Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері


Тұтас орта механикасының элементтері



бет9/53
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#20366
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
Тұтас орта механикасының элементтері
Тұтас ортаның ұғымы. Тұтас ортаның деформациясы. Біртекті және біртекті емес деформациялар. Серпімді және қалдық(пластикалық)деформациялар. Бір осьті созу және сығу. Қарапайым ығысу. Иілу және бұралу деформациясы. Деформацияның сандық сипатталуы. Гук заңы. Юнг модулі. Пуассон коэффициенті. Деформацияның кернеуге байланысы, серпімділік шегі. Беріктік Морттық. Қалдық деформациялар. Серпімді деформация энергиясы.
Сұйықтар мен газдардың гидростатика заңдары
Сұйықтар мен газдарды өрістер (жылдамдықтың, қысымның, температураның т.с.с.) арқылы сипаттау. Идеал сұйықтың қозғалысы үшін Эйлер теңдеулері. Сұйықтың стационар ағысы. Ағын түтігі, үзіліссіздік теңдеуі. Ағыстың толық энергиясы. Бернулли теңдеуі. Динамикалық қысым сұйықтың сығылғыштығын еске алмауын болжаудың критерийі. Сұйықтың түтік бойымен қозғалысы. Сұйықтың тұтқырлығы. Ламинарлық және турбуленттік қозғалыстар. Рейнольдс саны. Пуазейль формуласы. Сұйық пен газдың денелерді орағыта ағуы. Шекаралық қабат. Ағыстың дене бетінен ажырауы және құйынды қозғалыс. Маңдайлық кедергі және көтеру күші. Жуковский жұмыстары. Магнус эффекті. Сығылу импульсінің газда таралуы. Соққы толқындар. Дыбыстан жылдам қозғалатын денелердің орағыта ағылуы. Лаваль соплосы, әсердің кері айналу заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет