«Әдебиеттік оқу» пәнінен оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;
мәтіннің негізгі ойы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;
ақпаратты табу үшін оқу;
өз көзқарасын айту және дәлелдеу үшін оқу;
интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау);
мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйене отырып, оқиғаның дамуына болжам жасау;
сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау.
«Әдебиеттік оқу» пәнінен жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазғызу;
әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелегіш сөздерді жаздыру;
әдеби шығармадан қысқа үзінділер жаздыру;
тыңдалған және оқылған мәтіннің, фильм немесе кітаптың қысқаша мазмұнын және алған әсерін жазу;
әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
сыныптың қабырға газетіне шағын хабарлама/мақала жазу;
әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру.
Достарыңызбен бөлісу: |