БАҒдарламасы өскемен қ., 2017 жыл Мазмұны Паспорт 4 2


Экология және жер ресурстары



бет5/6
Дата27.05.2018
өлшемі4,85 Mb.
#41000
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

2.1.5. Экология және жер ресурстары

Жер қоры


Қазақстан бойынша мәліметтерді салыстырмалы талдау көрсеткендей, жер көлемі бойынша ірі аймақтар Қарағанды 42 798,2 мың га, Ақтөбе 30 062,9 мың га және Шығыс Қазақстан облысы 28 346,8 мың га болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысының жер қоры Қазақстан Республикасының жер қоры аумағының 10,4 % құрайды:



  1. 10 557,5 мың гектар – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (облыс жер қорының 37,2 %);

  2. 2 946,8 мың гектар (10,5 %) – елді мекендер жерлері;

  3. 187,2 мың гектар (0,7 %) – өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыштық қызметке қажетті, қорғаныс, Ұлттық қауіпсіздік жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

  4. 1 542,1 мың гектар (5,4 %) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер;

  5. 2 152,5 мың гектар (7,6 %) – орман қорының жері;

  6. 571,2 мың гектар (2,0 %) – су қорының жері;

  7. 10 389,5 мың гектар (36,6 %) – босалқы жерлер.

Ауыл шаруашылықғына арналған жерлердің құрамы (37 кесте).


37 кесте – Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер, мың га


Облыстың атауы

Жалпы ауданы

Жалпы ауылшаруш. алқаптар

Егістік

Көп жылдық екпелер

Тыңай ған жерлер

Шабындықтар

Жайылым

Бақшалар мен қызметтік үлес

Шығыс Қазақстан

10 557,5

10 409,6

1 429,3

2,3

54,2

462,2

8 461,4

0,3

Қазақстан Республикасы

102 600,9

99 137,2

24 343,3

87,1

2 593,4

2 099,7

70 001,5

12,2

Егістік жері ірі аудан Аягөз ауданы болып табылады – 1 478,1 мың га (17,5 %), Абай – 1 020,5 мың га (12,1 %), Жарма – 970,8 мың га (11,5 %), Тарбағатай – 904,9 мың га (10,7 %) және Семей қ. – 965,7 мың га (11,4 %).

Мал шаруашылығын қарқынды дамуына байланысты жайылымдық жерлерді пайдалану өсті.

Жайылымдардың көп аудандары Бородулиха ауданында – 343,7 мың га, Үржар – 191,5 мың га, Көкпекті – 188,7 мың га, Шемонаиха – 140,4 мың га, Ұлан – 138,0 мың га.



2016 жылы шаруашылық (фермерлік) қожалықтардың саны 15 874 бірлік құрады, ауыл шаруашылығының заңды тұлғалары – 795 бірлік. Агроқұрылымдар жерлерінің ауданы 132,5 мың га қысқартылды (15 сурет).

15 сурет – Агроқұрылымдардың аудандарын салыстыру, мың га


Жерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша, жер телімдерін пайдалану ережелерін, жер кадастрын және жер құрылымын жүргізу ережелері бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Мемлекеттік органдарымен, жеке, заңды және қызметтік тұлғалармен Қазақстан Республикасы жер заңнамасын сақтау, Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзушылықтарын анықтау және түзету, азаматтардың және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, жерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша жер телімдерін пайдалану ережелерін сақтау және іс-шараларды орындау Шығыс Қазақстан облысының жерді қорғау және пайдалануды бақылау бойынша басқармасымен қамтамасыз етіледі.

2016 жылы 434 тексеріс өткізілді, оның ішінде 9,4 мың га ауданында 11 іріктеме және 125,5 мың га ауданында 423 жоспардан тыс тексеріс. Бұдан басқа 288,3 мың га ауданында 842 бақылаудың өзге түрлері жүргізілген.

Тексеру барысында 1100 жер заңдылығының бұзушылығы анықталып, 223 әкімшілік іс қозғалды. 24,1 млн. теңге сомасында айыппұлдар салынды. Бұзушылықтарды жою мақсатында 2016 жылы 939 нұсқама жіберілді.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. бос жерлердің болуы;

  2. ауылшаруашылығына арналған жерлерді агроқұрылымдарымен пайдалануын ұлғайту;

  3. азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру;

  1. жерлерді пайдалану, тиімді пайдалану бойынша уақытылы және сапалы бақылау;

  2. жерлерді пайдалану бойынша жер иелерінің және жер пайдаланушылардың жауапкершілігін арттыру.

Әлсіз жақтары (W):

  1. ауылшаруашылығына арналған жерлерді тиімсіз пайдалануы;

  2. жер қатынастары саласындағы заңдардың жетілдірілмегендігі;

  1. еңбек ресурстары мен техникалық құралдардың жетіспеушілігі;

  2. жер иелері мен жер пайдаланушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабары төменгі деңгейде болуы;

  3. білікті мамандар жетіспеуі.

Мүмкіндіктер (O):

  1. жерді тиімді пайдалану;

  2. жерлерді пайдалану тиімділігін жоғарылату үшін тыңайтқыштар пайдалану;

  3. білікті мамандар дайындау;

  4. ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін жоғарылату;

  5. жер құрылымының ішкі шаруашылығының жобаларын әзірлеу;

  6. заңнама сақталуына мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру.

Қауіптер (T):

1) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және оның құнарлылығының нашарлауына, сондай-ақ топырақтың құнарлы қабатын басқа тұлғаларға сату немесе беру.

Негізгі проблемалар:



  1. минералдық шикізатты, пайдалы жер қазбаларды және табиғи ресурстарды әзірлеу, өндіру, қайта өндеу, ауыл шаруашылығының өнімін өндіру, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын кәдеге жарату және көму, гидротехникалық, гидромелиоративтік және мелиоративтік қызметі және құрылыс жүргізілетін жерлерді қорғау және пайдалану бойынша тексеру өткізудің ерекше тәртібін қолдану және жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жоғары дәрежедегі қауіпке жатқызу қажеттілігі;

  2. жерлерді қорғау және тиімді пайдалану, табиғаттың қоршаған ортасын қорғау және жақсарту, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар) тексеру бөлімінде заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі;

  3. жер қатынастары саласында заңнаманың жетілмегендігі;

  4. ауыл шаруашылығы құрылымдарының әлсіз материалды-техникалық базасы;

  5. жер әлеуетін пайдаланудың төменгі тиімділігі.

Қоршаған ортаның ахуалы

Атмосфералық ауаның сапасы

Өңірде табиғи ресурстардың әлеуеті жоғары, бұл экономиканың өнеркәсіптік секторының кеңінен дамуына әсерін тигізеді, соның салдарынан бірқатар экологиялық мәселелер де туындайды.



Шығыс Қазақстан облысы 2016 жылдың қорытындысы бойынша республикалық деңгейде стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын қалдықтар, ластаушы заттардың қалдықтарын шығару көздерінің саны бойынша төртінші орында. Пайда болған ластаушы заттардың көлемі 2016 жылы 1,9 млн. тоннадан асады (16 сурет).

16 сурет – ҚР аймақтар бөлігінде стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың шығарындылары, мың.тонна
Осымен бірге, стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығару (жан басына шаққанда, кг) 92,6 кг-ға тең немесе Қазақстан Республикасы бойынша
9-ыншы орында (бірінші орында Павлодар облысы – 716,9 кг).

Сонымен қатар, ластаушы заттар шығарылымының жалпы көлемі төмендеді (38 кесте).


38 кесте – қалар мен аудандар бөліктерінде атмосфералық ауаны ластаушы заттардың шығарындылары


 

Ластаушы заттардың стационарлық шығару көздерінің саны, бірл.

Ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуы, мың тонна

2016 жыл бойынша жалпы көлемдегі шығарулардағы аймақтың үлесі, %

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2014-2016 жылдардағы өзгеріс

ШҚО

19453

129,6

127,2

128,6

-1,0

100

Өскемен қ.

5939

55,7

51,1

51,2

-4,5

39,8

Семей қ.

4 344

22,9

23,2

25,0

2,1

19,4

Риддер қ.

972

9,1

9,5

7,8

-1,3

6,1

Курчатов қ.

209

1,2

1,0

0,8

-0,4

0,6

Абай

70

0,2

0,3

0,4

0,2

0,3

Аягөз

836

3,2

3,2

3,9

0,7

3,0

Бесқарағай

246

0,7

0,6

0,7

0

0,5

Бородулиха

566

2,3

3,7

3,6

1,3

2,8

Глубокое

706

2,8

3,3

3,3

0,5

2,6

Жарма

1012

5,7

4,4

4,6

-1,1

3,6

Зайсан

594

2,1

2,0

2,6

0,8

2,0

Зырян

1 501

12,7

13,3

13,5

0,8

10,5

Катонқарағай

113

0,3

0,4

0,6

0,3

0,5

Көкпекі

223

0,7

0,6

0,8

0,1

0,6

Күршім

200

1,1

0,9

1,0

-0,1

0,8

Тарбағатай

115

0,9

0,9

0,8

-0,1

0,6

Ұлан

375

1,6

1,6

1,6

0

1,2

Үржар

331

1,9

2,0

2,0

0,1

1,6

Шемонаиха

1 101

3,5

5,0

4,5

1,0

3,5

Ақпарат көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті

Шығыс Қазақстан облысының біршама ластанған аумақтарына Өскемен, Риддер, Семей қалалары және Зырян ауданы жатады, оларға облыс бойынша атмосфераға шығарылатын барлық заттардың 75 %-ы келеді.

2016 жыл бойынша стационарлық байқау желісінің деректері бойынша Өскемен, Семей, Риддер қаласы мен Глубокое кенті – ластанудың жоғарылатылған деңгейінде деп сипатталады (деректер «Казгидромет» РМК байқау постары бар облыстың елдің мекендері бойынша келтірілді).

«Казгидромет» РМК деректеріне сәйкес Өскемен қаласында 2016 жыл бойынша атмосфераның ластану индексі (АЛИ-5) 6,0 құрады. Аталған дерек бойынша қала республика қалаларының ішінде екінші орынға ие (бірінші орында Қарағанды қаласы – 8,0) (17 сурет).



17 сурет – ҚР қалаларында ауа ластануының индексі,

(Деректер: «Казгидромет» РМК)


Өскемен, Риддер, Семей, Зырян қалаларындағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары мен жылжымалы көздер шығарындылары мөлшерінің артуы болуда. Облыс аумағы Семей ядролық сынақ полигоны салдарының әсеріне ұшыраған.

Соңғы жылдары шығарындылардың тұрақты және жылжымалы көздері санының өсуі байқалады, бұл облыс экономикасы дамуының негізгі салдары болып табылады. 3 жыл ішінде ластау көздерінің саны 18 592 бірліктен


19 725 бірлікке артқан. Қарастырылып отырған кезеңде автокөлік құралдары облыста 373 мың бірлікке артқан, соның ішінде Өскемен қаласы бойынша
110,6 мың бірлік жеңіл автокөлік. Барлық автомобильдердің 87,9 %-дан астамы бензинмен жүреді. 76,4 % жеңіл автокөлік жасы 10 жылдан асқан.

Азот диоксиді, күкіртті ангидрид, формальдегид, бензапирен, фенол, көміртегі қышқылы мен өлшенген заттар бойынша ластаушы заттарды шығарудың негізгі көздері – металлургия және жылу өндіру кәсіпорындары.

Табиғат пайдаланушы-кәсіпорындар («Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен ТМК» АҚ, «AES УК ТЭЦ» АҚ, «ҮМЗ» АҚ) өз қаражаты есебінен табиғат қорғау іс-шаралары кешенін жүзеге асыруда.

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған ортаны қорғауға шығындары 21,4 млрд. теңгені (ҚР өңірлерінің арасында 3 орын). Шығындар құрылымында 33,7 % атмосфералық ауаны және климатты қорғауға, 37,1 %-ы су көздерінің ағынды сулармен ластануынан қорғауға, 19,5 %-ы қалдықтармен жұмыс жасауды басқаруға, 4,2 %-ы топырақты, жерасты суларын және жер үстіндегі су көздерін қорғауға және қалпына келтіруге келеді.


Су ресурстарының жай-күйі

Шығыс Қазақстан облысы сумен неғұрлым көп қамтылған облыстардың біріне жатады.

Алайда, Ертіс өзені бассейні қарқынды экологиялық жүктемелерге ұшырауда – өнеркәсіптің дамуы, қалалар мен өзге де елді мекендердің өсуі өзендердің қарқынды ластануына жағдайлар туғызуда. Ертіс өзені мен оның салалары шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда. Оларға әртүрлі өнеркәсіптік және коммуналдық сарқынды сулар ағызылады.

Ертіс ө. саласына Бұқтырма, Үлбі, Тихая, Брекса, Глубочанка, Красноярка және Оба өзендері жатады. 2010 және 2016 жылдары Ертіс өзені бассейні ең лас ағындары Красноярка, Глубочанка, Брекса, Тихая, Үлбі өзендері болып табылады. Шартты таза Оба, Бұқтырма өзендер ағындарын атауға болады.

«Казгидромет» РМК деректері бойынша 2016 жылы (КИЗВ сапасының жаңа көрсеткішіне сәйкес) Ертіс ө. үстінгі қабаттағы су 2 санаттағы сапаға - бірқалыпты ластану деңгейіне жатады.

Жерүсті және жерасты суларының жағдайына әсер ететін негізгі факторлар тарихи ластану болып табылады (тау жыныстарының үйінділері, қалдық қоймалары, өнеркәсіп қалдықтарын жинақтауыштар) (18 сурет).


18 сурет – Ертіс өзені бойынша КИЗВ динамикасы


Облыстың су объектілеріндегі су шаруашылығы жағдайының қазіргі ахуалын талдау судың ластану индексінің көрсеткіштері мен су сапасының класы бойынша жер үсті суларының сапасының тұрақтану қарқынының жалғасып жатқандығын көрсетеді.

Экономика салаларының Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын алу және пайдалану көлемінің өзгеру динамикасын өзгертуі соңғы жылдары тұрақтану және төмендеу қарқынына ие болды.

Осылайша, Ертіс өзені бассейнінің жер үсті судың сапасының жағдайы салалардың сапасына тәуелді. Красноярка, Глубочанка, Брекса, Тихая, Үлбі өзендері суларының сапасын жақсартып, барлық бассейні сапасының сыныбын жақсаруын күтуге болады.
Орманды, жануарлар дүниесін қорғау, күзету және өсімін молайту

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорындағы жерлердің жалпы ауданы 3 705,6 мың га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 2 005,3 мың га, сүрек қоры 204,8 млн. метр3.

Облыс аумағының ормандылығы 7 % құрайды (орманмен көмкерілген ауданның облыстың ауданына қатынасында).

Шығыс Қазақстан облысында аудандары бойынша ормандардың 12,6 % және орман құрайтын негізгі сүрек қорының 49,6 % орналасқан.

Орман шаруашылығы мекемелерінің теңгерімінде 2 153 мың га (58,1 %), оның ішінде 123,9 млн. метр3 сүрек қорымен 1 278 мың га орманмен көмкерілген жерлерімен есепте тұр. Жалпы орташа өсімі 1,9 млн. метр3 құрайды.

Ормандар түрлiлік құрамы және табиғи-климаттық сипаттамалары тұрғысынан жоғары өрт қатерлерімен сипатталады.

Қажетті өрт сөндіру жабдықтары санының жеткілікті болмауына байланысты орман өрттерін сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қауырт жағдайлар байқалады.

Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде жыл сайын орман дақылдарын отырғызу жүзеге асырылады. Орманмен көмкерілген алқаптардың азаюына жол берілмейді және олардың үлкейу қарқыны бар.

Облыстың аумағында құстардың 379 түрі мен сүтқоректілердің 110 түрі мекендейді, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар,
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер мен жануарлардың 50 түрі кездеседі.

Барлық жерде қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғап, құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған жұмыс іске асырылуда.



Жалпы, жүргізілген биотехникалық іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік орман қорында жабайы аңдардың негізгі аңшылық - кәсіпшілік түрлерінің популяциясын тұрақтандырудың сәті туды және олардың тұрақты өсуіне қол жеткізілді.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Мықты жағы (S):

  1. өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсу шартындағы тұрақты экологиялық жағдай;

  2. табиғат пайдаланушы-кәсіпорындардың жыл сайын табиғат қорғау іс-шараларын орындауы;

  3. көпжылдық реттеу режиміндегі аккумулирлеуші суқоймалардың болуы. Ертіс өзені ерекше мемлекеттік маңызға ие су объектілеріне жатқызылды;

  4. жабайы аңдардың негізгі кәсіпшілік түрлерінің санын тұрақтандыру және арттыру;

  5. құрамында сынап бар аспаптар мен өнімдерді жыл сайын жинау және демеркуризациялау (қайта өңдеу).

Әлсіз жағы (W):

  1. жинақтау жүйесінің, оның ішінде қатты-тұрмыстық қалдықтарды жеке жинаудың дамымағын жүйесі;

  2. қалдықтарды қайта өңдеу және екінші рет пайдаға жарату көлемінің төмендігі;

  3. қатты-тұрмыстық қалдықтарды көму объектілерінің санитарлық ережелердің талаптарына сай келмеуі;

  4. ормандардың жоғары өрт қауіптілігі;

  5. орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі штат санының (60 % ғана бар) және материалдық техникалық жабдықталуының (нормативтен 1/3 ғана) жеткіліксіздігі;

  6. аңдардың негізгі аңшылық - кәсіпшілік түрлері санының төмендігі;

  7. аңшылық шаруашылығындағы білікті кадрларды жоқтығы және материалдық - техникалық базаның әлсіздігі;

  8. табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін қаржының толықтай бөлінбеуі;

  9. мамық-тері өнеркәсібінің жойылып кетуі, мамық-тері өнімдеріне сұраныстың жоқтығы, оның өндірісіне кететін шығындардың көптігі.

Мүмкіндіктер (О):

  1. қалдықтарды екінші рет өңдеу және пайдаға жаратуды енгізу;

  2. азаматтарда табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қатынастарын қалыптастыру;

  3. шынайы түрде ЖӨӨ бірлігіне су тұтынуды азайту;

  4. қосымша жер үсті су ресурстарын арттыру;

  5. су шаруашылығы объектілерін қайта қалпына келтіру;

  6. орман ресурстарының болуы: (сүрек қоры 123,9 млн. текше м), жыл сайынғы сүрек дайындау көлемінің мүмкіндігі
    (1,4 млн. текше м);

  7. жабайы аңдардың аңшылық-кәсіпшілік түрлерін арттыру үшін орманмен көмкерілген ауданның маңызды әлеуеті.

Қатері (Т):

  1. қожайыны жоқ, өнеркәсіптік, токсидті және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу қарқынының жалғасуы, сондай-ақ, екінші рет өңдеу және пайдаға жарату технологиясының болмауы;

  2. көршілес мемлекеттегі Қара Ертістен су алудың артуы есебінен Ертіс трансшекаралық өзені бассейнінің су ресурстарының сарқылуы және ластануы;

  3. физикалық-географиялық, климаттық жағдайлардың және су жинақтаудағы су теңгеріміндегі элементтерінің өзгеруі;

  4. тарихи ластану нысандарының болуы;

  5. жинақталған «тарихи» қалдықтардың үлкен көлемі;

  6. экономика салалары үшін белгілі бір кезеңдерде Ертіс өзені бассейніндегі судың жеткіліксіз болуы.

Негізгі проблемалар:



  1. Өскемен қ. атмосфералық ауасының ластануы;

  2. Ертіс трансшекаралық өзені бассейнінің су ресурстарының ластануы;

  3. Ертіс трансшекаралық өзені бассейнінің су ресурстарының сарқылуы нәтижесінде су көлемін келешекте төмендету жағдайында аймақты сумен қамтамасыз ету (судың ағуын азайту, су тұтынуды арттыру). Су жинау орындарының су балансы элементтерінің және физико-географиялық, климаттық жағдайлардың өзгеруі;

  4. табиғи-климаттық жағдайлардың күрт өзгеруі (климаттың жаһандық жылынуы). Су көлемінің төмендеуімен жағдай уақытында тиісті шаралар қабылдау және уақыты бойынша жағымсыз факторлар салынғанда күрт нашарлауы мүмкін;

  5. Шүлбі шлюзінің техникалық жағдайын қамтамасыз ету;

  6. су ресурстарын тиімді пайдалану және шөп шабу орындарының су басу ауданын барынша азайту үшін су жіберудің алдында Павлодар су алқабын инженерлік даярлау;

  7. су ресурстарына кері әсер ететін тау-кен өнеркәсібінің жұмысынан тарихи ластанған объектілердің болуы;

  8. Өскемен және Семей қалаларында Ертіс трансшекаралық өзенінде толық биологиялық тазарту құрылғысынан тазартылған судың жеткіліксіз ағуы;

  9. апаттық жағдайда тұрған кәріз дюкерін пайдалану кезінде Ертіс трансшекаралық өзенінің ластану қаупі (Семей қ.);

  10. орман шаруашылығының мекемелерінде материалдық-техникалық жабдықталуының әлсіздігі (арнайы техниканың, радиобайланыстың, құралдар мен жабдықтардың болмауы, қорықшылар құрамының саны).



      1. Мемлекеттік қызмет көрсету


Мемлекеттік басқару


Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша негізгі реформалар 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспары 100 нақты қадам аясында өткізіледі. Мемлекеттік функциялар мен қызметтер бөлігі төменгі деңгейлерге және жеке меншік секторға беру өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет саласында меритократия принциптері енгізіледі. Қызметкерлер ауысу деңгейі төмендеуде.

Оң өзгерісіне қарамастан, мемлекеттік басқару сапасы әлі кейін қалуда. Мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының тиімділігін, ведомствоаралық өзара әрекет және жұмыстың ішкі процесстерді оңтайландыруды жоғарылату үшін мүмкіндік бар.

Облыс мемлекеттік органдарының құрылымын облыстық және 19 қалалық және аудандық мәслихаттарының аппараты, 267 барлық деңгейдегі әкімдердің аппараты (облыс әкімінің аппараты, 19 аудандық (қалалық) әкімдердің аппараты, 247 аудандық маңызы бар қалалар, кенттер және ауылдық округ әкімдерінің аппараты), жергілікті бюджеттен қаржыланатын 247 атқарушы орган (аудандардағы 223 бөлім және 24 облыстық басқарма) және орталық органдардың 23 аумақтық бөлімшесі құрайды.

Ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыру мақсатында «Облыс әкімінің ситуациялық орталығы» құрылды, онда 729 аса көрсеткіштер және денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, құрылыс салалары бойынша 1500 аса көрсеткіштер бар.

Мемлекеттік органдардың Интернет-порталы жұмыс істейді, онда


2 200 аса мемлекеттік қызметшілердің есептік жазбалары тіркелген.

«Диалог» атты азаматтардың бейне өтініштері жүйесі құрылған.


Шығыс Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен «Диалог» азаматтардың бейне-өтініштері жүйесін «электронды үкімет» порталымен e-gov.kz ықпалдастыра отырып, Қазақстан Республикасының облыс орталықтарының ХҚКО-да таратуды жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес жыл сайын жергілікті атқарушы органдармен, ХҚКО-мен, Электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілетін қызметтердің өсу тенденциясы байқалады.

2016 жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысының халқына 3,9 млн. мемлекеттік қызмет көрсету түрі, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы баламасыз қызметтер бойынша 692,1 мың қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар арқылы баламалы қызметтер бойынша 3,0 млн. қызмет, «Азаматтар үшін үкімет» МК арқылы 197,6 мың қызмет көрсетілді. Электронды түрде – 47,3 мың қызмет, оның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы 43,7 мың қызмет, «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы 3,3 мың лицензия түрі берілген, ведомстволық ИС-330 қызмет.



Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет сапасын арттыру екі басты құралды дамыту жолымен қамтамасыз етілген: халыққа қызмет көрсету орталықтарын ХҚКО және «электронды үкімет» веб-порталын, осылайша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. жергілікті атқарушы органдардың жеткілікті техникалық жабдықталуы;

  2. мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингісін жүргізу үшін негіздің бар болуы;

  3. виртуалдық қабылдау іске асырылды;

  4. ауданның дербес бөлімдерінің бірыңғай көліктік ортасының бар болуы;

  5. электрондық құжатайналымы бірыңғай жүйесінің бар болуы;

  6. мемлекеттік органдар міндеттерінің бизнес-процестерін автоматтандыру;

  7. мүмкінді қысқа мерзімде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету.

Әлсіз жақтары (W):

    1. электрондық мемлекеттік қызмет тұтынушысымен жауапты мемлекеттік органның өзара әрекетінің тәртібін реттеу үшін нормативтік-құқықтық базасының жетілмегендігі;

    2. халықаралық тәжірибенің ең заманауи практикасының есебімен мемлекекеттік қызмет көрсету тиімділігі мен сапасын бағалау және мониторингілеу әдістемесінің жетілмегендігі;

    3. қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзылуы (мемлекеттік органдарда тікелей орындаушылардың қанағаттандырылмаған жұмысы);

    4. әлсіз бағдарламалық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету;

    5. халықтың хабарландырылмауы (қызмет алушылар қайда қызмет алуға болады екендігін білмейді – ХҚКО-да немесе мемлекеттік органда);

    6. «электрондық үкімет» порталымен жұмыстың қиындылығы.

Мүмкіндіктері (O):

  1. электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға өңір тұрғындарының қызығушылығы;

  2. ұялы телефондарды кең тарату «е - әкімдік» қолжетімділігін қамтамасыз ету және «е-үкімет» құру үшін басқа елдердің халықаралық тәжірибесін пайдалану мүмкін;

  3. мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қанағаттанарлық деңгейін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамытудың жеткілікті деңгейі бар, бірақ әлсіз жақтарының эпизодтары да бар;

  4. электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін оңтайландыру және оңайлату үшін орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану.

Қауіптер (T):

  1. Е-үкіметтің базалық компоненттері мен ақпараттық жүйелері арасында интеграциялық шиналардың дұрыс салынбағандығынан электрондық мемлекеттік қызмет ұсынуға ЖАО дайындалмағаны;

  2. облыстың ауылдық аумақтарында халықтың төмен цифрлық сауатсыздығы;

  3. интернет желісіне шектеулі қолжетімділігіне байланысты электрондық мемлекеттік қызметтің талап етпеушілігі;

  4. электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін сапасымен тұрғындардың қанағаттандырылмаған алыс аудандарда ХҚКО аумақтық қолжетімсіздігі.

Негізгі проблемалар:

1) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі нақсыздық.

Соңғы жылдары мерзімдер мен сұратылатын құжаттарды қысқарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар әлі күнге дейін елеулі жетістікке әкелген жоқ.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік органда өтетін артық, бірін-бірі қайталайтын бизнес-процестер санының көптігі оларды ұсыну мерзімдерінің себепсіз арттырудың басты себебі болып қалып отыр.

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша кешенді және нақты статистикалық ақпараттың болмауы.

Ортақтастырылған, нақты ақпараттың жоқтығы бүкіл саланы талдау, тұжырымдық және болжамалық әзірлемелер жүргізу, құрылымдық және жүйелік шешімдерді қабылдау мәселелерін қиындатады.

3) мемлекеттік қызмет сапасының ішкі бақылау қызметтерінің тиімсіз жұмыс істеуі.


Жергілікті өзін-өзі басқару

Жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту жергілікті өзін-өзі басқарудың (бұдан әрі – ЖӨБ) қалыптасуы мен дамытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Негізгі бағыттардың бірі қоғамдық кеңестердің жұмысы болып табылады.

Өкілеттілікті кеңейту шеңберінде азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және жергілікті деңгейде талқылау мен шешім қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін есептеу болып табылатын облыстың барлық 19 қалалары және аудандарында қоғамдық кеңестер құрылған.

Атқарушы органдардың нысаналы трансферттерге қол жеткізу туралы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырудан ақша түсімі мен шығысының жоспарын орындау туралы, қайырымдылық ақшаның келіп түсуі және жұмсалуы туралы есептерді, 2018-2020 жылдарға облыстық бюджет жобасын талқылау жоспарлануда.

Жұмыстың тағы бір бағыты болып аумақтық кеңестерді құру болып табылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмысының, аумақтардың санитарлық жағдайының және құқық бұзушылықтардың алдын алудың мәселелерін шешу үшін облыстың 4 қаласында аумақтық кеңестер құрылған (Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов).

Кеңестің негізгі міндеттері аумақтық мақсаттағы мәселелерді шешу мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша азаматтардың құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу және азаматтармен жұмыс істеуде өкілді және атқарушы органдарға жәрдемдесу болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін шешу үшін облыста Еуропалық одақтың «Қазақстанды өңірлік дамыту» жобасының ұсынысы бойынша үш деңгейден тұратын кеңестік жұмыс тобы құрылған: облыстық, аудандық және ауылдық, мәселелер мен қажеттіліктерді түсінуге және оларды шешудегі тәсілдерге қатысты келісімге қол жеткізу үшін ауылдық жоспарлау процесін ұйымдастыру мен жүргізуде икемдері бар фасилитаторлар тобы құрылып оқытылған.

Жоба сарапшыларымен бірлескен жұмыс нәтижесінде инклюзивті жоспарлау және ЖӨБ-қа жәрдемдесу тәсілі әзірленген.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ресурстармен қамтамасыз етуді жоғарылату үшін Ұлт жоспарын – 100 нақты қадам іске асыру аясында ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңызы бар қала деңгейінде ЖӨБ дербес бюджет енгізіледі.

Облыста 2018 жылдан 100 ауылдық, кенттік округтар мен аудандық маңызы бар қалаларда дербес бюджет енгізіледі.

2020 жылдан бастап дербес бюджет облыстың барлық ауылдық округтарында енгізіледі.

ЖӨБ дербес бюджеті жергілікті қоғамдастықпен келісіліп, бірінші кезектегі мұқтаждыққа ақша ағынын тікелей бағыттауға жағдай береді.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін заңнамалық деңгейде кеңейту;

2) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру үшін қоғамдық кеңестерді құру және жергілікті деңгейде талқылау және шешім қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескерту;

3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызмет етуі, аумақтардың санитарлық жағдайы және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін шешу үшін қоғамдық кеңестерді құру.



Әлсіз жақтары (W):

1) ауылдың тұрақты жиналыстары мен жергілікті қоғамдастықтың жиындарын тұрақсыз өткізу;

2) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына меншікті кірістердің төмен түсуі.


Мүмкіндіктер (O):

1) ЖӨБ органдары үшін қосымша кіріс көзін тапсыру;

2) жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалануды мониторингілеуге жергілікті халықтың қатысуы;

3) жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде төменгі деңгейіндегі әкімдердің дербестігін кезеңдік және жүйелі нығайту.



Қатерлер (T):

1) 4-ші деңгейлі дербес бюджетті енгізу кезінде салықтық әлеуеттегі айырмашылыққа байланысты, ауылдық округтердің теңгерімсіздік проблемасы.


Негізгі проблемалар:

1) бөлек өңірлерде ауылдың тұрақты жиналыстары мен жергілікті қоғамдастықтың жиындарын тұрақсыз өткізу, нәтижесінде қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражаттың шамалы түсімдері мен жұмсауы;

2) салық төлеушілер, салық органдарына салық салу объектілерін тіркеу туралы қажетті ақпаратты ұсыну арқылы салықтық базаны ұлғайтуда, салық жинамдылығын арттыруда қызығушылық танытпаушылық;

3) ауылдық жерде білікті кадрлардың жоқтығы.
Облыстың бюджеті

Облыс бюджетінің көлемі 2016 жылы 301,4 млрд. теңгені құрады.

Салықтық және салықтан тыс түсімдер жыл сайын ұлғайып келеді
(2014 жылы – 72,7 млрд. теңге, 2015 жылы – 78,3 млрд. теңге, 2016 жылы – 89,7 млрд. теңге).

2016 жылы экономика салаларындағы өсімінің қол жеткізілген оңды қарқындары және облыста кіріс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша жүргізілетін жұмыстың арқасында меншікті кіріс түсімдері өткен жылға 13,6 %-ға өсті.



Республикалық бюджеттен трасферттер үлесі 65 %, меншікті кірістер үлесі – 32,7 % құрады (19 сурет).

19 сурет – облыстың бюджет құрылымы, млрд. теңге


Облыс бюджетінің шығыстары соңғы екі жыл ішінде 14 %-ға көбейіп, 302,2 млрд. теңгені58 құрады.

Облыс бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттемелер сақталған, әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 13 %-ға артты.

Бюджетті қалыптастыру шығыстық қажеттіліктерді бағалау негізінде бюджеттік қызметтер тұтынушыларының санына және әртүрлі өңірлерде айырмашылықтарды шарттайтын объективтік факторлардың есебіне сүйеніп жүзеге асырылды. «Сметалық» тәсілден ағымдағы шығындарды бюджеттік қызметтер тұтынушыларының санына формулалық сызба бойынша шығындар деңгейінде айырмашылықтарды шарттайтын объективті факторлардың есебіне сүйеніп бағалауға ауысу жүзеге асырылды (демографиялық құрам, халықтың жиілігі, ауа райы жағдайлары, көліктік қолжетімділік және басқа).

Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды, және шығыстарды жоспарлағанда негізгі басым әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ облыстағы экономиканың сапалы өсімі үшін жағдайлар жасау болып табылады.




    1. Аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемалары, тәуекелдері, тежейтін факторлары, нақты артықшылықтары және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы




Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

Халық және орналасқан жері

Шығыс Қазақстан облысында мемлекет халқының 7,7 % шоғырланған. Халық саны бойынша облыс Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласынан кейін 4-ші орында орналасқан

Халық тығыздығы төмен - 4,9 адам/км2 (ҚР – 6,6 адам/км2). Акмола (5,0), Атырау (5,1), Солтүстік Қазақстан (5,7), Павлодар (6,1), Жамбыл (7,7), Алматы (8,9) облыстарына қарағанда халық тығыздығы төмен.

Облыста урбанизация деңгейі жоғары – республиканың облыстары арасында Қарағанды (79,6 %), Павлодар (70,7 %) және Ақтөбе (63,4 %) облыстарынан кейін 4-ші орында

Шығыс Қазақстан облысында 15 ауылдық аудандар бар (Ақмола (17), Алматы (16) және Қостанай (16) облыстарынан кейін республика бойынша 4-ші орында)

Өңірдің этноқұрылымы көп ұлтты. Облыста 105 этнос тұрады

Жастардың үлес салмағының төмендігі есебінен демографиялық тұрғыдан облыс халқы қартаюға беталысы бар

Облыс халқының 49,6 %-ы екі қалада тұрады: Өскемен (24,5 %) және Семей (25 %)

Халықтың табиғи өсімінің деңгей бойынша өңір 16 өңірдің ішінде 14 орында орналасқан

Еңбекке қабілетті жастағы халықтың жоғары үлесі 51,8 % (ҚР – 50,2 %)

Халықтың табиғи өсімінің теріс көрсеткіші жыл сайын Глубокое, Шемонаиха және Зырян аудандарында байқалады

Сумен ең қамтамасыз етілген облыс. Басты су артериясы Ертіс өзені болып табылады

Тәліктік, мезгілдік және орташа жылдық ауа - райы температурасының жоғары амплитудасымен облыс климаты күрт континенталды

Өңір аумағының 7 % ормандармен жамылған




Облыс аумағында жалпы республикалық қордың 27 % қорғасынның баланстық қоры, 47,7 % – мырыш, 47,9 % – мыс шоғырланған, 50 алтын кен орындары орналасқан




Қолжетімділік және байланыс

Көлік, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру




ҚР бойынша ең ұзын және жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының дамыған желісі – 11,9 мың км

Облыстың теңізге шығуы жоқ

Облыс аумағында Өскемен қала-хабы бар (транзиттік әлеуеті мен қол жетімділік, ішкі байланысты жоғарылату)

Автожол көпірлері мен жол өтпелердің айтарлықтай тозуы (тозу деңгейі 85 % жетеді)

Жақсы және қанағаттандырылған жағдайда болып табылатын жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 71 %-дан 76,5 %-ға дейін ұлғайту

Алыстағы елді мекендерді жүйелі түрде жолаушы қатынасымен қамтамасыздығы (елді мекендерді қамту 65 % құрайды)

Халықаралық (Өскемен) және өңірлік әуежайлардың (Семей,Үржар) бар болуы, сол арқылы облыс ҚР басқа өңірлерімен, басқа елдермен, сондай-ақ облыстың аудандар арасымен байланысты

Бір жолмен жүретін және электрленген темір жолдары, бұл жүк және жолаушы тасымалдауға әсер етеді, сондай-ақ олардың құнын ұлғайтады

1000 адамнан астам санымен ауылдық елді мекендерді ұялы байланысымен қамту 100 % құрайды

Қысқы – көктемгі кезеңде облыстың бөлек аудандарына қиындаған қолжетімділік

Интернеттің тіркелген абоненттер саны – 145,9 мың бірлік, олардың кен жолақты интернетке қосылғандар – 133,1 мың бірлік




Экономикалық даму (жалпы шолу)

3 жыл бойынша халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ өсім қарқыны орта республикалықтан жоғары (ШҚО – 22,6 %, ҚР – 15 %)

ЖӨӨ абсолюттік маңызы ел бойынша орташадан төмен (2016 ж. ШҚО – 2 006,2 мың теңге, ҚР – 2 639,7 мың теңге)

Елдің ЖӨӨ өңір үлесі тұрақты – 5,95 %

Тауарлар экспорты 2014 ж. 2,0 млрд. АҚШ доллардан 2016 ж. 1,9 млрд. АҚШ долларына дейін немесе 5 %-ға дейін азайды. Экспорт көлемдерінің ең көп қысқаруы химия өнімі бойынша (2,3 есе), былғары тері шикізаты (4,6 есе), құрылыс материалдары (5,1 есе)

Экономика құрылымы

Аграрлық және индустриялық секторындағы арақатынасы 1:3 баланстандырылған (ҚР бойынша 1:7)

ЖӨӨ байланыс қызметтерінің үлесі ҚР бойынша (2,1 %) орта деңгейден (0,75 %) төмен

ЖӨӨ өңдеу өнеркәсібінің жоғары үлесі – 24,6 % (ҚР бойынша – 11,3 %)

Өңдеу құрамындағы металлургиялық өнеркәсіп үлесі 72,7 %-дан көбірек (әлем нарығындағы жағдайына өте тәуелді)

ШҚО бойынша 3 жыл ішінде туризм саласында орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 5,4 %-ға өсті (ҚР бойынша – 14,4 %-ға)




2016 ж. ШҚО негізгі капиталға тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 2014 ж. салыстырғанда 2 есе өсті (ҚР бойынша – 5,4 %-ға)

Облыстың машина жасау үлесі ҚР 3 жылда 24,1 %-дан 11,9 %-ға дейін, химиялық өнеркәсіп 10,6 %-дан 7,3 %-ға дейін төмендеді

3 жыл ішінде ШҚО бойынша негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде меншікті қаражат үлесі – 42,7 % (ҚР бойынша – 58,9 %)

Мемлекеттік инвестиция үлесі негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде 3 жылда ШҚО бойынша – 10,3 % (ҚР бойынша – 17,1 %)

ШОБ үлесі 3 жыл ішінде ЖӨӨ 14,2 %-дан 16,9 %-ға дейін өсті




Өнеркәсіп және инновация

«АзияАвто» АҚ базасында автомобиль жасауды кластерлеу үшін әлеуеттің бар болуы

2016 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО бойынша инновация саласында белсенділік деңгейі – 14,9 % (ҚР бойынша орташа – 9,3 %)

2016 ж. қорытындысы бойынша өңір инновациялық өнімдер көлемінде ҚР - да 4 орын алады




Дамыған инновациялық инфрақұрылымның бар болуы: Ұлттық ядролық орталық, ядролық технологиялар паркісі, өңірлік Алтай технопаркі, тау-кен металлургиялық құрал-жабдықтар, ВНИИ Цветмет, «ҚазГипроЦветмет» инженерлік компаниясы және басқалар




Суэлектрстансаларымен электр энергия өндірісінің жоғары үлесі (жалпы облыстық өндіріс көлемінен 67,8 % жуық, ҚР-да 1 орын)




Ауыл шаруашылығы

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша Республиканың 16 аймағының ішінде Шығыс Қазақстан облысы 3 орында тұр (11,3 %)

Ауылшаруашылық шикізатын өңдеу үлесі төмен: ет – 32 %, сүт – 36 %

Ауыл шаруашылығының жалпы аймақтық өніміндегі облыстың үлесі 8,6%.

Егіншіліктің тәуекелді аймағы

Облыс республикада сүт өндіру, майлы күнбағыс, бал және панты өнімдерін өндіру бойынша алда келеді (1 орын), ет өндіру – 2 орын, картоп өндіру – 3 орын

Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай

Мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында: сүтті және етті мал шаруашылығы, ірі қара, қой, жылқы, шошқа, құс өсіру, марал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы дамыған




Марал шаруашылығы дамыған бір ғана облыс (Катонқарағай ауданы)




Облыста республикада өндірілетін барлық күнбағыс көлемінің 55,8 % өндіріледі




Туризм

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс орналастыру орындары көлемі жағынан ҚР 1 орында, ішкі туризм көлемі бойынша соңғы үш жылда ҚР-да Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр

Негізгі туристік аймақтардың жетімділігі төмен болуы

Облыс «Шығыс Қазақстан» ұлттық туристік кластерін қалыптастырудың негізі болып табылады

Үржар ауданындағы Алакөл көлінде әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың нашар жағдайы (жылына 400 мың туристер қабылдауға әлеуеті бар) туризмді дамытуға кедергі келтіреді




Туризм саласындағы қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі

Жұмыспен қамту, білім беру, біліктілік пен еңбек нарығы

3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,8 % құрады
(ҚР бойынша – 85,8 %)

2016 ж. облыс бойынша балабақша кезектілігі – 21,4 мың бала, соның ішінде Семей қаласында – 11,5 мың бала

2016 ж. өңірдегі ҰБТ орташа балы 82 құрады

Облыстың 6 мектебі апатты деп танылды

Өңірде облыстағы колледж студенттерін тәжірибе базасымен жүз пайыздық қамтамасыз етуге жағдайлар жасалған

Өңір бойынша ТжКБ түлектерін жұмысқа орналастыру 66 %




2016 ж. қорытындысы бойынша ағылшын тілімен меңгеретін халық үлесі – 3,9 %

ШҚО жұмыссыздық деңгейі ҚР (5,0 %) қарағанда (4,9 %) төмен

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі – 29,4 %, ҚР (25,8 %) қарағанда жоғары

ШҚО 2016-2018 жылдарға еңбек қорларында жалпы қажеттілігі анықталды – 46,7 мың жұмыс орны. Ауыл шаруашылықтағы мамандарды талап етеді (ветеринарлық техникалар, механизаторлар, тракторшылар және басқалар), өнеркәсіпте (әртүрлі маманданудағы инженерлер, автоматтық желілердің жөндеушілері, өндірістің операторлары, машина жүргізушілері, темір ұстасы және басқалар), құрылыс саласында және басқалар

Облыстың еңбек нарығындағы аумақтық сәйкессіздігі және жеткіліксіз жұмыс орнының саны, әсіресе ауылдық жерлерде




Аумақтық бөлінісінде жұмыссыздық деңгейі орта облыстықтан жоғары Семей қ., сондай-ақ Аягөз, Көкпекті және Катонқарағай аудандарында байқалады




Жұмыссыздар арасында ең көп үлесін орта жастағы адамдар (72,5 %) құрайды, атап айқанда 29-54 жастағы




Ауылдық мекенде білікті кадрлар жетіспеушілігі

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер/ әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік интеграция және теңдікті қорғау

Облыстағы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемдерінің өсімі 8,5 %-ға
(2014-2016 жж. 971,6 мың ш.м.)

Халықтың тұрғын үймен қамтамасыздығы – 20 шаршы.м/адам

Нәрестелік өлім көрсеткішінің төмендеуі 1000 мың тірі туғанға шаққанда 2014 ж. 11,18-ден 2016 ж. 9,51 дейін немесе 14,9 %

Аналық өлім көрсеткіші – 2016 ж. 100 мың тірі туғанға шаққанда 13,3, 2014 ж. салыстырғанда 3 ретке төмендеу (4,3), тиісінше ҚР бойынша көрсеткіште – 2016 ж. 100 мың тірі туғанға шаққанда 12,7

Облыста кардиохирургиялық көмек көрсететін қызмет жұмысы жақсартылды

Облыста күтілетін өмір ұзақтығы – 71,3 жас (2016 ж.)




Өлім деңгейі – 10,32, ҚР (7,37) қарағанда жоғары




Қан айналымы жүйесінің ауруы (ШҚО – 2 999,3, ҚР – 2 592,5) және жаңа құрулар ауруларының (ШҚО – 297,5, ҚР – 199,1) жоғары деңгейі




Жаңа пайда болған құрылымдар ауырудың жоғары көрсеткіштері облыстың өнеркәсіпті дамыған аудандарда және бұрыңғы Семей сынақ полигонына іргелетін аумақтарда белгіленді: Глубокое және Шемонаиха аудандарында, Өскемен, Зырян, Риддер қалаларында




Ең көп дәрігерлік кадрлар (74 дәрігер) тапшылығы Өскемен, Риддер, Зырян қалаларында, ауылдық мекенде – Тарбағатай, Көкпекті аудандарында

2 жылда атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) жүгінгендер саны 50,7 %-ға төмендеу

АӘК алушылар санында ауыл тұрғындарының үлесі 58,6 % құрады

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халық үлесі 1,2 %-дан 1,1 %-ға дейін төмендеді (ҚР – 2,3 %)




АӘК алушылар құрамында еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы
27,9 %-дан 25,8 %-ға дейін төмендеу




Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж болған адамдардың жалпы санында) 2014 ж. 97,8 %-дан 2016 ж. 108,8 %-ға дейін өсті




2016 ж. ата-аналардың қамқорлығысыз қалған балалар және жетім балаларды қолдау бойынша облыстық жоспары шеңберінде – 1887 ұйым 2040 баланы қамқорлыққа алды (демеушілердің ақшаларына 9 пәтер сатып алынды, әкімдіктермен 64 пәтер бөлінді)

2016 ж. арнаулы біліммен қамтылған шектелген мүмкіндіктерімен балалар саны 31,4 % (ҚР – 66 %) құрады

2016 ж. облыста шектеулі мүмкіндіктерімен 2 150 адам дене шынықтыру және спортпен айналысқан (ҚР бойынша – 27 421)

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді мекендеу ортасының жетіспеушілігі

Қоршаған орта және қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтер

Сапалы ауыз суға халықтың қолжетімділігі 86 %-ға (2014 жылы 85,1 %) дейін

Сумен жабдықтау желілері мен объектілердің жоғары тозу дәрежесінің бар болуы: тозу дәрежесі 68 %-дан аса. Желілерде су шығындары 24,1 % ұлғаяды




70 % кәріз желілері қанағаттанбаған жағдайда болып табылады және алмастыруды қажет етеді




Орталықтандырылған су бұру қызметтерімен (9,8 %) ауылдық елді мекендерді қамтудың төмен пайызы




Қалалық мекенде су бұру қызметтеріне халықтың төмен қолжетімділігі 54,4 %




Дамымаған жинау жүйесі, соның ішінде қатты-тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау




Қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану көлемі төмен (2016 жылы 1,9 %)

2014-2016 жылдар аралығындағы кезеңінде облыс бойынша ауаға ластаушы заттардың барлық жалпы шығарындылары 129,6 мың тоннадан 128,6 мың тоннаға дейін азайды

Тарихи ластанулар объектілерінің бар болуы (Семей ядролық полигоны, ірі металлургия кәсіпорындарының қалдықтары)




Ең көп ластанған аумақтар Өскемен, Риддер, Семей, және Зырян ауданы, оларға облыс бойынша ауаға барлық қалдықтардың 80 % тәртібімен келеді




Автокөліктік құралдар саны 353,5 мың бірлік құрайды, соның ішінде Өскемен қаласы бойынша 104,6 мың бірлік

Сумен қамту

Жерасты тұщы суының жаңа кен орындарын игеру арқылы облыстың АЕМ-дері мен қалаларын сапалы сумен қамтылуын арттыру

Ұңғымаларды пайдалану режимінің бұзылуы, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың көп болуы, жерасты суының техногендік ластануының нәтижесінде жерасты су көзі сапасының төмендеуі

Сумен жабдықтаушы инфрақұрылымды жаңғырту арқылы желілердегі шығындарды азайту




Әлеуметтік бірлік, қатысуы және сәйкестік

Ұлтаралық қақтығыстың жоқтығы, облыстың аумағында барлық ұлттардың жарасымды бірлесіп өмір сүруі, этномәдени бірлестіктердің (ЭМБ) дамыған инфрақұрылымы – 110, соның ішінде ең көбі: орыстар, славяндар және казактар – 20, татарлар мен немістер – 10




2016 ж. облыс бойынша мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі – 78,2 %
(ҚР бойынша – 79 %)




Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 94 %




2016 ж. өңір тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен қамту – 30,3 % (ҚР бойынша – 28 %)

Облыста қолда бар спорт залдардан – 78,1 % білім беретін мектептерге жатады. 2016 ж. қорытындысы бойынша өңір бойынша спорт залдар қажеттілігі – 359 бірлік

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара әрекет

Өңірде электрондық құжатайналымның бірыңғай көліктік ортасы құрылды (БКО). БКО облыс әкімінің аппараты, 24 облыстық басқарма, 19 аудан мен қала әкімдіктері қосылды

Мемлекеттік қызмет алу туралы халықтың хабарландырылмауы (қызмет алушылар қызметті қайдан алуға болатынын білмейді – ХҚКО немесе мемлекеттік органда)

Мемлекеттік қызметтер санының өсуі

«Электрондық үкімет» порталымен жұмыстың қиындылығы: E-Gov порталының қиындаған интерфейсы және халық үшін бөлек қызметтерге қолжетімділіктің төмендеуі

Облыста дамыған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде қаражаттың жетіспеушілігі

Мүмкіндіктер

Қатерлер

Халық және орналасқан жері

Пайдалы қазбалалар кен орнының бар болуы және әзірлеу

Шекаралас аумақтардың тұрғындар санының төмендеуі

Урбанизацияланған аумақтардың базасында орнықты дамуы







Қарлы борандар мен тасқындар қауіптері

Қолжетімділік және байланыс

ҚХР мен РФ-на шығуы бар өңірдің дамыған көліктік желісі есебінен транзиттік әлеуетті дамыту

Техникалық жағдайдың нашарлануына әкелетін автожолдарды салу және қайта құруға бюджеттік қаржыландыруды қысқарту

«Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде жаңа автожолдар құрылысы есебінен облыстың ішкі және сыртқы байланыстылықтың көтерілуі




Авто және темір жолдың өткізу қабілеті резервтарының бар болуы




Экономика құрылымы

Машина жасау саласының локализация деңгейін көтеру

Облыстың негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағадағы конъюктурасының нашарлануы

Еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті көтеру мақсатында өндірісті жаңғырту

Өңірдің мономамандануы: өңірдің экономика құрылымында жұмыспен қамтудың кейінгі қысқаруы және бюджетке түсетін түсімдермен тау-кен металлургия кешеніндегі үлестің қысқару қаупі

Облыстың экономика құрылымында агроөнеркәсіптік кешендегі үлестің ұлғайуы




Көліктік-логистикалық қызметтері мен жаңа сауда форматтарын дамыту




Өнеркәсіп және инновациялар

Машина жасау және агро азық-түлік кластерлерін дамыту

Тау-кен металлургия кешендегі өнімдер экспортының шикізат бағыттылығын сақтау

Курчатов қ. ғылым қаласы ретінде дамыту

Серебрянск және Зырян қ. қала құрушы кәсіпорындардың тоқтап қалу қауіпі
(Зырян ауданы)

«500 кВт-тық Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» транзитінің құрылысы» жобасын іске асыру есебінен энергия тапшылықтың төмендеуі

Орналасқан және орнатылған қуаттар арасындағы қуаттар үзілуінің артуы, жұмыс істеп тұрған электр стансаларда негізгі құрал-жабдықтың істен шығуы

Жаңғырылатын энергия көздерінің әлеуеті – 20 млрд.кВтс пайдалануға техникалық тиімді




Ағаш өндеу өндірісінің дамуы (облыста 12,6 % орманды аудан және Қазақстандағы негізгі орманды құрайтын 49,6 % ағаштың қоры орналасқан)




Ауыл шаруашылығы

Мал азығы дақылдарының үлесін арттыру үшін егістіктерді әртараптандыру

Қолайсыз ауа райының, табиғи апаттардың, әсері

Ауылшаруашылық кооперацияларын дамыту

БЭК және ҚР-ның БСҰ-ға кіруі аясында аграрлық азық-түлік нарығында бәсекелестіктің күшеюі

АӨК субъектілерін ынталандыру және қолдау арқылы ауылшаруашылық өндірісін ірілендіру




Дайындау ұйымдарының торабын дамыту




Сүт және сүт өнімдерін өндіруді, сондай-ақ ет өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту («100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша)




Туризм

Катонқарағай ауданында медициналық туризмді дамыту




Жұмыспен қамту, білім беру, біліктілік пен еңбек нарығы




Дағдарыс жағдайда кәсіпорындардың жабылуына байланысты жұмыссыздық өсімінің қауіпі




Еңбекке жарамды халықтың қартаюы және еңбекке жарамды жаста халықтың көшіп-қонуы




Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының ұлғаюуы

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер/әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік интеграция және теңдікті қорғау

«Нұрлы жол» бағдарламаларының іс-шараларын іске асыру есебінен тұрғын үй құрылысын арттыру




Қоршаған орта және қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтер

Тұщы жер асты сулардың жаңа кен орнындарын игеру есебінен сапалы сумен облыстың қалалары мен АЕМ қамтамасыздығын көтеру

Пайдалану тәртіптерінің бұзылуы, күтімсіз қалған сугеологиялық ұңғымалардың бар болуы, жер асты суларының техногендік ластануы нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану бойынша технологиялар енгізу. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамыту

Күтімсіз қалған өнеркәсіптік, уландырғыш және тұрмыстық қалдықтар шоғырландырудың жалғастырылатын беталысы, сондай-ақ екінші рет қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялардың жоқтығы

Сумен қамтамасыз етілетін инфрақұрылымды жаңарту есебінен желілерде шығындарды қысқарту




Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара
іс-әрекет

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет алуға өңір тұрғындарының қызығушылығын көтеру

Интернет желісіне шектелген мүмкіндігіне байланысты электрондық мемлекеттік қызметтің сұранымсыздығы

Ұялы телефондарды кең тарату «е-әкімдік» қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін пайдалану мүмкін

Алыстағы аудандарда ХҚКО-ның аумақтық қол жетпеушілік





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет