БАҒдарламасы қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Мемлекет және құқық теориясы Молуль 1 Мемлекет және құқық теориясы


Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету



бет3/7
Дата06.07.2018
өлшемі437,5 Kb.
#48054
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

3.2 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің түсінігі және тәсілдері. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің акцессорлық сипаты. Айып төлеудің түсінігі мен түрлері. Айып төлеу туралы келісімнің нысаны және оны сақтамау салдары. Залалдар мен айып төлеудің арақатынасы. Кепілпұл, оның аванстан айырмашылығы. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаудың және тоқтатудың салдары. Борышқордың мүлкінен ұстап қалу. Кепілдік міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретінде. Кепілдік берушінің жауапкершілігі. Кепіл болушылық. Кепіл болушылықтың туындау негізі. Кепіл болушылықты тоқтату. Кепілдік жарна. Кепіл. Кепілдің түсінігі және туындау негіздері. Кепілдің түрлері. Кепілді қайталап салу. Кепіл міндеттемесін ұстап қалу. Кепілге салынған мүліктен ақы өндіріп алу негіздері мен тәртібі. Кепілге салынған мүлікті сату. Кепілді тоқтату негіздері. Айналымдағы тауарларды кепілге салу. Ломбардта заттарды кепілге салу. Ипотека. Ипотеканың түсінігі мен пәні. Ипотеканың пәні бола алмайтын мүлік. Ипотека туралы шартты мемлекеттік тіркеу. Тұрғын үйлер мен пәтерлер ипотекасының ерекшеліктері.



3.3 Міндеттемені тоқтату

Міндеттемені тоқтату негіздері (тәсілдері). Тиісінше орындау інддетемені тоқтату тәсілі ретінде. Міндеттеменің орындалуын куәландыру. Міндеттеменің бір тарабының талап етуі бойынша міндеттемені тоқтату, міндеттемелерді тиісінше орындаумен тоқтату. Бас тарту. Несие беруші мен борышқордың бір тұлға болуы. Жаңғыртылу. Борышты кешіру. Міндеттемені біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы тоқтату. Есепке жатқызу жол берілмейтін жағдайлар. Орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеменің тоқтатылуы. Мемлекеттік органның құжаты негізінде міндеттеменің тоқтатылуы, тоқтатылу салдары. Азаматтың қайтыс болуымен міндеттеменің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның таратылуымен міндеттеменің тоқтатылуы. Міндеттеменің тоқтатылуының өзге де әдістері.



3.4 Міндеттемені бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен функциялары. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, санкциялар мен құқық бұзушыға жедел ықпал ету шараларының арақатынасы. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің нысандары. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері: шарттық және шарттан тыс, үлестік және ортақтасқан, негізгі және субсидиарлық, толық және шектелген, аралас жауапкершілік, регресс тәртібімен жауапкершілік. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарттары (негіздері). Құқыққа қайшы мінез-құлық. Зиян келтіру. Құқыққа қайшы әрекет пен зиян келтірудің арасындағы себепті байланыс. Кінә. Азаматтық құқықтағы кінәнің ерекшеліктері. Кінәсіздік жауапкершіліктің негіздері. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершіліктің ерекшеліктері. Жауапкершіліктен босататын мән-жайлар. Оқиға және бой бермейтін күш. Борышқордың мерзімді өткізіп алу салдары және несие берушінің мерзімді өткізіп алу салдары. Моральдық зиян. Моральдық зиянды ақшалай өтеу. Ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін ауапкершіліктің ерекшеліктері. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік.



3.5 Шарттың түсінігі мен ережелері. Шартты жасасу, өзгерту және бұзу.

Шарттың түсінігі мен маңызы. Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы шарттың рөлі. «Шарт», «мәміле», «міндеттеме» ұғымдарының арақатынасы. Шарт еркіндігі қағидаты және оның шектелуі. Шарттардың түрлері. Жария шарт. Қосылу шарты. Алдын ала жасалатын шарт. Шарттың қатысушыларының пайдасы үшін және үшінші тұлғалардың пайдасы үшін жасалатын шарттар. Бір тарапты және өзара шарттар. Ақылы және ақысыз шарттар. Шартты түсіндіру. Шарттың мазмұны. Шарт ережелері. Шарттың елеулі ережелерінің заңи маңызы. Шарттың әдеттегі, қосымша және үлгі ережелері. Шарт нысаны. Ауызша, конклюдентті әрекеттер арқылы және үндемей қалу жолымен жасалатын шарттар. Жай жазбаша нысанда жасалатын және нотариалды нысан талап етілетін шарттар. Шарттың заңмен талап етілген нысанын сақтамау салдары. Шарттарды мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы талаптарды сақтамау салдары. Шарт жасасу. Шарт жасасу кезеңдері. Оферта мен акцептке қойылатын талаптар. Жария оферта. Шарт жасалатын кез. Шарт жасалатын жер, оның заңи маңызы. Шартты міндетті түрде жасасу жағдайлары және тәртібі. Сауда-саттықта жасалатын шартың ерекшеліктері. Шартқа дейінгі даулар. Шартты өзгерту және бұзу. Шартты оның әрекет ету кезеңінде өзгерту және бұзу негіздері. Шартты

бір жақты өзгерту және тоқтату. Мән-жайлардың елеулі түрде өзгеруіне

байланысты шартты өзгерту және бұзу ерекшеліктері. Шартты өзгерту

және тоқтату салдары мен тәртібі.
Модуль4. Міндеттемелердің жекелеген түрлерінің жалпы ережелер

4.1 Мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару) беру жөніндегі шарттар. І бөлім. Сатып алу сату шарты және оның жекелеген түрлері: бөлшектеп сатып алу сату, тауар жеткізілім, келісім-шарт жасасу, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату, жекешлендіру.

Меншік құқығы, шаруашылық жүргізу және оралымды басқарудың заттық құқықтар ретіндегі ұғымы. Шарт меншік құқығының, шаруашылық жүргізудің және оралымды басқарудың туындау негізі ретінде. Сатып алу сату шартының тараптары. Сатып алу сату шартының пәні елеулі ереже ретінде. Тауар жөніндегі ереже (аталуы және саны). Сатушының тауар беру жөніндегі міндетін орындау мерзімі мен сәті. Тауардың кездейсоқ жойылу, бүліну қаупінің ауысуы. Үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауар. Эвикция. Тауар ассортименті. Тауар сапасы. Тауардың жарамдылық мерзімі. Тауар сапасына кепілдік. Тауар жөніндегі өзге де ережелер (тауардың жиынтықтылығы, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю). Тауар бағасы, тауарға ақы төлеу мерзімі және тәртібі. Тауарды кредитке сату. Сатып алу сату шартының ережелерін бұзу салдары. Бөлшектеп сатып алу сату шартының ұғымы, нысаны және ерекшеліктері. Сатушы – кәсіпкерлік қызметтің субъектісі ретінде. Жария шарт. Тауарларды үлгілер бойынша сату. Бөлшектеп сатып алу сату шартын жасасудың ерекшеліктері. Автоматтарды пайдалана отырып тауарды сату. Тауарды сатып алушыға жеткізіп беру туралы шартпен сату. Сапасы лайықты тауарды алмастыру. ҚР азаматтық кодексінің, «Тұтынушыларын құқығын қорғау туралы» ҚР заңының, ҚР кәсіпкерлік кодексін, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР заңының, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің ережелерін талдау. Тауар жеткізілім шартының ұғымы. Тауар жеткізілім шартының елеулі ережелері. Тауар жеткізілім шартының нысаны. Тауар жеткізілім шартының пәні, бағасы және өзге де ережелері. Ұзақ мерзімді тауар жеткізілім шарты. Жекелеген бөліктермен тауар жеткізу. Тауарды жеткізудің кезеңдері, тәртібі және графигі. Тауарды жөнелту. Тауарды жеткізу. Жетіспеген тауар. Жетіспеген тауар бойынша тауарлардың түр-түрі. Тауар жеткізілім шарты бойынша іскерлік айналым ережелері. Тауарларды таңдау. Ыдыс және буып-түю. Жетіспеген тауар және тауар жеткізілімдегі кешіктіру үшін айып төлеу. Тауар жеткізілім шарты бойынша тапсырыс беруші мен тауар жеткізушінің жауаптылығы. Тауар жеткізілім шартын орындаудан біржақты тәртіпте бас тарту. Келісім шарт жасасу шартының ұғымы. Келісім-шарт жасасу шартының тараптары – ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші (сатушы), мұндай тауарларды қайта өңдеу немесе сату үшін сатып алатын тұлға (сатып алушы). Энергиямен жабдықтау шартының ұғымы және белгілері. Қосылған желі ұғымы. Тұрмыстық мақсатта тұтынушымен энергиямен жабдықтау шартын жасасу сәті. Энергияның азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі ұғымы және ерекшеліктері. Энергиямен жабдықтау шартының тараптары – энергиямен жабдықтаушы ұйым, абонент. Желiлердi, аспаптар мен жабдықтарды пайдалану. «Электрэнергетика туралы» ҚР заңын, «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңын талдау. Кәсіпорынды сату шартының ұғымы. Кәсіпорын азаматтық құқықтың объектісі ретінде. Кәсіпорынды сату шартының нысаны. Кәсіпорынға құқықтың ауысуы.



    1. Мүлікке меншік құқығын (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару) беру жөніндегі шарттар. ІІ бөлім. Айырбас шарты, сыйға тарту шарты, рента шарты.

Айырбас шартының ұғымы. Рим құқығындағы айырбас шарты. Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Айырбас шарты мүлікке меншік (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару) құқығын беруге байланысты шарттардың бір түрі ретінде. Заттар, құқықтар, жұмыстар және қызмет көрсетулер айырбас шартының пәні ретінде. Айырбасталатын тауарлардың бағасы және құндылығының теңдігі. Айырбас шарты тараптарының өзара міндеттері. Айырбасталатын тауарларға меншік құқығының ауысуы. Айырбас шарты бойынша берілген тауардың мәжбүрлі алынып қойылғаны үшін жауаптылық. Мемлекет айырбас шартының тарабы ретінде. Айырбас шартының құқықтық сипаттамасы. Айырбас шартының мерзімі. Айырбас шартының елеулі ережелері. Айырбас шартының нысаны. Айырбас шартының мазмұны. Айырбас шартынан туындайтын құқықтарды виндикациялық талаптар қою арқылы қорғау. Сыйға тарту шарты. Рим құқығындағы сыйға тарту шарты. Сыйға тарту шартының тараптарын айқындау. Сыйға тарту шартының пәні. Заттар сыйға тарту шартының пәні ретінде. Сыйға тартушыға не үшінші тұлғаға қатысты мүліктік құқықтар (талаптар) сыйға тарту шартының пәні ретінде. Сый алушыны сыйға тартушының не үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттерінен босату сыйға тарту шартының пәні ретінде. Сыйға тарту шарты екіжақты мәміле ретінде. Заттық құқықтар сыйға тарту шартының пәні ретінде. Сыйға тарту шартының нысаны. Сыйға тартуға уәде беру. Сыйға тарту шартының жарамсыздығының негіздері. Сый алушының сыйды қабылдаудан бас тартуы. Сыйға тартуға тыйым салу. Сыйға тартуға шектеу қою. Ортақ меншік сыйға тарту шартының пәні ретінде. Сыйға тарту шартының пәні ретінде беруге болатын сыйлықтардың құны. Тұлғаның атынан сыйға тартуға жол берілмейтін жағдайлар. Сый алушы бола алмайтын тұлғалар. Шаруашылық жүргізудегі не оралымды басқарудағы мүлік сыйға тарту шартының пәні ретінде. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту. Сыйға тартудың күшін жою. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуға және сыйға тартудың күшін жоюға жол берілмейтін жағдайлар. Сыйға тартылған заттардың кемішілігі себепті зиян келтіру салдары. Сыйға тартуға уәде беру кезіндегі құқықмирасқорлық. Қайырымдылық. Жылжымайтын мүлікті сыйға тарту шарты. Сыйға тартушы мен сый алушының құықтары және міндеттері. «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР 2015 жылдың 18 қарашасындағы №410-V заңын талдау. Рента шарты. Рента шартының туындау және даму тарихы. Рента шартының ерекшеліктері. Рента шартының тараптары: рента төлеуші және рента алушы. Рента шартының нысаны. Рента шартының түрлері. Тұрақты рента. Ғұмырлық рента. Мүлікті рента төлемін алып отыру мақсатында иеліктен шығару. Жылжымайтын мүліктегі рента ауыртпалығы. Рента төлемін қамтамасыз ету, мүлікке қатысты кепіл құқығы. Рента төлеушінің міндеттемені орындамауы не тиісінше орындамауы қаупін рента алушының пайдасына сақтандыру. Рента шарты бойынша төлемдер. Рента төлемін кешіктіргендігі үшін жауаптылық. Рента шартын бұзу. Рента төлеушіге мүлікті беру барысында рента алушының мүдделерінің құқықтық кепілдіктері. Тұрақты рента және оның ерекшеліктері. Тұрақты рента алушылары. Тұрақты рента нысаны және мөлшері. Тұрақты рента төлемдерінің мерзімі. Төлеушінің тұрақты рентаны сатып алу құқығы. Рента алушының талабы бойынша тұрақты рентаны сатып алу. Тұрақты рентаны сатып алу. Тұрақты рента төлемі үшін берілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі. Ғұмырлық рента. Ғұмырлық рентаны алушылар. Ғұмырлық рентаның мөлшері. Ғұмырлық рентаның төлем мерзімдері. Рента алушының талабы бойынша ғұмырлық рента шартын бұзу. Рента шарты бойынша берілген мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі. Ғұмырлық рента шарты тараптарының құқықтары, міндеттері және жауаптылығы. Өмір бойы асырауда ұстау. Өмір бойы асырауда ұстау шартының тараптары. Өмір бойы асырауда ұстауды ұсыну жөніндегі міндеттер. Өмір бойы асырауда ұстауды мерзімді төлемдерге алмастыру. Өмір бойы асырауда ұстауды қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті пайдалану және иеліктен шығару. Өмір бойы асырауда ұстауды тоқтату.

4.3 тақырып. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттар. Мүлік жалдау шартының жалпы ережелері. Көлік құралдарын жалға алу, прокат.

Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі шарттардың жалпы белгілері. Мүлік жалдау шарты және оның белгілері. Мүлік жалдау шартының тараптары. Мүлік жалдау шартының объектілері. Кәсіпорын мүлік жалдау шартының объектісі ретінде. Жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану құқықтары және өзге де заттық құқықтар мүлік жалдау шартының объектілері ретінде. Айналым қабілеттілігіне қарай мүлік жалдау шартының объектілерінің шеңберін шектеу. Қосалқы жалға беру. Қосалқы жалға берушінің жауаптылығы. Тұрғын-үйді, жер участогін, жер қойнауын және өзге де дербес табиғат объектілерін мүліктік жалдау шарты бойынша берудің ерекшеліктері. Мемлекет мүлкін мүліктік жалдау бойынша берудің ерекшеліктері. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, соның ішінде концессия шартының негізінде мемлекеттік мүлікті жалға берудің ерекшеліктері. Мүлік жалдау шартының талаптары. Мүлік жалдау шартының нысаны. Мүлік жалдау шартының мерзімі. Жалға берілетін мүлікке қатысты

үшінші тұлғалардың құқықтары. Мүлік жалдау шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері. Жалға алушының жалға алынған мүлікке билік ету шегі. Жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiктi ұстап-тұту жөнiндегi мiндеттерi. Жалға берілген мүлікке күрделі жөндеу жүргізу. Жалға алушының жалданған мүлiктi ұстап-тұту жөнiндегi мiндеттерi. Жалға алушының жалданған мүлiктен алынатын өнiмге, жемiстерге және өзге де кiрiстерге меншiк құқығы. Жалданған мүлікке жасалған ажыратылатын және ажыратылмайтын жақсартулар. Тараптардың бiреуiнiң талап етуi бойынша мүліктік жалдау шартын өзгерту және бұзу. Жалға алушының шартты жаңа мерзiмге жасасуға артықшылықты құқығы. Мүлiктік жалдау шартын қайта жаңарту. Мүлiктік жалдау шартының тараптар өзгерген кезде күшiн сақтап қалуы. Қосымша жалдау шартының негiзгi мүлiктік жалдау шартына тәуелдiлiгi. Келесідей нормативтік құқықтық актілерді талдау: ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР Жер Кодексі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы. Көлiк құралдарын жалдау. Көлiк құралын экипажымен жалдау шарты. Көлік құралының ұғымы. Көлiк құралын экипажымен жалдау шартының нысаны. Көлік құралының мазмұны. Жалға берушiнiң көлiк құралын басқару мен техникалық пайдалану жөнiндегi мiндеттерi. Көлiк құралын сақтандыру. Көлiк құралына келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк. Көлiк құралы келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк. Көлік құралын экипажсыз жалдау шарты. Көлік құралын экипажсыз жалдау шартының нысаны. Көлік құралын экипажымен және экипажсыз жалдау шарты тараптарының жауаптылығы. Прокат шарты. Прокат шартының нысаны. Прокат шарты жария шарт ретінде. Прокат шартының ерекшеліктері. Прокат шартының мерзімі. Прокат шартындағы жалға берушінің және жалға алушының құқықтары. Жалға алушының прокат шартынан бас тарту құқығы. Мүлікті жалға алушыға беру. Жалға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерiн жою. Прокат шарты бойынша мүлiктi пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы. Прокат шарты бойынша берілген мүлікке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу. Прокат шарты бойынша жалға алушыға берілген мүлікті қосалқы жалға беру.

4.4 Лизинг, тұрғын-үйді жалдау шарты, ссуда (мүлікті тегін пайдалану) шарты. Кәсіпорынды жалдау. Үйлерді және ғимараттарды жалдау.

Лизинг шарты. Лизинг шартының қалыптасу тарихы. Лизинг ұғымы. Лизинг шартының тараптары. Лизинг нысанасы. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы ретінде. Шарттың пәні бола алмайтын мүліктер. Лизинг шартының елеулі ережелері. Лизинг нысанасына меншік құқығы. Лизинг түрлері. Ішкі және халықаралық лизинг. Қайтарымды лизинг. Қайта лизинг. Банктік лизинг. Қаржы лизингі, жедел лизинг. Толық лизинг. Қосалқы лизинг. Таза лизинг. Ислам лизингі. Лизинг шартының нысаны. Лизинг шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері. Мүлiктi лизингке беру туралы сатушыны хабардар ету. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупi. Лизинг шарты бойынша төленетiн төлемдер. Лизинг алушыға лизинг шартының нысанасын беру. Сатушының жауапкершiлiгi.



Қаржылық лизинг. Лизинг беруші. Лизинг алушы. Лизингтік мәміле. Лизингтік қызмет. Тұтынылмайтын заттар. Сатушы, лизингтік мәміленің қатысушылары. Лизинг мерзімі. Банктердің лизинг беруші ретіндегі лизингтік қызметін лицензиялау. Тұрғын үйді жалдау шарты. Тұрғын үйді жалдау шартының тараптары. Жеке тұлғалардың тұрғын үйді жалдау шартының тараптары ретінде міндетті қатысуы. Тұрғын үйді жалдау шартының пәні. Тұрғын үйге меншік құқығының және оны пайдалану құқығының туындау және тоқтату негіздері. Жеке (бөлек) меншік. Жалға беруші. Жалға алынатын үй. Жалға алушы. Жеке тұрғын үй қоры. Коммуналдық тұрғын үй қоры. Кондоминиум. Қосалқы жалға алушы. Ведомствалық тұрғын үй қоры. Мемлекеттік тұрғын үй қоры. Тұрғын үй ұғымы. Ғимарат ұғымы. Кәсіпорынды жалдау шарты. Кәсіпорын азаматтық құқықтардың объектісі ретінде. Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша берілуіне жол берілмейтін мүліктер. Кәсіпорынның жұмысшыларына қатысты құқықтар мен міндеттер. Жалға алушыға борыштарын аударғаны туралы жалға берушi өз кредит берушiлерiн жалдау шарты жасалғанға дейiн жазбаша түрде хабардар ету мiндеті. Жалға алушыға тиісті борыштың ауысуына келісім. Кәсiпорынды жалдау кезiндегi кредит берушiлердiң құқықтарының қорғалуы. Несие берушілердің келісімін алмастан жалға алушыға борышты аудару кезіндегі жалға берушінің жауаптылығы. Кәсiпорынды жалдау шартының нысаны. Кәсiпорынды жалдау шартын жарамсыз деп тану негіздері. Жалға алынған мүлікті беру. Өткізу актісі. Жалға алушының кәсiпорынды ұстау және оны пайдалану бойынша шығындарды төлеу жөнiндегi мiндеттерi. Жалға алынған кәсіпорынның мүлкін пайдалану. Жалға алушының жалға алынған кәсiпорынға өзгерiстер мен жақсартулар енгiзуi. Жалға алынған кәсіпорынға жасалған ажыратылмайтын жақсартулар. Жалға алынған мүлікке жасалған ажыратылмайтын жақсартулардың құнын жалға алушыға өтеп беру. Жалға алынған кәсіпорынды қайтару. Үйлерді не ғимараттарды жалдау шарты. Үйлерді не ғимараттарды жалдау шартының нысаны. Жалға алу ақысының мөлшері. Үйді немесе ғимаратты беру. Ғимарат ұғымы. Құрылыс ұғымы. Мүлікті тегін пайдалану шарты. Мүлікті тегін пайдалану шартының тараптары. Мүлiктi тегiн пайдалануға беру. Тегiн пайдалануға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi үшін жауапкершілік. Тегiн пайдалануға берiлген мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары. Келесідей нормативтік құқықтық актілерді талдау: «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, ҚР Еңбек кодексі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңы.

4.5 Жұмысты орындау жөніндегі шарттар (мердігерлік сипаттағы шарттар). Мердігерлік туралы жалпы ережелер. Тұрмыстық мердігерлік. Құрылыс мердігерлігі. Жобалау және iздестiру жұмыстарына, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк.

Мердігерлік мазмұны. Мердігерлік шартының тараптары, пәні және нысаны. Мердігерлік шарты мен еңбек шартының ара қатынасы. Мердігерлік шартының интеллектуалдық меншік объектісін жасау жөніндегі шарттан айырмашылығы. Мердігерлік шартының түрлері (тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, жобалау және iздестiру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк). Жұмысты мердiгердiң қарамағында орындау. Мердігердің шаруашылық еркіндігі. Материалдардың кездейсоқ жойылу қаупi. Бас мердiгер және қосалқы мердiгер. Бас мердiгер және қосалқы мердiгердің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы. Жұмысты орындау мерзімі. Бастапқы, аралық және түпкі мерзімдер. Жұмыстың бағасы. Мердігерлік шартындағы мердігердің міндеттері. Мердігерге тапсырма. Смета. Тұрлаулы смета. Мердігердің үнемі. Жұмысқа ақы төлеу тәртібі. Жұмыстың нәтижесін, құралдарды, сыйақыны ұстап қалу құқығы. Жұмысты тапсырысшының материалдарын пайдалана отырып орындау. Тапсырысшы берген мүлiктiң сақталмағаны үшiн мердiгердiң жауаптылығы. Тапсырысшының жұмыстарды орындау кезiндегi құқықтары. Мердiгер тапсырысшыға ескертуге мiндеттi мән-жайлар. Тапсырысшының жәрдем көрсетуi. Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы. Жұмысты орындау барысындағы кемшіліктер. Жұмысты қабылдау-өткізу актісі. Көрінеу кемшіліктер. Жасырын кемшіліктер. Кепілдік мерзімі. Сараптама. Жекелеген бөліктерді немесе толықтай қабылдау. Жұмыстың нәтижесін мердігердің сатуына жол беретін негіздер. Толықтай қабылдау барысында кемшіліктерді айқындаған реттегі тапсырыс берушінің құқықтары. Мердiгерлiк нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкiн болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу. Жұмыстың сапасы. Жұмыстың сапасына кепілдік. Кепілдік мерзімді есептеу тәртібі. Мердiгердiң жұмыс сапасының тиiстi дәрежеде болмауы үшiн жауапкершiлiгi. Жұмыс сапасының лайықсыздығы туралы талап арыздар жөнiндегi мерзiмнiң ескiруi. Мердiгердiң тапсырысшыға ақпарат беру мiндетi. Тараптар алған ақпараттың құпиялылығы. Коммерциялық құпия. Тапсырысшыға материалдар мен жабдықтарды қайтарып беру. Тұрмыстық мердігерлік шарты және оның ерекшеліктері. Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарт ретінде. Тұрмыстық мердігерлік шартының тараптары. Шарттың нысаны. Тапсырыс берушінің құқықтарына кепілдік беру. Тапсырысшыға жұмыстың нәтижелерi туралы ақпарат беру. Тапсырысшыға жұмыс туралы ақпарат беру. Жұмысты мердiгердiң материалынан орындау. Жұмысты тапсырысшының материалынан орындау. Жұмыстың бағасы және оған ақы төлеу. Орындалған жұмыстан кемшiлiктер табудың зардабы. Тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеуiнiң зардабы. Құрылыс мердiгерлiгiнiң шарты және оның ерекшеліктері. Құрылыс мердiгерлiгi шартының тараптары. «Кілтке» дейінгі құрылыс туралы шарт. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша тәуекелдi бөлісу. Жұмыстың кездейсоқ қымбаттау қаупі. Мердігердің тәуекелін сақтандыру. Жүргiзiлетiн жұмыстардың қауiпсiздiгi үшiн жауаптылық. Жобалау-сметалық құжаттама. Жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу. Жұмыстарды материалдық қамтамасыз ету. Жұмысқа ақы төлеу. Құрылыс салу үшiн жер учаскесiн беру. Тапсырысшының құрылыс мердiгерлiгі шартындағы қосымша мiндеттерi. Тапсырысшының шарт бойынша жұмыстың орындалуын бақылауы мен қадағалауы. Мердiгердiң қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi мiндеттерi. Тараптардың құрылысты консервациялау кезiндегi мiндеттерi. Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдау. Мердiгердiң жұмыстардың сапасы үшiн жауаптылығы. Құрылыс мердігерлігі шартындағы сапа кепiлдiктерi. Кемшіліктерді тапсырысшының есебінен жою. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт. Жобалау және iздестiру жұмыстарының ұғымы. Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған бастапқы деректер. Тапсырысшының мiндеттерi. Мердігердің міндеттері. Мердігердің кепілдіктері. Жобалау-сметалық құжаттаманың және iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерi үшiн мердiгердiң жауаптылығы. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарттар. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың ұғымы. Шарттың тараптары. Жұмысты мердігердің (атқарушының) орындауы. Жұмысты тапсыру, қабылдау және оған ақы төлеу. Шарт туралы мәлiметтердiң құпиялылығы. Тараптардың жұмыс нәтижелерiне құқықтары. Тапсырысшының міндеттері. Мердігердің (атқарушының) міндеттері. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шартта нәтижеге жету мүмкiндiгi болмауының салдары. Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға жасалған шартта жұмыс нәтижесiне жету мүмкiндiгi болмауының салдары. Мердiгердiң (атқарушының) шартты бұзғаны үшін жауапкершілігі.

4.6 Қызмет көрсету жөніндегі шарттар. Өтелмелi қызмет көрсету шарты. Тасымалдау шарты. Кеме жалдау (чартер) шарты. Көлiк экспедициясы шарты.

Қызмет көрсету жөніндегі шарттардың ұғымы және белгілері. Қызмет азаматтық құқықтың объектілерінің дербес түрі ретінде. Мердігерлік және өтемелі қызмет көрсету шарттарының ажыратылуы. Қызмет көрсету жөніндегі шарттардың мысалы. Қызмет көрсету жөніндегі шарттардың құқықтық табиғаты. Өтелмелі қызмет көрсету шарты. Өтелмелі қызмет көрсету шартының тараптары. Өтелмелі қызмет көрсету шартын орындау. Қызметке ақы төлеу. Өтелмелi қызмет көрсету шартын орындаудан бiржақты бас тарту. Өтелмелі қызмет көрсету шартының құқықтық реттелуі. Өтелмелі қызмет көрсету шартының кейбір түрлері: байланыс және ақпарат қызметі, медициналық қызметтер, әлеуметтік сипаттағы қызметтер, мал дәрігерлік қызметтер, аудиторлық қызметтер, құқықтық қызметтер, туристтік-экскурсиялық қызметтер, спорттық-сауықтыру қызметтері, шипажай-емдеу қызметтері, мәдени-тамашалау қызметтері. Өтелмелі қызмет көрсету шартынның мазмұны. Тасымалдау шарты. Жүктерді, жолаушыларды және қол жүгін тасымалдау. Көлік құралының ұғымы. Жүктерді тасымалдау ұғымы. Көлік туралы заңнамалық актілерде қарастырылған көлік жүкқұжаты, коносамент, тауар-көлік жүкқұжаты. Жолаушыларды тасымалдау шарты. Жолаушыларды тасымалдау шартын рәсімдейтін құжаттар. Кеме жалдау (чартер) шарты. Кеме жалдау (чартер) шартының тараптары: кемемен жалданушы, кеме жалдаушы. Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі ұзақ мерзімді шарттар. Көлік ұйымдарының арасындағы шарттар, тораптық келiсiмдер, жүктердi орталықтандырылған түрде әкелу (әкету) шарты және басқалар. Аралас тасымалдау. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау. Көлiк құралдарын беру, жүктi тиеу (түсiру). Кiре ақысы. Жүктi, жолаушыны және (немесе) теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi. Жүкке билiк ету құқығы. Жолаушылардың құқықтары. Тасымалдау жөнiндегi мiндеттемелердiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк. Тасымалдаушының көлiктi бермегенi үшiн және жөнелтушiнiң берiлген көлiк құралдарын пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiгi. Тасымалдаушының тiкелей аралас қатынас кезiндегi жауапкершiлiгi. Тасымалдаушының жолаушыны жөнелтудi кiдiрткенi үшiн жауапкершiлiгi. Жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi. Жүктердi тасымалдау жөнiндегi талаптар мен талап қоюлар. Тайм-чартердің мазмұны. Қосалқы кеме жалдау шарты (субтайм-чартер). Көлік экспедициясы шарты. Шарттың тараптары. Шарттың нысаны. Экспедиторға берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпарат. Экспедитордың мiндеттерiн үшiншi тұлғаның атқаруы және де шарттың өзге де ережелері.



    1. Заем шарты. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты.

Заем шартының туындау және қалыптасу тарихы. Заем шартының тараптары. Заем шартының нысаны. Заем шартының құқықтық табиғаты. Заем шартының жарамсыздығының негіздері. Заем пәнінің берілгендігін растайтын заемшының қолхаты және өзге де құжаттар. Заем шартының жасалуы. Заем шартының пәні. Заем шарты бойынша сыйақы. Сыйақыны төлеу тәртібі және мерзімі. Заем нысанасын беру. Нысаналы заем. Заемшының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету. Заем шартының талаптары. Заем нысанасын қайтару. Заем берушіге заем пәнін беру сәті. Заем пәнін бөліп-бөліп (кейінге қалдыру арқылы) қайтару. Заем нысанасын мерзiмiнен бұрын қайтару туралы талапты қанағаттандыру мерзімі. Заем шартын даулау. Заем шартында мiндеттеменi жаңалау. Заем шартының тоқтатылуы. Мемлекеттік заем шарты. Банктік заем шарты. Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың ерекшелiктерi. Банктік заем шартының құқықтық реттелуінің ерекшеліктері. Банктік заем шартының пәні және субъектілік құрамы. ҚР Бюджет кодексін, «Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңын талдау. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты. Факторинг шартының тараптары. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шартының нысаны. Факторинг шартының құқықтық табиғаты.

Қаржыландыруды алу мақсатындағы берiлген ақшалай талап. Клиенттiң қаржы агентiнiң алдындағы жауапкершiлiгi. Факторинг шартының өзара сипаты. Талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы. Ақшалай талапты кейiн беру. Борышқордың қаржы агентiне ақшалай талапты орындауы. Қаржы агентiнiң борышқордан алынған сомаларға құқықтары. Борышқордың қарсы талаптары. Қаржы агентi алған сомаларды борышқорға қайтару. Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезiнде ақшалай талап етуді беру.



    1. Банктiк қызмет көрсету шарты. Банктік шот шарты. Ақша аударымы туралы шарт. Банктік салым туралы шарт.

Банктiк қызмет көрсету шарты. Банктiк қызмет көрсету шартының субъектілік құрамы. Банктiк қызмет көрсету шартының түрлері: банктік шот шарты, ақша аударымы туралы шарт, банктік салым туралы шарт және заңнамада немесе тараптардың келісімінде көзделген шарттардың өзге де түрлері. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу. Клиенттің ақшаны пайдалануына тыйым салу. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою. Клиенттiң ақшасын алу кезектiлiгi. Күнтізбелік кезектілік. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк қызмет көрсетуi. Банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу. Банк құпиясы. Клиенттерге банктiк қызмет көрсету шарттарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. Банктiк шот шарты. Банктiк шот шартының құқықтық табиғаты. Банктiк шот шартының нысаны. Клиенттiң ақшасына билiк ету. Банктiк шот шарты бойынша банк орындайтын операциялар. Ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы. Банктiк шот шартын бұзу. Банктердiң банктiк шоттары. Банк ұғымы. Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы. Ақша аудару туралы шарт. Ақша аудару туралы шартты жасасу. Қолма-қол емес төлемдер. Ақшаның азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі құқықтық табиғаты. Ақша аудару туралы шарттың құқықтық табиғаты. Ақша аудару туралы шарттың елеулі ережелері. Банк салымы шарты. Банк салымының түрлері. Банк салымы шартының нысаны. Банк салымы шартының қолданыс мерзімі. Банк салымы шарты бойынша сыйақы. Банк салымы шарты бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi. Салымдарды енгiзу. Үшiншi тұлғалардың салымға ақша енгiзуi. Үшiншi тұлғалардың пайдасына салымдар. Банк салымдарын қайтару. Талап етiлмелi салымдар. Мерзімді салымдар. Шартты салымдар. Банк салымы шартының құқықтық табиғаты. Банк салымын қайтаруды қамтамасыз ету. Банк салымы бойынша жасалған операциялар үшiн банк көрсеткен қызметтерге ақы төлеу. Салым ретінде берілген ақшаға қатысты банк пен салымшының құқықтары. Банк салымы шартының жасалу сәті. Үшінші тұлғалардың пайдасына жасалған банктік салым шарты. Банктік салым шартының нысаны және талаптары. Банктік салым шартының қолданыс мерзімі. Банктік қызметті реттеудің әкімшілік тәсілдері.

4.9 Сақтау шарты. Сақтаудың жекелеген түрлері. Сақтандыру шарты.

Сақтау шарты. Сақтау шартының тараптары. Сақтау туралы жалпы ережелер (сақтау пәнінен жылжымайтын мүліктің алынып тасталуы). Сақтау шартының құқықтық табиғаты. Сақтау шартының пәні. Затты сақтауға қабылдау туралы шарт. Затты сақтауға қабылдау мiндетi. Заттарды иесіздендіріп сақтау. Сақтау шартының нысаны. Сақтау мерзiмi. Сақтаушыға сыйақы беру және оның шығындарын өтеу. Сақтаушының заттардың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi міндеттерi. Сақтау жағдайларын өзгерту. Затты үшiншi тұлғаға сақтауға беру. Сақтаушының заттың сақталмағандығы үшiн жауапкершiлiгi. Сақтаушы-кәсiпкердiң жауапкершiлiгi. Сақтаушының жауаптылық мөлшерi. Затты алу мерзiмдерiн бұзудың зардабы. Сақтаушыға келтiрiлетiн залалдардың орнын толтыру. Сақтау туралы жалпы ережелердi оның жекелеген түрлерiне қолдану. Сақтаудың жекелеген түрлерi. Ломбардта сақтау. Ломбардтан талап етiлмеген зат. Құндылықтарды банкте сақтау. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау. Ұйымдардың киiмiлгiштерiнде сақтау. Қонақүйде сақтау. Даулы заттарды сақтау (секвестр). Тауар қоймасында сақтау. Қойма куәлігі және оның түрлері. Кепіл куәлігі (варрант). Бидай айналымы саласындағы қойма куәліктері. Жай қойма куәлігі. Қос қойма куәлігі. Сақтау шарты тараптарының өзге де құқықтары мен міндеттері. Сақтандыру шарты. Міндеттілік деңгейі, сақтандыру объектісі, сақтандыру төлемін төлеу негіздері бойынша сақтандыру нысандары. Міндетті және ерікті сақтандыру. Сақтандыру объектісі. Міндетті сақтандыру жөніндегі ережелерді бұзудың салдарлары. Жеке және мүліктік сақтандыру. Жинақтаушы сақтандыру. Сақтанушы. Сақтандырушы. Сақтандырылған тұлға. Пайда алушы. Сақтандыру жағдайы. Сақтандыру сыйлықақылары. Сақтандыру сомасы. Сақтандыру төлемі. Қос сақтандыру. Топтық сақтандыру. Ортақ сақтандыру. Қайта сақтандыру. Сақтандыру шартының нысаны. Сақтандыру ережелері. Сақтандыру шартының мазмұны. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуді кейінге қалдыру. Жинақтаушы сақтандыру шартының қолданысын қалпына келтіру. Өзара сақтандыру.



4.10. тақырып. Тапсырма шарты. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Комиссия шарты. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты.

Өкілдік туралы жалпы ережелер. Коммерциялық өкілдік. Тапсырма шарты. Тапсырманы сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларына сәйкес орындау. Тапсырма шартының құқықтық табиғаты. Тапсырма шартының тараптары. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң мiндеттерi. Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттерi. Тапсырма шартының мерзімі. Тапсырма шартындағы сыйақы. Сенімнің ауысуы. Сенім білдірушінің нұсқаулары. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкілеттіктері. Сенімхат. Тапсырма шартының тоқтатылуы. Тапсырма шартын тоқтатудың салдары. Тапсырма шартындағы құқықмирасқорлық. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау. Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары. Мүдделi тұлғаға оның мүддесiне жасалған iс-әрекеттер туралы хабарлау. Мүдделi тұлғаның өз мүддесiне жасалған iс-әрекеттердi мақұлдауының салдары. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаған тұлғаның жауаптылығы. Мүдделi тұлғаның өз мүддесi үшiн жасалған iс-әрекеттердi мақұлдамауының салдары. Басқаның мүддесiне iс-әрекет жасаған адамға залалдарын өтеу. Басқаның мүддесiне мәмiле жасау салдары. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаудың салдарынан негiзсiз баю. Басқаның мүддесiне жасалған iс-әрекеттермен келтiрiлген зиянды өтеу. Басқаның мүддесiне iс-әрекеттер жасаған адамның есеп беруi. Сенім білдірілген өкілдің тапсырма шартын орындаудан бас тартуы. Комиссия шарты. Комиссия шарты делдалдық қызмет көрсету нысаны ретінде. Комиссия шартының нысаны. Комиссия шартының құқықтық табиғаты. Комитент пен комиссионер арасындағы жеке адами қатынастар. Комиссия шартының тапсырма шартынан айырмашылығы. Комиссиялық сыйақы. Комиссионердiң үшiншi тұлғамен мәмiле жасау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi. Комиссия шартының пәні болып табылатын мүлікке деген құқық. Комиссионердің өзіне тиесілі соманы ұстап қалуы. Комиссионердің өзiндегi комитент мүлкiнiң жоғалуына, кем шығуына немесе бүлiнуiне жауаптылығы. Өзiне мәмiле жасау. Комитенттiң комиссия шарты бойынша орындалғанды қабылдауы. Комиссиялық тапсырманы орындау жөнiндегi шығындардың орнын толтыру. Комитенттiң тапсырманың күшiн жоюы. Комиссионердiң тапсырманы орындаудан бас тартуы. Комиссия шартын тоқтату. Комитенттiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған шарттан бас тартуы. Комиссионердiң мерзiмi көрсетiлмей жасалған шарттан бас тартуы. Комиссия шартындағы құқықтық мирасқорлық. Комиссия шарты тараптарының құқықтары, міндеттері және жауаптылығы. Мүлікті сенімгерлікпен басқару. Мүлікті сенімгерлікпен басқару институтының туындау тарихы. Фидуциарлы қатынастардың ұғымы және белгілері. АҚШ-ғы мүлікті сенімгерлікпен басқару институты. Сенімгерлікпен басқару құқығы. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару ұғымы және оның пайда болу негiздерi. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару объектiлерi. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысаны. Сенiмгер басқарушының құқықтары мен мiндеттерi. Сенiмгер басқарушының бастамасымен сенiмнiң ауысуы. Сенiмгер басқарушының жауапкершiлiгi. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы. Акцияларды және өзге де бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқару. Инвестициялық қорлардың активтерiн сенiмгерлiкпен басқару. Кәсіпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сенiмгерлiкпен басқару. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкін сенiмгерлiкпен басқару.
4.11. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының ұғымы. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының құқықтық табиғаты. Шарттың пәні. Шарттың тараптары. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының нысаны. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын тіркеу. Лицензиардың мiндеттерi. Лицензиаттың мiндеттерi. Шектеу шарттары. Лицензиардың лицензиатқа қойылатын талаптар бойынша жауапкершiлiгi. Кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензия. Кешендi кәсiпкерлiк қосалқы лицензияның лицензиардың лицензиатпен негiзгi шартына тәуелдiлiгi. Лицензиар, лицензиат және қосалқы лицензиат қатынастарының ерекшелiктерi. Фирмалық атау өзгерген кезде шарттың күшін сақтауы. Пайдалануға берiлген бiр немесе бiрнеше айрықша құқықтардың өзгеруi кезiнде шарт күшiнiң сақталуы. Пайдалануға берiлген айрықша құқықтың тоқтатылу салдары. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының тоқтатылуы. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартындағы құқықтық мирасқорлық. Айрықша құқықтар кешені (лицензиялық кешен). Франчайзингтік қызмет. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша жауаптылық. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын орындау.


Модуль 5. Шарттан тыс міндеттемелер, интеллектуалдық меншікке құқықтар мен мұрагерлік құқықтың азаматтық -құқықтық сипаттамасы.

5.1 Конкурстық міндеттемелер. Тендер. Аукцион.

Конкурстық міндеттемелер. Конкурстық мiндеттеменiң мазмұны. Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттеме және тендер, аукцион негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген жағдайларда туындайтын өзге де міндеттемелер. Конкурс бастамашысы. Ашық конкурс. Жабық конкурс. Сыйақыға жария уәде беру. Сыйақыға жария уәде берудің күшін жою. Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткiзу ерекшелiктерi. Лицензия. Ойындар мен бәс тiгудi өткiзуге және оларға қатысуға байланысты талаптар. Тендер. Аукцион.



5.2. Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу. Моральдық зиянды өтеу. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi. Зиян келтiрудің алдын алу. Қажеттi қорғану жағдайында зиян келтiру. Аса қажеттi жағдайда зиян келтiру. Заңды тұлғаның немесе азаматтың өз қызметкерi келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi. Мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшін жауапкершiлiк. Өзiнiң жауаптылығын сақтандырған тұлғаның зиянды өтеуi. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiгi. Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк. Әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк. Өз iс-әрекетiнiң мәнiн түсiнуге қабiлетсiз азамат келтiрген зиян үшiн жауапкершiлiк. Айналасындағыларға жоғары қауiп туғызатын қызмет (жоғары қауiптiлiк көздерi) арқылы келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк. Бiрлесiп келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы. Мүлiктiк зиянды өтеу әдiстерi. Жәбiрленушiнiң кiнәсi мен зиян келтiрген адамның мүлiктiк жағдайын есепке алу. Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу. Азаматтың шарттық және өзге де мiндеттемелердi орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу. Денсаулықты зақымдау арқылы келтiрiлген зиянды өтеудiң көлемi мен сипаты. Денсаулықтың зақымдануы салдарынан жоғалтылған табысты (кiрiстi) анықтау. Кәмелетке толмаған адамның денсаулығы зақымданған кезде зиянды өтеу. Азаматтың қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу. Азамат қайтыс болған жағдайда келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерi. Зиянды өтеу мөлшерiн өзгерту. Күнкөрiс құнының артуына байланысты зиянды өтеуді ұлғайту. Зиянды өтеу жөнiндегi төлемдер. Заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу. Жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу негiздерi. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапты тұлғалар. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу мерзiмдерi. Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшiлiктерi салдарынан келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiктен босату негiздерi. Моральдық зиянды өтеу. Моральдық зиянды өтеу мөлшерi. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер. Негiзсiз байлықты қайтару мiндетi. Негiзсiз байлықты қайтару туралы талаптардың азаматтық құқықтарды қорғау туралы басқа талаптармен арақатынасы. Негiзсiз байлықты заттай қайтару. Негізсіз байлықтың құнын өтеу. Құқықты басқа тұлғаға негiзсiз берудiң зардабы. Жәбiрленушiге алынбаған табыстарды өтеу. Қайтарылуға жататын мүлікке шыққан шығындарды өтеу. Қайтарылуға жатпайтын негiзсiз байлық.

5.3 Интеллектуалдық меншік құқығы. Авторлық құқық. Сабақтас құқықтар. Селекциялық жетістіктерге құқық. Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдары. Тауар белгiсi. Тауар шығарылатын жердiң атауы.

Интеллектуалдық меншік құқығы. Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi. Селекциялық жетiстiктер. Интегралдық микросызба топологиялары. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың пайда болу негiздерi. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне айрықша құқықтар. Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысуы. Лицензиялық шарт. Лицензиар. Лицензиат. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасау және пайдалану туралы шарт. Айрықша құқық және меншiк құқығы. Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi. Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi. Авторлық құқық. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi). Шығармашылық қызмет нәтижелері. Авторлық құқық объектiлерiнiң түрлерi (әдеби туындылар, драмалық және музыкалық-драмалық туындылар, сценарийлiк туындылар, хореография және пантомима туындылары, мәтiндi немесе мәтiнсiз музыкалық туындылар және т.б.). Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі. Авторлық құқық объектiлерi болып табылмайтын туындылар. Ресми құжаттардың, мемлекеттiк рәмiздер мен белгiлердiң жобаларына құқық. Авторлық құқықты қорғау белгiсi. Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары. Автордың мүлiктiк құқықтары. Туындыны сақтауға беру. Қазақстан Республикасының аумағында авторлық құқықтың қолданылуы. Авторлық құқықтың қолданыла бастауы. Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi. Туындының қоғам игiлiгiне ауысуы. Авторлық құқықтарды басқару. Сабақтас құқықтар. Сабақтас құқықтардың объектiлерi. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi. Сабақтас құқықтардың қолданылуы. Сабақтас құқықтар субъектiлерiнiң құқықтарын реттеу. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi. Шетелдiк азаматтар немесе шетелдiк заңды тұлғалар болып табылатын орындаушылардың, фонограммалар шығарушылардың, эфирлiк және кабельдік хабар тарату ұйымдарының құқықтары. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні құқықтық қорғау талаптары. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалану құқығы. Патентке берiлетiн құқыққа билiк ету. Авторлық құқық. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң тең авторлары. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы. Патенттің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы. Патенттiң қолданылу мерзiмi. Патенттік құқықтарды беру туралы шарт. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензиялық шарт. Ашық лицензия. Патентті бұзғаны үшін жауаптылық. Оған дейiн пайдалану құқығы. Патент иесiнiң құқықтарын шектеу. Селекциялық жетістіктерге құқық. Өсiмдiктердiң жаңа сорттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқықты қорғаудың талаптары. Автордың селекциялық жетiстiк атауын айқындау құқығы. Селекциялық жетiстiк авторының сыйақы алуға құқығы. Патент иесiнiң селекциялық жетiстiкке құқығы. Патент иесiнiң мiндеттерi. Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу мерзiмi. Селекциялық жетiстiктердi пайдалануға жіберу. Интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар. Интегралды микротәсiмдер топологиясына құқықтарды қорғау талаптары. Интегралды микротәсiмдер топологиясына айрықша құқық. Топологияларды тiркеу. Топологияны қолдануға айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы. Ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау талаптары. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқықтың ауысуы. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдары. Фирмалық атау. Фирмалық атауға құқық. Заңды тұлғаның фирмалық атауын тауар белгiсінде пайдалану. Фирмалық атауға құқықтың қолданылуы. Фирмалық атауды иелiктен алу құқығы. Тауар белгiсi. Тауар белгiсiн құқықтық қорғау талаптары. Тауар белгiсiн пайдалану құқығы. Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгiсiн құқықтық қорғау. Тауар белгiсiне құқықтың қолданылу мерзiмi. Тауар белгісін пайдаланбаудың салдары. Тауар белгісiне құқықтың ауысуы. Тауар белгiсiн пайдалануға рұқсат беру. Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарттар мен лицензиялық шарттардың нысаны және оларды тiркеу. Тауар белгiсiне құқықты бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. Тауар шығарылатын жердiң атауы. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғау талабы. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығы. Тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғаудың қолданылу аясы. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiктiң қолданыл у мерзiмi. Тауар шығарылатын жердiң атауын заңсыз пайдалану үшiн жауапкершiлiк.

    1. Мұрагерлік құқық.

Мұрагерлік құқық. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер. Мұрагерлiк. Мұрагерлiктiң негiздерi. Мұраның құрамы. Ортақ бiрлескен меншiк болып табылатын мүлiкке мұрагерлiк. Мұраның ашылуы. Мұраның ашылу орны. Мұрагерлер. Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету. Өсиет бойынша мұрагерлік. Жалпы ережелер. Талап қойылған өсиет. Мұрагерлердi қосымша тағайындау. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк. Өсиеттiң нысаны туралы жалпы ережелер. Нотариатта куәландырылған өсиет. Нотариатта куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер. Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту. Өсиеттiң құпиясы. Өсиетке түсiнiк беру. Өсиеттiң жарамсыздығы. Өсиеттiк бас тарту (легат). Жүктеу. Өсиеттiң орындалуы. Заңды мұрагерлік. Жалпы ережелер. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегі. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi. Кейiнгi кезектегi мұрагерлер. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық. Мұра алу кезiндегi ерлi-зайыптылардың құқықтары. Мұраны қорғау және заң бойынша мұрагерлiк кезiнде оны басқару. Мұра алу. Мұраны қабылдау. Мұра қабылдау тәсiлдерi. Мұраны қабылдау мерзiмi. Белгiленген мерзiмнiң аяқталуына қарай мұраны қабылдау. Мұраны қабылдау құқығының ауысуы (мұрагерлiк трансмиссия). Мұраға құқық туралы куәлiк беру. Мұрадан бас тарту құқығы. Өсиеттiк бас тартуды алудан бас тарту құқығы. Мұраны бөлу. Болмаған мұрагерлердiң құқықтары. Жекелеген мұрагерлердiң мұраға кiретiн мүлiкке басым құқығы. Мұралық үлестердiң үстелуi. Мұраның есебiнен төлеуге жататын шығындар. Мұра қалдырушының борыштарын кредит берушiлердiң өндiрiп алуы. Шаруа немесе фермер қожалығындағы мұрагерлiк. Иесiз қалған мүлік.

Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:
Негізгі:

  1. Азаматтық құқық Том I. Жалпы бөлім. Оқулық (академ. курс). / Жау. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы, 2013. 776 б.

  2. Гражданское право. Том II. Вещное право. Обязательственное

право. Учебник для вузов (академический курс). / Отв. ред. М.К.

Сулейменов. – Алматы 2013. – 488 с.



  1. Климкин С.И. Гражданское право Республики Казахстан. Общая

часть: Учебное пособие. Алматы 2011. – 123 с.

  1. Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии.

Практика. Выпуск 46. ҮЛГІ. Залог. Исполнение судебных решений / Под ред. К.А. Мами, А.Ж. Ештая, А.Г. Диденко – Алматы 2016. – 156 с.

  1. Гражданское законодательство. Статьи. Комментарии. Практика. Выпуск 45. ҮЛГІ. Сборник судебных актов по недействительным сделкам / Под ред. К.А. Мами, А.Г. Диденко –Алматы 2016. – 276

  2. Диденко А.Г. Вызовы времени: теория недействительных сделок и ее отражение в современной правовой действительности. Алматы 2016 // Библиотека информационного портала Zakon.kz,

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет