БАҒдарламасы қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Мемлекет және құқық теориясы Молуль 1 Мемлекет және құқық теориясы



бет1/7
Дата06.07.2018
өлшемі437,5 Kb.
#48054
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


6М030100 – ҚҰҚЫҚТАНУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША

ПРЕРЕКВИЗИТТЕР

БАҒДАРЛАМАСЫ

Қостанай, 2018

Негізгі бөлім
1 Мемлекет және құқық теориясы
Молуль 1 Мемлекет және құқық теориясы

1.1. Мемлекет және құқық теориясы ғылым және оку пәні ретінде. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылымдар жүйесінде.

Мемлекет және құқық теориясының ғылымилық қағидасы.

Мемлекет және құқық теориясының функциялары: зерттеуші – танымдық, бағыттаушы, тәрбиелеуші, болжаушы.

Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Заңи дүниетаным қалыптасуындағы және кәсіби-заңгерді қалыптастырудағы мемлекет және құқық теориясының ролі. Мемлекет және құқық теориясының фундаментальді және қолданбалы міндеттерінің үйлесуі және олардың өзара толықтырылуы.

Мемлекет және құқық теориясындағы жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістемелердің үйлесімділігі. Салыстырмалы, нақты-әлеуметтік, статистикалық, формальды-заңдылық, кибернетикалық және басқа да жеке әдістер және олардың ғылыми танымдағы ролі.

Мемлекет және құқық теориясында талдау (анализ), сомдау (синтез), индукция, дедукция, болжау (гипотеза) сияқты ғылыми әдістерді қолдану.

Мемлекет және құқық теориясы мен негізгі гуманитарлық ғылымдардың (философия, саясаттану, әлеуметтану, экономиялық теория) өзара қатынасы. Заңтанудың әдістемесін қалыптастыру және дамыту үшін мемлекет және құқық теориясында философия ережелерін қолдану.

Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының алатын орны. Мемлекет және құқық теориясы және шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихымен өзара байланысы. Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудегі тарихи қағидасы. Мемлекет және құқық теориясы мен нақты (соның ішінде салалық) юридикалық пәндер.

Нақты юридикалық ғылымдарды зерттеу және таным қызметтерінің тәжірибелерін жалпылау, сонымен қатар, мемлекеттік-құқықтық даму заңдылығын жеке талдау заңтану саласындағы әдістемелік маңызы бар мемлекет және құқық теориясының жалпы қағидаларының негізі ретінде.

1.2. Қоғам және мемлекет. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің маңызды бөлігі ретінде. Саяси және мемлекеттік-құқықтық институттары, құрылымы, қатынастары; олардың қасиеттері мен белгілерін ажырату қажеттілігі.

Қоғамның саяси жүйесінің құрылымы. Саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, жаппай қозғалыстардың саяси жүйедегі алатын орны, олардың мемлекетпен оның органдарымен өзара қатынасы. Мемлекетті басқаруға саяси партияның қатысу нысандары. Билеуші және оппозициялық партиялар.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің эволюциясы.



1.3. Мемлекет түсінігі, мәні, функциялары. Мемлекеттік билік және мемлекет механизмі.

Мемлекет - саяси, құрылымдық, территориалдық ұйым ретінде, және оның бұқаралық билік, бодандарын территориалық бөлу, аппараты ұстау үшін тұрғындардан салықты жинау тәрізді белгілері мен қасиеттерінің қалыптасуы.

Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары: патерналистік, теологиялық, келісімдік, күштеу теориясы, табиғи-құқықтық, диалектико-материалдық және т.б. Көрсетілген теориялардың жағымды жақтары мен кемшіліктерін ғылыми бағалау.

Мемлекет адамзаттың жалпы өмір сүруінің ерекше саяси ұйымы ретінде. Мемлекеттің мәні және оның эволюциясы: мемлекет дамуының әртүрлі сатысындағы мемлекетпен шешілетін жалпыәлеуметтік және таптық міндеттері қатынасындағы өзгерістер. Мемлекеттің негізгі ерекше белгілері, олардың басқа қоғамдағы ұйымдардан айырмашылығы. Мемлекеттің қызмет етуіне оның алдында тұрған міндеттері мен мемлекет мәнінің ықпалы. Мемлекет функциялары (қызметтері) ұғымының қалыптасуына деген әр түрлі көзқарастар. Мемлекет функцияларының жіктелуі: ішкі және сыртқы, тұрақты және уақытша,негізгі және негізгі емес.

Қазіргі кезендегі мемлекет функцияларының даму эволюциясы. Адам құқықтарын қамтамасыз ету, кепілдік беру және қорғау функциясы- либералды-демократиялық мемлекеттің басты функциясы. Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және қорғаушылық функцияларының және басқа да мемлекеттермен ынтымақтасуды күшейту функциясының жоғарылау ролі.

Мемлекет функцияларының жүзеге асырылуының құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары. Мемлекет функцияларының мазмұны, әрекет ету объектілері және жүзеге асырылу әдістері. Мемлекет функциялаы мен мемлекеттік органдардың функцияларының ара қатынасы.

Қоғамның жаңару, нарықтық қатынасқа өту, әлемдік қауымдастыққа өту кезеңдерінде мемлекет функцияларының дамуы. Мемлекеттік биліктің егеменділігі – мемлекеттің саяси-юридикалық өзіндік сипаты ретінде. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің түрі ретінде, оның жүзеге асырылу тәсілдері мен нысандары. Құқық мемлекеттік билікті шектеу үшін тиімді тәсіл ретінде және оны соққыға ұшыратпау. Мемлекет бұқаралық-құқықтық қауым ретінде. Мемлекет және мемлекеттілік: шектері мен арақатынасы.

Мемлекет механизмі (аппараты) түсінігі, оның құрылымдық қағидалары және қызмет ету қағидалары: биліктің бөлінуі, демократизм, интернационализм, кәсібилік, заңдылық, тұрғындардың мүдделерін жүзеге асыру.

Мемлекеттік аппараттың кадрлары. Мемлекеттік қызмет институтының дамуы. Мемлекеттік қызметкерлердің саяси және әкімшілік болып бөлінуі, олардың мәртебелерінің айырмашылықтары.

Мемлекет механизмі (аппарат) құрылымы. Мемлекет органы, оның міндеттері, функциялары, құзыреті. Билік өкілеттілігінің болуы – мемлекет органның ерекше белгісі. Мемлекет органдарының заңшығарушы, атқарушы және сот органдарына жіктелуі. Мемлекеттің жоғары және жергілікті органы. Жалпы және арнайы құзыретті органдар.

Қазақстан Республикасының мемлекет органдар жүйесі: Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғары Сот, Прокуратура, министрліктер және ведомстволар, жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар.

Биліктің ұйымдастырушылық-мәжбүрлеуші құралдары (әскер, барлау, түрме) мемлекет механизмнің құрамдас бөлігі ретінде. Олардың заңға қатаң сәйкес қызмет етуі.



1.4. Мемлекет типологиясы. Мемлекет нысандары.

Мемлекеттің мәнін және оның қоғамдық тағайындалуын дұрыс түсіну үшін мемлекет типологиясының ғылыми маңызы.

Осы кезеңде болған қоғамдық-экономикалық формация мен мемлекеттің өзара байланысының ажырамас қажеттілігі ретінде қарастырудан туындайтын мемлекет типологиясының формациялық негіздері. Мемлекет типологиясына деген мәдени және социомәдени факторларды (құндылық, діни, психологиялық, этнодіни, демографиялық жәнет.б.) ескере отырып, мемлекет типологиясының өркениеттік негіздерін зерттеудің табандық қажеттілігі.

Мемлекеттің типологиясының формациялық және өркениеттік өлшемдерініңі тиімді үйлесуі – қоғам өміріндегі оның ролі мен маңыздылығын дұрыс түсіндіруге және өлшемді бағалауға деген жолы.

Мемлекет нысаны түсінігі. Мемлекет нысанын мемлекет мәнімен салыстырғандағы мемлекет нысанының қатысты дербестігі. Мемлекет нысанын анықтайтын факторлар: экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық, географиялық, климаттық, басшының жеке қасиеттері.

Басқару нысаны. Басқарудың монархиялық және республикалық нысандары, олардың түрлері, ерекшеліктері және қоғам өміріндегі ролі. Мемлекет құрылым нысаны. Унитарлы және федеративті мемлекеттер олардың ерекшеліктері. Ұлттық-этникалық белгілеріне негізделген федерациядан, территориалды – мемлекеттілік қағидаға негізделіп құрылған федерацияның айырмашылығы. Аралас федерация. Федерацияның конфедерациядан айырмашылығы. Басқа да мемлекеттік және мемлекетаралық ұйымдар: қауымдар, достастықтар, империялар. Мемлекеттің әкімшілік – территориалдық бөліністері.

Мемлекеттік-саяси режим және оның түрлері. Либералды-демократиялық, авторитарлық және тоталитарлы режимдердің сипаты.

1.5. Мемлекет, кұкық, тұлға. Азаматтық қоғам және құқыктық мемлекет.

Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару құрал және таптық дауды шешу құралы ретінде. Қоғамдағы үстем таптың немесе үстем әлеуметтік қабаттың мемлекетті біржақты таптық бағдарына көндіру ұмтылысы. Осындай ұмтылыстан баяу құтылу және либеральды-демократилық бағдарды орнықтыру - қоғамның алдынғы қатарлы күшін қолдау арқылы қазіргі саяси-құқықтық дамудың ең маңызды тенденциясы. Ірі ресурстарды (ұйымдастырушылық, материалдық, қаржылық, адамдық) және мүмкіндіктерді (биліктік өкілеттілікті пайдалану, мәжбүрлеу және т.б.) мемлекетте шоғырландыру, сонымен қатар, осыған байланысты қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани процесстеріне позитивті және негативті әсер ету қабілеті, қоғамның даму деңгейіне және оның бағытына белгілі көлемде ықпал ету.

Қазіргі замандағы саяси-құқықтық дамуының тенденцияның бірі ретінде жек тұлғаның басымдылығының баяу бекуі.

Азаматтылық институтының демократиялануы. Азаматтың құқықтары мен бостандықтары түсінігі. Азаматтың құқықтары мен бостандықтары және адам құқықтары мен бостандықтары арақатынасы. Мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда, оның әлеуметтік және заңды қорғалуының бекітілуі. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сақтаумен күресудегі халықаралық құқықтың күшеюі.

Азаматтық қоғамның қалыптасуы – құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік – экономикалық алғышарттары. Мемлекеттің қысымына қарсы тұру мүмкіндігі бар, азаматтық қоғамның институттары (партиялар, қоғамдық ұйымдар, тәуелсіз баспалар, қоғамдық пікір).

Құқықтық мемлекетті құрудың объективтік қажеттілігі. Оның негізгі сипаттамасы: мақсаттары, міндеттері, қызметтері, әлеуметтік тағайындау. Құқықтық мемлекеттің саяси , экономикалық және адамгершілік тұғыры.

Этатистік мемлекеттен құқықтық мемлекеттің айырмашылығы. Адам құқығының қамтамасыз етілуі, қорғалуы – құқықтық мемлекеттегі саяси режимнің қасиеті. Құқық және бостандықтың нақтылығы, олардың кепілдігі жеке тұлғаның еркін және абыройлы өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі.

Құқық пен заңның бірлігі – құқықтық мемлекеттің нормативтік жүйесінің ерекшелігі. Заңдылық және әділеттілік, заңның үстемділігі, құқыққолдану және құқыққорғау қызметтерінің тиімділігі қағидаларын сақтау. Биліктің бөлінуі,тепе-теңдік және тежемелік механизмін қатаң қамтамасыз ету. Жемқорлықтан тәуелсіз объективті сот. “Заңда тыйым салынбағанның барлығына рұқсат” қағидасын қамтамасыз ету.

Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қалыптасу жолдары.

Модуль 2. Құқық теориясы.

2.1. Құқықтың түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайындалуы. Қоғамда құқықтың өзге әлеуметтік нормалармен өзара әрекеттесуі.

Құқықтың өмір сүруінің экономикалық, саяси-әлеуметтік жәнеидеологиялық себептері. Қоғамның дамуының белгілі кезеңіндегі пайда болған қажеттілік жалпы ереже бойынша күннен күнге қайталанып жатқан өндіріс, бөлу және айырбастау актілерін қамтитындығы туралы Ф. Энгельстің ойы. Еңбек және мүліктік қатынастарды нормативті реттеудің маңыздылығы, мемлекет механизмі қызметінің тәртібін нормативті бекіту, олардың құрылымдардың арасындағы міндеттерін бөлу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілін бекіту, қылмыстылық және құқықбұзушылықпен күресу бағыттарын анықтау.

Құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпал етуінің реттеушілік мазмұны: бір азаматтың құқық өкілеттігін елестету, басқаларға міндетті жүктеу, құқықбұзушыларды жауапкершілікке тарту.

Құқық пен мемлекеттің байланысы. Субъективтік құқық және объективтік құқық, олардың ара қатынасы.

Қоғамдағы әрекет етуші әлеуметтік нормалардың саналуандығы. Әлеуметтік нормалардың жіктелуі, олардың техникалық нормалардан айырмашылығы.

Адамдардың мінез-құлқын реттеу үрдісінде құқықтық, моральдік, адамгершілік нормалардың өзара әрекеттену нысандары. Әдет ғұрыптар мен дәстүрлерінің ерекшеліктері, оларды тәжірибеде қолдану ортасымен, құқықтық нормалармен қатар қоюы. Саяси партиялар нормалары. Діни нормалардың әрекеттенуінің күшеюі.

Қазіргі таңдағы құқық нормаларының гуманизм проблемасы.

2.2. Құқық түсінушіліктің негізгі концепциялары.

Қазіргі замандағы құқықтүсінушілікке жалпы мінездеме: құқық түсінігіне жеке көзқарастары, бар мектептердің көпшілігі. Құқықты түсінудің негізгі әдістері: психологиялық, және әлеуметтік (құқық нормалар және жиынтығы ретінде, құқық құқықтық сана ретінде, құқық құқықтық қатынастар ретінде). Әр құқық түсінушіліктің әрқайсысына бірен-саран мінездеме.



2.3. Құқық нормалары және нысандары (қайнар көздері).

Құқық нормасы – адамдардың тәртібінің ережесі, үлгісі, өлшемі, мінез-құлық көлемі ретінде. Құқық нормасының белгілері – оның жалпыға міндеттілігі, әрекеттің көп қайталанбалылығы, мемлекеттің ықпал ету шарасымен қамтамасыз етілуі, өкілді-міндеттеуші сипаты. Жеке құқықтық ұйғарымдардан, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың шақыру мен жолдаулардан құқықтық норманың айырмашылығы. Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық актінің баптарының ара қатынасы. Диспозиция құқық нормасының негізгі бөлігі ретінде, санкция мен гипотезаның функционалдық тағайындалуы. Құқық нормасының түрлері. Құқық нормасының жіктелу өлшемдері: заңдық күші, адамдардың мінез-құлқына ықпал ету тәсілдері (міндеттеу, тыйым салу, рұқсат беру), реттеу пәні мен әдісі, әрекет ету аумағы.

Нормативтік құқықтық акт, оның белгілері және жеке – құқықтық актілерден (қолдану және талқылау актілері) айырмашылығы.

Нормативтік құқықтық актілердің түрлері, олардың әртүрлі өлшемдерге (заң күші, оларды шығаратын субъектісі, әрекет ету аумағы және т.б. бойынша) байланысты жіктелуі. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.

Мемлекеттің құқық жүйесінде заңның жетекші орны. Құқық және заң. Заңның үстемділігі. Заңның түрлері – негізгі, конституциялық, кодекстер және қарапайым. Заңшығармашылық актілер.

Заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілер: Президент, Парламент, атқару билік, сот, жергілікті басқару органдарының актілері. Конституциялық Кеңестің актілері.

Нормативтік актілерді жариялау және күшіне енгізу тәртібі. Нормативтік құқықтық актілердің уақытта, кеңістікте, және тұлға бойынша әрекет етуі.

Заң ғылымында құқықтың қайнар көздері түсінігі. Құқықтың қайнар көздерінің түрлері және олардың ара қатынасы. Құқықтың қайнар көздерінің материалдық және заңи мағынасы. Құқықтық әдет-ғұрып, әдет-ғұрып құқығы.

Прецедент англо-саксондық құқық жүйесі бар мемлекеттерде және кейбір басқа да мемлекеттерде құқықтың қайнар көзі ретінде. Соттық және әкімшілік прецеденттердің ерекшеліктері.

Нормативтік құқыктық акт - қазіргі казақстандық құқықтың негізгі қайнар көзі.

2.4. Құқықтық жүйе, құқық жүйесі және заңнама жүйесі. Қазіргі замандағы құқықтық жүйелер.

Қоғамның құқықтық жүйесі және оның элементтері.

Құқық нормаларының құқықтық институттарға, салаларға және бағынышты салаларға бөліну негіздері. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісіне сипаттама, сонымен қатар, қоғам өмірінің тиесілі аумағындағы құқықтық реттеуге деген мемлекеттің мүдделілігі. Құқық жүйесінің экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қатынастарындағы негізділік.

Материалдық және процессуалдық құқық саласы. Бұқаралық және жеке құқық. Ішкі мемлекеттік құқықтың жүйесі және оның халықаралық құқықпен ара қатынасы. Ұлттық заңнама акті алдындағы халықаралық құқықтың үстемділігінің баяу бекітілуі. Заңнаманың кешендік саласы. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесінің ырғақтық динамизм айырмашылықтары. Құқықтың институттар мен субинституттарына, саласы мен бағынышты саласына жалпы сипаттама.



2.5. Құқықшығармашылық және нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу. Заң техникасы.

Құқықшығармашылық және оны негіздейтін факторлар. Құқықшығармашылық және заңшығармашылық үрдісінің сатылары. Заңшығармашылықтың бастамасы, оның субъектілері, реттеу насандары. Заң жобаларын дайындау, оны Парламентке енгізу және талқылау. Заңдарды және басқа да мемлекеттің нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау және оларды жариялау. Құқықшығармашылықтың қағидалары: демократизм, заңдылық, кәсібилік, тұрғындардың мүдделерін ескеру.

Заңнаманы жүйелеу түсінігі. Жүйелеудің түрлері. Нормативтік құқықтық актілердің инкорпорацияның, кодификацияның, консолидацияның ерекшеліктері. Кодификация және консолидация актілері: кодекстер, заңнама негіздері, заңдар жинағы, ережелер, жарғылар.

Заң техникасы түсінгі және белгілері. Заң техникасы түрлері. Заң техникасының нормативтік актілерді жүйелеуде және құқықшығармашылық сапасын қамтамасыз етудегі орны, оған қолданылатын терминдер мен ұғымдар талаптары. Заңнаманы жүйелендірудің кейбір жұмыстарын электронды есепке алу (компьютерлендіру).



2.6. Құқықты іске асыру және қолдану. Құқык нормаларына түсінік беру.

Құқықты іске асыру оның талаптарын өмірге әкелу. Құқықты іске асыру нысандары (сақтау, орындау, құқықты пайдалану және құқықтық нормаларды қолдану, субъективтік құқықты жүзеге асыру және құқықтық қатынас субъектілерінің юридикалық міндеттерін орындау). Құқықпен тыйым салынған әрекеттерден ұстану. Құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу. Әр құқықтық норма әрекетінің қайталанбалығын есепке алу және оның соммалық нәтижесі. Құқықты іске асырудың юридикалық және фактілік сатылары. Құқықты іске асыру мен құқықтық реттеудің ара қатынасы.

Құқықты дұрыс іске асырудың ұйымдастырушылық-юридикалық қамтамасыз етілуі.

Құқық нормаларын қолдану – оларды іске асырудың ерекше нысаны. Кейбір өмірлік жағдайларға сәйкес, құқықтық нормаларды қолданатын субъектілер (мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар). Құқыққолдану қызметі қажеттілігі туындайтын оқиға.

Құқықтық нормаларды қолданудың үдерісінің сатылары. Құқықтық норманы қолдануды қажет ететін істің нақты мән жайын ашу, қолданатын норманың заңи қасиетін және растылығын тексеру, шешім қабылдау және оны рәсімдеу. Құқықтық нормаларын қолдану актілері, олардың түрлері және ерекше белгілері. Құқық қолдану актілерінің негізділігін және заңдылығын қамтамасыз ету. Құқыққолдану актілерінің тиімділігі.

Заңдарға және мемлекеттің басқа да нормативтік-құқықтық актілерге түсінік беру – олардың талаптары мен ұйғарымдарын дұрыс қолдануда, орындауда және жүзеге асырудағы алғышарт ретінде. Түсінік беру нормативтік актілерінің юридикалық мазмұнын ұғындыру (логикалық, тарихи-филологиялық, жүйелік) ретінде. Түсінік беру талқыланатын актілерді түсіндіру (ресми және ресми емес; нормативтік және казуистикалық; аутентикалық; доктринальдық) ретінде. Түсінік беру нормативтік актілерді талқылау (сөзбе сөз, таралымдық және шектеулі) ретінде.

Құқықтағы ақтандықтар, оларды орнын толтыру тәсілдері. Құқық және заң аналогиясы (ұқсастық).

2.7. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.

Құқықтық сана қазіргі болмыстың бейнелену нысаны ретінде. Қоғамдық, таптық, топтық, жеке құқықтық сананың ерекшеліктері. Заңгерлердің кәсіби құқықтық санасы және қоғамның құқықтық мәдениетін көтерудегі оның алатын орны.

Құқықтық сананың құрылымы: құқықтық идеология, әлеуметтік-құқықтық психология, олардың байланысы, өзара ықпалы, олардың арасында қарама қайшылық пен алшақтықтың мүмкіндігі.

Құқық пен құқықтық сананың өзара әрекеттістігінің нысаны. Құқықшығармашылық, құқықты іске асыру қызметінде құқықбұзушылықтың алдын алу, құқыққа сай әрекет және іс қимылдарды таңдаудағы құқықтық сананың ролі. Құқықтық сананың қалыптасуы мен дамуына құқықтық нормалар мен институттардың ықпалы.

Қоғамның, социумның, жеке адамдардың құқықтық мәдениеті. Құқықтық мәдениет пен саяси мәдениеттің ара байланысы, олардың өзара әсері.

2.8. Құқықтық қатынастар.

Құқықтық қатынас қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретінде. Құқықтық, экономикалық, әлеуметтік-саяси және басқа да қатынастар. Құқықтық қатынас құқық нормасының талаптарын іске асыру тәсілі ретінде. Құқықтық қатынасты субъектілері, мазмұны және объектісі бойынша жіктеу.

Құқықтық қатынастың субъектілері. Құқық субъектілік, құқыққабілеттілік, әрекетқабілеттілік және деликтқабілеттілік. Құқықтық мәртебе. Азаматтар (шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар), мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар құқықтық қатынас субъектілері ретінде. Жеке және заңды тұлғалар. Мемлекет құқыққатынастың ерекше субъектісі ретінде.

Құқықтық қатынастың объектілері және олардың жіктелуі.

Құқықтық қатынас тараптарының субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері, оларды байланыстыратын қатынастар. Субъективтік құқық пен заңды міндеттердің мазмұны және құрылымы.

Заңды дерек құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру, тоқтату негіздері ретінде. Заңды деректің түрлері. Оқиға және әрекет, олардың арасындағы айырмашылықтар.

2.9. Құкықка сай жүріс-түрыс, құқық бұзушылық, заңды жауапкершілік. Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту жолдары.

Адамдардың әрекеттері мен қимылдарының құқықтық ұйғарымдарға сәйкестенуін қамтамасыз етудің заңды, әлеуметтік және психологиялық алғышарттары. Құқыққа сай мінез құлық заңды нормалардың ұйғарымдарға сәйкес келетін мінез құлық ретінде және оның мемлекет үшін пайдасы. Құқыққа сай мінез құлықтың объективті және субъективті жақтары. Құқыққа сай әрекеттердің түрлері. Азаматтардың құқықтық белсенділігі. Белсенді және бәсең құқыққа сай мінез құлық. Құқыққа сай мінез құлық ниеттері:

құқықтық ұйғарымды дұрыс түсінуі, жауапкершіліктен қорқу, конформизм және маргинальдык адамға тән қасиеті ретінде.

Құқықбұзушылық құқыққа қарсы әрекет ретінде. Құқықбұзушылықтың юридикалық құрамы (субъект, объект, субъективті жағы, объективті жағы). Құқықбұзушылықтың түрлері: қылмыс, әкімшілік және тәртіптік бұзушылық, азаматтық құқықбұзушылық. Қылмыстың қоғамға қауіпті сипаты. Қылмыстық емес құқықбұзушылық зияны дәрежесі.

Заңды жауапкершіліктің белгілері және оның мемлекеттік мәжбүрлеу және қоғамдық-моральдық жауапкершілікпен ара қатынасы. Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауапкершіліктің ерекшеліктері. Заңды жауапкершілікке тартудың негіздері (құқыққа қайшылық, зиян, кінә және себепті байланыс) және одан босату. Заңды жауапкершілік және құқықтық санкциялар. Кінәсіздік презумпциясы.

Заңдылық мемлекеттің және қоғам өмірінің құқықтық режимі ретінде. Заңдылықтың нормативтік негізі болып табылатын, заңдылық пен заңнаманың өзара байланысы. Заңдылық, демократия және тәртіп. Заңдылықтың юридикалық кепілі. Заңдылық, мақсаттылық, әділеттілік.

Құқықтық нормаларды іске асыру нәтижесінде қалыптасқан қоғамдағы тәртіп, құқықтық тәртіп ретінде. Заңдылықтың талаптарын жүзеге асырудың логикалық салдары. Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп. Құқықтық тәртіптің заңдылықпен арақатынасы.

Заңдылықты және құқықтық тәртіпті сақтау қазіргі таңдағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының объективті талабы ретінде.



2.10. Құқықтық реттеу механизмі.

Құқтық реттеу механизмі түсінігі. Құқықтық реттеудің пәні және әдістері. Құқықтық реттеудің сатылары. Құқықтық реттеу механизмі элементтері.

Емтихан сұрақтары:
1. Мемлекет және құқық теориясы ғылым ретінде, оның пәні, міндеттері, функциялары.

2. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық және юридикалық ғылымдар жүйесінде.

3. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі және әдісі, оның саралануы мен жалпы сипаттамасы.

4. Қоғам, оның негізгі әлеуметтік және саяси институттары. Қоғам және мемлекет.

5. Қоғамдағы әлеуметтік реттеу. Әлеуметтік реттегіштердің түрлері. Жеке және нормативтік реттеу.

6. Әлеуметтік нормалар: түсінігі, белгілері, түрлері, сипаттамалары.

7. Мемлекеттің пайда болуы, оның тайпалық ұйымнан айырмашылығы.

8. Мемлекеттің түсінгі мен белгілері.

9. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары

10. Мемлекеттің марксистік-лениндік доктринасы, оның сындық-сынды талдауы.

11. Мемлекет пен құқықтың арақатынасы.

12. Мемлекеттік билік: түсінігі, қасиеттері, негізі.

13. Мемлекеттік егемендік: түсінігі, сипаты.

14. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары мен әдістері

15. Мемлекеттің механизмі (аппараттары): түсінігі, құрылым, ұйымдастыру және қызметінің қағидалары.

16. Мемлекеттік орган: түсінігі, сипаттамалары, жіктелуі.

17. Бюрократизм және сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратта

18. Типология және мемлекеттердің түрлері.

19. Басқару нысандары: түсінігі,негізгі түрлері.

20. Мемлекеттің орналасу нысандары: түсінігі,негізгі түрлері.

21. Саяси (мемлекеттік) режим: түсінігі,негізгі түрлері.

22. Мемлекеттің нысандары: түсінігі, көптүрлілігінің себептері. ҚР нысандары

23. Қоғамның саяси жүйесі: түсінігі, құрылымы, түрлері.

24. Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің орны мен рөлі. Мемлекет пен қоғамның саяси жүйесіндегі басқа институттар.

25. Билікті бөлу және оны ҚР-да енгізу туралы доктрина

26. Құқық мемлекет: түсінігі, негізгі қағидалары

27. Қазіргі Қазақстанның функциялары мен механизмі

28. Құқықтың пайда болуы, оның алғашқы қауымдық құрылыстағы әлеуметтік реттеушіден айырмашылығы.

29. Құқықтың жалпы түсінгі, құқықтың негізгі теориялары.

30. Құқықтың белгілері, оның сипаттамасы.

31. Құқықтың табиғи теориясы.

32. Заңдық позитивизм

33. Құқықтың мәні. Құқықтың әлеуметтік құндылығы, оның функциялары.

34. Құқық қағидаттары, олардың жіктелуі және құқықтық реттеудегі рөлі.

35. Құқық нормалары және адамгершілік нормалары: бірлік, айырмашылықтар, өзара әрекеттесу.

36. Құқық нормасы және салт-дәстүр. Корпоративтік нормалар.

37. Құқықтық реттеу: түсінігі, пәні, сатылары.

38. Құқықтық реттеудің әдістері, әдістері және түрлері.

39. Құқықтық реттеу механизмі: түсінігі, элементтері

40. Құқықтық сана: түсінігі, мазмұны, құрылымы.

41. Құқықтық сананың түрлері мен сатысы.

42. Құқықтық нигилизм: нысаны, себебі, салдары.

43. Құқықтық мәдениет: түсінігі, мәні, алғышарттары.

44. Құқықтың нысаны (көздері), оның түрлерінің сипаттамасы.

45. Нормативтік құқықтық актінің заң көзі ретіндегі түсінігі, оның құқық қорғау актісінен айырмашылығы.

46. Құқық құқығының негізгі нысаны ретінде заң. Заң және құқық.

47. ҚР заңшығармашылық процесі.

48. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік актілері. Министрліктер мен ведомстволар актілері.

49. Заң шығару: түсінігі негізгі формалары, кезеңдері. Қазақстан Республикасының заң шығару ерекшеліктері.

50. Нормативтік актілердің уақыт бойынша әсері.

51. Нормативтік актілердің кеңістікте және адамдар шеңберінде әсері.

52. Құқықтық техникасы: түсінігі, түрлері, құралдары, әдістері

53. Нормативтік актілерді жүйелеу: түсінігі, әдістері.

54. Құқық нормасы: түсінігі, ерекшелігі, белгілері.

55. Құқық нормасының түрлері, олардың әртүрлілігінің себептері.

56. Құқық нормасының құрылымы. Құқықтық нормасының құрылымдық элементтерінің түрлері

57. Құқықтық қатынастар: түсінік, белгілер, құрамы. Құқықтық қатынастардың объектілері: түрлері, сипаттамалары.

58. Субъективті құқықтары: түсінігі, құрылымы.

59. Құқықтық міндеттер: түсінігі, түрлері.

60. Құқықтық қатынастардың түрлері.

61. Құқықтық қатынастардың субъектілері.

62. Жеке тұлғалар құқықтық қатынастар субъектілері ретінде. Құқықтық тұлға, құқықтық қабілет, азаматтардың әлеуеті.

63. Құқықтық қатынастар субъектілері ретінде ұйымдар. Мемлекет құқықтық қатынастар субъектісі ретінде. Заңды тұлғаның тұжырымдамасы

64. Құқықты іске асыру тәсілі ретінде құқықтық қамтамасыз ету, оны құқықтық реттеудегі маңызы.

65. Құқықты жүзеге асыру: түсінігі, нысаны.

66. Құқық нормаларын қолдану процесі, оның кезеңдері.

67. Құқықты іске асыру актісі: ерекшелігі, белгілері, түрлері, құрылымы

68. Заңды фактілер, олардың жіктелуі. Нақты құрамы.

69. Құқықтық ақтаңдақтар және толықтыру жолдары.

70. Құқық нормасын түсіндіру: құқықтық реттеудегі тұжырымдама және маңыздылығы.

71. Субъектілер бойынша құқықты түсіндіру, оның заңдық мәні.

72. Құқықты түсіндіру әдістері (тәсілдері).

73. Көлемі бойынша құқықты түсіндіру.

74. Заңдылық: түсінігі, негізгі ерекшеліктері. Заңдылық принциптері.

75. Заңдылықты қамтамасыз ету кепілдігі. Заңнама және заңдылық.

76. Қоғамдағы құқық тәртіп: түсінігі, негізгі ерекшеліктері. Құқық тәртіп пен қоғамдық тәртіп. ҚР оларды нығайту жолдары.

77. Заңды мінез-құлық: түсінігі, түрлері.

78. Құқықбұзушылық: түсінігі, белгілері, түрлері.

79. Құқықбұзушылықтың құрамы.

80. Заңды асыра пайдалану.

81. Объективті заңсыз әрекеті: ерекшеліктері мен салдары.

82. Заңдық жауапкершілік: түсінігі, мақсаттар, қағидалар.

83. Заңдық жауапкершіліктің функциялары мен түрлері.

84. Заңдық жауапкершілік және мемлекеттік - құқықтық мәжбүрлеудің өзге де шаралары.

85. Құқық жүйесі: түсінігі, негізгі ерекшеліктері, элементтері.

86. Құқық институттары мен салалары: түсінігі, ерекшеліктері, алуан түрлерінің себептері. Құқықтық жүйені салалар мен институттарға бөлудің алғышарттары.

87. Заңнаманың жүйесі: түсінігі, құрылымы. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі арасындағы арақатынас.

88. Қоғамның құқықтық жүйесі: түсінігі, құрылымы. Қазіргі уақыттағы құқықтық жүйелерін жіктеу.

89. Роман-германдық құқықтық жүйе.

90. Англо-саксон құқықтық жүйесі.

91. Мұсылмандардың құқықтық жүйесі.

92. Қазіргі қазақстандық қоғамның құқықтық жүйесі.

93. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, олардың жіктелуі.

94. Жария және жеке құқық.

95. Мемлекет және шіркеу. Құқық және дін.

96. Мемлекеттің функциялары: түсінігі, жіктелуі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет