Бағдарламасы оқу практикасы Түйіндеме Аты-жөні,тегі: Кәкім Ақбілек Жолдыбайқызы Туған жылы


Мамандық бойынша мектеп құжаттарымен танысу



бет6/7
Дата03.03.2023
өлшемі46,14 Kb.
#170884
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Áà?äàðëàìàñû î?ó ïðàêòèêàñû Ò?é³íäåìå Àòû-æ?í³,òåã³ Ê?ê³ì À?á³ë

Мамандық бойынша мектеп құжаттарымен танысу.

1. Мектеп құжаттарын талдау.
Әдістемелік нұсқау:Нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімінің оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспары) танысып, көшірмені студент - практикант портфолиосына енгізу.
2. Сабақтың психологиялық, жалпы дидактикалық талдауын іске асыру
Әдістемелік нұсқау: Практика барысында өз мамандығы сабаққа қатысу және төмендегі берілген схемасы бойынша қатысқан сабағын талдау.
- класс, оқушы саны, кластың пән бойынша сабаққа дайындық деңгейі. Мұғалімнің аты-жөні, педагогикалық стажы.
- сабақтың тақырыбы, өткізілген күн.
- сабақтың өтілу барысындағы жеткізген мақсаты.
- мұғалім басшылығымен шешілген сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері.
Сабақты жүргізу әдістемесінің қысқаша сипаты:
- сабақ типі;
- сабақтың сипатты кезеңдері;
- сабақ мазмұнының бірізділік, түсініктілік, ғылымилық принциптері
және логикалық байланысы;
- оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру формалары мен әдістерінің ерекшеліктері және өзара байланысы;
-мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы мен тұлғалық ерекшелігі.
Сабақтағы қарым-қатынас стилі:

  • техникалық құралдарды қолданудың мақсаты, оның сабақ мазмұнымен байланысы;

  • оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын іске асыруын бақылау;

Сабақтағы кері байланыс:

  • білім, білік және дағдыларын бағалау және сабақты қорытындылау;

  • үй тапсырмасының көлемі.

Сабақтың нәтижесін бағалау. Қатысушылардың ұсыныстары мен
қорытындылары.


3.Ұйымдастырылған кластан тыс шараларға қатысуы
Әдістемелік нұсқау: Практика барысында студент-практикант кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру (дебат, дөңгелек үстел, кеш т.б.) және конспект -жоспарын құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет