Өзін- өзі тексеру сұрақтары.
- Қазіргі техникада радиоэлектроника маңызы қандай?
- Электрониканың элементтік базасына не кіреді?
Болашақ физика мұғалімі үшін радиоэлектрониканың қажеті бар ма?
Әдебиет: Силлабусты қара.
3 - дәріс
Тақырыбы: Электр вакуммдық аспаптар
Дәрістің мазмұны:
1. Электрондық эмиссия
Электрвакуммдық шамдар
Мақсаты: Электрвакуммдық аспаптардың жұмыс істеу принципімен, түрлерімен таныстыру.
1. Электрондық эмиссия
Электрондық эмиссия деп әртүрлі факторлардың әсерінен металдардан электрондардың бөлініп шығу құбылысын айтады. Бұл факторлар электронға металдан шығу жұмысынан артық энергия береді.
W= A+ mv2/2
Бұл факторлардың түріне қарай эмиссия түрлері: электростатикалық эмиссия, термоэлектрондық эмиссия, фотоэлектрондық эмиссия, екінші ретті электрондық эмиссия. Біріншісі - өте қуатты электр өрісінің әсерінен, екіншісі- металды қыздыру нәтижесінде, үшіншісі - металға ультракүлгін, рентген, гамма сәулелерді түсіру нәтижесінде электронға қосымша энергия беріп, ал соңғысы - металл бетіне басқа бір электрондардың соқтығысуы-ның нәтижесінде пайда болатын электрондық эмиссия.
Достарыңызбен бөлісу: |