, инженерия және медицина мамандықтар бойынша оқиды.

Сауалнама қорытындысы бойынша 35 % студенттер жұмысқа орналасса ғана өңірімізге қайтып келуге ниетті. Ресей ЖОО-ның Әкімшілігі шығыс қазақстандық студенттер туралы ақпаратты беруге және қазақстандық жұмыс берушілер қатысуымен бос орындар жәрмеңкесін өткізуге ынтымақтастыққа дайын.

Жастардың кетуі мәселелерді шешу үшін барынша көп жастарды ШҚО-ға қайтару және жұмысқа орналастыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары дайындалып жатыр.

2016 жылғы қорытындысы бойынша тіркелмеген жұмыссыз жастар саны 4219 адам құрады, оның ішінде 622 жастардың жоғары және орта арнайы білім беру біліктілігі жоқ.

2637 адам жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген, 1455 адам жұмысқа орналастырылды, қалған 1182 жас адам әр түрлі себептермен бас тартты.

Облыста жұмыссыз жастарды анықтау үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, жұмыс берушілер форумдар, кәсіпкерлік жөніндегі тренингтер және т. б. ұйымдастырылған

Жастар саясатын жетілдіру тетіктерінің бірі, жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмысқа орналасу, қолжетімді тұрғын үй және практикалық перспективалы бизнес-жобаларға бағытталады.

Жастарды жұмыспен қамту шаралары 2016 жылғы қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1 %-ға қысқартылды, 2014 жылдың кезеңінде көрсеткіштен қарағанда (4,4 %) 1,3 %-ға кем.

NEET үлесі 2016 жылы облыс бойынша (оқымайтын және жұмыс істемейтін) жалпы жастар көрсеткіші, республикалық көрсеткіштен 1,6 п. к. төмен. (7 - сурет)47.



7-сурет – облыс жастарын NEET үлесі.
Неғұрлым өзекті мәселелердің бірі – жастарды тұрғын-үймен қамтамасыз ету, жасы 14-тен 29-ға дейінгі жетім балалар, әлеуметтік жағынан осал жастар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, жас отбасылар, жас адамдар тұрғын үй алуға кезектегі 25 %-ын құрайды.

Жастар арасындағы қылмыс бойынша Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша жетекші орында, 5309 адам 14-тен 29-ға дейінгі жас санаты бойынша 2016 жылы қылмыс жасаған адамдар 2014 жылдан бастап 2016 жылға 30,8 %-ға төмендеді. Осы көрсеткіш азайту бойынша жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау органдары және облыстың қалалары мен аудандарындағы жастар орталықтарымен бірлесіп жұмыстар жүргізіледі.


SWOT - саланың даму талдау жағдайы:


Күшті жақтары (S):

1) жастар ресурстық орталықтардың құрылуы және оның жұмыс істеуі;

2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы белсенді ҮЕҰ әлеуметтік маңызы бар проблемаларды шешуі;

3) пилоттық режимде бірегей әдістемелік әзірлемелер енгізілетін ҮЕҰ арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі жасалынды.



Әлсіз жақтары (W):

1) ауылдық өңірлерде ҮЕҰ жұмыстың төмен деңгейі;

2) үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдау үшін жеткіліксіз қаражаттың бөлінуі.

Мүмкіндіктер (O):

1) жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейту;

2) ауылды жерлерде ресурстық орталықтарының жұмыс істейтін жастарға әдістемелік көмек көрсетуі;

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемін ұлғайту;

4) өмір сүру сапасын арттыру, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы ҮЕҰ арқылы әлеуметтік қызмет моделін әзірлеу және енгізу.


Қауіп-қатер (T):

1) облыста қоғамдық-саяси жағдайдың асқынуы;

2) деструктивті діни ағымдардың таралуы;

3) жастардың деструктивті ағымдарға кіруі;

4) шет елдер тарапынан ақпараттық ықпал.

Негізгі проблемалар:



  1. нақты нормативтік-құқықтық актілерін реттейтін мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының тәртібінің жоқтығы, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы, халықаралық ұйымдар қызметінің мониторингі;

  2. қоғамдық бірлестіктердің белсенділігінің төмендеуі (әсіресе ауылдық жерлерде). Мемлекеттік қолдау механизмдерінің (гранттар) жоқтығына байланысты үкіметтік емес ұйымдардың саны артады, бірақ олардың тұрақты қызметкерлері, кеңсенің, материалдық-техникалық базасы жоқ;

  3. мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ҮЕҰ-дың институционалдық дамытуын көздемейді, кіріс көзі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырылуы дәстүрлі жүйесі болып табылады;

  4. NEET үлесінің шамалы төмендеуі;

  5. ауыл жастарының жұмысқа орналастыру пайызының төмендеуі;

  6. жастарды тұрғын-үймен қамтамасыз ету;

  7. жастар арасында құқық бұзушылық;

  8. жастар саясатын жүзеге асыруға ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету кадрларының жетіспеушілігі;

  9. халықаралық жастар алмасуының дамымауы.

Дін


Облыста тұратын барлық этностар мәдениеті мен ұстанымдарының еркін дамуына, еркін діни ұстаным құқығын әрі қарай іске асыру үшін қолайлы жағдайлар құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тұрғындар арасында дінге деген сұраныстың өсуіне байланысты, діни сауаттылық сапасы төмен болып қалуда, бұл өз тарапынан белгілі жағдайда діни түсініспеушіліктерге әкеліп соғуы мүмкін.

Облыс аумағында қазіргі кезде 12 конфессиялардың атынан өкілдік ететін 313 діни бірлестік және олардың филиалдары тіркелген, олардың қарамағында 269 ғибадат нысандары48 бар. Шетелдік 11 миссионер тіркелген49.

Облыста тұрғындардың конфессияларға бөлінуі этникалық құрамымен анықталады. Оның ішінде 60 % – мұсылмандар, 39,5 % – христиандар, 0,04 % – тағы да басқалары.

Мемлекеттік-конфессиялардың және конфессияаралық байланысты нығайту мақсатында, жүйелі түрде диалогтік алаңдар жұмыс жасайды. Олар облыстық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес және діни бірлестіктердің жетекшілер Клубы.

Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету діни экстремизмді ескерту және терроризм қауіпін алдын алу арқылы өткізіледі.

Экстремисттік ұғымдарды таратуға қарсы мақсатта облыста құрамында 325 адамы бар 20 ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді. 2016 жылы барлық деңгейдегі топтар 2842 іс-шара өткізіп 211 мыңнан астам адамды тартты.

Республикалық «қауырт желімен» қатар облыстық «сенім телефоны» арқылы кеңес берілуде. Облыстық «сенім телефоны» хабарласқан адамдар саны 2014 жылмен салыстырғанда 4,5 есе50.

Облыс аумағында мемлекеттің түзету мекемелерінің бірден төрт бөлігі орналасқан, соның салдарынан, осы мекемелерде түсіндіру және оңалту жұмыстары қызметтің өзекті бағыты болып табылады. Сонымен 2016 жылы 14,3 мың адамды қамтитын 541 іс-шаралар өткізіліп, олардың ішінде 336 жеке кездесу. Нәтижесінде 25 сотталғандар қазақстан қоғамының құндылықтарына икемделген.

Тұрғындардың радикалдану деңгейлерін төмендету мақсатымен іріткі салушы діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту жұмысы белсендетілді. 2014 жылдан бастап дәстүрлі емес діни ағымдар ұстанушыларын дәстүрлі діндер нормаларына бейімдеуге бағытталған «Әлеуметтік портрет» жобасы іске асырылуда.

Ақпараттық мақсатта 2016 жылы 2528 мағлұмат жарияланған, соның ішінде теледидарда – 102, баспада – 1307, интернет-ресурстарында – 1119.

Екі 15 минуттық фильм және бес роликтер дайындалып, олардың бәрі дін істері бойынша басқарма сайтында орналастырылған, өңірлік теледидарда және 94 LED-экрандарда көрсетілген.

Интернет-ресурстарды мониторингі барысында (әлеуметтік желілер, ұтқыр қосымшалар және т.б.) 2016 жылы мониторингпен 848 сайттар және бейнематериалдар қамтылған, олардың діни экстремизмі мен терроризмді насихаттаудан тұратын 370 бейнематериалдар және 120 интернет-порталдарында анықталған.
SWOT- анализ состояния развития отрасли:


Күшті жақтары (S):

  1. қолданыстағы заңнамалық база;

  2. қоғамдағы діни төзімділіктің, конфессияаралық, этносаралық келісімнің, тұрақты діни ахуалдың, қазақстандық бірегейліктің сақталуы;

  3. діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұру іс-шаралар барысында алдын-алу жұмыстарына көңіл бөлінуі;

  4. терроризмге қарсы комиссиясын құру арқылы діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуында мүдделі мемлекеттік органдардың үйлестірілуін қамтамасыз етілуі;

  5. діни ахуалға, діни бірлестіктер қызметіне, баспа және электронды бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы шыққан дін тақырыбындағы материалдарға талдау және мониторинг жасалуы;

  6. діни бірлестіктердің қатысуымен сұқбат алаңшалардың белсенді жұмысын қамтамасыз етілуі.

Әлсіз жақтары (W):

  1. тұрғындардың «ұйымдастырылмаған», «маргиналды» топтарының діни қызмет мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстармен жеткілікті қамтылмауы;

  2. исламдық және христиандық бағыттағы дәстүрлі емес діни идеология ұстанушылардың болуы;

  3. экстремистік және террористік мазмұндағы материалдардың интернет-ресурстар арқылы тарауына қарсы тұру жүйесінің жетілдірілмеуі;

  4. облыста кәсіби теологтардың болмауы;

  5. Шығысқазақстандықтардың саяси және діни ахуалы тұрақсыз мемлекеттерге кетуі.

Мүмкіншіліктер (O):

  1. тұрғындар арасында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру, оның ішінде «адрестік», «нүктелік» жұмыстарын жандандыру;

  2. интернет-ресурстардағы, әсіресе әлеуметтік желілердегі экстремистік сипаттағы материалдарды айқындау үшін мониторинг өткізу. Сол әлеуметтік желілерді қарсы үгіт жұмыс үшін пайдалану.

Қауіптер (T):

  1. облыстағы діни ахуалдың күрделенуі;

  2. деструктивті діни ағымдар идеяларының тарауы (шетелге «жиһадқа» кету, «неке халял», ұлттық дәстүрлерді жоққа шығару, т.б.);

  3. исламдық және христиандық бағыттағы радикалды діни идеологияны ұстанушылар санының өсуі.

Негізгі проблемалар:



  1. радикалды діни идеологияны ұстанушылардың болуы: «Сәләфия», «Таблиғи Жамағат»;

  2. Інжіл Христиан баптистердің (Шіркеулер кеңесі) тіркелмеген діни қауымдардың қызметі;

  3. мектептегі сабаққа хиджаб киіп баратын жасөспірім қыздардың болуы;

  4. діни көзқарастарына байланысты сенбі күні балаларын мектепке жіберуден бас тартатын Жетінші күні адвентистерінің болуы;

  5. білікті имамдар, теологтар, дінтанушылардың жетіспеушілігі.

Ұлтаралық келісім

Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі мен орнын анықтайтын бәсекелі артықшылықтарының бірі болып мемлекеттің бірлігі мен мәдениетінің алуандығы, толеранттылығы мен өзгерістермен қатар олардан жақсылықты қабылдауға бейімделу қабілеті ерекшеленеді.

Облыста 110 этномәдени бірлестік қызмет етеді, олардың ішінде саны жағынан ең көп: орыс, славян және казак – 20 ұйым, татар және неміс 10-нан. Этномәдени бірлестіктердің көпшілігі Өскемен қаласында – 22, Семейде – 17, Риддер мен Шемонаиха аудандарында 10-нан.

Халықтың басым бөлігін екі этнос құрайды: қазақтар – 59,3 %, орыстар – 37,1 %51, қалған этностар, татарлар, немістер, украиндықтар, белорустар, шешендер, әзірбайжандар және өзге ұлттар 3,6 %.
Саяси партиялар

Облыста «Нұр Отан», «Қазақстан Коммунистік халық партиясы», «Ақ жол» демократиялық партиясы», «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстанның Жалпыұлттық Социал-Демократиялық партиясы», «Ауыл» халықтық демократиялық (патриоттық) партиясы» республикалық партияларының 6 облыстық, 24 қалалық пен аудандық филиалдары тіркеліп, өз қызметтерін жүзеге асыруда. Қалалар мен аудандарда республикалық партиялардың 28 өкілдіктері жұмыс істейді.

Партия мүшелерінің саны 117 мың адамнан артық құрайды.
Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл

Жыл сайын әділет органдарында тіркелген қоғамдық ұйымдардың саны артуда, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 713 ұйым тіркелген, дегенмен 180 ҮЕҰ немесе 25,2 % белсенді қызмет етеді.

Әсіресе жастар саясаты, балалар бастамасы, спортты қолдау және салауатты өмір салтын дамыту, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарымен жұмыс, гендерлік саясат секторлары белсенді жұмыс істейді.

Үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың негізгі формасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып қалуда.

Соңғы үш жылда 943,4 млн. теңге52 көлемінде 278 әлеуметтік маңызды жоба іске асырылды.

2014 және 2016 жылдар аралығында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру аясында үкіметтік емес ұйымдардың қызметімен (ары қарай – ҮЕҰ) 970 мың адам қамтылды.


Гендерлік саясат

Заманауи гендерлік саясат жыныстылық тиістілігіне байланысты дискрминацияның (кемсітушіліктің) барлық формаларын және пайда болуын алдын алуға, еңбек, қоғамдық және жеке өмірдің барлық салаларында әйелдер мен ерлердің қабілеттерін толық іске асыруға бағытталған саяси алғышарттарды және қажетті әлеуметтік жағдайларды жасауға бағытталған.

Халықтың гендерлік білім алуы мен гендерлік ағартуына көңіл бөлінеді, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, барлық деңгейдегі басшылар, БАҚ қызметкерлері.

Әйелдердің құқықтарын қорғау мен мәртебесін арттыруға бағытталған институционалдық механизмдердің тұтас жүйесі қалыптасты, олар үнемі дамиды және жетілдіріліп отырады, олардың қызметі барлық салаларда ықпалды және тиімдірек болуда.

Әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Ондаған әйелдер жеңілдігі бар несие алды, бизнесін ашты. 2016 жылы шартталған орналастырудың аясында 1419 млн. теңге көлемінде 392 әйел-кәсіпкерге несие берілді, 579 әйел-кәсіпкерге «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниялары арқылы 2596 млн. теңге сомасында несие берілді.

Облыстағы әйелдердің мәртебесін көтеру бойынша жұмыста үкіметтік емес ұйымдар маңызды рөлге ие.

Әйелдердің ҮЕҰ жұмыспен қамту мен кәсіби бағдарлау, шағын бизнесті, құқықтық және заңды қолдау орталықтарын құрды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әйелдердің үлесі 52,4 % құрады, ерлер – 47,6 %53. Репродуктивті жастағы әйелдердің (15-49 жас) саны 345,3 мың адамды (жалпы тұрғындардың 24,7 %) құрады.

Әйел адамдар облыстың экономикалық қызметінің барлық салаларында белсенді қызмет етуде. Олар жалдамалы жұмысшылардың ортақ жиын санының 47,6 % үлесін құрайды. Дегенмен, кейбір экономикалық қызметте әйелдер үлесі басым болып табылады.

Әйелдер тамақтану және тұрғын үй қызметіндегі жұмысшылардың жалпы санының 79,3 % үлесін құрайды, білім саласында – 76,6 %, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметте – 74,4 %, қаржы және сақтандыру қызметінде – 73,5 %, көтерме және бөлшек сату саласында – 64,1 %.

Әйелдер мен ерлер арасында еңбекақы бойынша айырмашылық сақталуда. Облыс бойынша ерлердің 2016 жылғы орташа еңбекақысы әйел54 адамдарға қарағанда 22,7 % жоғары. Өнеркәсіпте, құрылыста, саудада, қаржы қызметінде және басқа да бірқатар салаларда әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда 13,6-24,2 % төмен.

Сонымен қатар, әйел адамдар еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі төмен болып қалуда. 2016 жылы жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінде ерлердің үлесі 52,1 % құраса, әйелдер 47,9 %55 құрады. Ірі және орта кәсіпорындардағы жалдамалы жұмысшылардың жалпы санының 42,8 % әйелдер құрайды. Жұмыссыз әйелдердің жалпы саны 19,3 мың адамды немесе 55,3 % құрайды.

Әйелдерді саяси жоғарылату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардағы 321 депутаттың - 83-і әйелдер, 73 әкім мен әкім орынбасарының – 8-і әйелдер, 246 ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің – 25-і әйелдер.

Облыста отбасының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша оң тәжірибе бар. 2012 жылдан бері мемлекеттік тапсырыс аясында Семей қаласында «Отбасы орталығы» қоғамдық қоры жобаны іске асыруда. Орталық тұрғындарға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық және консультативтік қызметтер көрсетеді. Дағдарыс орталығы ұйымдастырылған және «Жедел желі» сенім телефоны қызмет етеді. 2016 жылы 640 адамға көмек көрсетілді. Халықтың әлсіз топтарына қайырымдылық акциялары өткізіледі.
SWOT- сала дамуының жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

    1. атқарушы және өкілді билік органдарындағы басшы әйелдер үлесінің артуы;

    2. кейбір экономикалық қызметтегі әйелдер үлесінің басым болуы;

    3. ерлерге қарағанда әйелдердің өмір сүру жасының жоғары болуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. жалпы жұмыссыз әйелдердің саны 55,1% құрайды.

  2. шешім қабылдау деңгейіндегі билікке әйелдердің жеткілікті мөлшерде қатынаспауы;

  3. әйелдер мен ерлер арасындағы еңбекақы мөлшеріндегі айырмашылықтың сақталуы.

Мүмкіндіктер (O):

  1. әйелдерді саяси жоғарлату арқылы олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін ұлғайту.

Қауіптер (T):

  1. әйелдер құқығының сақталмауы;

  2.  әйелдердің жынысына байланысты дискриминация.

Негізгі проблемалар:

1) шешім қабылдау деңгейіндегі билікке әйелдердің жеткілікті мөлшерде қатынаспайды (облыстық, қалалық, аудандық өкілді органдардағы әйелдер үлесі тек 24,9 %, атқарушы билік органдарында 11 % құрайды).
2.1.3. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті күзету мәселесі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша басымды міндеттердің қатарына қосылуда.

Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды толық есепке алуды және тіркеуді қамтамасыз ету бойынша өткізілген жұмыстар еліміздегі қылмыстылықтың объективті статистикалық мәліметтеріне қол жеткізуге және оларды неғұрлым шындыққа келтіруге ықпал етті.



Нәтижесінде қылмыстың статистикалық төмендеу беталысы қалыптасты. Облыстағы нақты қылмыстық ахуал бұрынғы әлеуметтік-қолайлы деңгейде сақталуда. (8 сурет)
8-сурет – Облыс бойынша тіркелеген қылмыстар саны
2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы жедел жағдай тіркелген қылмыстар санының 6,6 %-ға төмендеуімен сипатталады (2014 жылы 28,3 мыңнан 2016 жылы 26,4 мыңға дейін).

Тіркелген қылмыстар саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша Алматы қ. – 66 913, Астана қ. – 39 727, Оңтүстік Қазақстан – 33 679, Алматы – 27 052 және Қарағанды – 26 781 облыстарынан кейін алтыншы орында.

Қылмыстың негізгі үлесі жеңіл, орташа ауырлықтағы қылмыстардан тұрады, олар қылмыстық құрылымның 78 %-ын құрайды. Басым бөлігі – бөтеннің мүлкін ұрлау – 15 153, бұзақылық – 1 506 және алаяқтық – 1 623.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлесі 5,3 %-ды құрайды. Ауыр қылмыстардың саны 15 %-ға (1643-тен 1398-ге) және аса ауыр қылмыстардың саны 10 %-ға (259-дан 234-ке), оның ішінде қасақана кісі өлтіру қылмысы


7,3 %-ға (109-дан 101-ге) төмендеген, қылмыстық теріс қылыққа 15,8 %-дан келеді.

Көптеген жылдар бойы облыстағы қылмыстың деңгейі жоғары болуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарына шаққанда әрбір 10 мың адамға 190 қылмыстан келеді, бұл республика бойынша Астана қ. – 431 қылмыс, Алматы қ. – 386, Қостанай – 227, Батыс Қазақстан – 203, Қарағанды – 193 және Ақтөбе – 192 облыстарынан кейін жетінші орын


(9-сурет).
9-сурет – 10 мың адамға шаққандағы қылмыс деңгейі
Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны жоғары деңгейде болуда – 7410, оның ішінде көшеде жасалатын қылмыстар 3318, олардың үлес салмағы тиісінше 28 % және 12,5 %-ды құрады.

Көшеде жасалатын қылмыстар санын тежеу мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғау механизмін одан әрі жетілдіру шаралары қабылдануда. Көшелерде және қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйесі кеңейтілуде, 202 бейнебақылау камералары жұмыс істейді, оның ішінде: облыс орталығында 97 камера орнатылған, Семей қаласында 45 бейнебақылау камерасы орнатылып, Жедел басқару орталығына пайдалануға берілген. Сонымен қатар, ІІБ-нің кезекші бөлімдеріне қосылған бейнебақылау қамералары Риддер және Зырян қалаларында – 17, Аягөз ауданында – 16 және Шемонайха ауданында – 10 орнатылған.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 2016 жылы 20 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды және жолы кесілді, 255 қылмыс ашылды.

Өскемен және Семей қалаларында бейнебақылау жүйесін кеңейту мақсатында көше қылмыстарының алдын алуда оң нәтиже беретін «Қауіпсіз ақылды қала» жобасын енгізу үшін мемлекеттік-жекешелік серіктестік шеңберінде жеке қаржы салымын тарту мүмкіндігі қарастырылуда.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3,5 мыңнан астам адамды біріктіретін құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың күштері мен құралдары тартылады, олардың қатысуымен 88 қылмыс ашылды. Олардың жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен көтермеленіп отырады, осылайша 7 млн. теңге сомасымен 406 мүше көтермеленді.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында соңғы жылдары өзін ақтаған «мектеп» инспекторларының жұмыстарын дамыту жалғасын табуда. Мектептерде 212 «Мектеп» инспекторлары жұмыс жасайды.

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы төмендеуде және ол 2,1 %-ды құрады.

Қылмысты қайталау көрсеткіші жоғары деңгейде қалып отыр, оның үлес салмағы 60,2 %-ды құрайды. 2016 жылы 9,5 мыңнан астам қылмыстың қайталануы өсумен тіркелді, 2014 жылдан 2,4 есеге өскен. Аталған факті индикатор есебі әдісінің өзгеруімен түсіндіріледі. ҚР Бас Прокуратурасының № 89 Нұсқаулығының 38-тармағына сәйкес Құқықтық статистика жөніндегі комитет барлық бұрын сотталғандармен, оның ішінде соттылығы алынған немесе соттылығы өтелген тұлғалармен жасалған қылмыстарды есепке алады, бұл қылмыстың үлес салмағының өсуіне ықпал етеді.

Таралған сипат отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы қылмыстарда, сондай-ақ алкогольге және есірткіге масаң күйде жасалған қылмыстарда орын алған. 2016 жылы осындай қылмыстарды 2,5 мыңнан астам факті құрады.

Заңсыз еңбек көші-қоны ауқымы айтарлықтай. Көші-қон заңнамасы тәртібін бұзғаны үшін 2016 жылы 3,5 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 400-ден астам адам елден шығарылды.

298 есірткі қылмысы, оның ішінде 236 факті өткізу және 448 қылмыстық есірткі теріс қылығы анықталды. Заңсыз айналымнан 209 кг астам есірткі құралдары, оның ішінде 1,5 кг героин алынды.

Облыс жолдарындағы апаттылық жағдайы күрделі болып қалуда. Атқарылған жұмыстарға, оның ішінде оқу орындарының жақын жерлеріне жаяу жүргіншілер өтпелерін орнатуы бойынша жұмыстарға қарамастан, жол-көлік оқиғаларының саны жыл сайын өсуде, адам шығыны да өсті. 3 жылда облыс жолдарында 4508 жол-көлік оқиғасы болған, онда 511 адам қаза тапқан және 5788 адам жарақаттанған.


SWOT саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін жағдай жасалған;

  2. барлық қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды толық тіркеу және есепке алу;

  3. 2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру;

  4. полиция қызметкерлерінің қызметтік және жауынгерлік даярлық, жауынгерлік қабілеті мен кәсіби деңгейін арттыру;

  5. «мектеп» полиция инспекторлар институтын одан әрі дамыту.

Әлсіз жақтары (W):

  1. кәсіби кадрлардың кетуі және ішкі істер органдарындағы негізгі қызметтерінде кету ағымының өсуі;

  2. отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралардың жеткіліксіздігі;

  3. тұрмыстық маскүнемдік, алкоголизм мен нашақорлық мәселелерінің шешілмеуі;

  4. қиын өмірлік жағдайда қалған тұлғаларға әлеуметтік бейімдеу мен оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі;

  5. балалардың бос уақытын өткізетін ұйымдардың, ақысыз аула клубтары, үйірмелер, спорт секцияларының жетіспеушілігі;

  6. облыстағы ішкі істер органдарының типтік әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз етілмеуі және қолданыстағы ғимараттарды жаңарту қажеттілігі;

  7. полиция бөлімшелері материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіз деңгейі және оқу базасының болмауы.

Мүмкіндігі (O):

  1. халықаралық қылмысқа қарсы ынтымақтастықты жетілдіру;

  2. ақпараттық жүйелерді және электронды деректер базасын жаңғырту және құру;

  3. құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санының өсуінің алдын алу үшін дер кезінде шаралар қабылдау;

  4. жеңілдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу аясын кеңейту қажеттілігі;

  5. заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында халықаралық және республикалық «Мигрант», «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу;

  6. террористік және экстремистік ұйымдардың мүшелерін анықтап және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізу, елге діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа заттарды әкелу және тарату арналарын жабу.

Қауіп-қатерлер (T):

  1. біртұтас экономикалық кеңістік аумағында қылмыстық топтардың белсенді шоғырлану қаупі артуда. Еуропа елдерінен әртүрлі синтетикалық есірткілер, Ауғанстаннан есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау көбейген, сондай-ақ қылмыстық табыстардың жылыстауы;

  2. Қазақстанмен шектес елдердің тұрақсыз әлеуметтік – саяси жағдайы көші-қон ағымына ықпал етеді, сәйкесінше қылмыстарға да;

  3. дәстүрлі емес ағымдағы экстремистік бағытты ұстанатын шетелдік миссионерлердің қызметтері мен діни бірлестіктер қызметі;

  4. білікті кадрлардың Қазақстаннан кетуі, сондай-ақ Орталық Азиядағы еңбек көші-қон ағынының біліксіз жұмыс күштерінің Ресейден Қазақстанға бағдар алуы.

Негізгі мәселелер:



  1. қалалардың және елді мекендердің көшелерінде және қоғамдық орындарындағы жоғары криминогендік;

  2. полицейлік автокөліктік патрульдер, стационарлық бекеттердің және жылжымалы полиция пункттері, бейнебақылау жүйелері желісі санының жеткіліксіздігі;

  3. көлік құралдары мен жауынгерлік техниканың жеткіліксіздігі;

  4. ішкі істер органдарының жеке құрамдары денешынықтыру және жауынгерлік даярлыққа арналған бөлмелері жоқ ғимараттарда орналасуы;

5) тұрғындар мен азаматтық қоғам институттарына нақты сүйене отырып құқық бұзушылықтардың жалпы мемлекеттік профилактика жүйесі жеткіліксіз;

6) арнайы мекемелер жүйесінің жетіспеушілігі (Өскемен, Семей және Қанай кентінде сыйымдылығы 350 орындық 3 мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесі, Өскемен, Семей және Зырян қалаларында сыйымдылығы 35 орындық 3 медициналық айықтырғыш);



  1. ішкі істер органдарының жеке құрамының тұрғын үй жағдайын жақсарту және басқа да әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу мақсатында шаралар қабылдау;

  2. ішкі көші-қон процестерін, әсіресе жастар арасында күшейту.

Төтенше жағдайларға қарсы тұру инфрақұрылымы

Соңғы жылдар ішінде төтенше оқиғалар мен төтенше жағдайлар санының біршама тұрақты болуына байланысты төтенше оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санының төмендеуі байқалады (30 кесте).
30 кесте – Төтенше жағдайлар мен оқиғалар динамикасы





2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Төтенше жағдайлар және оқиғалар саны, барлығы

1 971

2068

2126

16823/12,6 %

соның ішінде төтенше жағдайлар

177

493

337

2184/15,4 %

Зардап шеккендер саны, барлығы

411

408

404

3691/11,6 %

с.і. төтенше жағдайлар кезінде

239

250

292

2357/14,2 %

Қаза тапқандар саны, барлығы

138

111

185

1196/11,4 %

с.і. төтенше жағдайлар кезінде

116

111

185

1184/11,4 %

Материалдық залал, млн. теңге

639,1

195,8

122,3

3423,8/4,4 %

с.і. төтенше жағдайлар кезінде

0

0

0

135 %

Бұдан әрі адамдар мен материалдық залалдарды азайтуға су тасқынына, селге, сырғымаға, жер сілкінісіне, өрттерге қарсы әрекет ету инфрақұрылымының қамтамасыз ету деңгейін және су айдындарына бақылауды күшейткен кезде қол жеткізу мүмкін.

Облыстағы 222, сонымен қоса 4 ірі гидроқұрылымдары (71 нысан коммуналдық меншікте, 125 республикалық және 26 жеке меншікте) теңгерім ұстаушы бекіткен және олардың жағдайларына тұрақты бақылау жүргізіледі. Гидротехникалық құрылыстардың бір шамасы егжей-тегжейлі аспаптық тексеру жүргізуді және құрылымдарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізуді талап етеді.

Су тасқынының қауіпті ықпал ету аймағында шамамен 65,6 мың адам тұрады және 18,1 мың тұрғын үй қоры, әлеуметтік-мәдени және өндірістік маңызды нысандары орналасқан. Олардың кепілді қорғалуы үшін су тасқынына қарсы бөгеттер салу қажет.

Биік таудағы көлдері және мұздақты көлдердің бар болуы көктем-жаз маусымында жалпы саны 23 ошаққа сел қауіпін төндіреді. 336 қар көшкіні телімдері 71 астам нысандарға қауіп төндіреді.

Шығыс Қазақстан облысы ауа-райының күрт-континентальді жағдайы және елді мекендердің бір-бірінен анағұрлым алшақ орналасуы адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қыс мерзіміндегі төтенше жағдайлар белгілі бір қауіп төндіреді.

Жер сілкінісінің болуы ықтимал теріс салдарына қарсы әрекет ету ең проблемалық сала болып табылады. 247 мектепті, 143 аурухананы, 27 бала бақшаны, 165 өндірістік ғимаратты және өзге де 192 қоғамдық ғимараттарға сейсмикалық күшейту талап етіледі.

Жоғары сейсмикалық қауіпті аймақ Өскемен, Риддер, Зырян қалаларын, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарын қамтиды.

Облыстың елді мекендерін өртке қарсы минималды қорғау үшін 5 өрт депосын, 57 өрт сөндіру тірек пунктерін салу және 38 бірлік техника, тиісті нормаларға дейін жеткізу үшін қосымша 272 бірлік өрт техникасын сатып алу қажет.

Облыстағы азаматтық қорғау қолданысында бар П-160, П-164 құлақтандыру жүйелері аналогтік аппаратура негізінде құрылған және


30 жылдан астам уақыт қолданылып келеді.

Азаматтық қорғау дабылдары облыстың 21 елді мекендерінде (аудан орталықтары және қалалар) 116 сирена қосу және орталықтандырылған шақырту орындары арқылы жеткізіледі.

Қазіргі уақытта, азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі облыстың
40 %-дан аспайтын бөлігін қамтуға мүмкіндік береді.

Облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау, сондай-ақ құтқару жұмыстарын жүргізу тиімділігін арттыру мақсатында су тасқынына қарсы бөгеттерінде құтқару станцияларының торын облыс бойынша кеңейту қажет (Семей қ., Зырян ауданының Октябрьск ауылы, Шүлбі су қоймасы, Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылы) құру қажет.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. табиғи өрт туындау ошақтарын және көктемгі су тасқыны қауіпті мерзімде қар қорының еруін анықтау бойынша ерте ғарыштық мониторинг қызметтерін пайдалану;

  2. «Казгидромет» арқылы ауа-райы жағдайына мониторинг;

  3. смс-хабарламалар, теле және радио арналарын қолдана отырып төтенше жағдайлар қауіпі туралы облыс халқын хабарландыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. халықты құлақтандыру жүйесінің техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы немесе қауіпі кезінде халыққа шұғыл ақпаратты толық көлемде жеткізуге қабілетсіздігі;

  2. АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдарының авария және табиғи апат аймағында шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-саймандармен, құрылғылармен және құтқару қару-жарақтармен жабдықталуының төменділігі;

  3. адамдардың өмірі мен денсаулығына едәуір қауіп төндіретін бөгеттер жағдайын тексеру және оларды күшейту шараларының қажетті мөлшерде қаржыланбауы;

  4. қосалқы басқару пунктінің жеткіліксіз жабдықталуы;

  5. капитал сыйымдылығына байланысты апаттар мен зілзалаларға қарсы әрекет ету және жою бойынша кешенді шаралардың толық көлемде іске асырылмауы;

  6. аумақтың химиялық зақымдануы жағдайында адамдардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи жеке қорғау құрылғыларын сатып алуға қаражаттың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндігі (O):

  1. төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықты кепілді тіршілікпен қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің және қалалар мен аудандардың әкімдірінің материалдық-техникалық қорын күшейту;

  2. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар аясында білімді насихаттау бойынша кең масштабты жұмыс жүргізу, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері бойынша көрнекті құралдар тарату;

  3. табиғи өрттен залалды азайту үшін өрт сөндіру тірек пункттерін дамыту және көбейту, сондай-ақ аудандық орталықтардан алшақ орналасқан елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету;

  4. су тасқыны қауіпті телімдерді инженерлік қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу, бар су құрылыстарын жүйелік жөндеу және жаңғырту.

Қауіптер (T):

  1. қатты жер сілкінісі кезінде адамдардың қаза болуын азайтуға мүмкіншіліктің болмауы;

  2. елді мекендерге және инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп төндіретін, су тасқыны және су басуы мүмкін аса-қауіпті телімдердің барлығы.

Негізгі проблемалар:



  1. облыс аумағында гидротехникалық құрылыстардың тозуы;

  2. өртке қарсы инфрақұрылымның тапшылығы.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет