Мақсаты: Жаңа заман талабы бойынша еліміздің жедел индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында математика ғылымдарын оқыту білім берудің алдыңғы шеңберіне шығып отырғандығы белгілі. Соған сәйкес «Логика әлемі» үйірме курсының маңызы зор. Логика адам өмірінің барлық салалары үшін қажетті: ғылыми жұмыста да, оқып, білім алу үшін де, күнделікті тұрмыста дұрыс пайымдап, дұрыс тұжырым жасауда да керек.
Сондықтан, 1 сыныпта осы курсты оқыту арқылы оқушылардың тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру, ойлау мүмкіндігін кеңейту қарастырылып отыр.