Бағдарламасы оқу практикасы Түйіндеме Аты-жөні,тегі: Кәкім Ақбілек Жолдыбайқызы Туған жылы



бет2/7
Дата03.03.2023
өлшемі46,14 Kb.
#170884
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû î?ó ïðàêòèêàñû Ò?é³íäåìå Àòû-æ?í³,òåã³ Ê?ê³ì À?á³ë

Әдіскердің есеп беру үлгісі
Жетекші педагогтың студент-практикантқа берәлген мінездемесі: Практика барысында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, жаратылыстану пәндері бойынша бірнеше сынақ сабақтар және осы пәндер бойынша ашық сабақтар өткізді. Ақбілек педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Оның сынақ сабақтарда пайдаланған көрнекіліктері барлық әдістемелік эстетикалық талаптарға сай жасалып, қажетті дәрежеде қолдана білді. Кәкім Ақбілек өзінің сабаққа және балаларға деген көзқарасымен тәрбиешімен және әдіскерлерді риза етті. Өзінің Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Сабақтың әр кезінде көрнектіліктерді дұрыс қолдана білді. Әсіресе бекіту кезеңінде балалардың білімін пысықтаған кезде дидактикалық ойынның ұтымды пайдалана білді. Сабақтың осы кезінде оқушылар сабақ бойына алған білімдерін көрсетті.


Студенттің педпрактика туралы қорытынды есебі үлгісі
Мынадай сұрақтарға көңіл аудару керек:

  1. Балалармен оқу жұмысын ұйымдастырудағы, пән бойынша кластан тыс жұмыс жүргізгендегі және класс оқушыларымен тәрбиелік жұмыстар өткізгендегі жетістіктері мен қиындықтары.

  2. Балабақша балаларымен, класс жетекшілердің қабылдауы, қарым-қатынасы. Олардың тәжірибесінің сенің педагогикалық дайындығыңа әсері.

  3. Практиканың әрі қарай жақсартуға қосатын педагогикалық қорытынды және тәрбиешіге жұмысқа қосатын пікірің.

СтуденттіңТ.А.Ә. Кәкім Ақбілек Жолдыбайқызы
Тобы:Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 1-курс
1. Топтағы дайындық деңгейі: Жоғары, өзін педагог ретінде көрсете алды.
2.Әрбір сабаққа дайындалғанда кездескен қиындықтар: Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда, әртүрлі әдістерді пайдалану кезінде қиындықтар болды.
3.Балаларды белсендіру кезінде қандай әдістер мен амалдар қолдандыңыз? Әртүрлі анимациялық кейіпкерлердің бейнесін пайдаланып, презентациялық жұмыс өндірісі арқылы анимациялық ойынмен сабақты жүргіздім.
4.Оқыту барысында жекелендірілген тәсіл қалай жүзеге асты (әлсіз және дарынды балалармен жұмыс)? Сабаққа қызығушылық топта бірдей байқалды.
5. Сабақтан тыс және сабақ уақытында ынтымақтастық әдістер қолданылды? Ия, қолданылды. Сабаққа қызығушылық топта,жұппен және жеке,жұмыстарда байқалды .
6.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысында қандай белсенді технологиялар қолдандыңыздар? Интерактивті тақта көмегімен презентация дайындап, сабақ жүргізу тиімді және балаларға қызықты
7.Қандай ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қызықты өтті? Неге? Тәрбие сағатында «Шаттық шеңбері» сергіту сәті оқушыларға ұнайды және қызықты өтеді.Бұл әдіс оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
8.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін түсіндіру уақытында ТҚҚ қалай қолдандыңыз? Балаларға жаңа методиканы қолдану арқылы, балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады.
9. Ең қызықты творчестволық істер: балалармен жұмыс істеу кезінде олардың ойлау қабілеті жүйрек және тез қорытындылау арқасында тез нәтижеге жеттім.
10. Практика барысында неге үйрендіңіз? Өзімді болашақ маман ретінде көрдім. Қай жағынан тәжірибе, зерттеу жұмысын жүргізу керектігін білдім.
11. Тәрбиелік жұмыстар барысында кездескен қиындықтар Ешқандай қиындық болған жоқ.
12. Ата-аналармен жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті? Көптеген ата-аналар балаларының сабақ үлгеріміне назар аудармауы қиындық тудырды.
13.Оқу-тәрбиелік процесс барысында қандай қиындықтармен кездестіңіздер? Барлық процесске көңілім толады.
14. Неге көңіліңіз толады? Сіз өз тарапыңыздан не қосар едіңіз? Оқу процессінде жаңа дүниелерді әкелу керек. Дәстүрлі форматтан басқа жаңашыл формат әкелу керек.
15.Жалпы қорытындысы: Осы практика арқылы мен өте көп нәрселерді үйрендім.Жәнеде өзімді басқа жағынан тани білдім. Ендігі жерде бала психологиясымен көп жұмыс істеу керектігін, жаңа әдістер мен идеяларды зерттеу керектігін түсіндім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет