ІІ. Курстың міндеттері:
Емтихан тапсырғанда математикалық сауаттылық, математика есептерін шығаруын дамыту;
Оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету, олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Оқушылардың зияткерлік дамуын, есеп шығарудың тиімді тәсілдерін және өзін- өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру
Оқу материалындағы логикалық есептерді кең (кеңейтілген және тереңдетілген) көлемде қарастыру;
Дәстүрлі емес жағдайларда білім, білік дағдыларын қолдана алу біліктілігін дамыту;
Оқушыларды әр түрлі математикалық, интеллектуалдық жарыстарға қатыстыру;
Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауды жүзеге асыру;
Шығармашылық ізденіс әдістерін іріктеуге, талдап ойлауға, ой өрісті дамытуға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.
ІІІ Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Өз бетінше ізденіп жұмыс істеуіне көңіл бөлу;
Өзін-өзі бағалай білу;
Дұрыс шешім қабылдап, белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылу;
Өз ойын айта білу
ІҮ Күтілетін нәтиже:
.
Пәнге қызығушылығын арттыру және қолдану;
Танымды оқу қызметінің белсенділігі;
Математикадан алған білімдерін күнделікті өмірде, болашақта пайдалана білу;
Шығармашылықпен жұмыс істей білу тәжірибесін жетілдіру;
Математикалық сауаттылығын арттыру;
Есепте берілген шарттарды әртүрлі кесте, формула, граф түрінде бере білу;
Есептерді әртүрлі әдістерімен шығарып, осы әдістердің тиімділігін бағалай білу күтіледі;
Конкурс, жарыстарда жақсы нәтижелерге жету.
ҰБТ- дан жақсы жетістікке жету.
Достарыңызбен бөлісу: |