7. Оқу-тәрбиелік педагогикалық іс-тәжірибе мазмұны
Оқу-тәрбиелік педагогикалық іс-жәжірибе мазмұнына қарай екі бағытта ұйымдастырылады.
1-ші Оқу-әдістемелік жұмыстар: оқу процесі бойынша, яғни өз мамандығына сай мектеп оқушыларына білім беру, мұнда 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық» мамандығына даярлану мақсатында дене тәрбиесі пәні бойынша тәжірибелік тұрғыда сабақты басқара алуға, әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру қызметтерін жүргізеді. Олар:
- Бастапқы әскери дайындық жұмыстарды жоспарлауда негізгі құжаттарды жинақтау;
- мемлекеттік бағдарламаға сай жылдық жоспар, тоқсандық жоспар және сабақ жазба жоспарын жасау, бекіту;
- мектептің үздік мұғалімдері сабағына қатысу тәжірибе жинау;
-педагогикалық зерттеу жүргізу мақсатында оқушыларға берілген жүктемелерді анықтау. Яғни жүрек соғысын зерттеу, сабақ тығыздығын анықтау жұмыстарын басқарып, хаттамалар дайындау;
- сабақ өту әдіс-тәсілдерін меңгеруде оқыту әдістері мен оқыту қағидаларының жүйелілігін сақтау;
- тәжірибе алмастыру мақсатында сабаққа қатысу, сабақты талдау, яғни гистограмма бақылауын жүргізу;
- жеке тапсырма негізінде тақырыпқа сай әдебиеттерден әдіснамалық тұжырымдар жинақтау, ал тәжірибелік тұрғыда оқушылармен жаттығу, ойын, жарыс ұйымдастырып бақылау жүргізу.
2-ші Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Мұнда сынып жетекшілік қызметтерін басқару, яғни белгіленген сыныпқа сынып жетекші болу, тәрбие жоспары бойынша тәрбие сағаттарын өткізу, оның қажетті құжаттарын тіркеу бекітілген.
Іс-тәжірибе процесінде болашақ маман төмендегіні меңгере алады:
- Сыныпқа сипаттама: сынып, сынып активі, балалардың тәртібі, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, ұжым жайлы сипаттама;
- Сынып ұжымын ұйымдастыру: сынып жиналысы, сынып сағаты, әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, диспут, сұрақ-жауап кеші, спорттық және мәдени шараларды жоспар бойынша басқару;
- Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың үйіне бару, ата-аналарға кеңес беру, ата-ана жұмыс орнымен байланыс орнату;
- Жеке оқушымен жұмыс: кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді;
- Сыныпқа сабақ жүргізуші барлық мұғалімдермен байланыс орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |