4. Практиканыөткізу орны мен уақыты Студенттердің іс-әрекет қорытындысы педагогтардың және өздерінің жасаған қызметтері бойынша бағаланады.
1. Оқу-тәрбиелік педагогикалық практика базасы жалпы орта білім беру ұйымдары болып табылады.
2. Жоғары оқу орындары практика базаларымен білім беру саласында бекітілген кілісім-шарт құру керек.
Практикалық базалармен келісім-шарт іс-тәжірибенің басталуынан 2 ай бұрын дайындалуы қажет.
3. Диплом алды практика ұзақтығы және оның мөлшері мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары арқылы тиісті мамандықтар бойынша белгіленеді. МЖМБС 5.04.019-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты». Жоғары білім беру бағдарламасының негізгі ережелеріне сәйкес кәсіптік практиканың ұзақтығы кредиттік оқу технологиясы негізінде барлық мамандықтарға еңбек көлемімен есептегенде 6 кредиттен кем болмауы тиіс.
4. Диплом алды практика қорытындысы бойынша, студенттер кафедраға есеп құжаттары мен күнделікті тапсырады. Топ жетекшісі және кеңес берушілердің бақылауында тексеріліп, кафедра меңгерушісінің жарлығымен құрылған комиссия мүшелерінің алдында қорғалады. Есепті қорғау қорытындысы тағайындалған балдық рейтингтік әріпті жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен бағаланады.
Келісім шарт төмендегі жалпы орта білім беру мектептерімен жүргізілген. Олар: